Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет24/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

  • биязі әзіл-сықағы, өткір мысқылы қалай көрінді, бұл жөнде Гогольге ұқсастығы бар ма? деген сұрақтарға жауап бермекпіз. Алдын ала ескерте кетелік, Ғабиттің Гогольге де, басқаға да ұқсастығы бар, бірақ өзінің өмірге сығалай қарап, сынай түйреп отыратын әдісі күшті көрінген, бұл әдісіне өткен уақиға да мол мүмкіндік бергендей.

Ең бірінші – Ғабиттің жағымды кейіпкерлерінен көрі жағымсыз кейіпкерлері әлді шыққан, оның үстіне жағымдылары өте аз да әредік бой көрсетеді. Патриархалдық-феодалдық ру дәуірінің анайы – ахмақ өкілі Жұман бай, ал жаңа төбесін көр-

сеткен сауда капиталының иесі зымиян сұмырай Игілік көрінеді. Бұларға сай орыс елінен Рязанов пен Ушаков, татар көпесі Хамидолла шығады. Екінші сатыдағы атқа мінерлер Жұмабек төре, Күреңкөз қожа, өзі болыс, қарташы Ордабай, жылым да зұлым Омар, жалақор Мұсақай т.б. көрінеді. Орыстардан Сикорский, Соколов, Зубовтар алынады. Әйелдерден Айғанша, Күреңкөз қожаның әйелі, аз да болса, елестеп өтеді. Бұлардың бәрі жағымсыз кейіпкерлер. Ал жағымды кейіпкерлер Бұланбай, Сүгірәлі, Жабай, Сандыбай шебер, Байжандар; орыстардан Андрей Быков, Шило қарт, Михайло Неволялар айтылады. Әйелдерден Назыкеш, Күнше, Көпейлер көрінсе, орыстардан Елизавета Быкова, Екатерина Неволялар көрінеді.

Романда аракідік кездесетін өткінші кейіпкерлер жарымес Тілеуке, құлдық бойына сіңген ез Талтаяқтар; тәуірлеу шыққан, алайда, есте қалмайтын Алшағыр, Бәйшегірлерді сөз де еткіміз келмейді.

Осы жерде оқушының ерекше есіне сала кететін бір ойымыз бар, ол осы романда екіжақты көрінетін Байжан мен Сандыбай шебер туралы. Ғабит – бұл екеуіне көңіл бөлмейтін сияқты. Бізше олай емес, жазушы негізгі ойын байқатпай отыр. Бұл – Байжан он жеті мың жылқының иесі Жұманның жақын туысы. Өзі ішінде жүрген қоғам-байды қолпаштайды, осы теңсіздікті Байжан мықты түсінеді. Ол ақымақ емес: «өзің өлгенде осы малдың қаншасын ала кетесің!» /20 бет/ деген ұрт сөзіне ашуланып, Жұман оны

«жынды ит» – дейді.

Кедейдің қызы – он бес жасар күнінде тиген Жұманның тоқалы Көпейді сыйлауы да тегін емес. Байжан Көпеймен өте тату: «Құдай маған екеуіңді қайта піштірер ме еді... қатыны кім, байы кім болуға лайықты екенін көрер еді сонда» – дейді

Байжан. /21 бет/. Ахмақ кісі осылай сөйлей ме? Тіпті Жұманның кім екенін оқушыға анық көрсетіп отырған да осы Байжан образы.

Заманындағы өмір қайшылығы Байжанды келемеж еткендей. Сол шындық түгел көрінген, нанымды кейіпкер – Байжан дер едік. Байжанның екі жақтылығы – замана қайшылығы. Сандыбай шебер де осы Байжанды толықтырып тұрған сом тұлғалы кейіпкер. Гоголь, Крылов, Сервантес, Шекспирлерді оқығандығын автор өзі де тура айтады.

«Әлдененден аса қуанышты жайын жасыра алмай ойнақтап тұрған Сикорский тез қоштасып, тез шығып кетті. Ұзамай, екі қара көктің «Ақ бұйрат» жолына түсіп алып, құйындатып жөнелгенін терезеден көріп:

– Хлестаков! – деді Ушаков ішінен /457 бетте/.

Ендеше, Ғабит Гоголь кейіпкерлерін түгел біледі. Оралдан Рязанов жіберген әулекі ревизор Сикорский Хлестаковтен аумайды.

Сандыбай шебер үйші, ол Игілікке он екі қанат кигіз үйдің сүйегін жасап береді. Ақысына Игілік бай оған он құлынды бие бермек. Бүгін сол малдарын беруге үш айғыр үйір жылқыны Сандыбайдың алдынан айдап өткізеді: торы төбел айғырдың, теңбіл қара көк айғырдың, мақпал қара айғырдың үйірлері бірінің соңынан бірі тізбектеліп өтіп жатады. Сандыбайдың көзі тұнып, есінен айрылады. Сонау Көкшетаудан қаңғырып келген үйшіні Игілік алып та жығады, шалып та жығады. Оның жылқы бергісі келіп тұрған жоқ, тырнағына іліккен сорлы тышқан мен мысықша ойнайды. Қорқау байдың арамза пиғылын Сандыбай түсінбейді, жылқыға қызығып оның есі ауып кеткен. «Енді Игіліктің бар жылқысын түгел көріп, он екі мыңнан таңдағысы келіп

тұрғандай еді...» – деп толғайды автор.

«Екеуін қарадан, екеуін торыдан, екеуін қара көктен таңдасам қайтер еді... Үш айғырды қайта көріп, біреуін таңдап алсам!...» Әрине, құлындарын таңдап алуға болмас... Мырза болғанмен, бар жылқысын түгел аралатпағаны



  • кішкене керек болды...»

Осындай қиқы-жиқы ойлармен Сандыбай алаңдап тұрғанда:

«... Бір қыс біздің үймен дәмдес болып, арба-шанамызды жамап-жасқап берсең, бір-екі құлынды биені қоса алар едің... – дейді де Игілік жүріп береді

/112 бет/.

Бай Игілік өз құлқынын ойлап тұр, оны ердің көгі еткен сормаңдай Сандыбай ұға алмайды.

«Осынша малдың бәрін алып, шексіз байлыққа ие бола қалған» – үйші енді Күншенің Назыкештей қызын өзінің баласына айттырмақ болады.

/Күнше Игіліктің күңі – малайы, Сандыбай сол үйде жатады/.

«... Сүтін басыңқырап құйсаңыз тағы бір шыныаяқ ішер едім»... – деп Сандыбай шыныаяғын еркін ұсынады.

«... Осы мен сіздің қара басыңызға қатты қызығып жүрмін... Құдағиым болсаң, қалай болар екен!... Өзіме тартып, үйші бола ма деп жүрген балам бар еді. Сіздің баладан бірер жасы кіші болар... Бірақ «жас өсер, жарлы байыр» дегендей жетіліп кетеді ғой... Солай емес пе?» – дейді. Күнше енді бір жола таңданып туралап қараса, қонағы оң қолың мақынына қадап алған екен. Бұл да әлдекімге ұқсай қалыпты...»

«Екі құлынды биені қазір беріп кетем. Бірі қара көк, бірі мақпал қара болар, құдай қаласа... Өмірде ұстап көрмеге малың, Игілік жылқысы деп қыза келе» сізді қойып, «сен» деп сөйлеп кеткенін өзі байқаған жоқ».

Келер жылы тағы бір қара көк бие, бір қара бие берем. Менің малымның бір-біреуі бір қызға татиды... Одан арғы жылы бір қара мақпал байтал берем де келінімді алам. Қызыңды ұзатып апарғанда өзіңе бір қара көк дөнен мінгізем...»

«Сиыр-миыр, қой-ешкі дегенді араластырмаймын... бір жақтырмайтын малым...» дейді Сандыбай /114 бет/.

Міне шебер шыққан шындық осы, шын еместің бәрі де әдемі емес! Он саусағынан өнері төгілген шебер үйші Сандыбай сорлы «ақшалы бай, шапталы шай» билеген, кер заманның тепкісіне түсіп, озбыр болыс, оңаза билердің табанына тапталып, зар илеген жан, көз алдында сол сиқысыз дәуір елестейді. Ақыр аяғында маңдайы тайқы Сандыбайға осы еңбегінің сілекейі де бұйырмайды. Он құлынды биенің біреуін сол түні Ордабай болысқа

/Игіліктің баласына/ карта ойнап ұтқызады. Быт-шыт болып, «су-аяғы құрдыммен» бітеді. Міне, күлдіре отырып, еріксіз жылата білудің бір түрі осылай болса керек-ті.Көңілдендіруден көрі, күлдіру өнері қиын. «Жалған әрекет жасап, ержетіп есеймеген жанның жүрегін лоблытуға болады. Мысалы, нәзік сезімнің орнына, даңғаза айқай-шу көтеріп, елді елеңдетуге, жанды түршіктіретін уақиғаның орнына өткінші әулекілік көрсетіп, жұрттың көңілін аударуға болады, бірақ, тұрпайы болса да күлдіру үшін табиғи сергектік, өзіне тән ерекше биязы юмор керек» 1 – дейді В.Г.Белинский.

Жоғарыда келтірілген үзіндінің Гоголь әдісіне ұқсастығы байқалып-ақ тұр, бірақ бас кезінде Мигель Сервантестің Санчо-Пансасы да баттиып көрінеді. Санчо-Пансаға есуас «батыр» Ламанчаның Дон-Кихоты: «Сен маған жолдас бол, қару-жарағымды







1 В.Г.Белинский. Собр. соч. в 3-х томах, том 2, 1948, стр. 593.

ұстап өріп жүр, жорыққа аттаналық! Мендей ердің соңынан ерсең, кейін өзің генерал-губернатор боласың, ауызың аққа тиеді» деп үгіттейді.

Санчо Панса қатты қуанады, алайқайлап әйелімен ақылдасады. Санчо- Пансаның генерал болатынын естігенде әйелі жылайды: «Сен генерал боларсың-ау, мен де мұршам келгенше генералдың өзіне лайық әйелі

/«генеральша»/ болармын-ау! Сол кезде мына қыздарымыздың тағдыры не болмақ? Олар да өз теңіне-генералдарға тиюі керек қой. Міне, сонда есіл қыздарымыз күйеулерімен өздерін тең ұстай алмай, қорлық көре ме деген қаупім бар...» – деп еңірегенде етегі толады. Санчо-Пансаның генерал болуы

«қашпаған қашырдың уызындай» ғой. Дәл сондай-ақ Сандыбай да әлгі Игіліктен алып болмаған малын иемденіп шексіз байып, ісіп-кебеді.

Гогольдің өзі де «Өлі жандарын» жазғанда Сервантестің «Дон Кихотынан» әсер алған тәрізді. Оның үстіне: «Пушкин советовал Гоголю в момент создания им «Мертвых душ» брать пример с Сервантеса»1 – дейді Ф.В.Кельин.

Әрине, Ғабит Мүсірепов «Дон Кихоттың» өзін де орысшадан оқыды.

Қайсысынан алса да үшеуінің әдістері де ұштасып жатқандай. Биязі мысқыл, өткір сықақ бойына әбден сіңген Ғабит Мүсіреповтен Шекспирдің де әсерін аңдап отырамыз. Мысалы: «Омар моланың қасына келіп, атынан түсе қалып, өлікке құран /аят/ оқи бастап еді... Дүние әрекетін түгел ұмытып, ұрып жатсаң қозғалмайтындай мүлгіп отыр... Тепсініп-ақ келіп қалса да, құран оқып отырған адамды Жұман да бас салып сабай алмады. Ол






1 Мигель де Сервантес Сааведра. Собр. соч. в 5-ти томах, том І, Библиотека «Огонек» издат. Правда, М., 1961, стр. 20.

бір құдайға қарсылық болар еді...1 – дейді.

Осы үзіндіні оқығанда Шекспирдің «Гамлеті» есімізге түседі. /Әрине, Ғабит мұсылман діндарларының жөн-жосығын жақсы біледі, сондықтан өз тұсынан да айта алуы мүмкін. Бірақ Жұман заманында – ХІХ ғасырда

«мұсылман діні» Сары-Арқада басқа өңірлерден көрі әлсіздеу еді2.

Шекспирдің шығармасында – Гамлет оқудан келсе, өзінің туған әкесі дүние салыпты, оны өлтірген Гамлеттің дядясі /әкесінің інісі/ Клавдий мұның шешесіне: /Гертрудаға/ үйленіп, Данияға король /патша/ болып отыр екен. Клавдийдің осы қылмысын естіп, әкесінің кегін алуға Гамлет белін бекем буады. Бір күні қылышын жалаңдатып, дядясін жайратуға жетіп келсе, Данияның королы – әлгі Клавдий құдайға жалбарынып, дұға оқып отыр. Сонда: «Прости мне это гнусное убийство!... Ангел спасите!...» деп шоқынып жатқанын көреді. Осы кезде Гамлет:

«Теперь совершить бы все – он на молитве, И я свершу; и он взойдет на небо;

Здесь требуется взвесить;

Отец мой гибнет от руки злодея, И этого злодея сам я шлю на небо,

Ведь это же награда, а не месть»3 – дейді.

Әрине, Жұман Гамлет емес, алайда ашулану дәрежесі бірдейге жақын. Кесіп-пішіп айту, Ғабитті апарып Шекспирге телу өте ауыр, алайда ауыс- түйістен туған үңдестігі де бар тәрізді.

Ордабай үйінде он шақты адам «жиырма бір» ойнап жатыр...




1 Ғабит Мүсірепов. Том 2, «Оянған өлке», Алматы – 1955ж. 86 бетінде.

2 Осы пікірді академик В.В.Радлов айтқан болатын, оны жоғарыда да келтіргенбіз /С.Т./

3 Уильям Шекспир. Том 6, М., 1960, стр. 92-93.

«Бытық бет, семіз қара жігіт Ордабайға әдейі ұттырғаны келіп, оңай «күйіп» кетіп отыр. Бұл кіреші Ыбырайдың баласы – Ботағараға, ол Ордабайдың нөкері болуға құмартып жүрген жігіт.



  • Бас, бас, түгел бас?... Ордабайдың алдында «алтылық» пен «түз» жатыр.

  • Король, король!

Осы крестің королі жаңа ғана бір келіп кеткен сияқты еді, жұрт шуласып жатқанда, сақалы күректей болып, тағы бірі шыға келіпті... Ұтылған жігіт күміс дөңгелектерді Ордабайға қарай дөңгелетіп жіберіп:

  • Орыстар он жетіге алмайды... – деді.

  • Ордабай ақшаны малдас құрып отырған бойы, шалбар балағының астына тықты, сол дөңгелектермен бірге Сандыбайдың көзі де сол балақтың астына кіріп барады...

  • Бәнке алпыс сом! Бір құлынды бие, бас!...

Ой да жоқ, үміт те жоқ, ерік те жоқ, Сандыбай қарғаның тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр.

  • Бастың ғой бәнкеге? дұрыс, ал карта ал!

Нағыз карташылардың әдетінше «әкеттің... Алдың...Сенікі, сенікі!» – деп алдыңдағы ақшаны Сандыбай жаққа қарай ысырып қойып, «ала бер!» – дей отырып, оған екі «балта» бір «ондық» берді де оңай «күйдіре» салды...» /116- 119/ деп суреттейді.

Ғабиттің осы жолдарын оқығанда алатын әсерің, биязы әзіл мен өткір мысқыл арқылы берілген өмір шындығы «Өлі жандарда» көрсетілген карта ойынының әсерінен кем соқпайды. Түп негізіне келсек, карта ойынының өзі де қазақ еліне сырт-

тан келген әсер. Қазақ елінің ежелгі ойыны «Тоғыз құмалақ», «құмар» ойыны

/төрт асықпен ойнайтын ойын/ болатын.

Гогольде ойналатын карта мен Ғабиттің картасында үлкен парық бар, бірақ әдісі бір, оқырманды қытықтайтын әсері де таяу тұрғандай.

Енді бір жерінде – Игілік пен Омар, Күреңкөз қожа мен оның баласы – Кенжеғара, Андрей Быков бар – бәрі Байжан үйінде қонып отыр. Қожекең бүгін Игіліктің қонақ үйіне қонып шықты да, Игілік ар жағынан түнделетіп келіп, Қожекеңнің үйіне қонып шықты. Қожекең жал-жаяға мәз болып аттанады да, Игілік Қожекеңнің үйінде болмағанына бір жасап аттанып еді...»

... Байжанның қолтығынан қос сайтан түрткілеп отырғандай қыл үстінде қылпылдап, қожаның қасындағы кең маңдайлы, қошқар мұрынды, көздерінде ой байқалатын, кесек денелі қара балаға көзін төңдіріп-төңдіріп қойып:

«Игілікпен жақын болғанын қурап бара жатқан қожа тұқымы, өзіңе де теріс болмапты ғой!» – деп қала жаздады да, өз үйінде сыпайылық сақтауға әрең шамасы жетіп, іркіліп қалды...»



  • ... Бір Игілік болмаса, өзге қазақ Қожа қадірін білеміз бе? Мына бір күшігіңіз осынша өзіңізге тартып туар ма? Игілікке тартып би болсын, бай болсын! – деп бітірді. Абырой бергенде Қожекең ол сөздердің астарын аңдамай қалды...»

«Қара бала – Кенжеғара, Қожа мен Игіліктің ортасында қалып еді, Игіліктің аузынан түсе қалғандай қатты ұқсайды екен...»

«Кейбір үйдің балаларында әркімге тартып туатын бір әдет болады... Нағашысына да тартады, нағашысының ауылының кейбір жігіттеріне де тартады. Кейде тіпті... бір қонып

кеткен жолаушыға да тарта салады... Көбінесе дәмдес болған, араласы көп адамдарға тартып туады. Әрине, бұл да құдай ісі ғой, іштегі бала ең алғаш қимылдап қалғанда, шешесінің көзі кімге түсіп кетсе, байғұс баланың соған тартып туатын әдеті де болады... Осы бір әдет бойынша Қожекеңнің жас тоқалынан туған Кенжеғара Игілікке тартып туыпты... Сол бала қазір Игілік пен Қожаның арасына келіп қалғанда ел арасының ондай-мұндайына құлағы түрік жүретін Байжаң жымың қағып, тықыршып кетті!...


  • Қарағым, әкеңе қарай жақынырақ отыр... – деді Байжан аңғартпайтын ойнақылау үнмен...» деп толғайды Ғабит.

Мұндай биязы әзілге келенде Ғабит жеткізбейді. Уақ-түйек көріністермен-ақ кейіпкерлердің бет пердесін сыпырып тастайды. Осында Игіліктің қасындағысын қарақтайтын зымиян сұм екені, тоқалдың көрсе қызар жезөкшелігі, Күреңкөз Қожаның можа болған ынжықтығы, Байжанның әр нәрсеге әуес жітікөз адам екендігі – бәрі де айқын көрініп тұрады... Романның осы арасын оқығанда Гоголь «Ревизорындағы» Артемий- Филипповичтің сөзі есіңе түседі.

«... Судья бар ғой... ол өзі маған әрі ағайын, әрі дос болғанымен айтуға міндеттімін мінезі мейлінше былғаныш адам. Осында Добчинский деген бір помещик бар, өзіңіз де көрген шығарсыз, егер, Добчинский үйінен шыға қалды бар ғой: сол судья соның қатынымен болады, оған мен ант ішуге бармын. Өзіңіз қасақана барып балаларын көріңізші, Добчинскийге тартқан бір баласы жоқ, бәрі де тіпті, әне бір кішкене қызы да аумаған судьяның тап өзі...»1 – дейді.






1 Н.В.Гоголь. Шығармалар, ІҮ том, Алматы, 1953, 62-63 беттер.

Осы жерде айта кетелік – екі елден шыққан екі жазушының ой өрісі де, әзіл әдісі де теңбе тең, алайда, баяндау бағытында айырмасы да сезіледі. Себебі: Гоголь қысқа қайырады, ал Ғабит шұбалаңдау шертеді – мұнысы өз оқырмандарымен есептесуі болар. Ал, екіншіден екеуі екі жанрда жазылған еңбектер ғой, оның үстіне драма ұзақ толғатуды көтермесе керек. Қалайда, бұл екі туынды да өздерінің ұлттық қасиетін жоймақ емес.

Гоголь тәрізді Ғабиттің аузына түскен сөздің қай-қайсысы болса да жанданып кетеді. Оның қолына түссе шәйнек екеш-шәйнек те адамша әрекет жасайды. «Бүйірі қызарған темір пештің үстінде тұрған жез шәйнек шырт- шырт түкіріп қояды» – /25 бетте/ дейді. «Түйенің өркештері де әңгіме соғады:

«Өркештері өсек айтысып отырған екі кемпірдей» – /223 бет/ дегенді айтады. Жұманның қара ала төбеті де адамша толғанып, итше ойлайды. «Аллаға шүкір, лық тойдық, леген түбін жаламай да кеттік» – деп ұйқыға беттейді.

«Шамамен айтқанда осыған қарайлас ойлармен ит иесі Жұман бай да ұйқыға кеткелі жатыр еді» /995 бет/ деп түйеді автор.

Қазақтың ұлттық асы, жақсы көретін ежелден дағды алған тағамы – ет қой,1 соның өзін де Ғабит Мүсірепов суреттесе көңілің жеуге шаппас еді.

«Байжан мен Сейіт үйге кіріп келгенде, құдыққа үймелеген қойға ұсап, бастарын төмен салып жіберіп, арқалары ғана бүлкілдеген он шақты адам астау толы етті жәукемдесіп жатыр еді. Жирен мұрты майға малшынып, екі ұрты кезек-кезек бұлтылдап, кезең жалтырап: Омар ашамайдай жаяның сүйегін сүйрей, табақтан сытылып шыға берді... /28 бет/.





1 Кейбіреулет – «бес бармақ» деген сөзді тіркестіріп, әдейі кекетіп «бишбармақ» атаған немесе кейбір адамдар білместік жасап осылай аударған шығар, әйтеуір «тіл бұзаризм» болған да шыққан/ Дұрысына келсек бұл «бишбармақты ең алғаш Орынбор чиновниктері шығарса керек-ті, басқа өлкеге революциядан кейін тарағандай С.Т/.

Ет жеп жатқандар табаққа иін тіресе түйлігіп бастарын көтермейді, шықшыт сүйектері бүлк-бүлк етіп, құлақтары ғана қимылдасып қояды...» – дейді Ғабит.

Осы бір үзінді біраз адамға жақпас та, олардың ұлттық намысына тиюі де кәдік. Алайда, шынайы суреткер Ғабит Мүсірепов көпке мәлім көріністің дәл өзін бұлжытпай берген, ол мұны жазып отырған жоқ, тек суретке түсіріп отыр. Ол – етке қарсы емес, қасқырша жеуді,оңазылықты жек көреді. Осы ет жеу сахнасын оқығанда «Өлі жандардағы» Собакеевичтің көк серкені

/осетрді/ түп-түгел жалмап қойғаны есіңе түспей қоймайды. Гогольдің

«күзетшіге битін сықтыруы да» дөрекілік жағынан осыған жақын ғой, оны да Фаддей Булгерин тәрізді патша сарайында жүрген, телімсіген кербездер жақтыртпапты.

Ғабит Мүсірепов биязі әзіл түбі – әзіл, ащы мысқыл – арты қышқыл сөз тіркестерін шебер береді, солар арқылы талай бітеу жараның аузын ашады. Жалқаулық, жарамсақтықтың, жалақорлық-арызқойлық сияқты – неше алуан жатып-ішер азғындықтың бәрін түйрейді.

Ғабит Мүсірепов «ірі» сөздерді іздемейді, оның бір сөйлемінің ішінде бір сөз бірнеше қайтара айтыла да береді: «Астыңғы ернін тілімен тіреп алып, аузымен дем алады» /229 бет/. Осы сөйлемдегі «алып», «аладылар» кейбір талғампаз нәзік жандарға ұнамас та, бірақ «Өлі жандардағы» Гогольдің кемшілігі тілінде дей отырып, атақты сыншымыз В.Г.Белинский: «Тілдің құндылығы дұрыстығында, тазалығында, қиюласып құрылуында, бірақ бұлай ету, сарылып еңбек істесе, тіпті дарынсыздардың да қолынан келуі кәдік. Ал слог /сөз саптау/ – бұл өзі талант, шалқыған ой. Слог – бұл білініп тұратын бедер, ойдың қолға ұстатқандай айқын түрі, слогта адам түгел көрінеді,

слог әрбір адам, жеке-жеке кейіпкер тәрізді үнемі елден ерек оқшау тұрады»1



  • деген болатын. Бойына туа біткен осы әдісінің зардабынан Ғабит Мүсірепов асқақ жанды ұнамды кейіпкердің бейнесін, нәзік туған әйел кескінін беруде орашолақтау соғады. Алғаш Назыкеш пен Жабай арасында, соңынан әлгі Назыкеш пен Сейіт ортасында болған махаббат күйін шерткенде Ғабит ылғи кібіртіктеп отырады, табаны тасқа тигендей қымсына береді, сүйіскен жарларды бетпе-бет сөйлестіріп, іштері толған түйткіл- түйіншектерін оларға ақтартпайды. Емешесін құрытып, зар-күйін тәктірмейді, олар – «алқымдасып, мауқын басып...» оқырмандарды тебірендіретін сатыға шыға алмайды, Бұланбай мен Көпей екеуі біріне-бірі

«әдейіден» туған әреңмен жымиятын...» /337 бет/ тәрізді. Мысалы, Абай мен Тоғжанның боранда кездесуі, ең алғаш тоғайда жолығысуы, артынша «Серек құлақ» ойынында ағаш ішінде құшақтасуы: ең соңында Салтанат пен Абайдың Семейдегі қарындасы Мәкіштің үйінде шәй үстінде толғанысуы Ғабитте жоқ.

Осы екеуі де қазақ әдебиетіндегі кесек бейнелер. Оларды салыстыру мүмкін де емес және қажет те емес. Ғабит қаламынан шыққан «Қасқыр жыландай жүйткіп жүрген» жас тоқал Мұқанда жоқ. Екеуінің сөз саптауы да, оқырманға беретін әсері де екі бөлек.

Ғабит шығармааларындағы, біздің көзімізге түскен осалдықтың төркіні де өзіне тән әдісінде жатыр. Әзіл-сықақ араласқан махаббат толқыны қашан болсын әжуаға ұшыраса, мешеу тартады. Ұнамды кейіпкерлердің де әлсірей беруі осы әдістен туады. Гогольдің де әйел образдары, тап осы тауқыметті басынан кешірген болатын. Әңгіменің бәрі алған әсерде және жазу-




1 В.Г.Белинский. Собр. соч. том 2, М., 1948, стр. 604.

шының өз бойына біткен әдісінде болса керек-ті.

Осы күні біраз сыншылар Ғабит Мүсірепов та Горькийдің әсері күшті деседі. Әрине, әсері бар екеніне біз де мойындаймыз, бірақ ол қай дәрежеде екенін зерттеп көрелекші.

М.Горькийдің «Ана» атты әңгімелерін Ғабит ертеде-ақ аударған және оны өте сүйген кісі. Бірақ Горький әдісі – романтикалық сарында, асқақ жандарды, құлпырған өмірді суреттеуде алдына жан салмайды. Ол – көркем жазудан көрі, кейде көсем әдебиетке – философияға бой ұрып отырады. Мұның туындыларында әзіл-қалжың, мысқыл-мазақ көрінбейді. Ал, кернеу тіршілікке сынап-мінеп, сығалай қарау, қалжың-әзілдің уыты араласу, кейіпкерлердің еңсесін көтертпейді. Сондықтан көлденең күлкі, әзіл сықақтан қол үзе алмайтын Ғабит Горькийге жақындамайды. Негізгі себебі сол, «әзілдің түбі – зіл» демекші, бұл Ғабит әдісі кейіпкердің жалынды жанын жасытып, өмірдің өресін тарылтып, қожыратып жібереді.

Бір кезеңде Гогольді сүйіп аударған Мұхтар Омарханұлы Әуезов сол Гогольден мүлде әсер алмады деу қателесумен бара-бар. Мұхтар Әуезов қазақ тіліне У.Шекспирді де /оның «Отеллосы» мен «Асауға тұсауын»/, Л.Н.Толстойдың да /«Той тарқарын» – «После бала»/, А.П.Чеховты да

«Аққасқасын» /«Белолобый»/ И.С.Тургеневті де «Дворян ұясын» –

/«Дворянское гнездо»/ тағы басқаларды да аударды. Ендеше олардың да әсері Мұхтар Омарханұлы Әуезовқа тимей қойған жоқ. Айта берсек Мұхтар Әуезовтан классикалық шығыс әдебиетінің де, Батыс Европа әдебиетінің де элементтерін табуымызға болады. Оның арқалаған жүгі өте ауыр. Алайда, негізгі әдісін ойын түю желісін алғанда, ол Шекспир мен Л.Н.Толстойға таяу тұратын тәрізді. Күрделі ойды күрделі сөйлеммен басқыштап құрауы да Л.Н.Толстойдан оны алыстатпайды.

Біздің қазақ әдебиетінде өткен ұлы адамдарымыздың өсу жолында орыс халқының қандай әсерлері болғандығын баяндадық. Махамбет Өтемісов, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсіреповтарға әліміз келгенше, аялдап өттік. Орыс елінің әсері алғаш сырттай келіп, сонан бірте- бірте тереңдей түскенін дәлелдегендей болдық.

Екі ел көршілес отырса ең әуелі жеке-жеке сөздер ауысады екен, басқыштай келе жалаң сөйлемдер, соңынан күрделі сөйлемдер – іргелі ойлар да келіп кіретін тәрізді. Мысалы, самаурын /самовар/, шәйнек /чайник/; ыстақан, стакан – /орыс тіліне бұрын түркі тіліндегі «тостағаннан» өзгеріп ауысқан болатын. Кейін біз орыс тілінен қайта алғанда өзгертіп қолдансақ керек/; зәйімке – заемка, ушәшке /участок/; орыс /русь/; божы /вожжи/; бәтіңке /ботинки/; картапия, картоп /картофель/; мәтке /матка – үйдің төбесін ұстап тұратын жуан бөрене/; бөрене /бревно/; /карта ойынындағы төрт

«мәтке» де «маткадан» шығады/; бөтелке /бутылка/; үстел /стол/; не жолы

/неужели/ тағысын тағылар. Қазірде жеппелей кіріп жатқан терминдер, сонымен қатар жеке-жеке сөздер адам айтқысыз. Мысалы, трактор, комбайн, бульдозер, космос, космонавт; колхоз, совхоз тағысын тағы. Орыс тілі де бізден азғантай алып отырған жоқ. Қоян-қолтық алысып, мидай араласқан дәуірде осының бәрі заңды.

Ескі қазақ тілінде күрделі сөйлемнен көрі жалаң сөйлем көбірек болатын. Көне қағида бойынша қазақ сөйлемінің бастауышы алдында, баяндауышы соңында тұратын.

Бұл күнде әлгі қалыптасқан грамматикалық нормаға да зор-зор өзгерістер еніп отыр. Бір кезде оғаш көрінетін жәйт-


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет