Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Қолданбалы гобелен өнерінің шығу тарихы



бет10/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
1.2. Қолданбалы гобелен өнерінің шығу тарихы.

Гобелен, қолдан тоқылған түксіз кілем - панно. Гобелен (франсузша gobelin) - сәнді тоқылған түксіз кілемдер - француз өндірісінің шпалері болып табылады. Бетінде сан бейнелі тоқылған түксіз кілемдер тарихы XII ғасырдан басталады, бірақ гобелен деп тек терминмен байланысты француз шпалерлерін атаған. 1535 жылы король Франциск - I ауыстырылып, әулие Тройца - «Сан Тринитэ» госпиталіне орналастырылады. 1597 жылы Генрих IV Брюссель шпалерлері мен тоқыма өндірісінен сайысқа түспек болып Париж маңынан шеберхана ұйымдастырады. Бұл кезде фланманд шебері М. Фан Кокси үлкенінің эскиздері бойынша кілемдер тоқылады. 1622 жылы Людвик XII П. Рубенске «Император Константин тарихы» атты кілемдер сериясына картон істеп беруін тапсырады (бұл сериядан алты кілем Эрмитажда сақтаулы). 1627 жылдан бастап мануфактураларда шығарылған кілемдер стилі Италиядан келген француз кескіндемесіші С. Вуэнің алып келген фломандық барокко мен француз академигі болып бірігеді. С. Вуэ сарайлық - интерерлік сәндік бәдіздеулермен (роспись) үндескен мүсіндерді имитациялайтын әсем барокколық бордюрлер мен фигураларды гризайль әдісінде жасауға бейімдейді. 1658 жылы Людовик XIVН. Фуке атты «қаржы бақылаушыға» Мэнси маңынан шпалер шеберханасын ашып, тоқымашыларды Фландриядан әкеледі. Үш жылдан кейін Фукенің құлдырауынан кейін шеберлер Париж жанындағы Сен – Марсель кварталындағы, Гобелен фамилиялы жүн бояушы үйіне қоныстандырылады. Бұл кейіннен 250 шебер жұмыс істейтін «Карольдің жиһаз жасау мануфактурасына» айналады. Мануфактураны тікелей ең күшті министр «Күн каролі» Жан Батист Кольбер басқарып, бас суретшісі Ш. Ленбрюн болды. 250 шебердің ішінде, жиһазшы да, мозайкашыда, тас оюшыларда, құюшыларда, гравер кестешілерде болды. Олар «Үлкен стильдегі» Версаль мен Лувр интерерлерінің қайталанбас әсем безендірулерін жасады. 1664 жылы Корольдық кескіндеме академиясының президенті және карольдің бірінші кескіндемесішінің картоны бойынша төрт шпалер: «Стихиялар, Жыл мезгілдері мен Кароль замоктары» орындалды. 1664 - 1680 жылдары Людовик IV тарихын паш ететін «Александр Македонский» деп аталатын серия сегіз рет қайталанып тоқылады және басқа мануфактураларда қайталанады. Сол кезден бастап француз шпалері гобелен деп аталып келеді екен. 1667 жылдан гобелен мануфактурасында «Апосталдар тағлымы» деп аталатын брюссель сериясы Ватикандағы Сикстин капелласына арналған Рафаэль картондары бойынша көшіріледі; 1682 жылы Рафаэль роспистарының Ватикандағы Станца мотиві бойынша шпалерлер орындалады. XVII ғасыр француз шпалерлерінің көркем стилі римдік классицизм Рафаэль мектебі, Пьетро да Картонның бароккалық роспистері, П. Рубенстің фламандық барокко дәстүрлері негізінде дамып өсті. Шпалерлер көптеген сериялармен шығарылып «Үлкен стильдің» салтанатты архитектура залдарын анфиладамен бірегей тұтастықты құрады. Залдардыңтұтас бір қабырғасын жабатын подрамниктер тартылып, интьерердің басты құндылығына айналып, дәстүрлі фресканы алмастырды. Бұрынғыға қарағанда ашық реңді ажарлылық, сәнділік берді. Кескіндемешінің картон эскизі бойынша бірнеше сурет шебері жұмыс істейді: біріншісі фигуралар суретін түсірді, екіншісі - стаффаж, үшіншісі, ою - өрнекті раманы жасады. Фактураның ерекшелігі болып қырқылған жазықтық беттерде әр түрлі жіптің қалыңдықтары мен суретті бастырған тоқулар болды. Күрделі бейнелік компазицияларды тоқуда готлистік әдістік тұрғызып қойып тоқу өте қолайлы болды. Тоқыманың әдісі әрі қарай ұшқырлана түсіп, онда жібектің 400 - ге тарта реңдері, алтын, күміс жіптер қолданылды. Бояулар политрасы кескіндемемен таласуға мөмкіндік берді. Алтын мен күмістің көптігі соншалық 1685 жылы алтын жіптерді қолдануға тыйым салуына әкелді. Кейін бұл мануфактура жабылып, 1701 жылдары «Үнді кілемдері» шығарылды. Француз Регнттік және Рококко стилінде гобелен мануфактураларынбелгілі суретшілер Ж. Б. Удри, Ф. Буше басқарды. XVIII ғасырдың басынан (көне вердюрлер мен салтанатты барокколық композициялар гобеленнің жаңа типі «алентурмен» (франц.alentours - жиектеу) ығыстырылды. Ең әйгілі «жиектелген» гобелен сериясы бұл - «Құдай портьерлері», немесе «жыл мезгілдері мен стихиялары». Н. Одран Үшінші картондары бойынша жасалды. 1770 жылы суретшілерде - неокассицизм стилі орын алып, шынайы керемет гобеленнің стилі мен «алтын ғасыры» Франция үшін өткен уақытта қалды. Париждік гобелен мен тоқыма кілемдер 1624 жылдары Савоннери мануфактурасында, 1664 жылы Бовде, 1665 жылы Обюссонда өндірілді. Француз классикалық гобеленіне тән монументалдық, сәнділік, ерекше кескіндемелік фактура бұл терминді қосымша мағынада қолдануға әкелді. XXғасырдың «Көгілдір раушан» атты мәскеулік символист суретшілер өздерінің шығармаларын «гобелен - картиналар» деп атады; К. Богоевскийдің картина - панносы; Б. Борисов - мусатов «кескіндемелік - гобеленін» элегиялық стиль деп атады. XX ғасырда «гобелен» деп шағын сәндік маталарды, соның ішінде киімдегі түксіз қырқылған және көмескі «гобелендік» колоритпен ерекшеленетін фактураны атады. Тоқушы шебер, өрнекші французша: tapissier делініп, осыдан гобелендер мен шпалердің қазіргі тауының өзгеруі (жаңа таписсерия) - дефиниция келіп шықты. 1601 жылы Фламандық Француа де ла Планш Париждің түбінде орналасқан. Гобел деген отбасыларының жүн бояйтын шеберханасын сатып алады. Осының орнынан кілем (тықыр) тоқитын шпалера мануфактура Франция корольдігінің кілем шығаратын мануфактурасына айналды. Осы жерде шыққан кілемдер әлемнің жан - жағында үлкен сұранысқа ие болды. Мануфактураның аты сол Гобельдер отбасының атымен аталып кетті. Осы кездерден бастап тықыр кілемнің бір түрлері Гобелен деп аталып келеді. Шалера - Италян жеріндегі ағаштан жасалған кереге - тор. Есіктің алдындағы гүл өсіруге арналған шарбақ. Заман өзгере келе кілемге түсетін ою-өрнектер гүлді болуына байланысты, сол кереге-тор көздің аты шпалера болып кілемге ауысып түскен. Мильфлер - Францияның Турени қаласында XV- XVI ғасырлары аралығында тоқылған кілемнің түрі «de mille fleures» - мағынасы мың гүл. Көкшіл жасыл және қызыл кілем кеңістігінде шашыла орналасқан гүлдер бейнесі. Жұмахан Орымханның анықтамасы бойынша Турени сөзі түбірі тұру деген түркі сөзі көне түркі халықтарының Еуропаға қонысталғанымен байланыстырады. «Mille» - деген сөз түркілердің мың деген сөзі, «fleures» «fleu» - гүл осылай болады деп дәлелдейді. Біздің заманға жеткен осы кілемдер түрлері Париж қаласының Клюни деген мұражайындағы жалғыз мүйізді тұлпармен «бикеш» деп аталатын XV ғасырда тоқылған. «Ақсүйектілердің» өмірінен атты кілем. «Ақсүйекті бикештің шомылуы» атты кілем. Аррасы - Фландриядағы Аррас атты қаладағы кілем тоқу орталығымен байланысты. Ағылшындармен, француздардың арасындағы соғысқа байланысты. Париждің кілем тоқығыш шеберлерінің қоныс аударуына байланысты, Аррас қаласындағы шеберлеріне қосылып осы кілемнің сарындық қасиеттеріне үлесін қосты. Әлемнің кез келген жерлерінде Польша, Италия жерлерінде осы уақытқа дейін осы кілем үлгілері осылай аталады. Жігіттің бикешке өз жүрегін ұсынып тұрған сюжеттік кілем біздің заманымызға дейін жетті. «Раушан гүлін ұсыну» атты кілем - 1422 - 1461 жылдар аралығында Франция королінде тарту ретінде тоқылған. 1447 жылы Людовик XI Аррас қаласын жаулап алып шпалера шеберханасын жаптырған. Вердюры - XV ғасыр аяғында Европадағы жаңа дәуірлеу заманына байланысты табиғаттың көріністерінде кілем түрлерінен орын ала бастайды. Кілемнің аталуы «Verdure» Француз тілінде жасыл өсімдік. XVI ғасырда Фламанд жерінде Ауденарда қаласында тоқыла бастайды, XVII- XVIIIғасырлар аралығында Брюссел шеберханаларында да тоқылады. XVII- XVIIIғасырларда Франциядағы Бове қаласындағы мануфактурасында осы кілемің түрлерінде шығара бастайды. Кілем көшінінде көлшіктер, ағаш көріністері, аққу, көкқұтан сияқты құстар, аң -жаеуарлар бейнеленген.Гроттеск - Француз тіліндегі «grotesque» - таңғажайып. Рим қаласында XV ғасырда қазба арқылы табылған үңгірлердің қабырғасында салынған бейнелерден таңғажайып атты деген сөз шыққан. Сюжеттері адам бейнесінің аяқ жағы сәулет өнерінің діңгегіне айлануын не болмаса жылан құйрықты құс қанатты, әйел - ер адамдардың бейнелері. Осы сияқты тағы басқа ғажайып көріністерді бейнелеген. Бұл кілемдердің түрлері 1680-1700 жылдары аралығында шығарылып тұрған. XVIII ғасырда осы кілемнің түрлерінің жиек ою - өрнегіне қытайлық бейнелері орын ала бастаған, осы сарынды француздар «шинуазри» деп атаған, осыған орай француз түрінде «шин» деген сөз пайда болған. Вандтапейты XVI ғасыр шпалера шығару орталығы болып Фландрия табылды. Осы жердің шеберлерінің қолынан тоқылып шыққан кілем үлгілері Еуропаның кез келген жерінде үлкен құрметпен қасиетке ие болған. Кілемнің сюжеттері салтанатты көрністерді бейнелегн. Дауыт патшаның өмір көрністерін бейнелеген. Тепистри 1619 жылы Ағылшын каролі Яков I ізгі ісіменен Мортлейне қаласында Лондон түбінде Фламанд жерінен қоныс аударылған тоқымашылар бастап шпалера тоқитын мануфактураға айналдырылды. «Теңіз толқыны», «махаббат толқыны» атты кілем және «Геро және Леандор» атты көп кілем түрлерінің үлгісі тоқылған. Француз гобелендері 1667 жылдан бастап Планш сатып алған мануфактура көптеген тағы да басқа шпалера тоқитын кішігірім ұжымдарды біріктіріп карольдің гобелен тоқитын мануфактурасына айналдырылды. Бұл мануфактураны Шарль Леберент атты (1619 - 1690) кісі атқарды. Ол сол уақытта кескіәндеме академиясының президенті және корольдің жеке басының суретшісі атағы бар болатын. Гобеленнің тоқылуына, дамуына, шығуына осы кісінің атқарған міндеті орасан зор. Осы мануфактурада муза төрт шумақ өлең жыл мезгілі тағы басқа көптеген гобелен түрлері шыққан. Немістің счюжеттік кілемдері. Көне тегіс сюжеттік кілемдерге анықтама ретінде, жалпы алғанда «шпалера» ұғымы алынды. Ол гүлдерге арнаған тордың италян тіліндегі мағынасынан жасалады. Одан кейінгі атаулар кілемдердің шығу жерін, сюжеттерін, басқа да себептерін белгілеуші ретінде пайда болған.Сақталып қалған Еуропалық шпалералардың ең көнелері неміс шпалералары. Олардың біразы ғана сақталған. Олардың ішіндегі айтарлықтай қызығушылық тудыра алатындары Хальберштадтық шіркеудегі XII ғасыр ортасындағы «Періштелер» мен «Апосталдар» және 1200 жылғы «Карл». Германияда көбінесе манастырь мен шеберханаларда тоқитын. Сол себепті тоқымашылар суретшілердің қызметін қажет етпейтін. Станоктар біз жұмыс істей бастаған шегесіз жетірілдірілген рама ретінде беріледі. Тігінен келген станоктар «готлис», ал күрделірек келген көлденең станоктар «баслис» деп аталады. Орта ғасырда Еуропаның оңтүстігінде керегелер фрескалдық кескінділермен әшекейленген, ал солтүстік жақта оларды шпалералар ауыстырған. Алғашында кілемдер сюжетті керегелік суреттерден алынған. Орта ғасырлық қорғандарда шпалералар бір керегеден екінші керегеге өтетіндей болып ілінген. Оларды жатын бөлмедегі далда (балдахин) үлкен залдардағы шымылдық ретінде қолданған. Сондықтан ерте кездегі шпалералар үлкен көне шиыршықтарға ұқсас келген. Шпалераларда библия сюжеттері жиі қолданылады . Алайда жалпы алғанда, олар живопистегідей маңызды роль атқармайды.Эрмитаждағы «Апостал Фома және Матвей» неміс шпалерасының шағын үзіндісінің XV ғасыр соңына жатқызады. Бұл ұзын енсіз кілемінің сол жақ бөлігі мұндай шпалералар әдетте шіркеудегі орындықтардың арқасын әшекейлеген. «Апосталдар» ертедегі шпалералық шығармашылықтың сыйпаты үлгісі. Фигуралар (тұлғалар) орта ғасырлық иерархияны сақтау арқылы берілген. Апосталдардың есімдері нимбтерде жазылған. Шиыршықта манархияны айнала былай жазылған: «Қасиетті Фома, мен үшін дұға қыл» деп. Бұл шпалераны тапсырыс етуші әйел болар деген болжам бар. Матадағы түрлі жазулардан XV- XVI ғасырдағы неміс шпалерларынан, қарапайым суреттерден қасиетті әулиелерге тән, көмегіне деген сенімді көруге болады. Олар жалаң аяқ, олардың үстінде алба - жұлба киім, асатаяқары бар бейнелерден жасалған. Автор, қарт Фоманың жылы жүзін және жас Мотвейдің ашық көз қарасын ерекшелейді.Сызба тектес тұлғалар, қарапайым сурет тоқымашылардың шеберлік деңгейлерінің төмендігі екенін нұсқап қана қоймайды, сонымен бірге олар таза декоративтік ойлауға нұсқау жасайды. Италяндық Булдан алынған шығыс өрнектері мен геральдикалық матиф, апосталдардың аяғының астындағы жұлдыздармен гүлдер шығыс кілемінң өрнегіне ұқсас фонды толықтырады.Көкпен қызыл орта ғасырдың ең негізгі екі түсі болатын, себебі бөлу ретінде көбіне индиго мен морена тамыры немесе кошиниль қолданылатын. Әдемі жасыл түсті сары жіпті индиго мен бөлу арқылы жасайтын. Неміс шеберлері тоқыма өнерінің барлық негізгі тәсілдерін қолданған: «тікелей» және «қисық» тесіктер, утоктарды біріктіру тағы басқа, әсіресе оларға барлық бөлшектерді айнала қоршаған қара және түрлі түсті контур тән болып келеді. Киім бүктемелері, тондық өтулер штрихтеудің ең қарапайым жолымен (жіңішке сызық) берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет