Дипломдық ЖҰмыстың тақырыбы: екіншілік сүт шикізатынан қЫШҚыл сүт сусындарының технологиясын дайындау



бет13/18
Дата16.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#139648
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
копия-диана
5 а ктж атамұра
Концентрациялы сүт сарысуы.
    • Массалық құрғақ заты -13,20 және 30%. Сыртқы түрі біртекті, ашық-сары түсті қоймалжың зат. Дәмі таза сәл тұздылау. Қоюлатылған сарысу технологиясымен жасалады. Тығыздылығы: құрғақ заттары - 13%, тығыздылығы -1052-1055 кг/м3, 20% -1103-1107кг/м3, 30% -1110-1117 кг/м3. Дайын өнімді 100С дейін суытып сүт цистерналары мен флягтарге құяды. Сақталу мерзімі -13% 3 тәулік, -20% 5 тәулік,- 30% 10 тәулік.

Қантпен концентрацияланған сүт сарысуы
    • Құрғақ заттары -52,5, -67, 75 және 90% болады, бұл заттың түсі ақшыл-сары түсті болады, біртекті тұтқыр массалы. Құрғақ заттардың көбеюіне қарай тұтқрлығы артады, лактоза түйіршіктері тұнбағы түседі. Бұның басқа технологиялардан ерекшелігі бұған қызылша қанты қосылады. Қызылша қанты қосылғаннан соң жақсылап араластырылып 8-100С температураға дейін суытылады. Дайын өнімнің физикалық және химиялық көрсеткіштері: құрғақ заттардың массалық үлесі – 52,5%, сахароза -12,5%, қышқылдылығы -1200Т, құрғақ заттар -65%, сахароза -25%, қышқылдылық -1000Т, құрғақ заттар -75%, сахароза -15%, қышқылдылығы -2200Т.

Сүт сарысуын пайдаланып дайындалған сусындарды тұтыну адам ағзасына жақсы әсер етеді. Сүт сарысуының ақуызды заттары өзінің табиғаты бойынша қан ақуыздарына жақын болып келеді. Сүт сарысуының ақуыздары негізіндегі өнімді қабылдаудан соң алғашқы сағаттарының өзінде адам қанының пептидтері мен аминқышқылдарының концентрациясы тез өсетіні орнатылған. Сонымен қоса, газдардың құрылу мен асқазан қызметінің бұзылуын болдырмайтын, асқазанның қышқыл түзуші қызметі өзгермейді. Және сүт сарысуының ақуыздары қанның құрамындағы холестериннің деңгейін байқарлықтай төмендетеді. Сүт сарысуын ұтымды пайдалану мен өңдеу сүт өнеркәсібі дамыған барлық елдер үшін өзекті мәселе болып табылады. Сүт сарысуы ірімшік, сүзбе және казеин өндірісінен алынатын қосымша өнім болып табылады. Өндірілетін өнім түріне байланысты ірімшік сарысуы, сүзбелік сарысу және казеинді сарысу өндіріледі. Осы өнімдерді өндіру кезінде сүттің құрғақ заттарының орташа есеппен 50%, оның ішінде лактоза мен минералдық заттардың көп мөлшері сүт сарысуының құрамына енеді. Академик Липатов Н.Н. сүт сарысуын қосымша шикізат деп емес, оның толық қолданылуына ықпал ететін сүтті-ақуызды лактоза құрамды шикізат деп атауды ұсынған. Алайда сүт сарысуының құрамы сүттің құрамы сияқты тұрақты емес және ол сүтею кезеңінен, азықтандыру, сиырдың жасы мен тұқымына, климаттық және географиялық жағдайларға тәуелді. Көбінесе сүт шикізатының сапасына жыл мезгілі әсер етеді, өйткені жыл бойы азықтандыру рационының типі мен құрылымы, бағу жағдайлары, сүт беретін сиырлардың ағзасындағы зат алмасу күрт өзгеріп отырады.
Сарысуға табиғи ингредиенттерді, әсіресе, өсімдік тектес енгізу оны дәрумендер мен микроэлементтермен байытуға, функционалдық және профилактикалық қасиеттерін күшейтуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет