Совет одағы тарағаннан кейін, комбинат жабық тендер арқылы Индияда туған миллиардер Лакшми Митталға сатылды. Өндірістік нысан мен Қарағанды өңірінің шахталары Митталға тиесілі "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының иелегіне кіреді.
Теміртау құрылыс алаңындағы жағдай 1959 жылғы оқиғадан кейін өзгерді. Өмір сүру жабдықтары жақсарып, баспана мәселесі шешіле бастады. Күзге қарай шатырлы қалашықты алып тастады. Теміртауда тез қарқынмен инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлер салына бастады. Спорт алаңы мен мәдениет сарайы пайдалануға берілді. Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын саналған металлургиялық комбинаттың алғашқы өнімі 1960 жылы шықты.
1979 жылы 31 мамырда КОКП ОК Саяси бюросының «Неміс автономиялы облысын құру туралы» №153/ХІ қаулысы қабылданып, осы шешім негізінде ҚазКСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің Президиумдары Жарлықтарының жобалары мен ҚазКСР-нің құрамында неміс автономиялық облысын құру туралы заңының жобасы қоса даярланады.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Еділ бойындағы Неміс автономиясы таратылып, сондай-ақ Саратов және Сталинград облыстарынан 1941–1942 жылдары барлығы 1 209 мың неміс Қазақстан мен Сібір жеріне көшірілді. Оның 420 мыңдайы қазақ даласына қоныстандырылды. Олар 1955 жылдың желтоқсанына дейін арнайы комендатураның қатаң бақылауында болды.
Қазақстанда неміс автономиялық облысын құру идеясының тууына бірінші кезекте 1970 жылдары батыс Германияға немістердің жаппай көшу үрдісі түрткі болды.
Немістердің Германияға жаппай көшуіне бұрынғы автономиялық республикаларын қайта қалпына келтіру мүмкіндігінен жыл өткен сайын үміт үзуі себеп болды.
1976 жылдың тамыз айында КПСС Орталық комитеті СССР КГБ-сының бастығы Юрий Андропов басқарған бір топ жауапты қызметкерлерге неміс автономиясын құру туралы ұсынысты даярлауды тапсырды.
Екі жылдан соң жұмыс тобы тиісті шешім қабылдап, немістерге Қазақстанда автономия беру туралы ұсыныс жасады. Автономия орталығы ретінде Целиноград маңындағы Ерейментау қаласы таңдалды. Автономияның аумағы 46 мың шаршы километр, 202 мың тұрғыны болады деп жоспарланды. Автономиядағы алғашқы немістердің саны 30 мың болып, содан кейін біртіндеп көбейтілетін болды.