Сарысудан бөлінетін қоюлатылған өнімдер
- Сүт сарысуының қоюлану дәрежесі дайын өнімнің қажеттілік қасиетіне, вакуум-булағыштың техникалық мүмкіншіліктеріне және өнімнің ағуына және температураға байланысты болады. Қоюлатылған сарысудың негізгі 3 қалыпты жағдайы болады: ағымды, паста тәріздес және қатты. 60-700С қоюлатылған сарысу өзінің ағымды қалпын сақтайды, құрғақ зат 60-70%. Бұдан әрмен қоюлана берсе вакуум-булағыш аппаратқа ағып баруы қиындайды. Сарысуды суытқан уақытта лактоза түйіршіктеледі. Қоюлату шегі (20-250С болып, құрғақ заттар 20-25% болады. Сарысудың қоюлану температурасы 500С аз болмауы және 600С-ден аспауы керек. Температура 700С-ден асып кетсе өнімнің түсі қоңырқай болып, меланоидтың қосылыстар түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |