Ұйымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:
Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.
Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің
Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:
басқаруды ұйымдастыру құрылымы;
қызмет етуі бойынша нұсқаулар;
операторларға нұсқау;
қызметтердің орындалуы мен тәртібі;
Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:
объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;
нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;
барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;
ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау;
есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну.
Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс - әрекеттер көрсетілуі керек.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.
АЖ құқықтық жабдықтау – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады.
Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.
Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.
Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;
Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;
Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.
Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:
есептеу техникасының құралдары;
телекоммуникация мен байланыс құралдары;
/ЛВС/ жабдықтау құралдары;
әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;
ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.
Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.
Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;
процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;
жедел сақтау 32 MBt және жоғары;
винчестер 600 MBt және жоғары;
UPS;
Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;
Windows 9x және жоғары операционды жүйе;
Принтер.
Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет. Техникалық жабдықтау 6 кестеде көрсетілген.
Кесте 6. Техникалық жабдықтау
Техникалық құралдар атауы
| Физикалық модуль |
Сипаттамалары
|
ДЭЕМ Intel Pentium 4
|
Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
МҚДЖ
Монитор
Батырмалар тақтасы
Тышқан
|
Intel, 2.4MHz
512Mb
120Gb
17 дюймдік
102 батырмалы
2 баспалы
|
Принтер
|
Принтер
|
HP LaserJet
|
Факс – модем
|
Факс – модем
|
Sony – 42S
|
Телефон
|
Телефон
|
Panasonik
|
Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.
Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:
өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,
сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.
Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;
Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;
Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.
Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
Қарапайым блоктарды декомпозициялау;
Қолданбалы программалық пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандарттарды іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану;
Программалардың орындалуын және есептің қызмет көрсету байланысын бақылау.
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе ” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді.
Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек: МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;
МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;
қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;
МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;
шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.
Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:
жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;
диалогтың икемді болуы;
абсолютті түсінікті болуы;
қолданудың қарапайымдылығы;
үйренуге жеңіл болуы;
жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;
жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;
тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.
Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық жабдықтау 7 кестедегі талаптарға сәйкес келуі керек:
Кесте 7. Программалық жабдықтау
Тип
|
Атауы
|
Мүмкіндіктері
|
Жалпы программалық жабдықтау
|
Операциялық жүйе
|
Microsoft Windows NT Server 4.0
|
Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.
|
Microsoft Windows NT Workstation 4.0
MS Office XP
|
Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
|
Microsoft Windows 2000
|
Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
|
МББЖ
|
Microsoft Access 2003
|
|
Арнаулы программалық жабдықтау.
|
ҚПП
|
Delphi 7
|
Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.
|
|
Paradox 7
|
Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.
|
Қорғау
|
ОЖ паролі
|
Желіге енуді бақылайды.
|
МББЖ паролі
|
МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
|
Ақпаратты қорғау мен программалық құралдарына қойылатын талаптар
Ақпаратты қорғау деп – мәліметтер жүйесінде сақталынатын программа орындалуының басқару мүмкіндігі бар әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады.
Жүйе келесілерден қорғалынуы керек:
ішкі ақпарат жүйесіне заңсыз кіруден;
қауіпті жағдайда ақпараттың бүлінуі;
байланыс каналдарынан мәліметтердің өту кезіндегі бүлінуі;
операторлардың механикалық қатесі.
Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және авторландырылған деректерден алудан қорғау
Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға ие болу керек:
● қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді ашу модификациясы немесе жиынтығы;
● ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын (мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына) идентификаторларды иемдету (код атауы);
● конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс дәрежесін анықтайтын статус;
● құпиялылық – ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын құқығы;
● өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;
● түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатыстығын тексеру.
Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесілерді қарастырады:
● вирустарға қарсы программалардың болуы;
● пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;
● жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.
Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:
● парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі, әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
Белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
Пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
Техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
Техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері және сағаттары);
Техникалық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың пайдаланушыларынан ұқсастыру;
Шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
Санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін ұсыну).
Лингвистикалық, әдістемелік жабдықтауға қойылатын талаптар
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – программаны, ақпаратты, техникалық қамтамасыздандыруды қолданушының, АЖ персоналының қатынас тілінің (тіл құралының) жиынтиғы мен ақпараттық жүйеде қолданылатын түсініктер жиыны.
Лингвистикалық қамтамасыздандыру ақпараттың және басқа элементтердің тілдік құралдарынан тұрады.
Лингвистиклық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:
ақпараттық база бірлігінің құрылымын сипаттайтын ақпараттық тілдер;
АЖ функциялау мен өңделу үрдісінде қолданылатын анықтамалар мен түсініктер жиыны. АЖ жұмыс орындары мен басқа жұмыс орындарында құжатты дұрыс толтыру үшін бірдей болу керек;
мәліметті манипулирлеу мен басқару тілдері;
автоматтандыру жүйесін жобалау мен ақпарат жүйесін жобалау тіл құралдары.
Әдістемелік қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар.
АЖ әдістемелік қамтамасыздандыру – заң шығарушы, нормативтік актілер, қаржылық талдау, бухгалтерлік есеп, салық салу және білімнің басқа салаларындағы /инструкциялар/ мен аналитикалық ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін инструкциялар жиыны.
Эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
АЖ эргономикалық қамтамасыздандыру – адам әрекетінің жоғары тиімділігі үшін тиімді шарттарды құру мақсатымен өндірудің әртүрлі деңгейінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.
Басқарма АЖ тиімді функциялау үшін міндетті түрде келесілерді өндіру керек:
басқарманың эргономикалық талаптарын қамтитын, осы талаптарды орындаудағы әдістерден тұратын құжаттар пакеті;
кадрларды таңдау жүйесі мен жұмысшылардыоқыту деңгейін қамтамасыз ететін техникалық және оқу-әдістемелік құжаттардан құралған әдістер кешені;
ақпарат жүйесінде адам әрекетінің жоғары тиімділігін қаматмасыз ететін әдістер мен әдістемелер кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |