1.5 Маркетингтік ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы Концептуалды сұлба ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрсетеді. Сұлбалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өңдегенде жүйедегі графикалық интерпретация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өңдеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағымы және т.б.
Негізгі концептуалды жүйенің біртұтастылығының құрылуының ақпараттық жүйе әдістемелері мен аспектілерінің тұтастай және негізгі құрал жабдықтарын анықтайды, сонымен қатар пәндік салада кіретін жүйе астарының қызметін көрсетеді. Кез келген ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастырылады: жабдықтаушы және атқарушы.
Жүйенің жабдықтаушы бөлімі - өңдеу деңгейі және ақпараттың қозғалысы бойынша графикалық түрдегі ақпараттық және технологиялық байланыстарды көрсетеді.
Маркетингтік ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 1 сұлба келтірілген.
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Жүйе
|
Сипаттамасы
| Түрі | ААЖ | ААЖ | Желі | Желі | Локальды желі | Желі топологиясы | Сақина | Жалпы жүйе технологиясы | Құжатты | Жабдықтаушы бөлім Функционалдық бөлім
Ақпараттық жабдықтау Ақпараттық база
Программалық жабдықтау
Жеке куәлік
Жеке мүліктің құжаттары
Кіріс Авто көлік те.паспорты
Техникалық жабдықтау
құжаты Сенім хат
Өңделуі
Сақтандырушы туралы толық мағлұмат
Жеке мүлікті сенімді адамға тапсыру
Жеке мүлік туралы жалпы мағлұмат
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпарат жүйесінің концептуалды сұлбасы
2 Маркетингтік ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы
Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.
АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі [8]. Мұндағы жобалау жабдықтарына – типтік жобалау шешімдері, Қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары,яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.
Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.
Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды.
АЖ-ны тұрғызудың жаңа бағытына автоматтандырылған жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, кейбір АЖ-да объектіні басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс үлгілік жобалау деп те аталады. Бұл әдіс АЖ -ны жобалаудың барлық сатыларында қолданылады, және оның негізгі ерекшелігі әдістің өз үлгісінің түрінің болуы, басқару үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы, жобалау құжаттарының құрастырылуы, еңбек шығынының аздығы, сенімділігінің жоғары деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық жабдықтарының қымбаттылығы.
Ақпарат жүйелерінің түрлері: АЖ-ны тұрғызу мен функционирлеудегі жинақталған тәжірибелер мен басқару объектісінің сипатына қарай өзгешелеу. Сондықтан осының барлығы жүйелердің әр түрлі топтарының пайда болуына әсер етті.
АЖ төмендегідей болып жіктеледі: басқару объектісінің сипаты, басқару объектісінің түрі, шешімдерді қабылдау кезеңдері мен байланыстың үдетілуі, басқару деңгейі, орталықтану дәрежесі.
Қазіргі уақыттағы АЖ-ның барлық түрлері ақпараттық – анықтама жүйелер секілді жұмыс істейді, яғни ол нақты объектіні басқару шешімін қабылдаумен әлсіз байланысқан.
Орталықтану деңгейіне қарай, АЖ - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондай-ақ, АЖ-ны екі негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез келген автоматтандырылған басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иемденетін жүйелер.
Достарыңызбен бөлісу: |