Қозғалыс бағытын төрт желілі жүйемен өзгерту Екі желілі жүйемен бағытты ауыстырғандағы кейбір жетіспеушіліктері төрт желілі жүйемен бағытты өзгертуде шеттелген.Бұл жүйеде екі жеке тізбекті қолданады:біріншісі перегонды бақылау болса,ал екіншісі станциялық және перегондық бағыттаушы релені қосуға арналған.Жұмыс жасау және құрастыру принципі екі желілі жүйеге ұқсас болып келеді.Төрт
Қозғалыс бағытын төрт желілі өзгерту сызбасы желілі жүйеде екі желілі жүйедегі релелер қолданады.Егер перегон бос болса онда бағытты қабылдаушы станция кезекшісі бағытты ауыстырады.
Бұл жүйеде мына релелерді қолданады:КШ1-800 түріндегі НСН(ЧОН) станциялық бағытаушы релесі;КШ1-40 перегондық бағытаушы реле;НМШ1-1800түріндегі НСН1(ЧСН 1)станциялық бағытағыш релесінің қайталағышы;НМШ1-1800 түріндегі НВ (ЧВ)көмекші релесі;НМШМ4-100/1100 түріндегі НКП(ЧКП) перегонды бақылаушы релесі;НМШ4-100/1100 түріндегі Н1ЗП(Ч1ЗП) және НМШ1-7000 түріндкгі Н2 ЗП(Ч2ЗП) перегондық бос еместігінің релесі;НМШ4-600 түріндегі НВСН (ЧВСН) көмекші бағытты өзгертуші релесі,НМШ2-4000түріндегі НЗП (ЧЗП) перегонның бос еместігінің релесі,НМШТ-1800 түріндегі НПКП (ЧПКП) перегонды бақылаушы релесінің қайталағышы,НМШ1-4000 түріндегі НПВ (ЧВП) қабылдауға және НОВ (ЧОВ) жөнелтуге көмекші реле.
Егер перегон бос болса,онда перегонды бақылаушы және бағытаушы реле тізбектері жабық болады.К-ОК перегонды бақылау тізбегі жөнелтуші станциядан қорек көзін алады. А станциясы.А станциясының АП,Ч1ЗП төмен омды реле обмоткасы;НКЖ,ЧСН1,НОЗ,Ч1ИП алдыңғы контактілер релесі; К сымы барлық [перегондық]жолдық желілердің алдыңғы контактілері рельстік тізбекке реттеліп жалғанған,К сымы қабылдау станциясының алдыңғы Н1ИП,ЧОЗ контактілері, артқы НСН1 контактілі релесі,НКП релесінің обмоткасы,ары қарай А станциясының АМ полюсына ОК кері сымы жалғанады. Бұл сымды К түзу сымдағы контактілері де қосылған.
Жөнелту маршруты белгіленгеннен кейін және шығатын бағдаршам ашылғаннан соң перегонды бақылау жүйесіндегі НОЗ контактілі релесі жөнелту станциясындағы төмен омды Ч1ЗП релесінің обмоткасы 100 Ом-ды және жоғары Омды Ч2ЗП релесінің обмоткасын 7000 Ом қосады.Бқылау тізбегі мен Ч2ЗП реле обмоткасындағы тоқты төмендету үшін кедергісі 1800 Ом екі қосымша резистор қосылады.Қабылдау станциясындағы тоқтың кенеттен төмендеуі НКП релесі якорды жібереді,бірақ бұл тоқтың өзі Ч2ЗП жоғары омды релесінің іске қосылуына жеткілікті.НКП релесі якорды Ч2ЗП релесі қосылғанда сенімді жіберу үшін перегонды бақылау жүйесіндегі қоректену көзінің полярносты өзгертіледі.Якорды жібергеннен кейін НКП релесі перегон бос еместігін бақылайды және бағыттың өзгеруін болдырмайды.Перегон босағаннан кейін жөнелту станциясының бақылау тәртібіндегі Ч1ЗП релесі,ал қабылдау станциясының НКП релесі қозып қалпына келеді.Жүйе қалыпты жағыдайына оралады.
Қозғалыс бағытын өзгерту үшін Б станциясының кезекшісі НСН түймесін басады.Контактілі түймемен бірге шығатын бағдаршамның топтық контактілі сигналдвқ түймелерін немесе диспечерлі орталықтандыру болса сигналдық релені басқаруды қолдануға болады.
Перегон бос болған жағдайда НВ релесі қозады да өзінің контактілерінің көмегімен бағыттық реле тізбегіндегі тоқтың полярностын өзгертеді.
ЧСН релесінің поляризацияланған контактілі якорының әсерінен А станциясындағы ЧСН1 және ЧВ релелері сөндіріледі.Дәл осы сәттен бастап А станциясы қабылдау жағыдайына қойылады.А станциясын қамтамасыз ететін ЧВ релесін ЧСН бағыттық релесінің желісінен сөндіріп орнына қуат көзін жалғайды.Екі станцияның да қуат көзі ретімен қосылады.Н-ОН желісінен импульсты тоқ жұре бастайды,осының арқасындағы барлық перегондық релелері поляризацияланған якорға сенімді қосылады.А станциясының ЧСН1 релесі перегонды бақылау жүйесінің қуат көзін сөндіреді және осы тізбекке ЧПК перегонды бақылау релесін қосады,осының әсерінен Б станциясының К-ОК желісі кедергі бере отырып НКП,НВКП және НПКП релелерінің якорын жібереді.Бұл релелердегі кедергілеу уақыттының қасында Н-ОН желісінде екі станцияның қуат көзі ретінде қосылады.Б станциясының бағыттық реле жүйесінің тізбегіндегі НПКП және НВКП контактілі релелері қуат көзінен сөндіріледі де, бағыттаушы НСН релесіне қосылады.А станциясының қуат көзінен бұл реле поляризацияланған якорды қосады.
А станциясы жөнелтуден қабылдауға ауыстырылғанда кезекші ЧПВ түймесін басады,және сиымдылығы 500 МкФ қуатты конденсатордың арқасында ЧПВ релесі қысқа мерзімде қозады.Ал Б станциясы қабылдаудан жөнелтуге ауыстыру үшін ЧОВ түймесін басады және ЧОВ релесі қозады.А станциясының ЧПВ контактілі релесі ЧСН тізбекті релесінен сөндіріледі және бұл тізбекке қуат көзі жалғанады,осыған орай Б станциясындағы НВСН релесі ЧОВ контактілі релесінің алдыңғы контактісі арқылы іске қосылады.НВСН релесі қозғаннан кейін оның контактілері арқылы НВКП және НКПК релесі термоэлементпен бірге қозады,ал одан кейін НВ релесі көмекші ЧПВ және ЧОВ релелері қимылсыздандырылғаннан кейін жүйе қалыпты жағыдайдағыдай жұмыс жасайды.
Екі желілі жүйедегі қозғалысты өзгерткен кезде пайда болатын уақытша шунтты НПКП релелерінің көмегімен жояды.ППКП релесі қосылған кезде 8-16с кешігуінен іске қосылады және термоэлемент арқасында уақытша шунтқа іске қосылып үлгермейді.Шунтты уақытша жоғалту тек қана жалғыз жылжымалы құрам бір рельсті тізбектен келесісіне көшкен жағыдайда пайда болады.Бұл жағыдайда жолдық реле рельсті тізбектен жылдам босатылады,бірақ якорды жіберудегі кешіктіру арқасында рельсті тізбектің бос емес якорын жәй жібереді .Практикалық тұрғыдан алғанда шунтты жоғалту уақыты 3-4 с аспайды.