УЕ- ХҚТУ -015-2018 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 18 беттің 3 –ші беті 1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 1.1 Осы ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
(бұдан әрі - университет) даярланатын мамандықтар бойынша дипломдық жұмысты
(жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды анықтайды.
1.2 Бұл ереже университетті бітіруші курс білім алушыларының дипломдық жұмысты
(жобаны) әзірлеу мен рәсімдеу және олардың жұмысты қорғау талаптарын жүзеге асырудағы
негізгі құжат болып табылады.
Осы ереже сонымен қатар мына жағдайда:
а) бітірушілердің дипломдық жұмысының (жобасының) орындалу барысын бағалауда;
б) мамандық бойынша диплом жұмысын (жобасын) ішкі нормативтік құжаттарға
сәйкес әзірлеуде пайдаланылады.
1.3 УЕ-ХҚТУ-015-2018 ережесі университеттің СМЖ құжаттарының құрамына кіреді.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 2.1 Осы ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 №604 бұйрығымен
бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 №595 бұйрығымен
бекітілген
«Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 №563 бұйрығымен
бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидалары;
- ҚП ХҚТУ-4.2.3-2009 Құжаттаманы басқару;
- ҚП ХҚТУ-4.2.4-2009 Жазбаларды басқару;