Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Сейтова Лена Мұратқызы



бет8/17
Дата27.02.2022
өлшемі105,68 Kb.
#133596
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Сейтова Лена Мұратқызы

1.5. Көктемгі, күзгі қырқулар.
Қазақтар ірі қойлардың жүнін жылына екі рет – көктем мен күзде қырқып отырған. Көктемгі қырқу қыстан шыққан малдың күтіміне байланысты кейде ерте, кейде кеш басталады. Барлығынан бұрын қоңы жақсы мал ертерек қырқылады, өйткені, оның жаңадан шығып келе жатқан жүні тез өсіп, ескі жүні көтеріледі, ол қырқуға жеңіл болады. Арық қойлар 15-20, кейде 30 күндей кейін қырқылады. Себебі, олардың жаңа жүні баяу өседі. Қозыларды жүні өскен кезде, жаз ортасында қырқады. Күзгі қырқу (күзем). Суық түскенше қойдың жаңа жүнін кемінде 3-4 см өсетіндей етіп шамалап барып қырқады. Бұған бір айдай уақыт жетеді. Сондықтан жергілікті жердің ауа райына қарай августтың немесе сентябрьдің аяғына таман қырқуға болады. Қойдың қырыққанға дейін жүні таза әрі жұмсақ болуы үшін кейде 3-4 рет ағын суға тоғытады. Қой қырқу жұмысы басталатын кезде қойды ауылдың маңына немесе қырқатын жерге алдын ала айдап келіп, екі басына қазық қағылып керілген көгенге, әрбір қатарға 20-40 қойдан бір күн бұрын, кешке көгендейді де ертеңіне кірісіп, кешке дейін қырқады. Ал шағын ғана малы бар кедейлер өз малын өздері қырықса, малы көп байларға бүкіл ауыл қызмет еткен (50-100 кісіден астам). Олардың жұмысы қазіргі фабрикалардағы конвейер тәрізді тәртіппен жүргізілгені бір адам көгеннен қойды жүн қырқатын жерге алып барып жығып тұрса, екінші кісі аяғын байлап, үшіншісі қырқып (оны қырықтықшы деп атайды) тұратын болған. Тәртіп бойынша әйелдер мен балалар қырқылған жүнді жинаушы болған. Егерде еркектер жетіспей жатса аяқ байлауға әйелдерді де қатыстыратын болған. Қойды арнайы жасалған қырықтықпен қырқатын. Ол ұзындығы қырық сантиметрдей екі темірдің кесіндісінен темір ұста жасайтын қайшы сияқты құрал. Кейінгі кезде қырықтықты шалғы орақтың ұшынан да жасады. Оның формасы қайшы тәрізді бірақ қайшыдан үлкендеу болады. Жұмыс үстінде қырықтықшы оң қолымен тұтқасынан ұстайды да сол қолымен қырықтықтың екі ұшын қысып, қамтылған жүнді қырқа береді. Қойды қырыққанда артқы аяғынан бастап жоғары қарай қойдың денесін бойлай қырқады. Әбден машық болған қырықтықшы сағатына 5-6 қой немесе 10-15 қозыны қырқатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет