13.Кіші жамбас астауында орналасатын мүшелер
а) мықын ішек, қуық, жатыр
б) тік ішек, мықын ішек
в) ішкі жыныс мүшелері
г) қуық, тік ішек
+д) қуық, ішкі жыныс мүшелері, тік ішек
14.Тілерсек сүйектерін ата
+а) топай, өкше, 3 сына, қайықша, текше
б) өкше, текше, табан, тізе
в) тізе, балтыр, сан
г) мықын, шат, отырықшы
д)табан және аяқ басы
15. Түтікті сүйектерді ата
+а) сан, қар, балтыр, шынтақ
б) қар, білезік, жауырын
в) сан, балтыр, мықын
г) шыбық, қар, шат
д) шынтақ, қар, бұғана
16.Түтікті сүйектердің шеттері:
а) диафиз
+б) эпифиз
в) метафиз
д) лордоз
е) кифоз
17. Рubis-
+а) шат
б) мықын
в) отырықшы
г) сан
д) балтыр
18.Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерін ата
а) балтыр, мықын, шат
+б) сан, балтыр, аяқ басы
в) тізе, сан, шынтақ
г) сан, балтыр, қар
д) мықын, шат, отырықшы
19. Мықын сүйегінің құрылысы
а) қанатымен қылқандарынан
+б) қанаты, артқы және алдыңғы қылқаны, денесі
в) екі тармақтан, денеден
г) тармақ, қанат,денеден
д) ұршық ойысынан
20.Балтыр сүйегіне не жатады?
а) сан және тізе
б) кіші жілік және қар
в) шынтақ және шыбық
+г) кіші жілік және үлкен жілік
д) сан және балтыр
Тақырыбы: Бас қаңқаның ми сауытының сүйектері. Бет сүйектері. Бас қаңқа сүйектерінің қосылыстары.
Бас қанқасы екі бөліктен тұрады: ми және бет. Ми бөлігінің сүйектері: маңдай, төбе, шүйде, самай, сынатәрізді, торлы. Бет бөлігінің сүйектері: бет, жоғарғы жақ сүйек, төменгі жақ сүйек, желбезек, таңдай, мұрын, көзжас.
Маңдай сүйек – тақ, төрт бөлігі бар: қабыршақты, екі көз, мұрын. Қабыршақты бөлігі екі беттен тұрады: сыртқы – дөңес, ішкі – ойыс. Дөнес бетінде екі төмпесі бар. Қабыршақты бөлігінің төменгі жиегі көз үсті жиегі деп аталады. Осы жиекте артериялар мен нерв өтетін көзүсті тілігі бар.
Көз бөліктері, төменгі ойыс бетімен – көз ұясына, жоғарғы бетімен бассүйек қуысына қараған, ал артқы жиегімен сына сүйегімен байланысқан. Төменгі беті көз ұясының жоғарғы қабырғасын құрайды.
Мұрын бөлігі көз бөліктерінің арасында орналасқан. Осы жерде маңдай қойнауының тесіктері бар.
Төбе сүйегі – жұп – төрт қыры: маңдай, шүйде, төбе, самай; төрт бұрышы: алдыңғы –латералды, алдыңғы-медиалды, артқы - латералды, артқы- медиалды; екі беті: сыртқы - дөңес, ішкі – ойыс бар. Ойыс беттерінде тамырлар өтетін сайлар бар. Төбе сүйектерінде екі төмпешік бар.
Шүйде сүйегі – тақ, төрт бөлігі бар: қабыршақты, негізгі, екі латералды. Қабыршақты бөлігінің екі беті бар: сыртқы - дөңес, ішкі – ойыс. Сыртқы бетінде ортаңғы шүйде төмпешігі, тігінен орналасқан ортаңғы шүйде қыры, көлденең орналасқан жоғарғы және төменгі сызықтар бар. Ішкі бетінде бір тігінен және бір көлденең қырлар бар. Қырлардың ортасында ішкі төмпешік орналасқан. Латералды бөліктерінде бірінші мойын омыртқаға бекитін айдаршықтары бар, негізгі бөлігінде сопақша ми жататын ылдиы бар. Осы төрт бөлігі үлкен шүйде тесігін түзейді.
Самай сүйегі – жұп, үш бөліктен тұрады: қабыршақты, дабылды, тасты. Қабыршақты бөлігі жұқа, сыртқы және ішкі беттері бар. Ішкі милы бетінде мидың іздері, саусақтық батыңқылар, сай бар. Сыртқы бетінде бет өсіндісі, дабыл бөлігінде сыртқы есту түтігі орналасқан. Тасты бөлігінде пирамида бар. Пирамиданың үш беті бар: алдыңғы, артқы, төменгі. Пирамиданың ішінде ішкі құлақ, артқы бетінде ішкі есту тесігі орналасқан. Пирамиданың ұшында үшкіл нервтің түйіні орналасатын шұнқыр бар.
Сына тәрізді сүйегі- төрт бөліктен тұрады: дене, жұп үлкен қанаттар, жұп кіші қанаттар, жұп қанаттәрізді өсінділер. Дене бөлігінде түрік ертоқымы орналасқан. Түрік ертоқымының түбінде шұңқырда гипофиз орналасқан. Шұнқырдың үстінде түрік ертоқымының арқасы бар, дененің ішінде қойнау тесіктері бар. Кіші және үлкен қанаттардың арасында жоғарғы көз жырығы орналасқан. Бұл жырық көз қаңқасына ашылады. Кіші қанттардың түбінде көз өзегінің тесіктері бар. Бұл тесіктерден көз жүйкесі өтеді. Үлкен қанаттардың үстінде сопақша, біз тәрізді, дөңгелек тесіктер орналасқан. Қанатша өсінділер екі табақшалардан тұрады: медиалды және латералды.
Торлы сүйегі- тақ, тік және көлденең табақшалардан түзілген. Тік табақшасы мұрын қуысын екіге бөлуге қатысады, әтеш айдаршығы бар. Әтеш айдаршығына мидың қатты қабығы бекиді. Көлденең табақшасында ұяшықтар, ауа қойнауы және иіс сезу нервісі өтетін тесіктер бар.
Жоғарғы жақ сүйегі- жұп, денесі және төрт өсіндісі бар: маңдай, бет, таңдай, альвеолярлы (тіс ұясы). Денесінің алдыңғы және артқы беттері бар. Алдыңғы бетінде көзасты тесігі орналасқан. Денеде гаймор қойнауы орналасқан.
Төменгі жақ сүйегі – бас сүйегінің қозғалмалы тақ сүйегі, денесі және екі жұп тармағы бар. Денесінің алдыңғы және артқы беттері, жоғарғы және төменгі жиектері бар. Денесі және тармақтар бұрыш түзейді. Тармақтардың алдыңғы және артқы өсінділері бар: алдыңғы тармақ – тәждік, артқы – айдаршықтық. Екі өсіндінің арасында ойыс бар. Денесінде үшкіл нерв өтетін өзек бар. Өзектің кіреберіс тесігі артқы, ал шыға беріс тесігі алдыңғы бетінде орналасқан.
Мұрын сүйегі - өзінің жұптасына жанасып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді.
Көзжасы сүйегі - көз шарасында медиалды қабырғасының құрамына кіреді, көз жас жүлгесі бар.
Желбезек - тақ, мұрынның сүйектер пердесіне енетін төртбұрышты табақша сүйек.
Бет сүйегі - жұп, бет сүйектерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол өз арқылы маңдай, самай, және жоғарғы жақ сүйектерінің өсінділерін тұтастырып тұрады.
Төменгі мұрын қалқаны - жұп сүйек, мұрын қуысының бүйір қабырғасына бекіп, ортаңғы мұрын жолын төменгі мұрын жолынан бөліп тұрады.
Таңдай сүйегі - жұп, бас қанқасындағы қуыстардың түзілуіне қатысады.
Тіласты сүйегі - төменгі жақсүйек пен көмей арасында, тілдің астында орналасқан, доға пішінді, денесі, үлкен және кіші жұп мүйізшелері бар. Тіласты сүйегіне тіл бекіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |