Дипломдық ЖҰмыстың тақырыбы: екіншілік сүт шикізатынан қЫШҚыл сүт сусындарының технологиясын дайындау



бет3/18
Дата16.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#139648
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
копия-диана
5 а ктж атамұра
Екіншілік сүт шикізаты.
Заманауи тенденцияға сәйкес сүт өндірісі саласының даму бағыты тағамдық және биологиялық құндылығы бойынша пайдалы ингредиенттері бар тепе-тендірілген функциональдық тағамдар жасап шығаруға бағытталып жатыр. Осындай тағамдарды өндіруді көбейту – бұл сүт өнеркәсібінде екіншілік шикізат көздерін әсіресе сүт сарысуын кеңінен қолдану басты негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Тағамдық және биологиялық сондай-ақ оның меншікті шығуын ескере отырып, сүтсарысуының таптырмас шикізат көзі дей отырып, оны тұтыну тағамдарын өндіру өзекті проблемалардың бірі болып қалып келеді. Алайда осы аталған қиындықтар сарысудың органолептикалық көрсеткіштерінің жағымсыз жақтарымен (өзіне тән дәмі мен иісі) байланысты, яғни ірімшік, сүзбе өндірісі кезінде күрделі ферментативті процестер негізінде пайда болады.
Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына сәйкес басты мақсаттары тұтыну тағамдарын өндірісін көбейту,олардың сапасын жоғарылату, сондай-ақ шикізат ресурстарын толық және ұтымды пайдалану болып табылады. Сүт өнеркәсібі өндірісін көбейтудің негізгі резерві – көмекші сүт шикізатын кешенді түрде қайта өндіру, соның ішінде сүтсарысуын айтуға болады. Оның компоненттері тағам өнімдерін, жартылай фабрикаттарды және әртүрлі сүтұышқылды өнімдерді өндіруде баға жетпес шикізат көзі олып саналады. Сүт сарысуын қолдану мынадай факторлар себебінен шектеліп отыр: төмен органолептикалық көрсеткіштер, негізгі тағамдық заттар тепе-теңсіздігі, сақтау мерзімінің аздығы .
Сүт сарысуы көптеген пайдалы қасиеттерге ие, ол асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, авитаминоздың алдын алады, семіздікті емдеуде қолданылады, балалар мен кәрі адамдарға ұсынылады, балалар және диеталық тағам ретінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет