Дипломдық жоба бөлімнен құрастырылған технологиялық БӨлімі есептеу бөлім эконмикалық БӨлім



бет3/5
Дата11.05.2022
өлшемі104,18 Kb.
#141925
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Шарипов 2

Пайдаланушы ұйымда өндірістік бақылау орындалатын жұмыстардың бейіні ескеріле отырып, Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленген ереже негізінде іске асырылады.
Өндірістік бөлімшелердің (қызметтердің) мамандарының біліктілігін мамандандырылған оқу курстарында (оқу орталықтарында, комбинаттарда және т.б.) арттыруды:

- жұмыс жеке құрамы үшін жыл сайын;

- техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін үш жылда бір рет жүргізу қажет.


1.5 Жер асты және жер үсті газ құбырларын ағымдағы жөндеу
Газ жіберуді жүргізетін бригада барлық ішкі газ құбырларын мен газ жабдығын қолданыстағы сыртқы газ құбырларына қосар алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды сыртынан қарап шығып, бақылаушы нығыздауды жүргізуге тиіс.
Бақылаушы нығыздау ауамен не оқшау газдармен орындалады.
Тұрғын үйлердің ішкі газ құбырлары мен газ жабдығын бақылаушы нығыздау 500 даПа (500 мм вод.ст) қысымымен жүргізілуі тиіс. Қысымның түсуі 5 мин. 20 даПа (20 мм вод.ст.) аспау керек.
Қосылатын газ құбырларындағы ауа қысымы оларды қосу не газды жіберу бойынша жұмыстар басталғанша сақталуы тиіс.
Егер қаралған және бақылаушы нығыздаудан өткен газ құбырлары газбен толтырылмаса, онда газды жіберу бойынша жұмыстарды қайта бастаған кезде олар қайтақаралып, нығыздалуы тиіс.
Бақылаушы нығыздау нәтижелері газ қауіпті жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттамаға жазылуы тиіс.
Жер асты және жер беті газ құбырларынан газ шығуын жою


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет