4. Үйлестіреді және жүргізеді: ∙ қажетті шаруашылық құжаттамаларын;
∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстары мен жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру ісін атқарушы сырт ұйымдар өкілдері қызметін;
∙ бухгалтериямен бірлесе отырып материалдық жабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;
∙ техникалық персоналдың жұмыс уақыттарын есепке алуды;
∙ мемлекеттік сатыр алу жөніндегі шарттарды.
5. Басқарады: ∙ шаруашылық қызметін;
∙ территорияны көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;
∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарын;
∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының ынталандыру жүйесін жүзеге асыруды.
6. Бақылайды: ∙ кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының сапасын;
∙ материалдық жабдықтау көздерінің (жиһаздар, жабдықтар, материалдар, су, электр және жылу энергиялары, шаруашылық қажеттеріне бөлінген қаржы қаражаттары және т.б.) тиімді жұмсалуын;
∙ білім беру процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі оқыту құралдарының қауіпсіздігін;
∙ шарт бойынша жүргізілетін жөндеу, техникалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарының сапалы және дер кезінде атқарылуын;
∙ бухгалтериямен бірлесе отырып материалдық жабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;
∙ ғимаратының, жабдықты орындарының, сыныптарының, оқу кабинеттерінің, шеберханаларының, спорт залының, басқа да орын-жайлары мен мүліктерінің, медициналық кабинеттің, асхананың, буфеттің тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сәйкес тиісті техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайда ұсталуын, қажетінше күтім жасалуын;
∙ судың, электр энергиясының, жылудың жұмсалу шығынын есептеу приборлары көрсеткіштері негізінде тексеріп, жоғары тұрған және бақылаушы мамандандырылған ұйымдарға белгіленген нормамен сәйкестік жөнінде салыстырып тексеру актісін тапсырады.