Дипломдық жоба мамандығы: 5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»



бет3/14
Дата14.02.2023
өлшемі6,19 Mb.
#168784
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жаксыбай Исатай Бисенбайулы

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АЕМ – ауылдық елді мекен


КММ – комуналдық мемлекеттік мекемесі
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ
МС – мемлекеттік стандарт
ММ – мемлекеттік мекеме
ҚР – Қазақстан Республикасы
КазНИИЛХ – Қазақстан орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
КЕАҚ – Коммерциялық емес акционерлік қоғам
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достатығы
ГДР – Германия Демократиялық Республикасы
ЧССР – Чехо-словак Республикасы
DDN -70 – жаңбырлатқыш машина
УК – ультракүлгін сәулелену
ҚҚ – қылмыстық құқық
ҚТ - қысқаша тұйықталу
НСО3- - бикарбонат хлор
SO42- - сульфат
Са2+ - кальций
Мg2+ - магний
Na+ - магний
КСl – калий хлориді
л – литр
см- сантиметр
мг-экв - миллигарм-эквивалент
мг/кг - миллиграмм килограмға шаққанда

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біздің еліміз үшін орман питомниктерін өсіру қазіргі таңда аса маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен болғаны мен орманға бай емес. Еліміздің жалпы аумағында орман және бұталардың көлемі небәрі 4,2 % - ды құрап отыр. Оңтүстік бөлігін көбінесе сексеуіл ағашы алып жатса. Ал оңтүстік – шығысындағы ормандардың 20% - ын, негізінен таулы ормандар құрайды. Жалпы орман қорының 80%-ға жуығын еліміздің солтүстік және солтүстік – шығыс аймақтары алып жатыр. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ шөлейті болғандықтан, орман жоқтың қасы деуге де болады. Сол себептенде орман питомниктерін өсіру, молықтыру, көбейту, толықтыру бұл біздің алдымызға қойған басты мақсатардың бірі болып табылады [1].
Әр дақылды өсіру кезінде өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері мен қоршаған орта жағдайларына қойылатын талаптарын ескеру қажет. Тек осы тәсілмен сапалы отырғызу материалдарының жоғары көрсеткіштерін алуға болады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне климаттық және топырақ факторлары әсер етеді. Күрт континентальды климат дәрілік, тағамдық өсімдіктердің түрлік құрамын айтарлықтай қысқартады [2].
Орман питомниктерінде көбінесе көшеттер, яғни тұқымнан шыққан отырғызу материалдарында өсіріледі. Питомникті өсіру жылыжайларда немесе ашық алаңдарда жүргізіледі. Әр түрлі елдердің питомниктеріне қолданылатын дәйекті агротехникалық операцияларды қамтитын көшеттерді өсіру технологияларында тұқымдарды егуге дайындаудан бастап өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: Австриялық питомниктер мамандары жапырақты және кейбір төзімді қылқан жапырақты өсімдіктерге арналған көше екпелерімен бүйірден қорғалған ашық алаңдағы дақылдарды өсіру жылыжайға қарағанда практикалық және үнемді деп санайды [3].
Орман питомниктерін суару негізінен өсімдіктердің өсуіне жақсы жағдай жасайды, топырақтың сулану жылдамдығы мен тереңдігін реттеуге, суды жиі және қажетті мөлшерде беруге мүмкіндік береді. Топырақтың су режимін реттеуді гидротехникалық мелиорация қамтамасыз етеді. Бұған суару, құрғату, су режимін екі жақты реттеу, аумақты суландыру арқылы қол жеткізіледі. Суару - қоршаған табиғи орта (топырақ, ауа, өсімдіктер, техногендік объектілер) компоненттерінің немесе объектілерінің бетін ылғалдандыру немесе сумен қанықтыру процесі. Дала аймағында топырақты суару дәнді және көкөніс дақылдарын, бақшаларды, жүзімдіктерді, сондай-ақ орман дақылдарын өсіру кезінде қолданылады. Көшеттердің қарқынды және дұрыс өсіп жетілуіне оларды суару тікелей байланысты [4].
Маңғыстау облысында бес жылда миллионнан астам сексеуіл көшеті отырғызылады деп жоспарлануда. "Маңғыстау облысы бойынша Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары" тікелей ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленді. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Инспекция хабарлағандай, кешенді жоспар аясында алдағы бес жылда мемлекеттік орман қоры аумағында екі миллиард ағаш отырғызу жоспарланған.
"Ауа температурасы өте жоғары Маңғыстау облысының топырақ климаттық жағдайларында көшет отырғызу, оның үстіне олардың жерсінуі – күрделі міндет", - деді Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің мамандары.
Кешенді жоспар аясында 5 мың гектардан астам жерге миллионнан астам сексеуіл көшеттерін отырғызу жоспарланған. Ағаштар Бейнеу және Сам ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің аумақтарында отырғызылады [5].
Қортындылай келе орман питомниктерін өсіру арқылы еліміздің орман қорын көбейтуге климаттың жақсаруына үлес қосамыз атап айтқанда орман бұл – климат, орман – оттегі, орман – су, орман – хайуанаттар мекені, орман – ылғалды алмастырушы және реттеуші күш, орман – табиғи орта, орман – бұл сайып келгенде адамдардың өмірі мен денсаулығы деп айтсақ артық болмас [6].
Маңғыстау обылысы Қазақстанның батыс аймағын жатады және ауа-райы құрғақ шөлейті болғандықтан орман питомниктерін отырғызу және суару күрделі жұмысқа болып табылады. Сондықтан-да питомник көшеттерінің дұрыс өсіп жетілуіне оларды уақыттылы суару жұмыстарын ұйымдастыру бұл өңірде үлкен маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет