Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


II ТАРАУ. Табиғи жарасымды түстерді пайдалану арқылы гобелен техникасында көркемдік ұтымдылыққа қолжеткізу



бет13/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
II ТАРАУ. Табиғи жарасымды түстерді пайдалану арқылы гобелен техникасында көркемдік ұтымдылыққа қолжеткізу.


2.1. 80 жылдық тарихы бар БҚМУ ғимаратына нобайлар дайындау.

Біздің университет облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу - ғылыми орталықтың бірі болып табылады.


Еліміздің ірі мәдени - өнеркәсіптік аймағына жататын Орал өңірі тарихымен тығыз байланыста дамып келе жатқан Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәртебесін ерекше мақтан етеміз.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ерекшелігі - бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. Осы жылы оқу ордасының құрылғанына 82 жыл болды.
Бұл жылдарда университетіміз барлық республика, облыс көлемі бойынша көптеген даңқты есімдерді тізімге енгізді. Университетіміз Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесін зор мақтанышпен айта аламыз. Университетіміздің қабырғасынан білім алған 65 мыңнан астам жоғары білікті мамандар - баға жетпес мұрамыз, кәсіби-рухани байлығымыз. Университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасайды. Атап айтсақ: ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі - Б. С. Әйтімова, Елордамыз - Астананың әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті профессоры - И.Н. Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Ж.Ш. Кәкішов, Екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш - Л. И. Беда, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінің төрағасы - Р. К. Сариева, ҚР Парламентінің бұрынғы сенаторы, жазушы - Э. Г. Ғаббасов, Татарстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы - Р. И. Нафигов, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор - А. Д. Тайманов, ҚР Парламанті мәжілісінің депутаты - Е. И. Тарасенко, биология ғылымдарының докторы, профессор - Е. А. Ағелеуов және т.б. Орал қаласы - Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань,Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шекараласады. Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы жақын маңдағы елді мекендерді қоса есептегенде 700 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен оңтүстікке қарай - 8 км, батыстан - 12 км. Орал қаласы Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк орай шалғынды, ағаш, бұталы. Қала маңында ағып жайыққа келіп құйылатын Деркөл, шаған өзендерінің де табиғи ерекшелігітері мол. Орал жас көшеті мол қала, мұнда екі тоғай және үлкен бақ бар. Қала маңы өте әдемі және жасыл желекке бай.
Шежіресі тарихтың тереңіне кететін ертеден даңққа ие болған Орал қаласына 400 жыл. Еуразия даласының нақ ортасында орналасқан бұл қаланың тарихы ерте заманынан басталады. Қаланың аты бірнеше рет өзгерді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий городок", "Уральск" деп атаған.1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деп өзгертті.  Жылдан жылға қала өсіп өркендеп келеді. XIX ғасырда Орал жаңа көрініс қабылдады: кішкентай тар көшелердің орнына кең, түзу көшелер пайда болды.Бүгінгі таңда Орал қаласында орыс және қазақ драма театрлары, филармония, 4 мұражай, 6 кинотеатр, 11 мәдениет сарайы мен клубы жұмыс істейді. 24 кітапхананың кітап қоры 1 миллион томнан асады.  Тарихи қала құрылысы кешені. Орал қаласының ең басты үлкен көшесі Достық-Дружба даңғылы. Ол көз алдымызда өсіп қалыптасты. XVII ғасырда қала Жайық өзенінен қазіргі Пугачев алаңына дейін, шамамен 1 шақырым қашықтықта тұрғызылды. XVIII ғасыр бойына оның шекарасы 2 рет ауыстырылды: қазіргі Некрасов көшесіне дейін, соңынан Коммунистік көшесіне дейін. XIX ғасыр басында қалалық топырақ үйіндісі қазіргі Достық-Дружба алаңына жылжытылды. Бұрынғы сауда-өндірістік коммерциялық банкі, қазір облыстық әкімшілік ғимараты. Ғимарат Абай атындағы алаңда орналасқан. 1896 жылы тұрғызылған. Сәулетші - Бунькин Революцияға дейін ғимарат сауда банкісінің қарамағында, сонымен қатар дүкендер үшін пайдаланылған. Облыстық қазақ драма театрының ғимараты. 2002 жылы 11- қыркүйегінде театр ғимаратының ашылуы барша Республиканың мәдени өміріндегі айтулы оқиғасы болды. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қарашығанақ Петролеиум Оперейтинг б.в.(КПО) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынған қазақ драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанда салынған бірінші театр және Орал қаласындағы тарихи орталықтың бірегей нысаны болып саналады. Театрдың бас көрермендер залы 280 орындық. Сахнаның көлемі - 15х21м. 2 әзірлік өткізетін залы, қоғамдық шаралар өткізетін холы, құрметті қонақтар үшін зал, декорация дайындайтын цех, қазіргі заманғы топ-студия және қосымша жайлары бар. Театр коллективі өзінің 13 жылғы қызметінде 2 рет республикалық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанып, республикадағы ең үздік театрдың бірі болды, 2005жылы театр ұжымы Қазақстанның драма өнерін көрсету құрметіне ие болып, Египетте өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысты. Қазақ драма театры әр түрлі өнер туындыларын жүзеге асыру үшін кездесетін қоғамдық өмірдегі нағыз мәдени орталыққа айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет