88
88
ауаның қозғалысы. Адам организміне метеорологиялық шарттардың әсер етуі
көп қырлы.
Кейбір факторлардың қолайсыз қосылуы жұмыскердің жылу беруін, зат
алмастыруын өзгертеді. Мұндай өзгерістер адам организмін әлсіретеді, еңбекке
қабілетін төмендетеді.
Метеорологиялық шарттарды жұмыстың категориясына байланыстырып
адамның максимум энергиясын пайдалы жұмысқа, ал
минимум шығынды ішкі
істерге немесе терморегуляцияға және өндірістік ортаға бейімдеуді СН 1.01.001-
94 және МЕСТ 12.1.005.-88 ССБТ-ға сәйкестіріп анықтайды. Сау адамның
денесінің температурасы 36,6
0
С-деңгейінде ұсталады және ол сыртқы
метеорологиялық шартқа байланысты өзгермейді. Адам организмінің бұл
қасиеті «терморегуляция механизмінің» тұрақты жұмысы мен адам нерві
орталықтарының жұмыс істеу қасиетіне байланысты
Өндірістік жағдайларды қолайлы параметрлермен қамтамасыз ету үшін
технологиялық құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану керек және ауатартқыш
желдеткіш қою, жылумен жабдықтау, ауаны шартқа сәйкестендіру үшін жабық
жасауды дұрыс қолдану шарт. Егер адам организмі
сыртқы ортаға ең аз жылу
шығаратын болса, ол «қолайлы метеорологиялық жағдай» деп аталады.
Метеорологиялық жағдайлардың қолайлы және болжамды температурасы
± t(
0
С), салыстырмалы: дымқылдық r (%) және ауаның қозғалу жылдамдығы ν
(м/с) жұмыс істеу зонасына СН 1.01.001-94 және МЕСТ 12.1.005.-88 ССБТ-ға
сәйкес алынады (бөлмедегі еден деңгейінен 2 м биіктік жұмыс орны деп
саналады).
Нормамен есептеледі (қосымша І):
а)
жыл уақыттары – суық және ауысымды мезгіл;
б)
жұмыс категориясы;
в)
бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығы.
Метеорологиялық жағдайды анықтап, баға беру алдымен жұмыс орнына
сипаттама беру үшін қажет.
Бұл алынған мәндер
алдыңғы берілген мәндер болады, солар бойынша
желдеткіш жүйелеріне баға беріп, өндірістік ортаның сипатын анықтауға және
ауаға химиялық анализдер жасауға болады.
Әрбір бөлек өндірістерде анализ алу жұмыстарының әртүрлі шешімі
болуы мүмкін, бірақ, барлығында бір ғана өлшемдер алынады:
–
өлшем әрбір факторларға бөлменің бірнеше нүктелерінен алынады.
Еденнен 1,25-1,5 м биіктік шегі жұмыс орны деп есептелінеді,
–
өлшем параметрлерін күніне бірнеше рет қайталайды;
–
өлшем жүргізген кезде желдеткіштің жұмыс істеуін, технологиялық
процестердің
барлық айырмашылық сипаттарын, метеорологиялық жағдайға
әсер ететін факторлардың барлығын жазып алу керек;
–
аспаптарды куәлігі бойынша қолдану шарт.
Тәжірибенің қорытынды мәндерін нормативтік көрсеткіштермен салыстырады.