Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Сейтова Лена Мұратқызы


Сәндік қолданбалы өнердің зерттелуіне үлес қосқан зерттеуші



бет6/17
Дата27.02.2022
өлшемі105,68 Kb.
#133596
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Сейтова Лена Мұратқызы

1.3. Сәндік қолданбалы өнердің зерттелуіне үлес қосқан зерттеуші
ғалымдар.
Қазақ елінің жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы өз ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасимов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бәсенов және т.б. Бүгін таңда аталардан сабақтастық тізгінін алған, жаңа дәстүрге жол бастаған Қазақтың мемлекеттік көркем-сурет академиясы, оның ішінде қолданбалы өнерді үйретіп, оқытатын кафедрасы, ұстаздар ұжымы, кафедра меңгерушісі Данияр Қаметханов, зергер Рым Қанафин, кілемші-тоқымашы Сәуле Бапанова, қыш шеберлері Әсет Досетов, Гүлшира Тастаева, Құрман Мұратаев. Қазақ арасында киіз басу жұмысына көбінесе әйелдер қатысады. Әрбір әйелді киіз баса алады десеңіз қателеспейсіз. Өйткені, 1968 жылы М. Красовский: қазақтар «қыздарды жас шағынан іс тігу, өрмек тоқу, киіз басу, т.б. үйретеді, өсе келе олардан мұның бәрін талап етеді», деп жазды. Киіз басу жұмысында қазақтардың шеберлігі жоғары дәрежеде болатынын зерттеушілер ерте кезден айтып келеді. И. Я. Словцов бұл туралы: «Қазақтар киізді тамаша тапқырлықпен өте тез және сапалы етіп басады. Бұл жөнінде орыстың киіз басушылары олармен жарысқа түсе алмайды» деп жазды. Қазақ халқының киіз басу кәсібін басқадай қолөнер кәсібімен салыстырсақ, онда барлығынан да ең маңызды роль атқарған киіз басу кәсібі болып есептеледі. Бұл пікірді И. Я. Соловцов сияқты қазақ өмірін, қазақ ауылын тікелей өз көзімен көріп, аралаған революцияға дейінгі көптеген саяхатшылар мен зерттеушілер де қолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет