Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы


Кеспе және перфокарта көрнекіліктерін сабақта



бет2/3
Дата11.02.2018
өлшемі1,01 Mb.
#37617
түріДиплом
1   2   3

Кеспе және перфокарта көрнекіліктерін сабақта

пайдалану.
Жазба көрнекіліктердің түрі - кеспе көрнекіліктері. Бұл көрнекіліктер сабақта жиі қолданылады, оны пайдалану өте ұтымды.

Қазақ мектебіне арналған тұңғыш әліппеде А.Байтұрсынов кеспе көрнекіліктің талай үлгісін берген. Заманның ағымына қарай кейінгі кезде кеспе көрнекіліктер сабақта күнделікті қолданылып отырады.Үлестірмелі кеспе әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жүргізуіне өте ыңғайлы. Мысалы, үлестірмелі кеспе арқылы әр оқушыға әр түрлі тапсырма беруге болады. Үлестірмелі кеспе өтіліп жатқан материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта пайдаланылады.

Мысалы, тақырыпты өткенде мынадай үлестірмелі кеспе таратып, оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін байқауға болады Бұл үлестірмелі кеспе оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінен жасалған бірнеше сызба көрнекіліктерді таныстырып өтейік.
1-кеспе
1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды.

2. Төбесі көкке жетті -...

3. Бармағын тістеді.-...

4. Жермен жексен етті.-...

5. Қол ұшын берді. -...

Бұл кеспе арқылы оқушы тұрақты тіркестің беретін мағынасын өздері тауып дәптерлеріне жауабын жазады.



2- кеспе
Мына тұрақты тіркестердің антонимін тап.

1. Жүрек жұтқан .- су жүрек.

2. Иттерісін басына қаптады.-...

3. Жүрегі қарс айырылды. -...

4. Ұшан -теңіз.-...

5. Қой аузынан шөп алмас. -...




3 -кеспе.
Өзара синонимдес тұрақты тіркестерді ойлап жаз.

1. Көз ілмеді, Түн ұйқысын төрт бөлді, Кірпігі айқаспады, Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады.

2. Жұмған аузын ашпады.-...

3. Төбе шашы тік тұрды. -...

4.Тонның ішкі бауындай . -...

4 - кеспе.
Мына сөздерді тұрақты тіркес түрінде жаз.

1. Тез, жылдам - Сүт пісірім уақытта, Қас пен көздің арасында, Көзді ашып жұмғанша. т.б

2. Қуанды -...

3. Жуас момын -...

4. Жақын, жуық жер - ...

5. Алыс -...

6. Тура айтады -...

7. Сұлу, көркем -...


Бұл кеспелерді оқушыларға таратып, оқушылардың «Тұрақты тіркестер» тақырыбын қалай меңгергендіктерін берген жауаптарына қарай байқап отырады. Кеспе оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі.
Перфокарталармен жұмыс жасау.
Сабақты тартымды өткізудің, уақытты тиімді пайдалана білім берудің және оқушылардың білімін тексерудің тиімді тәсілдерінің бірі- үлестірмелі перфокарталармен жұмыс жүргізу. Әр сабақта өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты перфокарталар жасалып отырады. Мысалы, дауысты, дауыссыз, дыбыстарды және олардың айтылуы, жазылу ережелерін толық меңгерту үшін мынадай перфокарталар жасауға болады.

Бұл перфокарталар сабақ тақырыбына сәйкес жасалынып отырады. Перфокарталарды өтілген тақырыптың мазмұнына қарай ауыстырып отыру қажет. Перфокартаның бірнеше үлгісін көрсетіп өтейік. Перфокарталар септік, көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту мақсатында да қолданылып жүр.




  1. - перфокарта.




Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

В




+




Қ

+







Һ




+




Н







+

Л

+




+

Д




+



Бүктемелі перфокарталардың ішіне оқушылардың өздеріндегі ақ қағаздарды салып, фамилияларын жазып, жоғарыда көрсетілгендерді талдайды да, ішіндегі дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрайды.





  1. -перфокарта .




Сөздер

қыз

гүл

бала

үй

кітап

есік

жалғаулар



















-лар,-лер,



















-дар,-дер,



















-тар, -тер,




















Сюжетті суреттер қолдану арқылы сабақ сапасын

арттыру.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де сабақты маңызды өтуде үлкен орын алады. Сурет көрнекілігі көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке тақырып қою, сурет бойынша сөйлемдер құрау, суреттің тақырыбына сай мәтіндер құрастыру сияқты жұмыстардың түрін жүргізуге болады. Сонымен қатар сурет тақырыбына байланысты мазмұндама , шағын шығарма жаздыру тиімді тәсіл болып келеді.

«Тұрақты тіркестер» тақырыбын өткенде сурет бойынша мынадай жұмыстар жүргізуге болады.

Тақтаға адамның суреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау (Ойын түрінде «Кім көп айта алады»

1 - қатар
Бет, жақ қатысына қатысына қарай айту керек.

Бетің бар жүзің бар демейді, бетке айту, бетінен от шашты, бет моншағы төгілді, Беті бүлк етпейді .



2 - қатар.
Көз, кірпік, қасты қатыстырып айту керек.

Көздің жауын алады. - әдемі, керемет, көздің жасыл көл қылу -ренжу, жылау, көзінің сорасын ағызу - жылау, көздің құртын жеу - сондай көзге түсерлік, көрікті, қас пен көздің арасында, тез, қас қағым уақытта - лезде т. б. Осылай білдіретін мағыналарын айта отырып, әр тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мәтіндер жазады.

Әр оқушының берген жауабына оқытушы мән беріп, дұрыс жауап берген оқушыны марапаттап, тиісті бағаларын беріп отырады...

3- қатар.
Мұрын, езу.

1. Мұрын көтеру - көкірек,

2. Танауы тасқа тиеді.- жолы болмады.

3. Мұрнына су жетпеу.- уақыты жоқ.

4.Мұрнына ешек құрт түсу.- байып кету. т.б.

4 - қатар.
Тіл , тіс .

1 . Тілі мірдің оғындай . - өткір.

2. Тісінен шығармады. - айтпады .

3. Тілі сумаңдау. - көп сөйлеу .

4. Тісі - тісіне тимеу .- жаурау.

5. Тісін тісіне тақау . - ашулану.

6. Тілімен жайпау.-уәде бергіш.

Бұл оқушылардың тапсырмаларды парта — парта болып жарысып, таласып, қызығып оқуына жол сілтейді.

2. Тақтаға төрт түлік малдың суреті ілінеді.

1 - қатар.
Түйе суреті бойынша, түйе сөзі қатысқан тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек. Мысалы:

1. Түйені түгімен жұту.

2. Түйе үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

3. Түйе үстінен сирақ үйіту .

4. Түймедейді түйедей ету.

2 - қатар.
Қойдың суреті бойынша.

1. Қой аузынан шөп алмас.

2. Қой мінезді . т.б.
3 қатар.
Сиыр суреті бойынша.

1. Сиырдың бүйрегіндей.

2. Өгіздей өкіру. т. б.

Жылқы суреті бойынша.

1. Жылқы мінезді.

2. Тайға таңба басқандай.

3. Тайлы тұяғымен.

4. Ат шаптырым жерде.

Оқушылар түлік малдың суретіне байланысты басқа да тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағыналарын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Кім көп тұрақты тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп көрсетеді.

Енді оқытушы тақтаға жылдың төрт мезгілінің суретін іледі, оқушылар суретке қарай отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін тұрақты тіркестерді тауым жазады.

Мысалы:

1. Жаз.- жаны жаз, көңілі жаз. т. б.



2. күз- жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б.

Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан-жақты пысықтап, толықтырып отыруға болады. Сурет бойынша оқушыларға жазба жұмысын жаздырып, тіл ұстарту жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға мазмұндама жаздыруға да болады. Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманы жазу да, латын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға соқпай өтпейді. Өйткені мұғалім мәтінді алдын ала дайындайды. Олардың бір айырмашылығы - мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсіндіруге, суретте бейнеленген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады.

Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:

1. Белгілі бір эңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжет арқылы жаздыратын мазмұндама.

2. Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру.

3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру.

Суреттер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес, түрлендіріп отыруға мүмкіншілік бар. Атап айтқанда, сюжетті суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып, оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді мәтін бойынша бір жүйеге келтіріп те мазмұндама жазуға болады. Мұндай жұмыстар оқушының ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық икемін арттырады.

Сурет бойынша мазмұндаманы былай жүргізуге болады:

1. Тақтаға жайлау, қой бағып жүрген шопанның суреті сонымен бірге шопанның жанында жүрген бірнеше мектеп оқушылары және кішкене қошақандардың жүгіріп жүрген суреті ілінеді.

2. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балаларға шопанның ауыр еңбегі, көктем кезіндегі қойлардың төлдеуі туралы кыскаша әңгімелеп өтеді.

Балаларға мұндағы оқиға желісіне зерделі, мұқият қараулары тапсырылады. Балалар біраз уақыт ойланғаннан кейін, мұғалім жалпы сыныпқа мынандай сұрақтар қойып, оған берілген жауаптарды іріктейді.

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Көктем мезгілі екенін қалай дәлелдейсіңдер ?

- Ауа райы қалай болып тұр?

- Сонау қыратта жайылып жүрген не ?

- Қойдың төлдеу кезеңі туралы не білесіңдер?

- Шопан еңбегі туралы ие білесіңдер?

- Үлкен құрмет кішіге ізет деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Шопандарға көмектесіп жүрген оқушыларды кім деп айтуға болады?

Осы сұрақтарға толық, дұрыс жауап алғаннан соң, мұғалім :

- Енді осы суретке қандай тақырып қойсақ екен?, - деп сұрайды.

Балалар түрлі тақырыптар ұсынады. «Көктемде», «Қой төлдегенде», «Оқушылар көмекке келгенде», «Жайлауда», «Оқушылар көмекке келгенде», «Шопанның жас көмекшілері» т. б. Мұғалім осы суреттер бойынша даярлап келген мәтінді мәнерлеп оқиды.

«Шопанның жас көмекшілері» деген тақырып қояды. Мұғалім тақырыпты белгілеп болған соң былай деп сұрақ қояды.

1. Балалар көктем көріністері қалай суреттелген кім тауып оқиды. Екі оқушы мәтіннен көктем туралы айтылған сөйлемдерді тауып, мәнерлеп оқиды. Бұл сөйлемдер суретеп салыстырылады.

Мұғалімнің: «Көктемде шопанның еңбегі неге ауырлай түседі»,- деген сұрағына бір оқушы мәтіннен жауап тауып, дауыстап оқиды.

Мәтіннің қалған бөліктері де осылай сұрақ жауап тауып, дауыстап оқылады.

Мәтінге мұғалімнің көмегімен жоспар түзіледі. Жоспар үлгісі:

1. Көктем көріністері.

2. Шопан еңбегі.

3. Қой фермасында.

3. Оқушылар еңбегі.

4. Еңбектің жемісі.

Сюжетті суреттерді пайдаланып, әр сабақта сөйлем құратуға, мәтін жаздыруға, сол мәтіндегі сөйлемдер арқылы фонетика, морфология, синтаксис саласы бойышна талдау жасатуға болады. Сюжетті суреттерді география, биалогия, жаратылыстану, химия т.б пәндерді өту барысында да көрсетуге болады.

ІП-тарау. Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру.
Балаға сапалы әрі тиянақты білім берудің ец тиімді деген әдіс-тәсілдерін педагогтар қазіргі педагогика, психалогия ғылымдарының соңғы табыстарынан, оның бер жағында алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс тәжірибелерінен, кибернетикалық, социологиялық зерттеулердің нәтижелерінен көптен іздестіруде.

Техникалық құралдардың еш уақытта да мұғалімнің ролін атқара алмайтыны түсінікті. Ол мұғалімге көмекші құрал ғана болады. Өйткені «мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Олай болса, мұғалімді техникалық құралмен ауыстыру педагогикалық істегі маңызды нәрсе мұғалімнің жеке басы өнегесінің оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жойған болар еді. Мұғалім сабақ үстінде жаңа материалдарды түсіндіру барысында оқушылардың көз алдында өзінің ойлану-толғану арқылы олардың дағдыларға үйретумен қатар, логикалық ойлауға, ғылым мен техника мәселелерін шығармашылықпен зерттеу әдісімен шешіп үйренуге баулиды. Егер сабақ жүйесінен мұғалімді алып тастасақ, бүкіл оқу процесі бұзылады да, оқытады ешқандай тәрбиелік мәні қалмады. Сондықтан, педагогикалық процесте басты орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады. Барлық техникалық құралдар, оның ішінде «оқытатын машина да» мұғалімнің ролін атқара алмайды, олар мұғалімнің қолындағы балаға әсер ету мүмкіндіктерін көбейтетін құрал ғана болып саналады».1 Сөйтіп, мектептегі оқу-тәрбие жұмысында техникалық құралдарды пайдалану бағдарламалық материалды оқыту әдісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің басқа да жақтарының жақсаруына жәрдемін тигізеді.

Оқушылардың ой-өрісін, талғамын, қабілетін арпыруда техникалық құралдардың тиімділігі ерекше. Мысалы, деректі фильмдерді көру арқылы шет елдердің, Отанымыздың ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы техникадағы, спорттағы жаңалықтарды күнбе-күн көріп естумен, қатар, көптеген материалдармен танысады.

Техникалық құрал мұғалімді бірқатар жұмыстардан босатып, өзінің шығармашылық ісіне көңіл бөлуге мүмкіндіктер жасайды.

Техникалық құралдар оқушыларға қазақ тілін оқыту ісін жандандырады, сабақтың сапасын арттырады. Техникалық құралдардың оқыту сапасын арттыратыны-ғылымда дәлелденген мәселе.

Педагогика теориясында оған М.А. Даниелов, Б.П. Есипов, Е.Л.Белкин, И.Я. Лернер сияқты ірі ғалымдардың еңбектері дәлел болады.

Ғалым И.А.Зимняя техникалық құралдарды пайдалану үшін, оның міндетті түрде жеткілікті дәрежеде болуын айта келіп, оны үш топқа бөледі.

1. Оқыту үшін арнайы жасалған техникалық оқу құралы.

2. Оқыту жағдайына бейімделген жаппай қатысым желісінің табиғи техникалық оқу құралы.

3. Оқытуда бейімделмеген түрде енгізілген жаппай қатысым желісінің табиғи техиикалық оқу құралы.1

Бұл мәселеде қазақ ғалымдары да өзіндік үлес қосты деуге болады. М.Құдайқұлов оқу ісіне киноны қолдану мәселесін зерттеді. Р.Г.Усманова орыс тілін оқытуда лигофон кабинетін пайдалану мәселесін зерттеген. К.Өстеміров техникалық құралдарды мектепте, кәсіптік техникалық училищелерде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін өзінің "Оқыту құралдарын пайдалану негіздері (1989ж) атты оқу құралында көрсеткен.

Зерттеуші әдіскер - ғалымдар да өз еңбектерінде техникалық құралдарды қолдану мәселесіне арнайы көңіл аударып отырған. Олардан С.Рахметованы, Н.Құрманованы, С.Нұркееваны, А.Күзембаеваны, Г.Мыңбаеваны, Б.Кәтембаева атауға болады. Қазіргі уақытта тәжірибелі педагогтар мен әдістемешілер оқу процесінде техникалық құралдарды, атап айтқанда, проекциялық дыбысты жазып алатын апараттарды, диафильм, видеофильм, теледидарды пайдалану сабақты жандандыратыннан, оқушылардың сол пәнге қызығушылығын арттыратын, өздігінен ізденуі мен шығармашылық бағытта ізденістер жасауына мүмкіншіліктер жасайтындығы дәлелдеп отыр. Техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайды, жаңа оқу материалын қабылдауда олардың әртүрлі сезім мүшелері қатысады, оқуға қызуғышылығы артып, түсіндірілген материалдарды тез-қабылдауына мүмкіндік туады. Әрине, техникалық құралдар

мұғалімнің ролін еш уақытта да атқара алмайды. Ол мұғалімге тек көмекшілік қызметін ғана атқара алады, оны бірсыпыра жұмыстарын босатады. Техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайды, жаңа оқу материалын меңгеруде тез қабылдайды.

Әр сабақта магнитофонды қолдану үшін, әр сабақтың тақырыбына қарай магнитофон баспасына алдын ала тексті жазып қояды. Сосын ол текст оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы текстің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс, немесе осы текстің мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар құруға дағдыландыруға болады.

б) Магнитофон арқылы ағылшын, орыс, қазақ тілі сабақтарында текст тыңдауға, диктант жаздыруға өте қолайлы, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілердің қалай қойылатынын аңғарту, көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білуге дағдыландырады.

Мәнерлеп оқуға үйрететін текстерді, өлең - тақпақтарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды.

Магнитофон аркылы өлең тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлең жаттамас бұрын мұғалім қиын сөздерге түсінік береді. Өлеңнің мазмұнын оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофоннан тыңдатылады.

Магнитофонды «Фонетика мен орфоэпияны» оқытуда пайдалану.

Фонетика - тіл білімінің бір саласы. Мектепте фонетиканы дұрыс, сапалы оқыту мұғалімнен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оқушы фонетиканы дұрыс меңгеріп, әдеби тілдін нормасына жаттығады, сөздердегі дыбыстардың айтылуын, жазылуын, естілуін дәл айта білуі, сондай - ақ сауатты жаза білуі тиіс. Оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, дыбысты ауыстырып айтатын немесе жазатын болса, әдеби тілдегі сөйлеу дағдысын бұзып, сөзді дұрыс, сауатты жаза алмайды.

______________________________________________________________________________________


1Зимняя II.А. ТСО и ноглядность в обучении иностранным Языком/В с.б науч. трудов МГПННЯ им М.Тореза-М.1979.-144стр.

Біраз мектептердің ІУ- УШ сыныптарының жазба жұмыстарын тексергенде оқушылардың сөз ішіндегі 2ріптерді естілуінше жазатыны байқалады.

Атап айтқанда, дауысты мен дауыссыздардың емлесін білмеу, шылау мен жалғауларды ажырата алмау, сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастыру, қос сөздердің, біріккен мен қысқарған сөздердің емлесін білмеу, күрделі етістіктерді жаза алмау, тасымал, буынға бөлу, үндестік шыңын білмеу қосарлы дыбыстардың бір сыңарын тастап кету диалог сөздерді жаза білмеу, сұрау белгісі мен леп белгісінің орнын шатастыруы жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Сондықтан қате көп жіберетін ережелерді нақтылап, үнемі магнитофоннан тыңдап, соған байланысты мәтінді талдау немесе жатқа жаздырып, сөйлем, сөздерді ойдан таптырып, қалай да қате жібермеу үшін жұмыс істеуге болады. Мысалы магнитофонға күні бұрын мынындай ережелерді жазып қоюға болады.

1. Сөздің кейінгі буындарында ү- естілгенімен, ы- жазылады. -ү- естілгенімен - і- жазылады. Мысалы: құ- лын , жұ- лын, кү- міс , жү -зім , күн- дік т. б.

2. Сөздер буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалды оқушылардың өздерін таптырып, талдау жасату керек.

3. Дауыссыз дыбыстың ешқайсысы дауысты дыбыссыз буын жасай алмайды. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссы дыбыспен тіркесіп тұрып та буын құрай алады. Мысалы: ас, ас-тық, ас-тық-тың, ба- ла, ба- ла лар т.б.

Оқушылар магнитофоннан қайта-қайта тыңдау арқылы ережені тез ұғып алады.

Сабақта проекциялық аппараттарды пайдалану.
Соңғы жылдары проекциялық аппараттарды сабақта пайдалану арқылы өтетін материалдар ерекше қызықты, оқушылардың ой -өрісін дамытып, түрлі оқушыларға байланысты құрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп түсіндіруге көптеп ықпалын тигізіп жүр.

Сабақтарында диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, диапозитивтерді, фотосуреттерді, чертеж, схема, сурет, тілдік модельдерді, кестелерді көрсетуге болады.

Мектепте экрандық суреттеу екі түрлі жолмен іске асырылады: бірі динамикалық проекция, екіншісі статистикалық проекция. Статистикалық проекция екі түрге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафильм және диапозитивтер көрсетіледі, ал эпископиялық проекциялау арқылы суреттер, сызбалар, түрлі суреттер көрсетіледі.

Диапроекция арқылы көрсетілген зат мөлдір де анық болады. Ал эпипроекцияда зат күңгірт көрінеді.

Диаскоп – кәдімгі проекциялық фонарь сияқты аппарат. Сабақтарда диаскоп арқылы кез -келген тақырыпқа байланысты схема кестелерді көрсетуге болады. Ерекше дыбыстарының айтылуы мен жазылуын оқушыларға қатар үйрету үшін диаскоп пен магнитофонды қатар пайдалануға болады. Мысалы, магнитофоннан Ә деген дыбыс туралы мәлімет беріледі – жіңішке дауысты дыбыс, езулік, ашық дауысты дыбыс. Әпидоскоптан мына схема көрсетіледі : Ән , Әл, Сән, Сәт, Сәл , Әр, Әсем т. б.

Компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістері.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ашсына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы-білім беру жүйесін жетілдіру, елдің инттелектуалдық потенцияалын көтеру. Білім беру-аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, қүқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.

Қоғам дамуындағы жас ұрпақты тәрбиелеудің құрамды бөлігі білім беру болып саналады. Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Осы істі жетілдіру-мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру, оқыту мәселесі әрбір қоғамның әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.

Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін, оқыту ерекшелігін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогрессивті технологияның дамуы. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру, компьютерлермен қамтамассыз ету, аса жоғары озық технологиялармен жұмыс жасау дәуірінде білім беру ғылыми-техникалық өрлеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, сондай-ақ қазіргі кезде он бір жылдық, жобадағы өзекті мәселелердің бірі- он екі жылдық орта және білім беру ұғымдары пайдаланылады.

Мемлекетімізде қазіргі уақытта білім деңгейін дамыту, оқыту сапасы мен көрсеткішін көтеру мақсатында көптеген өзгертулер, толықтырулар және енгізулер қолданып жатыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы бектілген. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы -мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын аиқындайтын ғылыми-теориялық әдіснамалық құрал болып табылады. Тұжырымдамада төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қойылған:

Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.

Сондай -ақ мынадай міндеттері атап көрсетілген:

- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;

- білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;

- білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

- білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;

- кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тетіктерін құру;

Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде тиімді жұмыс істейтін білім берудің Қазақстандық моделі жасалынып, Қазақстанның бүгінгі дүниеден лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадр даярлаудың сапалы жоғары деңгейіне қол жеткізетін болады.

Дегенмен де, мұнымен шектелмей мемлекетіміз Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын қабылдады.

Оның мақсаты төмендегідей:

Адам ресустарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.

Міндеттері төмендегідей болып келеді.

- халықтың барлық жүктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- білім беруді одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік-құқыктық базасын жетілдіру;

- 12 жылдық білім беруге көшу;

- білім беруді халықаралық стандартты жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;

- білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын нығыйту;

- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерінің даярлау.

Бұл Тұжырымдама және Бағдарлама еліміздің барлық орта және жоғары оку базасын, оқыту принциптерін, білім беру талаптарын өзгертуге айтарлықтай ықпал жасады.

Соның ішінде, біздің бөліп айтқымыз келіп отырғанымыз оқушыларға кәсіптік білім беру жүйесі.

Сондай-ақ Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені де айқындап отыр. Демек, жоғарыда аталған маңыздағы мәселелер қазіргі оқушыларға кәсіптік білім беру, белгілі маман иесі етіп тәрбиелеу көкейкесті шара екенін айқындап отыр.

Осыған байланысты оқушыларға "Автоісі" пәнін, оның ішінде "Автокөлікті жөндеу жұмыстарын" оқыту процесін ерекше бөліп айтқым келіп отыр. Бұл жұмыстар аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті "Автокөлікті" жөндеу жұмыстарын оқыту кезінде жоғары педагогикалық қабілетті көрсету тек міндетіміз ғана болмай, сондай-ақ азаматтық борышымыз деп те санаған жөн. Қазіргі кезде жас жеткіншектерді заман ағымына сай оқыту өзекті болып отыр. Сондықтан оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану әдісін ұсынамын. Өйткені техникалық құралдарды пайдалану оқушылар саласына үлкен өзгертулер енгізіп, білім алуға деген қызығушылығын арттыруына ықпал жасайды.

Адам баласы ежелгі тас дәуірінен бастап тіршілік ету мақсатында әртүрлі кәсіппен айналысты. Аң аулады, терімшілікпен айналысты, тас, ағаштардан әртүрлі еңбек құралдарын жасады. Аңдардың, жануарлардың жүні терісімен киім тоқуды білді. Сонымен қатар, өз білгендерін өзгелерге үйретті. Осылайша адамзат баласы уақыт өте келе технологияның алғы жетістіктеріне жете берді. Яғни, қолдан жасаған бұйымдарын, қолөнер туындыларын бір жерден екінші жерге жылдам әрі сенімді тасымалдау үшін, сондай-ақ алыс жерге уақытында жету үшін адам ат үстінен түсіп автокөлікке ауысты. Автокөлік-тасымалдау құрал ретінде ел арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Алайда, кез-келген автокөлік өзіне техникалық күтім жасауды, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы мәселені зерттеу келе біз оқушыларға "автокөлікті жөндеу жұмыстары тарауын оқытуды қарастырдық. Біздің негізгі мақсатымыз-аталған тарауды қалай оқытамыз, оқытуда қандай техникалық құралдарды пайдаланамыз және пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.

Оқу барысында техникалық құралдарды оқыту әдістерімен ұштастыру білу керек. Техникалық құралдардың түрі көп және әрқайсысының пайдалану мүмкіндіктері алуан түрлі. Дегенмен копьютер көмегін пайдалану ерекше маңызды екні белгілі. Қазіргі технологияның прогрессивтік дамуына орай, оқушыларға білім беруде тиісінші жаңаша тәсілдер қажет. Бүгінгі күні компьютер адам өмірінің барлық сферасында айқын орын тапқан.

Біз жаңа оқу әдістемелік құрал жасадық. Компьютер көмегімен оқыту-соңғы оқу ішіндегі ең тиімдісі екені анық. Алдымызға қойылған міндеттер мен талаптарды орындау негізінде, оқу процесінде оқытудың интерактив әдісін қолдануды ұсынамын.

Компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістерін пайдалана білу керек. Қазіргі кезде барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген. Сондықтан да компьютерде электронды оқулықтарды пайдаланып оқытудың маңызы зор. Балаларға техникалық білім беріп, техникалық мамандыққа оқыту-заман талабы. Сондықтан да компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістерін қолдана білу әр мұғалімнің абыройлы міндеті.

Оқыту әдісін заман талабына, өмір мұқтажына тың зерттеулермен толықтыра отырып, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту әр ұстаздың парызы. Қазіргі таңда оқыту процесінде компьютер мен ақпараттық технологияны пайдалану оқытудағы білім мен тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында тиімді де пайдалы жолын қарастыру болып табылады. Бұл ретте ұстаз жол сілтеуші қызмет атқарып, оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге, тапсырмалар мен тест жұмыстарын орындаудағы дербестігі мен ізденісі танылады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр ұстаз өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес компьютер тілін білуі қажет.

Осы орайда әдебиет сабағынан 11-сыныпта өтілетін «Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні» деген компьютер арқылы өтетін электронды оқулықпен жұмыс сабағының өту жоспарын ұсынып көрейік. Сабақтың мақсаты.

1. Ой тұнығынан шыққан мазмұны терең, өрелі жасқа өріс болар асыл ойдың құдіреті шешендік сөздерді ұқтыру.

2. Астарлы ой мен сөз мағынасын түсіндіру.

Сабақты жүргізудің мақсаты, оқушылардың бойына елді, туған жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік пен жақсылықты дәріптеп, әділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тәрбиелеу. Бұл міндетті нақтылау үшін оқушыларға тағы да электронды оқулықпен «Қазақ халқының ұлттық шешендік сөздері» деген файлды ашқызып, өз беттерімен оқып алған соң, дәптерлеріндегі алдын ала жазылған сұрақтарға жауап жаздыру керек. Шешендік сөздер туралы пікір айтқан зерттеушілер мен ғалымдарға тоқтала келе, тәрбиелік міндетті толықтырып, оқушы ой толғау үшін осы оқулықтағы арнайы «Қазыбек бидің шешендік сөздері» деген тақырыпты ашып:

Не қымбат? Не жақын? Не қиын? деген сұрақтарға жауап іздейді. Қазыбек бидің орамды сөзбен қиыстырған шешендік сөздерінен мысалдар келтіреді.

1. Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт – берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.
2. Тату болса ағайын жақын,

Ақылшы болса, ағайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.


3. Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Жанышқылаған жау қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын, - деген би жауабының толық түрін оқушы оқып, асыл ой түйіндеп, тағлым алары сөзсіз. Бұл сабақ арқылы ұстаз оқушылардың білімі мен дүниетанымын, ой-өрісі мен эстетикалық сезімін, патриоттық рухын, ділмәр шешендігін, терең де еркін ойлай білуін дамытады. Электронды оқулықпен жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдерін болашақта дамыта отырып, өзін -өзін тәрбиелеуде септігін тигізеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет