Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 8 беттің -ші беті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,96 Mb.
#188000
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
diplomdy-zh-mysty-zhazu-men-r-simdeu-erezhesi2020

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті 
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын 
жалпы талаптар
 
18 беттің 13 –ші беті
 
11.11 Маман даярлаушы кафедраның меңгерушісі диплом жазушы – білім алушыға 
жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысына берілген 
пікір мен сын-пікірді қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді. 
11.12 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау білім алушының қалауы бойынша қазақ және 
орыс тілдерінде жүргізіледі. Білім алушы кафедраның ұсынысымен диплом жұмысын 
(жобаны) қорғауда (қажеттілік болған жағдайда шетел тілінде сұрақтар қоюға болатындай) 
қысқаша мазмұнын тапсырады. 
11.13 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды техникалық-материалдық базада 
ақпараттық-коммуникация саласындағы жетістіктерді, электрондық қорларды пайдаланып, 
презентация жасап жүзеге асыруға болады. 
12 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ 
 
12.1 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық 
атқарушы органдары және университет бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, 
аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады. 
12.2 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия 
мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында ӛткізіледі. 
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау білім алушылардың, маман даярлаушы кафедра 
оқытушыларының қатысуымен кӛпшілік түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми 
жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың 
ӛкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады. 
12.3 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір білім алушыға 30 
минуттан аспауы қажет. 
Диплом жұмысына қатысты мӛлшерлеу университет басшысының бекіткен мӛлшерлеу 
кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 
12.4 Диплом жұмысын қорғау барысында білім алушы мемлекеттік аттестаттау 
комиссиясының және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында 
баяндама жасап қорғайды. 
12.5 Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ қоюшы 
немесе сӛз сӛйлеуші түрінде қатысады. 
12.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады 
(ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда ӛзі сӛз сӛйлейді). Сын пікір және/немесе 
пікірдегі ескертпелердің барлығына білім алушы дәлелді түсіндірмелер береді. 
12.7 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік 
әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда білім алушының теориялық деңгейі, ғылыми 
және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы 
назарға алынады. 
12.8 Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр білім алушы бойынша 
мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және 
ӛткізілу күнінде хабарланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет