Оқытуды, оқуда, оқу- тәрбие жұмыстарында өзіне- өзінің есеп беруі маңызды, жасаған оқу әдебиеттері, еңбек әрекеттері және оның нәтижелеріне талдау жасау білімі, іскерлігі және дағдысы қалыптасады. «Таңертең оянысымен өзіңнен «Мен не істеуге тиіспін?»- деп, кешқұрым, ұйықтар алдында: «Мен не тындырдым?»- деп сұра» деген әйгілі Пифагор (570- 500). Бұл тамаша ойдың көрінісі, талдау жасап, бағалау жасау, жоспарлау оқу- тәрбие, басқада іс- әрекеттерінің жақсаруына, жүйелі жүзеге асуына тікелей, нақты бағыт береді.
Ұлы Абай: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңе өзің бақылау жаса, есеп бер, талдау арқылы қорытынды шығар дейді. Ол жай іс емес, нағыз тәжірибе және оны өзің ақиқат білесің. Талдап оқыту әдістемесінің мәні амалдар арқылы зерделеу, меңгеру, игеру жүзеге асырылады.
Қарастырылған оқытудың әдістері толығымен барлық талаптарды орындай алмайды, сондықтан мақсатқа қатысты түрлендіру, толықтыру және жаңа оқытудың педагогикалық технологияларын зерделеп, инновациялық элементтермен жетілдіру қажет, негізгі мақсат оқу нәтижесін сапаландыру, тиянақты, тыңғылықты, терең білім алуды қамтамасыз ету- талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде қолдану.
Мұғалімдер іс- тәжірибелік қызметтерінде педагогикалық үрдісте оқыту әдістерінің барлық жіктелуін үйлестіреді- олар тұрақты түрлендіреді, толықтырады және бірін- бірі дамытады.
Өтілетін тарау модульдік оқыту әдісіне сай күні бұрын жоспарланады. Жалпы жоспардың көрінісі кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды болып келеді. Мысалы, тарауға кіріспе ретінде бір сағаттық сабақ белгіленіп, қайсы тақырыпты қамтитындығын, қандай сұрақтардың төңірегінде қанша уақыт тоқталатынын, ал негізгі бөлімге тараудың көлемі, осы тарауға ажыратылған мемлекеттік бағдарламаның сағат саны мен тақырыптардың күрделілігіне сәйкес тиісті сағат саны белгіленіп, онда қарастырылатын тақырыптарға сай нақты сұрақтар мен уақыттары жоспарланады.
№
|
Бөлім
|
Тақырып
|
Сұрақтар
|
Уақыт
|
1
2
3
|
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
|
1
1
2
3
4
Өтілген тақырыптарға шолу
|
а)
ә)
б)
а)
ә)
б)
а)
ә)
б)
а)
ә)
б)
а)
ә)
б)
а)
ә)
б)
|
10
|
Әрбір тараудың соңында тарауды қорыту, ондағы өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қалыптастыру және жүйелеу мақсатында «Өтілген топтарға шолу» айдарымен жарыс сабағын ұйымдастыру көзделген. Модульдық жоспардың қай сатысында болса да дейгейлеп оқыту әдісімен бірге талдау әдісі қолданылады.
Талдау әдісінің ерекшелігі өткен сабақта үйге тапсырма берілген келесі сабақта өтілетін жаңа тақырыпты талдауға дайындалып келу тапсырылады. Жаңа тақырыпты талдау процесінде тек оқушыларды сөйлетіп, өздігінен түсінуіне мүмкіндік беріп отыру керек. Сабақ мақсатына жетіп, материал түгел талданып, оқушыларға толық түсінікті болғанға дейін мұғалім бағыт беруші, ой ашар, ой қозғаушы, ой толғау және сол сұрақтармен шектелуі тиіс. Мұғалім оқушылардың деңгейіне сәйкес сұрақтарды қоя отырып, әрбір оқушының өз деңгей аясында талдауға қатысуын қадағалап отыруы қажет. Өйткені, әрбір оқушы өзінің қабілетінің мүмкіндік шеңберіндегі қойылған сұрақтардың аясында ғана белсенділік таныта алады да, ал белсенділік танытқан оқушы дұрыс нәтиже береді. Сондықтан, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа материалды талдағанда, жаңа сабақты оқушылардың игеру деңгейіне анализ жасағанда және сабаққа қорытынды жасағанда берілетін тапсырмалар немесе кеспелік және тесттік сұрақтар мен ойын элементтері күрделігіне байланысты оқушылардың деңгейіне сай беріледі.
Әр тараудың соңында өткізілетін «Өтілген тақырыптарға шолу» жарыс сабағында оқушыларды екі немесе үш топқа бөліп, күрделігіне қарай үш бағытта яғни үш деңгейде пареллель жарыс ойындары ұйымдастырылады. Мысалы, әр топтан жоғары деңгейдегі бір оқушыдан шақырылып, оларға бірінші бағыттағы яғни жоғары деңгейге арналған тапсырмалар беріледі, ал әр топтық екінші деңгейіндегі оқушыларына екінші бағыттағы тапсырмалар, үшінші деңгейдегі оқушыларына үшінші бағыттағы тапсырмалар беріледі. Уақыты жеткенде үш тапсырмалардың да нәтижесі күні бұрын әзірленген кестеге тіркеліп, қалған жарыс ойындары да осы тәртіпке ұйымдастырылады. Жарыс сабағында компьютерде қайталауға арналған электронды бағдарламаны пайдаланған өте тиімді. Жарыс ойындары тараудағы өтілген тақырыптарды түгел қамтуы тиіс. Сабақтың бұл түрі де мұғалімнің ұйымдастыруымен және бағыттаушы сұрақтарының көмегімен оқушылардың өздігінен өтілген тақырыптарға шолу жасап, оларды еске түсіріп, оларды талдай отырып, қалыптастыруға және жүйелеуге негізделген.
Сабақтың қай түрі болса да талдау әдісін қолданып, модульдік оқыту әдісі бойынша тақырыпқа қатысты әзірленген сұрақтарды оқушылардың өздігінен талдап, түсінуіне мүмкіндік беру керек. «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, өздігінен алатын білімнің ұзақ жолы қысқару үшін баланы осы мақсатқа қарай түзеп отыру керек» деген А.Байтұрсыновтың сөзімен үндесіп жатқан бұл әдіс оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін, ынталылығы мен қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз, оған тәжірибелер дәлелдемелер жасайды.
1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері, оқыту түрлері арқылы талдап оқыту
Дидактикалық жүйеде тарихқа ізсіз кетпейді, олар трансформацияланады- уақыт талабына сай жаңаланады, дамуға қатысты жетілдіріледі. Бұрынғы оқыту жүйелерінің ұтымды бөліктерін алып «Ұлы дидактика» атты еңбекті Я.А.Коменский жасады, оның элементтерін И.Г.Гербарт дәстүрлі болған дидактикаға айналдырады. Дж. Дьюн дидактикасы дәстүрлі дидактикаға негізделіп, дамуға ие болады. Бұл әрбір теория мен практиканың дамуының жалпы заңдылығы, оқыту үрдістерінде де осылай жалғасуда.
Әрбір дидактикалық жүйе оқыту үрдісіне өзінің ерекшеліктері және сәйкес технологияларды белгілі оқыту түрін (типін) туындатады. Оқыту түрі (типі)- ол оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудық жалпы тәсілі. Оқыту түрі оның басты құрамдық құрамдастарына талдау жасау арқылы анықталады.
1. мұғалім қызметінің сипаты арқылы;
2. оқушыларды оқыту ерекшеліктерімен;
3. білімдерін іс- тәжірибеден қолдана білу ерекшелігімен және т.б.
Талдап оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі- теориялық білімнің жетекші рөлі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.
1970 жылдардың басынан бастап жүргізген педагогикалық- психологиялық зерттеулер бастауыш класс оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмперикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеумет бар екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес, ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардың танымын тереңдететіндігі анықталды. Бір- екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығының неге байланысты екенін тоқталып жатпаймыз. Тек жыл мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шеетелеміз. Осы сабақтарда балалардың эмперикалық білімдерін пайдалана отырып, қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске қосатын амал болып табылады.
Талдап оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде «Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы» жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құқықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас асып жатуға ойластырылған.
Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамушылық функциясын өз бетінше- ақ арттыра алары сөзсіз.
Л.В.Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс- тәсілі жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ- жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып берумен қайтарылады. Мысалы: Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар. Талдап оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблеманы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре, жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?» немесе «4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? Түріндегі сұрақтар.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіре пайдаланылады.
Талдап оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткен, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл- күйін бақылауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Сондықтан оқытудың жалпы шама- шарқына оның бірнеше типі бөлінеді:
- түсіндіру- иллюстративті;
- проблемалы;
- бағдармаланған;
- компьютерлі;
- он- лайын- тәсілінде.
Бұл соңғы 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы бір мезгілде 1000 мұғалімнің орнын алмастырып ең озып технология, ең үздік оқыту құралдар арқылы интерактивті тақтаны пайдаланып тәрбие, білім беру, дамыту жасап, бағыт беріп, үлгі- өнеге көрсетті.
Сонымен бірге бірнеше оқыту, оқу, білім беру түрлері бар және олар қолдануда. Қазіргі заманғы мектептерде бірнеше оқыту түрлері қолданылады, олар:
- түсіндіру- иллюстрациялық, оны дәстүрлі- хабарлаушы деп атайды;
- проблемалы оқыту әдісі;
- бағдарламалы оқыту әдісі және соның негізінде дамушы компьютерлік оқыту әдісі.
Аталып өткен әдістері ұтымды, орынды пайдалану дегеніміз- ол сапалы, оқыту- терең, тиянақты білім беру болып табылады.
Оның негізгі оқу материалдарын талдау:
- теориясын нақтылау;
- өтілген оқу материалдарымен байланыстыру;
- алда өтілетін оқу материалдарына қатыстыру;
- интергациялау- ықпалдастыру;
- түсіндіру- иллюстрациялау- дәстүрлі түрде хабарлау қосымша элементтер- инновациялар жасау- арнайы жаңа шығарылған балнэр, плакаттар, электронды оқулықтар, электронды ақпарат- алу материалдарын- мазмұнын тасымалдағыштарды орынды, ретімен оқу- тәрбие үрдісінде пайдалануды баяндау- нәтижесі оқытуда талдау жасау амалдарын пайдалану, талдап оқыту әдістемесін қолдану;
- оқу пәндерінің оқу материалдарына қатысты проблемаларды туындату, оны баяндау, проблеманы қоя білу негізінде бірлесіп қарастыру- талдау жасау, ынтымақтасып шешу іс- әрекеттеріне кірісу, ол таддап оқытуды іс жүзіне асыру болып табылады;
- әрине бағдарламалап оқыту оқу материалдарына алдын-ала бірнеше нұсқада қарастырып, жалпы тәжірибеге негізделген болуымен құнды, озық тәжірибелермен байланыстырылған, сондықтан талдаулар жүргізілген, олай болса терең, тиянақты білім беру көзделеді;
- оқу материалдарын баяндау, бекіту, пысықтау, қайталау, үйге тапсырма беру, үй тапсырмаларын орындауда компьютерді пайдалану, компьютер көмегімен электронды оқулықтар пайдалану, электронды тасымалдағыштарды қолдану талдаулар арқылы іріктелінген.
Бұл әдіс толықтырылып, түрлендіріп, қайта жаңарып, қатардан қалмай келеді. «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады» - деді Елбасы 2009 жылдың 12 қаңтар күні Астанаға тұңғыш Президенттің бірінші ителлектуалдық мектебі ашылуда сөйлеген сөзінде. Олай болса, білім беру, тәрбиелеу, ең басты байлық- адам, біздің болашағымыз- болашақ жастарымыз, талдап оқыту әдістемесі жауапкершілік, қамқорлық жасау арқылы оқуды, есте сақтауды үйренудің жаңа тәсілдерін пайдалануға мән беруге жеткізеді.
Проблемалы оқытудың ерекшелігі қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында кеңәнен қолдап жабушы процестік технологияға жуық, атап айтқанда:
Біріншіден, оқушылардың оқу проблемаларын өздерінің шешулеріне сай қажетті білімдерді өздері іздестіреді, оқиды, жазады, көмек сұрайды, кеңеседі, қайталайды, пысықтайды;
Екіншіден, ең басты талап «оқы, оқы және оқы» ұстанымын жүзеге асырады;
Үшіншіден, іс- әрекеттерге өзі қатысады, ол дегеніміз шығармашылық ойлау және оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері артады;
Төртіншіден, маңызды мәселе оқыту және тәрбиелеу барысында педагогикалық проблемалар, жағдаяттарды талдау арқылы, ынтымақтаса бірлікте шешу амалдары жасалады;
Бесіншіден, проблемалы оқыту технологиясы бірқатар міндетті кезеңдерді орындау қажеттілігін көрсетеді. Олар:
- зерделенген білімдерден жағдаяттан шығу жолы іздестіру;
- іс- тәжірибеде іскерлік және дағдысын дамыту;
- күрделі проблема, жай проблема мәнін анықтап жүйелей білу, гипотезаларды тексеру, нәтижелері бойынша кері байланыстармен талдап оқыту әдістемесін пайдаланып оқытуды, есте сақтауды үйренуді жаңа тәсілдермен толықтыру. Бастауыш сыныптан оқу материалдарына мән беру, ойлау амалдарын жасай білу, салыстырулар арқылы жақсы мен жаманды ажырату күнделікті оқу сабақтарына жүйелі, жоспарын мерзімінде сапалы даярлау.
Проблемалы тапсырмалар, сұрақтар алдын- ала ойластырылып, оған қайтарылатын жауаптардың нұсқаларын болжау талдап оқытудың маңыздылығын көрсетеді, олар:
- бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейі жас ерекшеліктеріне сәйкес және ойлау қызметіне қажеттілігі;
- кіші жастағы оқушылардың білім қоры, іскерлігі, дағдысы және интеллектуалды мүмкіндіктерінің ескерілуі- талдау жасап негіздеме, ұсыныс ендіру.
Проблемалы окыту проблема мәнін баяндау арқылы шешілу амалдары карастырылады, оған бірнеше топқа жіктеу бойынша жарыс үлгісінде, қатарға бөлу, мақсат қиындықтан шығу жауап беру, қажет болса толықтыру, жағу, сурет салу, сызбасын сызу және т.б. оқу,жазу, есептеу жұмыстары жүргізілуімен мәнді.
Бастауыш мектептерде проблемалы оқытудың элементтері қолданылады:
- проблемалы сұрақ есебінде беріледі;
- проблеманың мәнін баяндау;
- проблеманы талдау- бірлесіп жұмыс істеу бағытында.
Талдап оқыту әдістемесінің артықшылықтары:
- шығармалық қызмет негізінде білімді іздестіру, зерделенгенін пайдалана білу;
- оқу жұмысына қызығушылық;
- сенімді ойлау қызметін дамыту;
- оқытуды табысты әсерлеуі.
Бағдарламалы оқыту «программа» терминінен шыққан, сабақтастықтан іс-әрекеттер (амалдар) жүйесін білдіреді, оларды орындау жоспарланған нәтижеге жеткізеді. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты- оқыту үрдісін басқаруды жақсарту. Бағдарламалы оқыту оқушының әр бір білім алу жолындағы қозғалысын бақылаудың технологиясын жасап, оқу үрдісінде оған дер кезінде көмек береді.
Бағдарламалы оқыту теориялық тұрғыдан толық зерделеніп, оқу- әдістемелік бағытта іс- тәжірибелермен толықтырылса көптеген қиындықтардан жеңіл арылып, теріс ықпалдар кеміп, әлсіреп, сабаққа ынта- ықылас артып, оқу үрдісін бақылау, басқару жақсарып, талдап оқыту әдістемесі жүзеге асырылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:
- оқу материалдары жеке бөліктерге- порцияларға- дозаларға бөлінеді;
- оқу үрдісі оқу материалдарын игеруге қатысты тізбекті қадамдардан тұрады, олар білім бөліктері- мазмұны және ойлау амалдарын орындауды қажет етеді;
- әрбір тізбекті жұмыс бақылаулармен (сұраққа жауап, тапсырманы орындау және т.б.) аяқталады;
- оқушы бақылау тапсырмасын дұрыс орындағанда жаңа материалдық порциясын алады, оқытуда келесі қадамды жасайды;
- тапсырма жауабы қате болса, онда оқушы көмек алады және қосымша түсіндіруге ие болады, талдап оқытудың әдістемесінің мәні осында, келесі оқыту, оқуға өздігінен білім алуға қол жеткізіледі, ол есте ұзақ сақталады, осылай берік, тиянақты білім алынады, оқу материалдары игеріледі;
- әрбір оқушы өз бетінше жұмыс істейді, ол өзінің шамасына қарай қарқынды оқу материалдарын игереді;
- барлық бақылау жұмыстарының тапсырмалардың орындалу нәтижелері тіркеледі, олар оқушылардың өздеріне белгілі болады (ішкері байланысты), педагогқа мәліметтер анық беріледі (сыртқы кері байланыс);
- педагог оқу үрдісін ұйымдастырушы және қиындықтарда көмекші (кеңесші) және жеке шешімдер ынтымақтастық, пікір алысу, талдау жасалады;
- оқу үрдісінде оқытудың техникалық құрамдары кеңінен қолданылады (бағдарламалық оқу құралдары, тренажерлер, бақылаушы қондырғылар, оқыту мәселелерді, матрицалық дидактикалық үлестірмелер және т.б.).
Бағдарламалы оқыту машиналы және машиналы емес тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Арнаулы оқыту бағдарламасымен жабдықталған, іске қосылған қазіргі заманғы компьютерлі білім алу деңгейін анықтап, оқушының білім алуға бейімдеп, міндеттейтіндей мәлімет береді. Мұндай өзіне тапсырма беретін, міндеттейтін бағдарлама адаптивті деп атайды, ал тәуелсіз мәліметтер, бағалаулар жасайды.
Бағдарламалы оқытудық машинасының нұсқасында оқушының танымдық қызметін оқу материалдарын пайдалану маңызды. Оқыту, оқу, есте сақтауды арттыру амалдарының бірі талдап оқыту әдістемесі. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшелігі әмбебаптап, кезі келген оқыту әдістеріне тезірек ену, оның байланыстарына зейін аудару, тарихына көңіл бөлу, оқушылармен кері байланыс жасау, оқушылардың пікіріне талдау жүргізу, оңтайлы талдаулар, оларды синтездеу талдап оқытудың әдістемесін жетілдіруге, қорытындылауға жеткізеді. Бастауыш мектепте түсіндіру- иллюстрациялық оқыту қолданылады, атаудың өзі оның мәнін көрсетеді. Бұл оқытудың негізгі әдістемесі- түсіндіруді көрнекілікпен үйлестіру, ұштастыру, байланыстыру, негіздеу арқылы талдап оқытуды жүзеге асыру. Кіші жастағы оқушылардың жетекшісі қызметтерінің түрі- тыңдау, оқу, есте сақтау, зерделенгенде қатесіз қайта жаңғырту. Мұндай оқытуды дәстүрлі оқыту деп атайды, оның тарихи тереңде, уақыт өте жаңарып, жетіліп келеді.
Түсіндіру- иллюстрациялық оқыту әдісінің бірқатар маңызды артықшылықтары бар:
- ол уақытты үнемдейді;
- оқушылар мен мұғалімнің күшін жинақтайды;
- күрделі білімді қабылдауды жеңілдетеді;
- оқу- тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді;
- соңғысы оқу материалдарына терең, тиянақты талдау жасау, талдап оқыту әдістемесін қосуды есепке алыңыз, міне сондықтан басқарады, бағдарламалы оқулықтың бағдарламалық материалдың, оқу құралының негізінде жасалған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау дәрежесіне байланысты оқушының өзі- өзін таниды, өзіне талдау жасайды тиянақты, терең білім алуы үшін өзіне міндеттер қояды, тапсырма береді. Педагог оқушылармен жұмыс бағытын анықтайды, орын алған сәйкессіздіктермен өзі, бірлесіп талдау жасап, талдау, қайталау, пысықтау жүргізіледі.
Бастауыш мектептің мұлімдері бағдарламалы оқытудың элементтері арнайы жасалған, ойластырылып жетілдірілген, жаңартылатын, өзін тәжірибе негізге алынатын, жақсы нәтижелер есепке алынған талдап оқыту әдістемесімен карточка- тапсырмамен жұмыс жүргізіледі. Онда алгоритм бойынша матрицалық үлгіде ретімен, сабақтастықта жасайды. Карточка – трафареттік үлгілер бағдарламалық жетілдірілген тексеру, жауап алу,жылдам сабақтарда тексерулер жасайды.
Әрбір оқыту әдістемесінде талдап оқыту мәнді, оқу материалдарын іздеуге ұмтылыс жасатады, ең маңыздысы ынта- ықыласын арттырып, оқу, оқыту, «оқы, оқы және оқы» ережесіне қалыптастырады. Компютерлік оқыту. Компютерлік білім беру Қазақстанда дамып, білім беретін оқу орындары компютерлендіру, компютерлік сауаттылық деңгеиі артуда. Бастауыш мектептен бастап компютерлік білім – информатика өтілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолында міндетті стандартында былай делінген: « арифметика, геометрия, стереометрия негіздері оқытылады. Бастауыш мектептегі математиканың мазмұнына алгебра, логика, ықтымалдықтар теориясы, анализ бен инфарматика элементтерінің енгізілуі оқушыларды келесі деңгеиде неғұрлым күрделірек материалды меңгеруге даиындауға мүмкіндік береді. « Информатика» пәні дербес курс ретінде 4 – сыныптан бастап енгізіледі».
Дамыған елдерде бастауыш оқытуда компютерді кеңінен қолданылады, жағымды тиімді бірнеше он жыл қызмет етіп келеді және оның тиімділігінің басты бағыттарыи анықталады, солардың ішінде екі маңызды бағыты:
1. жеке пәндер бойынша: математика, ана тілі, қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі – үш тұғырлы қажеттілігі анықталған;
2. жалпы және арнаулы қабілеттерін дамыту- алға қойылған міндеттерді шешу, өз бетінше ойлау және талдап оқытуды жүзеге асыру.
Сонымен бірге қазіргі кезеңде бастауыш сыныпты бітіруге қатысты мемлекеттік аралық бақылауға даярлану, тестілеуге әзірлік, бағалау, басқару, қазіргі заман талаптарына сай іскерлік, дағдыларды арттыру жұмыстары, бәрін толықтыра, дамыту жасайтын компьютерлік оқыту болып табылады. Компьютерлік оқыту әдістемесіне мән- мағына маңыз береді, болшақты, мүмкіндігі мол.
Қарастырылған материалдарды оқыту- тәрбие үрдісінде қолданылады, олардың қазіргі заманғы бастауыш мектептерде:
- түсіндіру- иллюстрациялық оқыту;
- проблемалы оқыту;
- бағдарламалық оқыту қолданылады.
Олар қойылған мақсатқа байланысты мұғалімдер таңдап, ұтымдылығы есепке алынып қолданылады. Әдетте алда тұрған міндеттерді ең тиімді шеше алатын оқыту әдісі тыңдап алынады. Әрине барлық әдістерге талдап оқыту әдістемесін пайдалану тиімділігін арттыратындығын тәжірибе көрсетеді.
ІІ тарау. Талдап оқыту әдістемесінің пайдаланудың дидактикалық негіздемесі
2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі
Ұрпақ тәрбиесі- адамзат баласының асыл мұраты. Бүгінгі күндегі бастауыш мектепте білім алушы бүлдіршіндер- ертеңгі қоғамның қозғаушы күштері, болашағымыз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың алдына «ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» деп, жауапты міндет қойып отыр.
Міне, осы себептен бастыуш мектеп кіші жастағы балаларға сапалы білімі, саналы тәрбие беріп, өміртанудың басты шарты тәрбиелеу, білімді азамат тәрбиелеу ең басты шарты еліміздің патриотын тәрбиелеу, міндет жан- жақты жетілген, үйлесімді дамыған- ең басты құндылықты тәрбиелеу, еңбек етуге даярлау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беретін стандартына сай білім беру талаптарын өз деңгейінде орындау мақсатымен жаңа нәтижелі технологияларды зерделеп, игеріп оқушының жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту әдістемесін, технологиясын таңдап, жаңа инновациялық элементтерді ендіріп сабақтарда қолдау арқылы сауатты, жан- жақты тәрбиелеген терең біліміді, білікті маман болу үшін іргетасын қалау жасалады. Сондықтан оқушылардың қисынды ойлуын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтуға ықпалдың тиімділігін сипаттау талдап оқыту әдістемесін жүйелі, жоспарлы жүргізуге тәуелді.
Талдап оқыту әдістемесінің мақсаты:
- оқы, оқы және оқы талабының мәнді, мағыналы жүруін қалыптастырады;
- оқу материалдарын терең, тиянақты білу үшін түбірін, мазмұнын, ережелерімен теорияны түсіну үшін талдап оқу, оқуға үйрету, талдап оқыту әдістемесін дамыту;
- талдап оқыту әдістемесінің мақсаты- талдап түсініп оқуға жету, саралап оқу, зерделеумен игеру- ынта- ықласын арттырып, үздіксіз оқу іскерлігін, дағдысын қалыптастырып, дамыту.
Оқытудың барлық түрлері тиімді болады егерде нәтижесін көздеп, олардың ең оңтаилы, тиімдісі таңдап алынып, оқытудың барлық түрін паидалану барысында талдап, оны жазып, пысықтап, қайталауларда талдап оқып пысықталатын болса.
Талдап оқыту әдістемесінің мақсаты – білімдерінде болатын кемшіліктерді болдырмау, олардың даярлығын арттыру, даярлықтарындағы оң және терістерді « теңестіру», сапаландыру білім алуға қызығушылығын арттыру, үй тапсырмаларын жүйелі орындауға қалыптастыру, сынып жұмыстарын сапалы жасауға дағдыландыру, өз бетінше оқуға ынтасын арттыру.
Талдап оқыту әдістемесі сабақта мазмұнды өзгерту, қиындықтарды реттеу және кеибір тапсырмаларды орындаудың ұзақтығын оңтайландыру, оқушылардың оқуға мүмкіндіктеріне және оқуға даярлығына сәйкес әдістемелік көмек көрсету құралдары, амалдарын ойластыруды жүзеге асыруды міндеттейді.
Талдап оқыту әдістемесі:
- Әрбір сабаққа мақсатына сай оқытудың нақты жобалауы, тікелей жүзеге асыру міндеттері белгілі болады;
- Нақты оқу материалын – сабқтың тақырыбына сай, мазмұнына қатысты, мақсатына орай балалардың жалпы оқу қызметіне даярлығын зерделеу және білу арқылы оқу материалын нақты қабылдау, игеруді есептеу;
- Жаңа сабақтың оқу материалдарын игеруде оқушыларда туындайтын қиындықтарды алдын- ала көру және оған қатысты амалдарды ойластыру;
- Сабақтар жүйесінде топтық және жеке тапсырмалар беруді пайдалану;
- Жекелей және саралап оқытудың тиімділіктеріне тұрақты талдау жасап нәтижелеріне сай ұтымды, қисынды ой көрсету;
- Келесі сабақ қалай өтіліуі тиісті, оған даярлық анық, айқын болуын білді;
- Талдап оқыту әдістемесінің тиімділігін арттыру әрбір сабақтың тақырыбына сай негізгі оқу материалын, көрсетілетін көрнекіліктерді дидактикалық материалдарды, үйге тапсырмаларды нақты анық білу, үйге берілетін тапсырмаға түсініктеме, оның үлгілерін көрсетудің толық нақты білуі.
- Талдап оқыту әдістемесі – жүйелі түрде пайдалану, оны оқытудың барлық кезеңінде қолдану, оның қорытындыларына талдау және оқушыларды баулу, қалыптастыру.
Егерде талдап оқыту жеке оқушыға қатысты болсын, тапқа байланысты орындалсын, түгел сынып оқушыларына артылсын мақсат оқу материалын терең, тиянақты түсініп, біліп, зерделеп, толықтырып, пысықтап игеріп, қолдана білуге,негізгісі дамытуға жеткізу, қалыптастыру.
Қазіргі заманғы сабақ сапалы болуы үшін жалпы талаптар ішінен келесілерін бөліп қарастырамыз:
1. Оқу – тәрбие үдерінде ғылымның жаңа табысты жетістіктерін, педагогикалық практиканың озық әдістеме, техналогиа, инновациялық елементтерін паидалану, сабақтың қамтылуын құрылымын оқу – ғылыми - әдістемелік ұсыныс, тәжірибе, оқу – тәрбие үлгісінің заңдылықтары негізінде орынды, оңтайлы етіп орындау.
2. Барлық дидактикалық ұстанымдар мен ережелердің қатынастарын оңтайландыру.
3. Оқушылардың өнімді танымдық қызметтері үшін олардың мүддесін, қызығушылықтарын, икемділіктерін, қажеттіліктерін ескеріп қажетті мақсаттарды қамтамасыз ету.
4. Пән аралық байланыстарды орнату.
5. Бұрын зерделенген, игерілген білімдер, іскерліктер, дағдылармен байланыстар, оқушының даму деңгейіне сүйену.
6. Тұлғаның дамуының барлық салаларына шама – шарқылары, себеп – салдарына және белсенділіктеріне қатысты дамыту жасау.
7. Оқу – тәрбие үдерісінің барлық кезеңінің қисынды жалғасуы.
8. Оқу – тәрбие қызметінде оқушылардың іс - әрекеттерін психологиялық педагокикалық талаптар негізінде басқару және оңтайлы әдістемелік талаптар, оқу жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру, өткізу.
9. Педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану.
10. Өмірмен, өндіріс қызметімен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыстыру.
11. Іс – тәжірибеде қажетті білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру, ойлау мен іс - әрекеттердің тиімді тәсілдерін пайдалана білу.
12. Оқу, оқи білу, тұрақты түрде білімін толықтыруды қалыптастыру.
13. Әрбір сабақты тыңғылықты диягностикалау, болжамдау, жобалау және жоспарлау.
Сабақ – оқытудың басты формасы, сабақты оқу жоспарының талаптары жүзге асырылады, оқу бағдарламасын орындайды.
Сыныптың – сабақтың оқыту формасының ХҮІІ ғасырда пайда болып, үш жүз жылдан астам уақыт дамыс келеді, кеңінен таралған және білім берудің негізгі формасы. Оының контурын голландиялық педагог Д.Сия, неміс профессоры И.Штурн сызып, жүйені И.Лойол анықтады, ал теорияның негізін чех педагогы Я.А.Коменский түйіндеді, бұл жүйе әлі жетілдіруде.
Әрбір сабақ үш біріңғай- тұтасқан мақсатқа жетуге бағытталады- олар:
- Оқыту, оқу, оқы, оқы және оқыны жүзеге асыру;
- Тәрбиелеу, сыналы тәрбиленуге жеткізу;
- Дамыту, дамуға қалыптастыру. Осыларды есепке алып, сабақтарға талаптар дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық тұрғыдан нақтыланады. Дидактикалық талаптарға жатады:
- Әрбір сабақтың білім беру міндеттерін анық айқындау;
- Сабақтың ақпараттық орындалуын жетілдіру, әлеуметтік және жеке қажеттіліктерін есепке алып мазмұнын оңтайландыру;
- Танымдық қызметке жаңа технологияларды инновация элементтерін ендіру;
- Оқыту үддесін формаларын, әдістерін, амалдарын ақыл- оймен нәтижелі болуын көздеп түрлендіру, үйлестіру;
- Сабақ құрылымын шығармашылықпен жеткіздіру;
- түрлі ұжымдық қызмет түрлерін оқушылардың өзіндік қызметтерімен үйлестіру;
- Іс жүзінде оқу- тәрбие үддесіне бақылау және басқаруды қамтамасыз етудің шұғыл кері байланысын жүзеге асыру;
- Сабақты өткізудің ғылыми есептелуі және шеберлігі.
Аталған талаптардың мұқият, мүлтіксіз орындалуына талдау жасау, оқытуда талдап оқыту әдістемесі элементтерін ыждахаттылықпен жүргізу талаптар деңгейінен көрініп, нәтижелері жақсаратындығына кепілдеме жасайды.
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
- оқу материалының, сабақтағы қызметтің тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, ақиқатына қол жеткізілетін тәрбиелік мақсатты қалыптастыру және қамтылуы;
- оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнына туындайтын тәрбие міндеттерінің қамтылуы;
- жалпы адам баласының құндылықтарында балаларды тәрбиелеу, өмірлік қажетті сапаларды: шыдамдылық, ұқыптылық, жауапкершілікті орындаушылық, өз бетінше ойлай, жұмыс жасай білушілік, еңбекшілдік, байқағыштылық, зейінділік, адалдық, ұжымшылдық, әдептілік және т.б. қалыптастыру;
- оқушыларға мұқият назар аударып, оларды түсініп, ойларына зейін қойып, педагогикалық әдептілікті сақтап, балалармен ынтымақтаса оқу- тәрбие жұмыстарын табыстарға жеткізу ниетімен ұйымдастыру, мақсатты қарым- қатынасты жетілдіру, барлық іс- әрекеттерге талдау жасап, жоспарлап жүргізу;
- ізгілікті, ынтымақтасты, жеке бағдарлы тәрбие, жан- дүниесін сезу, түсіну, талдап оқыту- тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.
Барлық сабақтарды дамытушылық талаптарын тұрақты жүзеге асыратындар:
- балалардың оқу- тәрбие- танымдық қызметтерінде оқуға, қызығушылық, шығармашылық бастамаларына және белсенділіктерін дамытуға оң себептерді қалыптастыру және дамуты;
- оқушылардың дамуын деңгейлерін зерделеу және есепке алу, «олардың жақын арадағы даму аймағын» жобалау;
- болжамдалынған, «оза даму» деңгейінде оқу сабақтарын өткізу, дамуларындағы жаңа сапалы өзгерулерін ынталандыру;
- оқушылардың интеллектуалды, әлеуметтік дамуларында «секірмелі» дамуларын болжамдау, оң өзгерістер болатын, жақсы үмітті, оқу- тәрбие жұмыстарының жақсаруын туындататын оқу сабақтарын талдап оқыту- тәрбиелеу жұмыстарын бірлесіп атқару.
Атап өтілген сабаққа қойылатын басқада талаптар:
- ұйымдастыруды жетілдіру;
- психологиялық ізденістер, тану;
- басқару жұмысын сапаландыру;
- санитарлық- гигиеналық жағдауды жақсарту;
- эстетикалық талғамды арттыру;
- оқу тәрбиелерін безіндіруді жаңа талаптар деңгейіне жеткізу;
- оқушылар, ата- аналар, мектеп тәрбиесін нығайту.
Сонымен, сабақ – мектеп жұмысының басты формасы, олай болса әрбір сабақты өткізу мұқият дайындықты, ғылыи әдістемесін ойластыруды, мақсатқа сай жетілдіру жоспарына тиісті түзетулер жасау. Ол уақыт, ұйымдастырылуы, мәні бойынша аяқталған оқу үддесінің кезең, буын элементттік қатынастағы бөлігі. Сабақ қосымша формалар: үйірме жұмыстар, кеңестер, басқа да сыныптан, мектептен тыс жұмыстар сабақты толықтыра түседі. Әрбір сабақта үш негізгі мақсат орындалады:
- білім беріледі, оқыту жасалады;
- тәрбие жұмыстарын жоспарлап жүргізіп мақсатқа сай міндеттер орындалады;
- әрине дамыту жүргізіледі.
Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің мақсаты- оқығанды түсіну, мазмұнын есте сақтау, ғылыми пәнге қатысты ережелерді орындау арқылы жазу, есептеу, өздігінен оқу, оқуды, есте сақтаудың, үйренудің нәтижелеріне қатысты қисынды іс-әрекеттер жасау. Тұтас педагогикалық үрдістің басты белгісі оқу арқылы тәрбиелеу, тәрбиелеу бойынша оқыту, оқыту тәрбиелеу, тәрбиелеу оқыту тізбегімен өздігінен оқыту, оқы, оқы және оқы ережесін қалыптастыру, дамытуға ұластыру. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің басты жарты- оқу материалдарын терең түсіну, ережелерді тыңғылықты ұғу, іс- тәжірибеде пайдалана білу, үлгі, мысалдар, жаттығулар, тапсырмаларды мұқият орындау, модельдік оқыту әдістемесін жүзеге асыру- оқу материалын игеру арқылы кезеңге өту, өзгешілік, ерекшелік, сәйкессіздік, түсінбеушілік болған сәттерде талдау жасау, талдап оқу, талдап оқыту амалдары, қайталау, пысықтау, еске түсіру, кеңес алу, өздігінен қайталау жасау, «оқы, оқы және оқы» амалдарын жасау, талдау арқылы өзгеру.
Бастауыш сыныптарда, барлық пәндер бойынша, мысалы, үшінші сынып, қазақ тілі «тіл және сөйлеу» тақырыбында сұрақтарға жауап бер, өлеңді мәнділеп оқы, мәтінді түсініп оқы, өлең мазмұнын қиялыңмен көрсетіп бер, мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы, сурет бойынша әңгіме құра, компьютердің пайдасы туралы айт- деген тапсырмалар, жаттығулар берілген, оларды әдістемелік тұрғыдан құрастырып, тәжірибе негізінде ғылыми зерттеулер, оқыту әдістемесімен жобалаулар арқылы, талдап оқыту әдістемесіне қатысты оқыту мәнді.
Әсіресе бастауыш сыныптарда мән- мағынасы бар немесе нақты заттың аталуын білдіретін, аз әріптерден тұратын сөзөдерге іріктеу, талдау, таңдау жасап, оларға бірлесіп, мүмкін болса балалар түсініктеме берсе сонда терең, тиянақты игеруге жетуге болады. Сондай-ақ оларды тақтаға жазу, дәптерге жазу, сауатты жазуға, оқуға дағдыландырады.
Бастауыш мектепте оқушыларды келесі төрт кемшіліктің болмауын, оқу кезінде байқалып қалған жағдайларда одан арылу арқылы амалдарын жасау қажет. Оның ең бастысы- артикуляция, яғни дыбыс шығару органдары:
- тіл;
- ерін;
- таңдай;
- жұтқыншақ;
-өңеш арқылы оқылған мәтінді іштей, дыбыссыз айту, талдап, ойлау.
Сөйлем жолымен жылжып бара жатқан көз назарының түсініксіз фраза, сөз, сөйлемге қайта оралуы- регрессия. Бұл, біріншіден: уақытты алады; екіншіден: ол тізбегін үзіп құбылыс қатарын бұзады; үшіншіден: түсініксіз фраза сөз, шартты белгіге және т.б. Сөйлемді немесе абзацты- азат жолды толық оқып, олардың мән- мағынасын нақты ашуға, туындаған ойларға орай қайта араласу- реципация негізді деп саналады; төртіншіден: нені, қалай, қашан, не үшін және тағы осы сияқты оқитындығын анықтайтын икемді, нақты мақсатты стратегиның болмай, талғамсыз оқуда кемшілікке жатады.
Оқуда кездесетін әрі қалыптасқан төмендегідей тәсілдері бар.
Тереңдете, тиянақты оқу- бөліктеріне зейін аударып, талдау жасап, талдап оқыту әдістемесі арқылы бағалау жасалады. Саралаумен, шығармашылық анықтау жасап, оң және теріс сәйкессіздікті білу, мәнін түсіну үшін талдауға жүйелеу терең, тиянақты игеруге жеткізеді.
Адам барлық мағлұматтарды көру, есту, сезу арналары арқылы қабылдап талдаушыларына берілетін әсерлермен әсерлі, терең, тиянақты қабылдау үшін оқытудың технологиялық құралдарын, плакаттар, электронды тасымалдағыштарды пайдалану қажет. Оқу, жазу, есту талдау амалдарын қабылдау, қорыту тетіктері көру, есту, талдаушыларынан жеке жүйлерімен миға жеткізілуі анық, айқын, көрнекті, түсінікті, қатесіз болуы, талданып, қайталану, бейнеленуімен терең, тиянақты игеруге жеткізеді.
Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі нақты мақсаттағы стратегиямен қисынды заңдылықтарға негізделуі, әрі сәйкес жүргізілуі керек.
Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолында міндетті білім беру стандарты талаптарын мүлтіксіз арқылы орындалады.
«Бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту»- делінген білім беру стандартында. Олай болса, білім алушының даралығын ашу – ол әрбір баланың оқу материялдарының, жаңа сабақты, үй тапсырмасын, сынып тапсырмаларын терең, тиянақты түсінуге жетуі үшін талдап оқыту әдістемесі қажет.
Таңдап оқыту әдістемесі- оқудың интегралдық алгоритмі деп аталатын бір бағыты бар.
Алгоритм дегеніміз- білім беру, оқыту, оқу мақсатына қатысты іс- әректтер, тиянақты амалдардың орындалуының реті- тізбегі ойластырылып, тәжірибеден өткен, орындалуы есептелінген ережесі. Алгоритм- табиғат және басқа заңдылықтар сияқты толық, ретімен, маусым мезгілдері сияқты жүйелі ауысуы болады, күннің түннің алмасуы Заңды орындалады, олай болса, оқу, жазу, есептеу, есту, даму бәрі ретімен орындалуымен мәнді, маңызды.
Оқудың үш түрі бар:
Біріншісі- артикуляция- оқыған сөзді дыбыс шығарып айту, мұнда жылдамдық төмен.
Екіншісі, оның артикуляциясы жоқ, оқу едәуір жылдамдау, мәтін әжептеуір тиімді игеріледі.
Үшіншісі, ішкі сөздің мүмкіндігінше қысқартылады, оқу жылдамдығы артып, мәтін мағыналы ұғу күшейеді, талдап оқыту әдістемесінің салдарын байқаймыз.
Бастауыш сынып оқушылары ежелеп, буындап, жеке сөздермен түсініктеп оқитындарға бөлінеді. Біліктілігі ең жоғары- түсінікпен оқу, талдап оқыту әдістемесінің салдары. Талдап оқыту әдістемесі бойынша мәтін оқылып, ой елегінен өткізіліп болған соң келесі мәтінге жеке, шешуші сөздерге талдау жасалып, түсініктеме беріліп, жазылуы, оқылуы, айтылу қарастырылады, нәтижесінде терең, тиянақты білім алады, баланың ойы дамиды.
Ой ықыласын жинақтау, оқу материалдарына түсінікті талдау жасау, оған зейінді, зерекпен, өздігінше салыстыру, есіне түсу, ережеге негіздеу, түпкі ойды ұғу және тұжырым жасау. Талдап оқыту әдістемесін түрлі сабақтарда қолдануларға зейін аударайық, мысалы, әдебиет сабағы, сонымен:
Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов. Арман.
Сабақтың дидиктикалық мақсаты: М.Шахановтың өмірімен және еңбектерімен қысқаша таныстыра отырып «Арман» өлеңін талдау арқылы ақынның идеясы мен мақсатын түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген көзқарасы мен түсінігін қалыптастыру және құштарлығы мен ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдысын нығайту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Поэзины талдау процесінде оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа және өнер мен отанын сүйюге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ өту әдісі: Сұқпат, талдау, пікірлесі, сұрақ- жауап, ойын элементтері, сынақ.
Сақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, тесттік және кестелік сұрақтар, көрме...
Сабақтың пән аралық байланысы: Музыка, әдеп, тарих.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Әнұран.
ә) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.
б) Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасы
а) Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, тесттік сұрақтар.
ә) Үй тапсырмасын қорыту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой ашар
а) М.Шахановтың қысқаша өмір дерегі.
ә) М.Шахановтың еңбегі.
б) «Арман» өлеңін мәнерлеп оқу, түсінігін айту.
2. Ой қозғау
а) Сұрақтар:
1) Дана қария қандай сұрақ қойды?
2) Дойылдың арманы не еді?
3) Әбудің арманы не еді?
4) Қария неліктен Әбу сөзіне риза болды?
5) Әбу- Насыр әл- Фараби кім?
6) Сендердің армандарың қандай?
ә) Кейіпкерлерге мінездеме беру.
3. Ой толғау
а) Ауыл жылына немесе Сайрам ауданының 75 жылдығына орай бір шумақ өлең шығару.
ә) «Кім білгір, Кім тапқыр?» ойыны.
4. Ой түйіндеу
а) Жаңа сабаққа анализ жасау (кеспе сұрақтарына жауап).
ә) Жаңа сабақты бекіту («Эстофета» ойыны)
ІҮ. Оқушыларды бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
ҮІ. Жалпы сабақты қорыту.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдары мен тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймыз.
Өткен сабақта Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі бойынша үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұраймыз. Үйде орындап келген шығармаларын тексереміз. Осы сәтті пайдаланып, оқушыларға тестік сұрақтарды үлестіріп, жауап аламыз.
Үй тапсырмасын қорыту мақсатында сұрақ- жауап ұйымдастырамыз.
Жаңа тақырып М. Шахановтың «Арман» өлеңі екендігін жариалап, ой ашар мақсатында оқушылардың өздерінің айтуымен М. Шахановтың қысқаша өмірі және еңбектерімен танысамыз. Оқушыларға М. Шахановтың «Арман» өлеңін мәнерлеп оқып, оның мағынасын түсінуіне мүмкүндік береміз.
Өлеңді оқушылардың өздері пікірлесе отырып,талдау жасауға көмек ретінде ой қозғауға арналған сұрақтарды беріп отырамыз. Өлеңнін мағынасы, автордың идеясы мен айтпақ болған ойын оқушылар түгел түсінгенше талдауды жалғастырамыз. Осы мақсатта және сабақтың тәрбиелік мақсатын орындау үшін кейіпкерлерге мінездеме берулеріне септігімізді тигізіп отырамыз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Ауыл жылы» немесе «Сайрам ауданына 75 жыл» тақырыбына бір шумақ өлең шығару тапсырмасын береміз.
Өтілген тақырыпты оқушылардың игеру сапасын анықтау мақсатында кеспе сұрақтарға жауап аламыз. Жаңа сабақты бекіту, қалыптастыру үшін «Эстафета» ойынын ұймдастырамыз.
Оқушыларды бағалап, үй тапсырмаға Әбу арманы баяндалған шумақтарды жаттау, Әбу – Насыр әл – Фараби жайлы реферат пен «Менің арманым» тақырыбына шығарма жазуды береміз.
Жалпы сабаққа қысқаша қорытынды жасаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Өтілген тақырыптарға шолу.
Сабақтың дидактикалық мақсаты: Өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың еңбек сабағы бойынша сауаттылығын, білімге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының өнер мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың өту әдісі: талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, електеушілік.
Сабақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.
Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, құрал- саймандар, сөзжұмбақ, тесттік және кеспелік сұрақтар, көрме...
Сабақтың пәнаралық байланысы: Музыка, математика, әдебиет, әдеп, беинелеу.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.
ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.
б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.
2. Жарыс сабағын өткізу
3. Үйге тапсырма.
4. Жарыс сабағын қорыту.
Сабақтың барысы:
Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдарын, тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.
Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.
Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі – «Зергер» деп аталып капитаны - _____________________ сайланса, екінші «Шебер» деп аталып, капитаны -_____________________ сайланған.
Енді, жарыс бағдарламасымен таныстыратын болсақ, қиындығына сәйкес 4 бағытта жүргізіледі.
Бірінші бағыттағы жарыстар қиындығы өте жоғары болып, ең шебер оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы жоғары болып, білім деңгейі оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар қиындығы орталау болып, білім деңгейі орта оқушыларға арналады, төртінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |