Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға


 Ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіптері



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а

1.6 Ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіптері 
 
«Ғаламдық қауіп-қатерлер 2012» («Global Risks 2012») Әлемдік 
экономикалық форумның баяндамасы бойынша кибершабуылдар әлемдік 
экономика үшін негізгі қауіп-қатерлердің бірі болып саналады. Пайда болу 
ықтималдығы бойынша кибершабуылдар бес ең қатерлі жаһандық қауіптердің 
ішіне кіреді. Әлемдік экономикалық форумның осындай қорытындысы 
электрондық қылмыстың жоғары өзектілігін және маңызды қауіптілігін 
көрсетеді.
9 - сурет АҚШ-та кибершабуылдардың өсу графигі 
Кибершабуылдар ақпараттық инфрақұрылымға, мемлекеттік және 
коммерциялық объектілердің зияткерлік және физикалық меншікке нақты қауіп 
болып табылады. Киберқылмыстардың бірі - орындау әдістері бойынша әр түрлі 
және ең кең таралғаны - зиянды бағдарламалық қамтамаларды пайдалану болып 
табылады. Зиянды код және қолданбалар ақпараттық жүйелердің осал жақтарын 
пайдаланып, дерекқорға, жергілікті корпоративті желінің файлдық жүйесіне 
және қызметкерлердің компьютерлеріне рұқсатсыз қол жеткізуді жүзеге асыру 
үшін қолданылады. Зиянды бағдарламалық қамтамаларды пайдаланудан 
туындаған ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің ауқымы өте кең. Мұнда 
ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің кейбір мысалдары келтірілген: 

вирустар мен басқа да зиянды бағдарламалық қамтамаларды енгізу; 

орнатылған бағдарламалық қамтаманы талдау, өзгерту/жою; 

желілік трафикті талдау және жүйе мен желі жайында деректерді алу
үшін сырттан тыңдау бағдарламаларын қолдану; 


27 
27 

ақпараттық ресурстарды рұқсатсыз оқу, көшіру, өзгерту және жою 
мүмкіндіктерін алу үшін бағдарламалық қамтамалардың осалдықтарын 
пайдалану; 

құпия сөздер мен кодтарды ашу, жолай ұстап алу және ұрлау; 

бағдарламалық құралдар арқылы жүйе пайдаланушылардың жұмысын 
бұғаттау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет