Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Сейтова Лена Мұратқызы


Еуразия далаларындағы алғашқы киіз бұйымдар



бет9/17
Дата27.02.2022
өлшемі105,68 Kb.
#133596
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Сейтова Лена Мұратқызы

1.6. Еуразия далаларындағы алғашқы киіз бұйымдар
Еуразия далаларындағы киіз өндірісінің бастау алуын ғылым қола дәуірінің соңына дөп келеді деп белгілейді, бұл кезде көшпенділік салтпен мал өсіру өндіргіш шаруашылықтың басым түріне айналған болатын. Біздің дәуірге дейінгі VII-V ғасырларда, сақ кезеңінде көшпенділік тұрмыста қолданылатын жабдықтардың типтік көрінісі қалыптасты. Олар киізбен жабылған, жорыққа ыңғайлы итарқалар, жиналмалы шатырлар мен күркелер, киізді, тері мен ағашты пайдалана отырып жасалған қару-жарақ пен ат әбзелдері, салт аттыға тән киім-кешек және тасымалға қолайлы жеңіл бұйымдар болатын. Көрші Таулы Алтайдағы Пазырық обасында, Жетісудың Бесшатыр обаларында, Шығыс Қазақстанның Берел обаларында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде қазақы киіз бұйымдар табылды. Сол археологиялық материялдарды негізге ала отырып, ежелгі көшпенділердің киіз өндірісі туралы жалпылама қорытынды жасауға болады. Ең алдымен, киіз бұйымдардың әртүрлілігін және өте мол екендігін айту керек, олар: баскиімдер, шекпендер, ұзын шұлықтар, тұрғынжайдың киіз жабулары, еденге төсейтін және қабырғаға ілетін кілемдер, ер-тоқым жабулары және т.с.с. Біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығынана бастап, дала мәдениетінің қалыптасуында түркі тайпалары шешуші рөл атқарды, бұл жайт түркі көшпенділік мәдениетінің өзіндік мәдени құндылығы жайында айтуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер ежелгі және қазіргі заманғы киіз бұйымдар арасында оларды жасау техникасы мен ою-өрнектерінен байқалатын туыстық сипаттардың бар екендігін атап айтады. Қазақтардың мәдениеті дала төсінде үш мың жылға жуық уақыт бойы дамып, өркендеген көшпенділік дәстүрлердің тікелей мұрагері болып табылады. Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласындағы көшпенділік тұрмыс салты мен шұғыл континенттік климат жағдайында жүнді көркем түрде өңдеудің ең жоғарғы деңгейі қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет