1.2. Сәндік қолданбалы өнердің шығу тегі, даму тарихы, қалыптасуы, қазіргі заман талаптарына сай жасалуы. Қазіргі ұлттық мәдениетті дамыту барысында диалектикалық материализмнің сабақтастық категориясына негіздеме көне дәуірдің рухани және материалдық үлесін болашақ ұрпаққа жалғастыру Қазақстан Республикасы мемлекеті мен қоғамның негізгі міндеттеріне кіріп отыр. Осыған байланысты көне дәуірдің материалдық құндылығының бірі – сәндік қолданбалы өнер болып табылады. Осы өнер саласындағы түрлі өнер туындыларының мазмұны мен олардың жасалу технологиясын игеру бағытында қазіргі заманғы озық технологиялар саласымен араластырып жасау жолдарын қарастыру. Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының құндылық мәнерін көрсететін ою мотивтерінің композициялық шешілімі әрқашан оның формасына сәйкестікте болуында. Қазіргі қазақ ұлттық мәдениетті дамыту көне дәуірмен орта ғасырдағы материалды және рухани құндылық көздеріне негізделе ұлттық салт – дәстүр, өнер саласы, ауыз әдебиеті, бейнелеу және қолданбалы өнер түрлерін жаңғырта, дамытуға ұмтылып жатыр. Қазіргі кездегі тұрмыстық болмысын басқа да қолөнер туындыларын жасау және оларды безендіру сипаты сәндік және қолданбалы қызмет атқарып отыр. Бірақ, осы бұйымдардың бірінші қызметіне тоқтасақ, онда әртүрлі әдісте безендіруде ою-өрнек композициясының көркемдік мәні үйлесімді іріктеліп жасалғаны байқалмайды. Бұйымды жасауда көркемдік мәні өте жиі тыс қалып тұтынушыға тезірек сатуға ұмтылатыны байқалады. Мысалы, қарапайым жиһаздың жасау технологиясында қазіргі қолайлы материалдардан жасау, оның безендірілуі де қарапайым материал және тәсілдері қолданылып отыр. Негізінде бұрынғы қолданбалы өнер туындыларымен салыстырғанда совет үкіметі кезіндегі бұйымдар және қазіргі егемендік алғаннан кейінгі қолөнер жұмыстарын салыстырар болсақ, осы үш кезеңдегі жасалған бұйымдар арасынан ортаңғы кезеңдегі жұмыстарды ажары біртектес қарапайым композициямен шектеледі. Яғни, қолөнер шеберлері өнер туындыларын қысқа мерзімде қарапайым жолдармен безендіріп ою-өрнек мотивтердің құндылық мәндерін ескермей келе жатқанын байқалтады. Менің бұл тақырыптағы қарастыратын негізгі мақсатым жоғарыда көрсетілген қайшылықтарды шешуге ұмтылу және болашақ қолөнер шеберлерін дайындауда қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып бұрынғы дәстүрлі өнердің, мәдени мұраның болашақтағы нәтижесін жақсарту. Ұлттық өнердегі қолөнер жұмыстарына ою-өрнек мотивтердің үйлесімділігін жетілдіруді қазіргі кездегі жетістіктермен араластыру, сабақтастыру.