Автоблоктау жүйесінің жалпы талаптары
Темір жол желісінде екі жолды,бір жолды және екі жақты автоблоктау қолданылады.
Автоблоктаудың сызбасы келесі жағдайларда жасақталған:
1)Поездардың тартылу түріне:тепловозбен тарту кезінде импульсты
Екі жолды желідегі әр-түрлі автоблоктау жүйесінің құрастыру принципі
тұрақты тоқты автоблоктау және үздіксіз рельстер тізбегі жағдайында,тұрақты және айнымалы тоқпен электрлік тартылу кезінде кодты рельсті тізбекті айнымалы тоқты автоблоктау.
2)Тартылу түріне байланысты қондырғыларды қамтамысыз ету әдістері.
3)Берілген жолдық сигнал беруі(үш немесе төрт мәнді)
4)Бағдаршам типтері (линзалы және прожекторлы)
5)Бағдаршамның жану жағыдайына байланысты:тұрақты тоқты автоблоктау сызбасы тек поезд жақындаған кезде ғана жанады,яғни алдын ала жану айнымалы тоқты автоблоктау сызбасы қалыпты жанатын бағдаршам.
6)Автоматты локомотивте сигналды және поездардың қозғалысын тез әрекет ететін диспечерлік бақылауды бір уықытта құрастыру;
7)Өткелдерде сигнал беруді автоматты қондырғылармен байланыстыру.
8)Релелі шкафтарды монтаждаудың жаңа тәсілдері.
Атап көрсеткен жағыдайға байланысты сызбаларды шешу мақсатында сигналды құрамдардың мынандай типтері қәзіргі уақытты келесі автоблоктау жүйесінде қолданады.
-тепловозды тартылыс кезінде тұрақты токты екі жолды автоблоктау ,импульсті рельсті тізбектермен,автоматты лоаомотивті сигналдармен және диспетчерлік бақылау мен.
-тұрақты токты электрді тартылыс кезінде айнымалы токтың 50 Гц екі жолды автоблоктауы қолданылады; 75 Гц айнымалы токтың электрлі тартылыс кезінде немесе линзалы бағдаршаммен, автоматты локомотивті сигналдармен және диспечерлік бақылаумен.
-линзалы бағдаршамды,импульсті рельсті тізбектермен және автоматтық локомотивтік сигнал берумен қамтамасыз етілген тепловоздар тартылыс кезінде тұрақты токты бір жолды автоблоктау қолданылады.
-тұрақты токты электрлі тартылыс кезінде 50 гц айнымалы токты бір жолды кодты автоблоктау қолданылады;айнымалы токты электрлі тартылыс жақын 3-5 жылдықта линзалы бағдаршамды және автоматтық локомотивтік сигнал беру электрлі тартуға көшкен кезде немесе айнымалы токты электрлі тартылыс кезінде 75 Гц айнымалы тоқты бір жолды автоблоктау қолданылады.
1)Қозғалыстың түріне байланысты үш немесе төрт мәнді сигнал беру жүйесі .Үш белгілі сигнал беру сымды автоблоктау (1 элемент) сызықтық тізбекпен,1ЛР сызықтық реле (2 элемент),1ЛР (3 элемент)релеге сызықтық тізбек арқылы ток қосқыш.
Сымды автоблоктауда төрт белгілі сигнал беру,сызықтық тізбекпен (1элемент),1ЛР сызықтық релемен оны қайталайтын 1ПЛР және жасыл отты реле 1ЗР (2 элемент),тұрақты тоқтың полярлыққа ауыстырып қосқыш және сызықтық тізбекке айнымалы токты қосу(3 элемент)
Кодты автоблоктауда үш және төрт белгілі сигнал беру кодты рельсті тізбектің көмегімен жүзеге асырады.(1 элемент) сол арқылы кодты сигнал беріледі.Айқындау ұяшық ДЯ және сигнал беру релесі 1ЖР,1ЗЖР және 1ЗР (2 элемент) рельсті тізбекке кодты қосқыш (3 элемент).
2)Жергілікті блоктың бос немесе бос еместігін бақылау.Сымды жүйеде бұл талаптар импульсты немесе үздіксіз рельсті тізбекті және сызықтық тізбекті жолдық релеге қосу (4 элемент)және тағы басқа.
Кодты жүйеде бұл талаптар сигналды кодтарды беру үшін және кодты токты қабылдайтын рельсті тізбекті импульстік жолдық релеге қосу үшін қолданылады.Біртекті және тағы басқа кодтарды автоблоктауға және импульсті жолдық релені әрқашан рельсті тізбекпен қосу мақсатында қолданылады
3)Бағдаршам шамдарының алдын ала жануы жергілікті блоктың ұзындағының қашықтығына поездың жақындау кезінде ( тұрақты тоқтың автоблоктау жүйесінде) рельсті тізбектің шығыстық шетінде импульсты жолдық релені қосу.Сонымен қатар екі орамды релені бағдаршам шамын жағу үшін қолданылады.
4)Бағдаршамның қызыл түсін алдағы бағдаршамға беру кезіндегі бағдаршам шамының жануын бақылау.Сымды жүйеде бұл талаптар (5 элемент) сызықтық тізбектегі релелі түйіспелер арқылы орындалады.ОР жанғыш реле түйіспесін енгізу арқылы қолданады.Бағдаршам шамының сары немесе жасыл түс көрсеткенде алдағы бағдаршам түсі сары жану қажет.(сымды жүйеден автоблоктауға ғана орындалады)
5)Бекеттердегі барлық ескертетін бағдаршамдарда сары түс жануы қажет.Жанып өшіп тұратын сары түсті басқару тұрақты токты автоблоктау кезінде импульсті тұрақты тоқты хабарлағасын сымға тұрақты ток қондыру.
Ал айнымалы тоқты автоблоктау кезінде айнымалы токты хабарлағыш сымға қосу бекетке поезд жақындағанда қосады.
6)Бекеттерге поездардың жақындап қалғаннын хабарлайтын арнайы сымдар және хабарлағыш релелер қосылады.
7)Барлық бағдаршамдардағы шамның көрінуін бір уақытта төмендету үшін көрінуді екі есе төмендететін арнайы реленің ДСНР (7 элемент) көмегі қажет.Екі жолды тұрақты токты автоблоктауда реле ДСНР НР2-40 типті тұрақты токтан алады және бір уақытта сызықттық тізбекке қосылады.айнымалы токты автоблоктауда бұл релелер АР1 типті айнымалы токтан алып және бір уақытты сызықттық тізбекке СТ-З типті релелі трансформатор арқылы параллель жалғанып қосылады.
Сызықтық тізбектің үш белгісі автоблоктаудың жұмысы.1П бөлімшеде 1 бағдаршамдағы поездар болған жағдайда реле 1ЛР жолдық релесінің 1ПР(4 элемент) жүйесін қосады.Нейтральды якорды жіберіп,1ЛР реле 11-13 түйіспелер бағдаршамда қызыл түсті жағады.(8 элемент) 1П блокты бөлімшені поездан босатқан кезде және оны 2П бөлімшедегі 2 бағдаршамға шыққанда 1ЛР реле сызықтық тізбек бойыншы 11-13 және 21-23 түйіспелер арқылы 2ЛР реле (3 элемент) кері плярлы токпен қозып және 11-13 және 111-113 түйіспелер түйіскенде 1 бағдаршамда сары түс жанады .2П блокты бөлімді поездан босатқан кезде 2 бағдаршамда 2ЛР реле қозып және 11-12 және 21-22 түйіспелер(3 элемент) түйісіп,сызықтық тізбек бойымен 1ЛР реле тіке полярлы тоқпен қозып 11-12,111-112 түйіспелер түйісіп 1 бағдаршамда жасыл түс жанады.
Төрт автоблоктауда сызықтық тізбектің жұмысы.1П блокты бөлімде 1 бағдаршамда поездар болған кезде 1ПР реле түйіспелері (4 элемент) 1ЛР сызықтық реле қосымша және 1 бағдаршамда қызыл түс жанады.Поездардың 2 бағдаршамға шыққан кезде және 2П блокты бөлімде сызықтық тізбек бойынша 11-13,21-23 түйіспелер арқылы 2ЛР реле кері полярлы токпен 1ЛР реле реле қозады да,1бағдаршамда сары түс жанады.2П блокты бөлімде толықтай босатқан кезде 2ЛР реле қозып және 11-12,21-22 түйіспелер түйісіп тіке полярлы ток тізбегі 1ЛР реле үшін орнатылады.Соңында бір бағдаршамда бір уақытта сары және жасыл түс қосындысымен қатар 1ПЛР қозады.
Кодты автоблоктауда импульсті жиілікті сандық,полярлық және басқа ток түрлері қолданады.
КСРО жолдарының желісінде кодты автоблоктауда сандық түрлі ток қолданылады.Сандық код әр-бір кодтық цикл ұзақ уақыт аралығында әр-түрлі токтың импульстік сымы беріледі.
Кодты автоблоктау сымды жүйеде келесі сызықтық сымда хабарлағыштар сигнал беру қондырғыларын байланыстыру үшін арналған.2600 ұзындықта релістітізбектің барлық режимінің жұмысын қамтамасыз етеді.Релелі жолдар жұмысына электрохимиялық әсерлерді жолды.
Өткінші бағдаршамдардың қауіпті көрсеткіштерін ,рельсті тізбектерге ток түскен кезде жояды.
Бір кодпен,бір және сондай аппаратармен АЛС жұмысы үшін машинистке сигнал береді және автоблоктауда сигнал беруді қамтамасыз етеді.
Кодты автоблоктауда әр-бір өткінші сигналда релелі шкафта датчиктер орнатылады.Трансмиттер типі КПТ.Трансмиттер кодын таңдаған кезде бағдаршам көрсеткіштерімен сәйкес келеді.Кодты (3 элемент)қосқанда сигналды реле сары және жасыл түс көрсетеді.1П блокты бөлімде поездар болған кезде ИПР реле және айқындау ұяшық ДЯ 1 бағдаршамда жұмыс жасамайды.Сигналды реле қосылмаған және 1 бағдаршамда қызыл түс жанып тұр.Өйткені 2 бағдаршамда жасыл түс жанып тұр және 2ЖР және 2ЗР сигналды реле қоздырылған,оның түйіспелерімен коды таңдалып алынады және қозғалыстығы поездға релелі трансмиттер көмегімен беріледі. Локомотивтерде бұл кодтар ПК қабылдағыш катушкалармен қабылдайды. Күшейткішімен күшейтіліп және айқындағыш локомотив бағдаршамында жасыл түс жанады. 1П блокты бөлімді поездан босатқан кезден бастап блокты бөлімде 2 бағдаршамда қызыл түс жанады.Осының әсерінен реледе таңдалып, ол реле көмегімен рельсті тізбекке коды беріледі.
Кодты қабылдап алу ИПР релесі арқылы оның айқындалуы ДЯ айқындау ұяшығымен,1ЖР реле қосылып берілген бағдаршамда сары түс жанады.1П блокты бөлімдк поезд болған жағыдайда КЖ коды локомотивте қабылданып және бағдаршамда ЛС сары,қызыл түстер жанады. 2П блокты бөлімді босатқан уақыттан бастап 2 бағдаршамда 2ЖР реле қозып бағдаршамда сары түс жанады.Бір уақытта 2ЖР релесі түйіспелермен таңдалып ,ал релесінің көмегімен 1П рельсті тізбекке коды беріледі.
Кодты қабылданған кезде 1 бағдаршамда үш белгілі автоблоктауда 1ЖР және 1ЗР релелері қозып бағдаршамда жасыл түс жанады.Төрт белгілі автоблоктауда коды айқындауыш 1ЖР және 1ЗР релелер қозып бағдаршамда жасыл және сары түс жанады.Ж кодымен сары түс жанады локомотивте қабылданса, екі блокты бөлімді босатқаннан кейін 2 бағдаршамда 2ЖР және релелер қозып,ТР реле көмегімен рельсті тізбекке1ПЗ коды беріледі.1 бағдаршамда берілген кодтан айқындауыш 1ЖР, 1ЗЖР және 1ЗР релелер қозып бағдаршамда жасыл түс жанады.
Локомотивте З коды қабылданса, ЛС жасыл түс жанады. 5 кесте үш және төрт белгілі автоблоктаудағы және локомотивті сигнал берудегі кодтардың мәні.
Жолдық электр бөлігінде айнымалы тоқты төрт белгі автоблоктауды алу үшін үш белгі автоблоктаудың сандық коды айқындаушы ұяшықтың типтік түрлері қолданылады,ал төртінші сигнал берудің көрсеткіштерін ашу үшін сызықтық сымға іліп және сызықтық реле қосылады.Сандық кодты автоблоктауда ең жауапты сәтті жұмыс кезіндегі оқшауланған ұштарын мықты бақылаумен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта оқшауланған ұштарын мықты бақылауға байланысты СКА бірнеше нұсқа қолданылады: Сандық кодты автоблоктаудың сызбасы синхролды жұмыс жасайтын қабылдағыштар және рельсті тізбектердің датчиктері;импульстерді трансмециялау сандық кадты автоблоктаудың сызбасы;
Тұрақты және айнымалы тоқты бір жолды автоблоктау сызбасындағы көрсетілген 1-7 талаптардың барлығы екі жолды автоблоктау сызбасында қолданылады.Бір жолды автоблоктаудың екі жолды автоблоктаудан принциптік айырмашылығы оларда бағытталған қозғалысқа тізбектердің өзгеруі. Тұрақты тоқты автоблоктау сызбасында төрт сызықты сымдар бар,екеуі сызықтық релені қосу үшін және екеуі бағыттаушы релені қосу үшін.Айнымалы тоқты автоблоктауды тек екі сызықтық сым болады бағыттаушы реле үшін.Автоматты локомотивті сигнал берудің жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылған бағытталған қозғалысқа тәуелді жолдық, құрылғылардың қосылуы қарастырылған.
Автоблоктау жүйесін анықтайтын негізгі құжат құрылысты және пайдалануды жүргізуге мүмкіндік беретін автоблоктаудың принциптік сызбасы болады.
Сигнал беру қондырғыларының негізгі типі әртүрлі автоблоктау жүйесінің мәні көрсетіледі.
Әрбір типті сигналды қондырғының принциптік сызбасы бойынша, релелі шкафта құрамдардың орналасуын көрсетеді де сигналды қондырғының релелі шкафын құрастыру сызбасы құрылады.
Автоблоктаудың принципті сызбасы құралдардың шартты белгілерімен және олардың түйісуімен орындалады.Электрлік тізбекте әр-бір түйісуге реленің әріптік мәні қойылыды және әр-бір түйісуге тиіптік нөмірлер көрсетіледі. Берілген белгілер ПБ-плюс батерия,МБ-минус батерия ,бекеттік сызбада-СПБ,СОБ,СМБ, бағдаршам щамдарын айнымалы тоқпен қамтамасыз ету үшін СХ және МСХ,айнымалы тоқтың сымдарында кернеу 110 немесе 220В-ПХ және ОХ, рельсті тізбекті ПП және ПМ тоқпен қамтамасыз ету сымдары,релелі жолдарды РП және РМ қосу сымдары.Сызықтық тізбек үшін Ч және 0Ч сымдар былай белгіленеді (Н және ОН),Л және ЛО,қозғалыстың бағытын өзгерту үшін Н және ОН,хабарлаушы И және ОИ,кернеуді төмендету-ДСН, диспечерлік бақылау ДҚ.
Автоблоктаудың сызбасының әртүрін қарастырған кезде сигнал беруді орталықтандыру және АЛСН тізбектің құрылымдық жазбасы қолданылады.Түйіспелер мен релелерді келесі белгілері қолданылады. ПР-релесі жолдық.
ИПР- берілген реленің түйіспелері импульсті режимде жұмыс жасайды,СР- сигналды реле қоздырылған,СР- сигналды реле қоздырылмаған,ИПР-импульсті режимде жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |