Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Кабинет дайындығы, сабаққа жабдықталуы тексеріледі. Сабақтың мақсаты анықталады.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау және үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтар пысықталып, не түсінгендігі және не ойлайтындары тексеріледі.
Ауызша сұрақтары: Бақылау сұрақтары: (ауызша сұрақтар арқылы жауап бер)
Қолдың иық белдеуінің сүйектерін және еркін қозғалатын қол сүйектерін ата?
Жауырын сүйегінің құрылысы және латынша атауы?
Бұғана сүйегінің құрылысы және латынша атауы?
Қар сүйегінің құрылысы және латынша атауы?
Білезік және қол басы сүйегінің құрылысы және латынша атауы?
Жамбас белдеуінің сүйектерін ата, латынша атауы?
Тапсырма 1. Иық белдеуімен қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің құрылысын жазыңыз.
Тапсырма 2. Жамбас белдеунің сүйектерін және аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің құрылысын жазыңыз
Тапсырма 4.«Қол-аяқ сүйектері». Дұрыс, дұрыс емесін белгілеңіз.
1. Бұғана сүйегі төс сүйегімен, жауырынның қабырғалық бетімен буындасады.
2. Бұғананың төстік ұшы төс сүйегіне қараған.
3. Жауырынның үш бұрышы, екі жиегі, төрт беті бар.
4. Жауырынның буындық ойығы жауырынның латерал жиегінің сыртқы бетінде орналасқан.
5. Тоқпан жіліктің жоғарғы эпифизіндегі домалақ басы бұғананың буын ойығына бірігеді.
6. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны ең мықты жері.
7. Шынтақ жіліктің төменгі басының ішкі медиалді шетінен біз тәрізді өсінді шығып тұрады.
8. Білезіктің ұсақ сүйектері екі қатар орналасқан сегіз майда сүйек.
9. Саусақ сүйектері «фаланг» деп аталатын 5қысқа сүйектен тұрады.
10. Тоқпан жілік айдаршығының 4 буындық беті бар.
11. Тізе тобығы қаңқадағы ең кіші қосымша сүйек.
12. Балтырдың кіші жілігі үлкен балтыр сүйегінең сыртқы ішкі жағында орналасқан.
13. Жамбас сүйектері сегізкөз, құйымшақ омыртқаларының тұйықталып қосылуынан жамбас астауы пайда болады.
14. Қылқанды қашықтық, сан сүйегінің үлкен ұршықтарының аралығы-31см.
15. Оң және сол жақтағы шат сүйектері шат байламы арқылы қосылып, жамбас астауын тұйықтайды.
6. Ұршық дистанциясы, мықын қырларының ең алыстағы нүктелерінің аралығы.
17. Аяқ басының сүйектері төрт топқа бөлінеді.
18. Табан сүйектері қатар орналасқан, 5 түтікше сүйектерден тұрады.
19. Бақай сүйектері қолдың сүйектеріндей үш сүйектен тұрады.
20. Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болған.