қорытындысы
Шапшаңдық – оқушы үлкен өнімділікпен жылдам жұмыс жасайды. 12 сурет салынады. Бағалау – әр сурет үшін бір ұпайдан. Мүмкін болатын ең жоғары ұпай – 12.
Икемділік – оқушының түрлі идеялар айтып, өз көзқарасын өзгертіп, заттарға жаңаша қарауына қабілеттілігі. Бірінші өзгерістен бастап санағанда әр өзгерген сурет категориясы үшін 1 ұпай (4 мүмкін категория бар). Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 11.
Ерекшелік — оқушы жабық шеңберді елемейді, ол оның сыртына да, ішінен орын алмастыра сурет салады, стимулдық фигураны барынша суреттің бір бөлігі етуге тырысады. Әр ерекше сурет үшін 3 ұпай беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 36.
Өңделгендік — оқушылар жабық шеңберге қосымша бөлшектер қосады, асимметрия мен бейненің күрделі болуын көздейді. Әрбір сырттай да, іштей де асимметриялық сурет үшін 3 ұпай беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 36.
Атау — оқушылар тілдік құралдар мен сөздік қорды оңтайлы қолданады. Әрбір мазмұнды, ерекше, суреттің астарлы мағынасын ашатындай суретке 3 ұпай беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 36.
Барлық тест үшін мүмкін болатын ең жоғары жалпы жиынтық көрсеткіш (ұпаймен берілген)– 131.
Достарыңызбен бөлісу: |