Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Қазақ гобелен өнерінің дамуына үлес қосқан шеберлер және шығармашылығындағы композициялар



бет11/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
1.3. Қазақ гобелен өнерінің дамуына үлес қосқан шеберлер және шығармашылығындағы композициялар.

Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан басталады. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптық терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты.


Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, Ә. Бапанов, С. Бапанова, Л.А. Анисимова, Қ. Жұбаниязова, С.Г. Иляева, Б. Өтепов, Ш. Қожаханов, тағы басқаларын атауға болады
Қ. Тыныбеков шығармашылығының дамуы тікелей габилен тоқу өнерімен байланысты . Оның шығармашылық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық габелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыруы болып табылады. Ең алғаш орындаған габилендерді «Шопан» (1970), «отбасы» (1973), «Көкткм» (1974), «Тау мен дала». (1975). Оы туындылары қазақ габелен өнеріндегі компазициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай - ақ «Өмір ағашы» (1976), «Байқоңыр ырғақтары» (1977), «Аққу ән» (1980) секілді габилендері де өздерінің терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың компазициялық құрылымдарында фольклорлық сарын басым. Қазақстанда Алматы қаласына осы жаңа өнер алдымен келді десек жаңылмаған болармыз. Ал 1970 жылы суретші Құрас Тыныбеков деген кісінің «Дала» атты тықыр кілем мәнерімен тоқылған ауқымды гобелені көрме залына қойылды. Құрасбек Тыныбеков бір бойына бірнеше өнер жинаған азамат еді. Оның бұл қасиетіне салған суреттеріне де басқа текеметтері мен тоқыған гобелендерінен де анық көз жеткізуге болады. Суретшінің дарыны гобелен өнерінде ерекше жарқырап көрінеді. Ол - қазақтың тұңғыш профессионал гобеленшісі. Тыңнан түрен салуда қашанда оңайға түспейді. Күрделі өнер саласын дамытуға, оған ұлттық түр енгізіп, халықтық сипат беру үшін талмай ізденген Құрасбек Тыныбеков «Шопан», «Дала әуені» (1972), «Аспан» (1973), « Отбасы» (1973), « Көктем» (1974), «Таумен джала аңызы» (1975), «Байқоңыр» (1977) тағыда басқа гобелендерін дүниеге әкелді. Бұл туындыларының қай-қайсысында да ол фольклорлық дәстүрді өзек ете отырып, мәңгілік ұғымдар туралы терең ой толғайды.БұлойғаҚ. Тыныбековтың «Әлем»гобелені арқылы көз жеткіземіз.Аспанда еркін қалықтаған қыран заңғар көктің мәңгілік символы болса,тұлпар-жер символы.Ал,қасына бала ұстаған әйелтіршілік тірегі.Бұл еңбектен Адам,Жер,Күн атты үш гармониялық ұғым мәңгілік біртұтас дегенді ұғынамыз. Суретшіні ң Теңіз симфониясыгобеленінде де үш мәңгілік ұғым Жер,Аспан,Теңіз көрінісі бейнеленгкен.Олардың әрқайсысы жеке-жеке алынғанда тылсымға толы әлем.Қазақстан шұғыласы(1977-1978)атты монументальды гобеленін ҚұрасбекТыныбеков бір топ суретшілерін Б.Зәуірбекова, Яремо, Николаевтармен бірге жасады. Еңбекте идеялық мазмұны бар стиль ерекшеліктері ортақ шешім тапқан. Құрасбектің Дала Балладасы гобеленінде символдық пейзаж жасау үрдісіжақсы шешім тапқан.Кілем тоқу өнерінің осы жаңа түрі жас суретшілерді қызықтырмай қоймады. Келесі өткезілшен көркем көрмеде гобелен тоқушылар саны көбейе бастады.Бұл көрмеге өздерінің жаңа гобелен кілемдерімен Б. Зәуірбекова, Ж.Крупко,тағы басқа авторлар қатысты. Қазіргі уақытта гобелен тоқу өнері республикамыздың облыстарында да таралып отыр. Жаңа өнерде шеберлігі ерекше көзге түскен: Батима Заәуірбекова, Шоқан Уалиханов атындағы «Мамлекеттік» сыйлығына бағаланды.
1969 жылы Алматы суретшілер училищесін үздік бітірген жас шебер 1973 жылы өткізілген республикалық көрмелерге таныс болды. Батима Зәуірбекованың жасаған тақырыптық гобелендері Дүние жүзілік және Бүкіл одақтық көрмелерге қатысуда. Ұзындығы 17 метр, ені 2 метр «Қазақстаным» атты гобелен кілемі Алматы қаласындағы « Қазақстан» қонақ үйінің торіне көрік беріп тұр.
Батима Зәуірбекова ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрніске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б. Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояулармен дараланды. Оның «Керуен» (1973), «Дала аруы» (1979) , «Жер-Ана» (1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда, Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасыда айрықша. Ерлі - зайыпты суретшілердің «Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялық құрылымы, ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен шет елге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс, тіршілігі, өмір салты, салт - дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы Жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған.
Тоқымашылықтың жоғарғы деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың, рухани қалыптасуында әсері зор. Осы орайда елімізде гобелен тоқуға баулитын бірнеше көркем сурет оқу орындары бар екендігін атап өткен лазым. Дәлірек айтқанда қазақ мемлекеттік көркем сурет академиясы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино өнері институты, У. Таңсықбаев атындағы республикалық көркем- сурет колледждері, тағы басқада оқу орындары жыл сайын гобеленші шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Гобелен өнерін оқытып үйретугеүлес қосқан тәжрибелі ұстаздар ретінде С. Балапанова, Ш. Оредов, Г. Өмірбекова, Г. Омарова, Р. Базарбаева, Д. Қастеева, Г. Қабижанова, М. Бектасова, Н. Бекинивалардың есімдерін атауға болады. Қысқаша айтқанда гобелен өнерін оқытып, үйрету дегеніміз көнеден кележатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің әдіс - тәсілдерін жетілдіріп, алға асыру болып табылады . Қазақ гобеленіде дәстүр сабасқтастығына қызмет ете бермек. Қазақстандықтарды елеңі еткізген «Қазаққолөнерінің» көркем өнер көрмесі Алматыда алғаш рет 1976 жылы қаңтар айында өткізілген. Оның бір бөлігін сәндік маталар жинағы негізінен гобелендер құраған еді. Онда қазақ шеберлкрінің қолынан шыққан гобелен, түкті және түксіз кілем, терме алаша, бау, басқұр тағы да басқа тігу немесе тоқу арқылы дайындалған бұйымдар болды. Әрбір кәсіби суретші өзінің жұмыс жасау әдісі, эскизімен ойын жеткізу арқылы өзіндік қол таңбасын қалдырды. Мысалы : Жанна Баратова, Кишинёв училищесінің түлегі 14 жыл бойы Алматы кілем тоқу фабрикасында табысты жұмыс істеп келеді, ол қазақ халқының дәстүрлі
өнерін жалғастырушылардың бірі. Оның «Өмір ағашы» деп аталатын паннасы көрмеде жоғары бағаланған. Ол Шығыс Қазақстандық ақ басқұр тоқу әдісіне ұқсас жасалған. Тағы бір жұмысы «Көктемгі дала» гобелені.
Онда қазақ даласының үндестігі, даланың кеңдігі, дархандығы бейнеленген. Сонымен қатар, Ирина Яремоның гобелені,ҚұрасбекТыныбековтың «Шопан» гобелені, Батима Зәуірбекованың «Әуен» гобелендері жоғары бағаланды. Жас буын гобелен тоқушылардың қатарына Құрасбек Тыныбековтың шәкірті, Шамиль Қожахановты атауға болады. Оның гобелендері «Бақыт», «Шопан жанұясы», «Балуандар» деп аталады. Көрмеге қойылған алғашқы
жұмысы « Қалыңдық» атты триптих Алматы қаласында 1937 жылы алғаш рет кілемшілер артелінің жанынан гобелен шеберханасы ашылды. Ол шеберхана 11 жыл бойы жұмыс істеген. Онда жиырма метрлік «Спорттық шеру» аталатын гобелен тоқылып 1939 жылы Халқаралық Нью- Йоргте өткізілген көрмеге, 1947 жылы Прагада өткізілген көрмелерге қатынасқан.
Сонымен қатар «28 - Понфиловшылар шабуылы», «Рейхстагтағы жеңіс» 1945-1946 жылдары тақырыптарында гобелендер тоқылған. Осындай жас өнерді ілгері дамытып, жалғастырып жүрген жас шеберледің бірі, Лиза Қалимова текемет басып, сырмақ сыруды, алаша тоқуды Лиза жас кезінен анасынан үйренген. Мектепте оқып жүргенде - ақ оқушылар арасында шебер атанған. 1971 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген Лиза 1971-1978 жылдары «Тұскиіз» және пима дайындайтын фабрикада суретші болып істейді. Сол кезде- ақ оның жасаған текеметі, сырмақтары мен аяқ қаптары республикалық, бүкіл одақтық, Дүние жүзілік жәрмеңкелерге, көрмелерге қтысты. Лиза 1979 жылдан Кеңес одағының мүшесі. Ол тоқыған «Дина Нұрпейсова» және «Бейбітшілік» кілемдері республикалық көркем өнер көрмесінен қорға сатып алынып, «Қызылқұм» атты күрделі гобелен кілемі «Қазақстан» қонақ үйінің голерея залына қойылған. Соңғы жылдары Лиза Қалимова Мемлекеттік көркемөнер музейінде, ескі қолөнер мүлкін дүниеге қайта келтіру бөлімінің шебері болып қызмет істейді. Тағы бір Қазақстандық гобелен тоқушы шеберіміз, Ирина Ярема. Оның туып өскен жері Украина жері. Ол мамандығы бойынша матаға сурет салудың шебері. Осы мамандығы бойынша бірнеше жылдар қызмет атқарған. Оның жеке шығармашылық жолы, алғашқы көрмесі Қазақстан жерінде басталған. Алғашқы гобелендері «Алишер Науай», «Фархат- Шырын» деп аталады.Оның шығармашылық өсу жолы 1968 жылы жан ұясымен Алматыға көшіп келген соң шыңдала түседі. Қазақстандағы қызмет жолы өз мамандығыбойынша басталғанмен ол біртіндеп гобелен тоқуға, көп көңіл бөле бастайды. Сөйтіп 1970 жылдың басында, Ирина гобелен тоқуға ден қояды. Оның «Қазақстан» атты түкті кілемі мен «Ұлттық натюрморт» атты гобелені үнемі өнер мұражайында көрсетіліп тұрады. Көптеген жұмыстары Самарқандта,Ташкентте, Мәскеуде көрмелерге қатысып жоғары бағаланған.Көбінесе суретші Николаева мен бірге жұмыс жасаған. 44 метрлік Қазақстан қонақ үйінің залына арнап тоқылған «Қазақстан» гобеленін тоқушылардың бірі, соныменқатарБатима Зәуірбекова, Е. Николаева, Ш.Қожахметов сынды шеберлер ат салысқан. Онда Қазақстанның ежелгі тарихынан бастап бүгінгі күнгедейінгі уақыттары бейнеленген. Арнайы көрмелер ұйымдастырылып Алматы, Мәскеу қалаларында көрсетілген. Онда эскиз жасауға, кескіндемені шеберлер,халық суретшілері көп көмек көрсетіп эскиздер дайындаған. Олар: Әбілхан Қастеев, Әубәкір Исмайлов, Николай Цившинский, кейінірек Қанафия Телжанов, ГүлфайрузИсмайлова тағы басқалары.
Қазіргі жылда қазақстандық гобелен тоқушылар эскизднрде өзгеше бір өзгері енгізуге ұмтылып , шығармашылық табысқа ұмтұлу үстінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет