Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар
18 беттің 4 –ші беті
4.3 Университеттің осы ережесі талаптарының орындалуын
оқу-әдістемелік ісі
жӛніндегі вице-президент қадағалайды.
4.4 Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің
объективтілігі мен дәлдігіне білім алушы жауапты болып табылады.
4.5 Диплом жұмысының (жоба) орындалу барысындағы жіберілген кемшіліктер мен
берілген жалған ақпараттарға, жұмыстың сапасына кафедра
меңгерушісі мен ғылыми
жетекші жауапты болып табылады.
5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1 Осы ереженің мақсаты, диплом жұмыстарын (жоба) орындаудың жалпы талаптарын
анықтау болып табылады.
5.2 Диплом жұмысы (жоба) құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларында
(ҚР МЖМБС) және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, университетті
бітірушілердің жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
5.3 Диплом жұмысын (жоба) әзірлеу мақсаттары:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеу,
бекіту
мен кеңейту және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, ӛндірістік,
сонымен қатар
мәдени мәселелерді шешу;
2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және ӛз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді
шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;
3) білім алушының қазіргі заманғы ӛндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби
құзырлылық жағдайындағы дербес жұмысқа дайындығын анықтау.
5.4 Диплом жұмысы (жоба) құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларына
сәйкес білім алушыларда: әр түрлі ақпарат кӛздерінен мәліметтерді табу, ӛңдеу, талдау және
пайдалану; дербес жұмыс жасау; алған
білімді іс-тәжірибеде қолдану; мәселені анықтау,
қалыптастыру/тұжырымдау және шешу қабілеттілігін қалыптастыруы қажет.
5.5 Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір ӛзекті
мәселелесін зерттеу және ӛзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.
5.6 Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі
талаптарға жауап беруі тиіс:
5.6.1
ғалымдармен,
аналитиктермен,
практиктермен,
инженерлермен,
конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге ӛткізілген зерттеулер мен
жобалар
шешімдерінің қорытындылануы;
5.6.2 зерттелген объектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың
болуы;
5.6.3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің
болуы.
Достарыңызбен бөлісу: