Пайдаланушы ұйымда өндірістік бақылау орындалатын жұмыстардың бейіні ескеріле отырып, Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленген ереже негізінде іске асырылады.
Өндірістік бөлімшелердің (қызметтердің) мамандарының біліктілігін мамандандырылған оқу курстарында (оқу орталықтарында, комбинаттарда және т.б.) арттыруды:
- техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін үш жылда бір рет жүргізу қажет.
1.5 Жер асты және жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу Газ жіберуді жүргізетін бригада барлық ішкі газ құбырларын мен газ жабдығын қолданыстағы сыртқы газ құбырларына қосар алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды сыртынан қарап шығып, бақылаушы нығыздауды жүргізуге тиіс.
Бақылаушы нығыздау ауамен не оқшау газдармен орындалады.
Тұрғын үйлердің ішкі газ құбырлары мен газ жабдығын бақылаушы нығыздау 500 даПа (500 мм вод.ст) қысымымен жүргізілуі тиіс. Қысымның түсуі 5 мин. 20 даПа (20 мм вод.ст.) аспау керек.
Қосылатын газ құбырларындағы ауа қысымы оларды қосу не газды жіберу бойынша жұмыстар басталғанша сақталуы тиіс.
Егер қаралған және бақылаушы нығыздаудан өткен газ құбырлары газбен толтырылмаса, онда газды жіберу бойынша жұмыстарды қайта бастаған кезде олар қайтақаралып, нығыздалуы тиіс.
Бақылаушы нығыздау нәтижелері газ қауіпті жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттамаға жазылуы тиіс.
Жер асты және жер беті газ құбырларынан газ шығуын жою