Директордың тәрбие ісі жөніндегі «Ә. Махутов атындағы мектеп-балабақша орынбасары: кешені» кмм-нің директоры



бет4/6
Дата29.09.2022
өлшемі89,5 Kb.
#151080
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жылдық тәрбие жоспары Кобенгалиева Р

ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелу;

  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

  • Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамыуна ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтаенуін барыша дамыту бейімділіні қалыптастыру;

  • Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлері радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

  • Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру;

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ:
Білім беруідің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі ролінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазіргі білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үрдісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адамтұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік – рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рол жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет