Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 8 беттің -ші беті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,96 Mb.
#188000
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
diplomdy-zh-mysty-zhazu-men-r-simdeu-erezhesi2020

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті 
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын 
жалпы талаптар
 
18 беттің 10 –ші беті
 
10.15 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, 
схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі 
ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.
Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық 
иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет. 
10.16 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, 
схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) 
мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс. 
10.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен 
басынан аяғына дейін нӛмірленуі тиіс. 
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сӛзі және оның аталуы жолдың 
ортасынан жазылуы тиіс. 
10.18 Иллюстрацияларды бӛлімдер шеңберінде (ішінде) нӛмірлеуге болады. Мұндай 
жағдайда иллюстрациялар нӛмірі нүктемен бӛлінген бӛлімнің нӛмірі мен иллюстрацияның 
реттік нӛмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1. 
10.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін 
мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады (ортада):
Сурет 1 - Банк жүйесінің құрылымы. 
Сурет 1 - Инновациялық оқыту технологиясының даму тенденциясы 
10.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нӛмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу 
қажет, басынан аяғына дейін ал бӛлім бойынша нӛмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс. 
10.21 Кестелер кӛрнекілік ретінде және кӛрсеткіштерді салыстыру мақсатында 
қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. 
Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сӛзінен соң 
келесі жолға орналастыру керек. 
10.22 Кестені ӛзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. 
10.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме 
қоюда «кесте» деп нӛмірлері кӛрсетіліп жазылуы қажет. 
10.24 Кӛп жол мӛлшердегі кестені келесі параққа (бетке) кӛшіруге болады. Кесте 
бӛлігін келесі параққа (бетке) кӛшіру барысында «Кесте» сӛзі және нӛмірі бір рет кестенің 
бірінші бӛлігінің сол жағына, ал келесі бӛлігінде «Жалғасы» сӛзі жазылады және кесте 
нӛмірі кӛрсетіледі, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) кӛшіру 
барысында тақырыбы тек қана бірінші бӛлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бӛлігін 
кӛшіруде кестені шектейтін тӛменгі кӛлбеу сызық сызылмайды. Бірінші жағдайда былай 
жазылады (сол жағында): 
Кесте 1 - Дәстүрлі және инновациялы білім беру мекемелерін салыстыру сипаттамалары 
Екінші немесе кесте жалғасында былай жазылады: 
1-кестенің жалғасы 
Кӛп мӛлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі. 
10.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір 
сӛзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі 
немесе кӛп сӛзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сӛзімен 
ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, 
белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға 
болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, 
онда оған сызықша қойылады. 
10.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан 
аяғына дейін нӛмірленуі тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет