Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


I ТАРАУ. Қазақ халқының қолданбалы өнері – асыл қазына. Сәндік қолданбалы өнерде гобелен өнерінің алатын орны



бет8/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
I ТАРАУ. Қазақ халқының қолданбалы өнері – асыл қазына. Сәндік қолданбалы өнерде гобелен өнерінің алатын орны.

Қолөнер ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсемкөрністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр.


Мысалы: ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолдалынады. Дегенмен көне заманнан келе жатқан қазақ өнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.
Қолөнер сонау ерте заманнан бері қазақ халқының тарихынан біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа қолөнер дәстүрін жалғастыруға әйелдер мұрындық болып келген. Қолөнердің де әлі де халыққа танылмай жатқан кейбір түрлері баршылық . Бұл мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп қарап бағалап, бүгінгі түрмыста пайдаланған жөн. Халықтың осы ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан - алуан түрлері баршылық. Көркемдік өнермен халық шеберлерінің туындысы бүгін жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің сарқылмас қайнар көзі болып отыр. Қазақстанда гобелен өнері қарыштап дамып, қанатын кеңге жайып келе жатқан өнердің бірі. Халық шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер гобелен тоқуды қолға алуда. Олар әсіресе көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарын іздеп, одан әрі дамыту жақтарын іздеуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет