Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдердің ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың даярлық арнайы үлгісі оң қабылданды. Оны енгізудің мақсаты құзыреттіліктің мотивациялық, танымдық және еріктік компоненттерін, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында АКТ-ны пайдалануға деген оң көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Эксперименттің анықтаушы кезеңі 2014 жылы өткізілді. Оның аясында төмендегі нәтижелер алынды:
–студенттердің танымдық қызметті белсенді жүргізудегі психологиялық ерекшеліктері талданды (жұмыс қабілеті мен шығармашылығын бағалау);
–студенттердің, атап айтқанда, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогикалық қызметінде АКТ-ны қолдануға көзқарасы тексерілді;
–болашақ мұғалімдердің АКТ-ны қолдану құзыреттілігінің деңгейі анықталды.
Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі бойынша (2014-2017):
–педагогикалық ЖОО студентерінің АКТ-дайындығын қалыптастырудың дидактикалық жүйесі іске асырылды;
–студенттердің бойында инклюзивті білім беру ортасына арналған АКТ- құзыреттілікті қалыптастыру бойынша арнайы курс бағдарламасы ендірілді;
–студенттердің инклюзивті білім беру жағдайындағы мектептің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ-ны қолдануға оң көзқарасын қалыптастырылды.
Студенттерден сауалнама алу қорытындысы бойынша, студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде АКТ-ны пайдалану мүмкіндігін жақсы қабылдайтыны және инклюзивті білім беру жағдайында қолдануға болатын АКТ-ны кең ауқымда оқып-үйренуге бағытталған арнайы курсты енгізудің оң жақтарын көрсететіні анықталды.
Қатысушылардың 100%-ы өздерінің әсіресе арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, компьютерде жұмыс істеу кезінде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере алмайтынын мәлімдеді. Студенттің ақпараттық-коммуникациялық құралдар туралы хабары қанша көп болса, оның оларды өзінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындық деңгейі де сонша жоғары болатыны анықталды.
Педагогикалық тәжірибеге 120 адам – «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының біліктілігі бойынша бакалаврда оқып жатқан студенттер қатысты.
Тәжірибелік топтағы студенттер дәріс материалдарымен танысты, тәжірибелік дәрістерді өтіп, онда үлкен көлемдегі ақпараттық-анықтама материалының көзі, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларды дамытудың әмбебап құралы ретінде арнайы мүмкіндіктері бар заманауи АКТ-ны пайдалануды үйренді. Тәжірибе барысында факультативтер, жеке-дара кездесулер, іскерлік ойындар, педагогикалық жағдаяттар, ғылымиғаламтор- конференциялар және шығармашылық жұмыстар өткізілді.
Бақылау тобы АКТ құзыреттілікті қалыптастырудың арнайы курсын оқып- үйренбеген студенттерден құралды. Олар ЖОО-ның табиғи жағдайында болды, информатика мен басқа да пәндерді оқыды, білім беруде АКТ-ны пайдалануға арналған әдеттегі жоспарлы шараларды іске асырды.
Тәжірибе нәтижелері бақылау тобының студенттеріне қарағанда, эксперименттік топтағы қатысушылардың АКТ құзыреттілігі әлдеқайда жоғары екендігін көрсетті. Эксперименттік топта басым көпшілігінің инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сыныптарында АКТ мен жұмыс істеуге функционалдық дайындық деңгейі бар. 12 %-ғы жуығы жүйелілік деңгей даярлығына дейін қол жеткізді, бұл инклюзивті педагогтың дамыған ақпараттық мәдениетімен шамалас. Бұл ретте бақылау тобында жартысына жуығы қарапайым деңгейде қалды, ал жүйелілік деңгей 5,2 %нәтижелер көрсетті.
Осылайша, жүргізілген педагогикалық эксперимент пен оның әрбір кезеңінің талдау нәтижелері арнайы дайындалған оқу бағдарламасының тиімді болып шыққанын дәлелдеп берді. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері педагогикалық эксиериментке ұсынылатын оқу бағдарламасын жасауға негіз болды. Педагогикалық экспериментте өз кезегінде жүйеленген теориялық тұғырымыздың сенімді екенін дәлелдеді.