Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет23/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

б) Мұқтар Омарханұлы Әуезов

Мұхтар аға жөнінде сөз қозғағанда оны бір авторға тели қою жеңіл емес, өйткені оның творчествосын рухтандырған негізгі бұлақ қазақ елінде өзінен бұрынғы болған қаламгерлер және кейінгі жазушылар еді. Сонымен қатар, ең бірінші кезекте орыс әдебиеті оның бұрынғы және қазіргі замандағы классиктері тұрды, әрине, Мұхтардың арқалаған жүгі өте ауыр, ол Шығысты да, Батыс Европаны да, өз елін де сарқа білген бойына әбден сіңірген саңлақ!

Біз қазақ және орыс халықтарының екеуара қарым-қатынасын сөз еткенде Шоқан мен Достоевскийдің, Сәкен мен революционер жазушы Ф.Березовскийдің, Мұхтар мен Леонид Соболевтің рухани шынайы достығын еске аламыз.

«Біздің бойымызда барлық право бар, тек қана жаман жазу правосы жоқ»



  • деп Леонид Соболев айтқан екен, міне, сол Л.Соболев орыс халқының реалистік мектебінен шыққан көркем сөз шеберінің бірі. Қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін орнатушы ұлы Абай шығармаларын орыс тілінде құрастырған да, сонсоң ол жинаққа кіріспе сөз жазған да Леонид Соболев. Ол қазақ әдебиетінің кейбір шығармаларын аударуға да, құрастырып бастыруға да тікелей араласқан автор. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын, оның бірінші, екінші томын аударған да сол Соболев. Қазақ эпосын орыс жұртшылығына таныстырып, таратқан да Соболев. Ең соңында Соболев М.О.Әуезовпен қосылып, бүкіл қазақ әдебиетіне, жалпы Совет еліне әйгілі «Абай» атты драманы жазды.

«Именно в ней /в драме/ впервые осуществляется сотворчество Ауэзова с русским писателем, которое переросло в многолетнюю личную и творческую дружбу...»

«В творческой дружбе М.А.Ауэзова с Л.Соболевым осуществлялось взаимодействие двух национальных культур, двух в равной степени зрелых художественных индивидуальностей, несущих две различные традиции. Главное чем обмениваются, что дают они друг другу – это большой эпический образ героя, учителя, с каким приходит в эту драму М.Ауэзов и методика психологической разработки подобного образа, какую приносит Л.Соболев»,1 – деп жазды Зоя Сергеевна Кедрина.

Леонид Соболевтің Мұхтар Әуезовпен бірлесіп еңбек жазуы, оның үстіне өз бастарының жеке достығы нәтижесінде орыс жазушысы – өзекті жазушы Л.Соболев, мына біздің Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллиндердің орыс




1 Кедрина З.С. Из статьи «Творческий подвиг» опубликованный в журнале «Дружба народов» №4, 1964, стр. 248.

достарының дәрежесіне көтерілді, басқаша айтқанда ол – Соболев өзінен бұрынғы өмір сүріп қалыптасқан достық дәстүрді одан әрі жалғастырды.

Сонымен, осы екі халық арасында болған ауыс-түйістің енді негізгі арналарына тоқтап өтелікші, соның біріншісі – территориялық жақындық

/көршілестік/, екіншісі – дүние мүлік, мал, товар, ауысуы, солармен бірге ой алмасуы, ал үшіншісі – идеологиялық майдандағы ең негізгісі әдеби ескерткіштердің бір тілден екінші тілге аударылуы тәрізді. Ұғынысудың, достасудың тетіктері осыларда жатқандай. Орыс пен қазақтың туа бойына біткен мінез-құлқы да, кей кезде, біріне бірі ұқсас тәрізді. Бір кезде сырттан қарағандар орыс халқын еріншек ел дескен, бірақ шын қимылдаса орта жолға тоқтай алмайтын, шөре-шөреге көнбейтін ел екені дәлелденді. Октябрь революциясының Россияда жасалуы кездейсоқ уақиға емес тәрізді. Біздің ойымызша орыс халқының мінез-құлқы осы бір кезеңде айқын көрінгендей. Бұл ел-дағдылы жағдайға көніп, қалғанын «тәңріден» күтіп отыратын әйөңкес ел емес, «болса бәрі болсын, болмаса судай ағып, бордай тозсын»

/все или ничего/ – деп қасқия тартатын мінезі бар халық сияқты. Оның үстіне орыс халқы дінді дәріптемеген жұрт деп В.Г.Белинский айтыпты. Осы жақтарынан қарап зерттегенде, қазақ халқы да орыс елінен мінез-құлық жағынан алыс емес тәрізденеді. Ендеше:

«Әр адам жақсы көрер мінездесін, Кісіні хош көрмеген неге іздесін...?!»

Орыс пен қазақтың рухани байланысын аяқтай келіп, әсер алу жөніндегі ойымызды дәлелдеу үшін, ауруханада жатқан

М.О.Әуезовтің көңілін сұрай барған атақты ғалымымыз И.Брагинскийге оның айтқан сөздерін келтіре кетуді орынды көрдік.

«Маған орыс әдебиетінің тигізген әсері жайында, мүмкін сіз де, жазатын боларсыз, – деді М.О.Әуезов. – Рас, ол өте зор, ешбір затпен салыстыруға келмейтін, өте күрделі әсер. Бірақ, оның келелі бағыты қандай, ол көзге қалай көрінеді? Әрине, М.Горькийдің, Л.Толстойдың есімдерін де атарсыз. Бұл да дұрыс. Алайда маған мүлде күшті әсер еткен жазушының кім екенін сіз білесіз бе? Ойлап таппайсыз-ау, ә? Ол – Тургенев қой. Үстірт қараған адамға бұл әсер баттиып көрінбейтін тәрізді. Әдеби әсер ол – жай нәрсе емес, әсер мен еліктеудің жігін аша алмайтын тоғышарлыр, оны қолдарына ұстап алып, жұртқа көрсететін зат деп топшылауы мүмкін. Творчестволық әсер әрбір жазушының жан-сезіміне барып паналайды, оның өз табиғатына айналып, сіңісіп кетеді, ол әсердің көзге түсетін айырықша жолы болады, бірақ оны

қырағылар ғана көре алады. Міне, Тургенев әсері де осы сияқты, мен оны жас күнімнен бастап-ақ ерекше сүйетінмін»,1 – депті М.О.Әуезов.






1 З.Б.Кедрина. «Творческий подвиг», «Дружба народов», №4, М., 1964, стр. 248. Орысшасы мынау: «Вот будете, возможно и вы писать о влиянии, которое оказала на меня русская литература, - сказал Ауэзов. - Правильно, огромное, ни с чем не сравнимое влияние. Но какой его характер, как оно проявляется? Назовете, конечно, М.Горького, назовете Л.Н.Толстого, и это верно. Но знаете ли, кто оказал на меня самое большое влияние? Не догадаетесь! Тургенев. Вы не смотрите, что на поверхности, может быть, этого влияния не видно. Литературное влияние это не простая вещ, его только упрощенцы думают руками схватить и показать, смешивая влияние и поражение. Творческое влияние проходит где-то в глубине и проникает в самую душу писателя, делается его второй природой и проявляется как-то по своему, по-особому, не всегда заметно для невооруженного взгляда. Вот так и Тургенев, и ведь его-то я больше всех любил смолоду».

М.О.Әуезовтің өз сөзіне сенбеу қиын-ақ, алайда оның туындыларын, әсіресе «Абай жолы» эпопеясын оқығанда Л.Н.Толстой шығармаларындағы кейіпкерлер үнемі көз алдыңнан өтіп жатқандай сезіледі.

Патша заманында отарлау саясатына килігіп, ішкі-тысқы қанаудың тепкісіне түсіп, өзінің «Қазақ» деген атынан айырылып, «Бұратана»

/инородец/ көшпелі «қайсақ» атанып, сүтке тиген күшіктей күңіренген заманда, «Қорданың арасынан шыққан сүйріктей» болып ақын Абай тарихымыздың бетіне қалқып шықты. Өзін-өзі тани алмай, ауыл-ауылға бөлініп, қырық пышақ болып жүрген жәйтті жоюға тырысты, елін ынтымаққа шақырып, өнер-білімге баулыды.

«Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы, Салқын қуыс өмірі я қараңғы.

Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды... » – деді.

Өкініп те, өксіп те айтты. Өз тілімен жеткізе алмасын ұққандай орыс елінің ойшылдарын сөйлетті. И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов сынды дүние жүзілік ұлы тұлғалардың толғауларын таратты. Философ- ғалым, өмір бойы ғылымға сусап, шығыс мәдениетін талмай зерттеп, тандыры кепкен Абай, бері келе емешесі құрып, Батыс мәдениетіне – орыс халқының мәдениетіне бет бұрып, тереңге бойлады.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Абайдан өнеге алып, орыс елінің ұлы мәдениетін меңгере білуге кірісті. Мұхтар аға бірбеткей кетпеді, Октябрь революциясының алғашқы қарбалас дәуірінде орыс жұртшылығында болған неше алуан бағыттардың бәрін де жете тексерді. «Көркем өнер – көркем өнер үшін» /«Ис-

скусство для искусства»/ дейтін бағытты малданып, шынайы тіршіліктен қол үзіп, бетімен лағып Мерешковский мырза мен Гиппиус ханымдар арсалаңдады. «Біз аспанды жырлаймыз, жердегі лас өмірдің қажеті жоқ» деп көңірсіді. Міне, осы бағыттың да түп тамырын іздеп, алғаш зерттеген Қазақстан топырағында Мұхтар аға болды. Бұл кісі сонау жиырмасыншы жылдарда неміс философы Шпенглердің «Закат Европы» /«Европаның сөнуі»/ атты кітабын оқып, декаденттердің ұстазын тапты. Заты, бір есте болатын жәйт – декаденттік бағыт, сол тұстағы өкімет пен жазушының арасына алакөздік туғанда пайда болады деген пікірді Г.В.Плеханов та дәлелдеген. /«Көркем өнер мен әлеумет өмірі»/ «Искусство и общественная жизнь» деген еңбегінде/. Сондықтан да Совет өкіметінен ауа жайылған Мережковскийдің декадент болмауға правосы жоқ тәрізді.

Мұхтар аға бірте-бірте толыса келіп, 1948 жылдарда қазақ ауыз әдебиетін жіліктеді: «Қазақ ертегісі», – деді ол, – есте жоқ ескі замандардан бастап, беріге шейін болған талай ұзақ дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп-көбейіп келген мол дүние. Сонау арғы Үйсін, Қаңлы руларының кезінен санап, Қыпшақ елдігі тұсынан келген көне әңгімелер. Қазақ атты ел құралмастан бұрын, мұсылманшылық кірместен бұрын, ескі руларға түгел ортақ болған ертектер бар. Ол рулар өз уақытында әртүрлі діндердің әсерін көрді... »

«Ескі дәуірлерде дүниеге мәлім болған шабуыл жорықтың бәрі де осы күнгі қазақ жайлаған жерлердің үстінен өткен. Теңіз жолдары ашылғанда Батыс пен Қиыр Шығыс арасындағы сауданың керуен жолы да қазіргі Оңтүстік Қазақстанның көп жерлерін кезіп өтетін болған»,1 – дейді Мұхтар Омарханұлы Әуезов.







1 Қазақ әдебиетінің тарихы. Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы. Алматы, 1948, 58- 59 беттерін қараңыз. /«Ертегілер» атты М.О.Әуезовтің мақаласында/.

Осы үзіндіден де Мұхтар Әуезовтың аз сөзбен көп тарихи жағдайды ескертіп отырғаны анық. Үстіміздегі дәуірдің төртінші ғасырында Гун елінің қолбасшысы Атилла жорығы Жоңғар қақпасы, Сырдария, Каспий /Атырау/ қақпасы арқылы өтті. Жойдасыз қалың қол қанатын жайғанда Сібірден, Байкал төңірегінен қосын жиюы ғажап емес, ендеше тайга тоғайын, терістік Қазақстан өңірін шарпи өтуі де мүмкін. Бұл жорықтың мән-жайы орыс тіліндегі тарихи әдебиетте талай рет зерттеліп, айтылған болатын. Ал, Христафор Колумб, кеме жолын ашқанша Батыс Қытайдан Европаға асыл тас таситын ұлы керуен жолы Иранды басып, біздің түстік Қазақстан үстінен ілгерілі-кейінді өтіп жүргені даусыз шындық. Осы ғылыми тұжырымдардың бәрін де Мұхтар орыс тіліндегі нұсқалардан алғанына шек келтірмейміз. Сондықтан да марқұм Погодин: «Бізге Мұхтар Әуезов Шығыстың Шолоховы, ал қазақтар үшін ол екінші Абай ғой» – деп еді.

Бір күні бір ғасырға татитын революциялық өскелең дәуірде туды Мұхтар аға. Көне дүниенің барлық бай мұрасын бойына сіңірген, жан-жақты ілім- білімге піскен, Мұхтардың бұлай болмауына еркі де жоқ.

Бүгінгі күні қазақ халқының тілінде, әдебиетінде ілім-білімінде де орыс халқының әсері адам айтқысыз. Алда келе жатқан туысқан ұлт әдебиеті – орыс әдебиеті, бұл әдебиетке біз көп жағынан қарыздармыз. Социалистік мәдениеттің өркендеп, гүлденуі жөнінде данышпан көсеміміз Владимир Ильич Ленин айтқан екен: «... нигде народные массы не заинтересованы так настоящей культурой как у нас; нигде вопросы этой культуры не ставятся так глубоко и так последовательно как у нас...»1






1 В.И.Ленин. Пол.собр.соч. издание 4-ое, том 33, стр. 423.

депті.


Сөз саптауы /слогы/ жағынан Мұқтар аға Л.Н.Толстой мен И.С.Тургеневке жақын, тіпті Уильям Шекспирге де жат емес, айта берсең, Мұқтар аға, Алигьери Данте мен Вольфганг Гетені де жатырқамайды.

Бір кезде М.Горький: «Толстой әлемнің алтын қоңырауы ғой» /«звонкий колокол мира»/ деп бағалады. Сонсоң: «Мен Ленин мен Толстойды көрдім, сол үшін бақыттымын» деп Ромен Ролланға хат та жазған сол Алексей Максимович Горький болатын. Осы толғаудың түп негізі И.С.Тургеневте жатқандай. Өйткені 1856 жылы 28 ноябрь күні Л.Н.Толстойға Парижден жазған хатында И.С.Тургенев «Жастық шақтың» /«Детство»/ бірінші бөлімін бітіріпсіз, бұл оңды болған... Егер осы жолыңыздан жаза баспасаңыз, сіз өте ұзаққа шабасыз...»

«Менің «Фауст» деген әңгімем сізге ұнайды деп ойлаймын. Жас кезіңізде, өз қолыңыз өз аузыңызға жеткенше, мүмкін, менің еңбектерім сізге ұнаған да болар, азырақ әсері де тиген шығар /И.С.Тургенев Л.Н.Толстойдан 10 жасы үлкен. С.Т./ Енді сіз мінез-құлықтағы екеу-ара айырмамызды, менің аяғымды шалыс басып, қателесуімді, ойымды жеріне жеткізе алмауымды көре аласыз ғой, сондықтан мені зерттеуден еш нәрсе өнбейді. Сізге өз жүрегіңізді, басқа адамдарды, ұлы жазушыларды зерттеу ғана қалды. Мен өткінші дәуірде туған жазушымын, ендеше, өткінші кезеңде жүрген адамдардың ғана кеудесіне жарармын...» – деген екен.

Өзгені силау – өзіңді силау ғой, мұндай келісімді қылық ұлы адамдарда болған. Олар жақсылықты біреуге қия білген.

Біздің Мұқтар аға пір тұтқан И.С.Тургенев болса, ал

Тургенев мына Л.Н.Толстойды жер-көкке сиғызбаған екен.

«Адам – керуен, өмірі жол, Ешкімге жат із емес, Жолмен көшкен керуеннің, Алды-арты да біз емес» –

деген еді Сәкен Сейфуллин. Ендеше, Мұқтар ағаны да басып озатын келешек буынның тілеуін тілелік.



в) Сәбит Мұқанов
Жаңғырған дәуірдің жалынды жыршысы, мезгіл тынысын, қазақ елінің тіршілігін өз туындыларына арқау еткен қаламгер Сәбит Мұқанов. Қазақ совет әдебиетінің керегесін жайысып, шаңырағына уықтарын шашысқан егде жазушымыз. Ежелден қалыптасып келе жатқан ескі қағиданы тас-талқан етіп күйреткен Октябрь революциясының алғашқы күндерінен бастап-ақ қолына қалам алып майданға белсене шыққан, содан әлі мүдірмей келе жатқан саңлағымыз Сәбит Мұқанов. Ол – еңбекші қазақ еліне көп сыбаға тартып, әлі де берері мол, адал еңбекқор азамат. Сәбит бір сырлы, алуан қырлы кең тынысты суреткер. Бұл кісінің қаламынан төгілген жыр – Совет жыры, еңбекші елдің сыры.

Совет дәуірінде қазақ елінен – еңбекші таптан шыққан табанды ұлдардың бірі. Оның қаламынан поэзия да, проза да, драматургия да, көсем әдебиет саласына жататын очерктер мен мақалалар да жедел туып жатады. «Ойды қысқа қайыру – таланттың туған қарындасы» демекші Сәбит Мұқанов келте қайрылатын ұсақ әңгімелерді де әдебиетімізде қосқан жазушы. Қазақ совет елінің игілігі үшін елу жылдай жалықпай еңбек істеп, үнемі алға ұмтылудан талмаған тарланның бірі де Сәбекең.

Еңбегінің көлемін алсақ жазушы Сәбит – ағылшынның Чарльз Диккенсінен, француздың Александр Дюмасынан /әкесінен/ кем соқпайды. Бұл құрғақ сөз емес, өз ойымыз, әрине, әркім жеткен жеріне жығылады. Осы жөніндегі сүйіншіміз – көне заманда дәурен сүрген данышпан Сүлеймен

/орысша «мудрец Соломон»/ «Адам өлмей бақытты болмайды», – депті.

«Өлгеннің міні жоқ, тірінің міннен құры жоқ» – дейді екен Абай. Сондықтан біздің

бұл сөздеріміз бүгінгі сарынның ауқымынан шалғайырақ та көрінер, бірақ ертеңгі күні айтылатын бағдарамыз осыған келіп тірелер деген ойдан құр алақан емеспіз, өйткені еңбек өлмесе керек.

Әрине, «піскен асты жеуші көп, біткен іске сыншы көп» – осының бәрі замана ырғағының заңды құбылысы. Ескерте кетелік: 1928 жылы /Максим Горький 60 жасқа толған күні – 26 мартта/ француздың көркем де, көсем жазушысы Стефан Цвейг айтыпты: «Достоевский де, Толстой да, Тургенев те өздерінің ұлы шығармаларында орыс халқының жан-жүйесіндегі молдықты

/кеңдікті/ орыс жүрегінің ілгері басып алабұртуын, құмарлана ұмтылуын бізге баяғыда-ақ айтып, анық көрсетіп кетіп еді, ал бүгін біздің алдымыздан бөгде бір есік ашылды – ол – М.Горький, тек қана орыс халқының ішкі жан құбылысы емес, түп-түгел орыс адамын әкеліп өз кескінінде анық көрсетті» – депті. Сондай-ақ, біздің бұрынғы қазақ жазушылары да өмірдің тақсыретін тартқан кедей-кепшіктердің, жарлы-жақыбайлардың жапа шеккендерін, теңсіздіктің тепкісіне килігіп пана таба алмай дағдарғандарын жеріне жеткізіп-ақ баяндаған-ды, бірақ сол сорлылардың басым көпшілігі өз мұң- мүддесін әлемге әйгілеп айта алмай діңкесі құрығандар болатын. Советтік идеяның жыршысы Сәбиттің олардан айырмашылығы бар, мұның кедей Шоқпыты бұрынғылардан көрі жаңарған Шоқпыт. Өз қолы жеткен табыстардың, болып отырған жаңғырулардың барлығы партия басшылығының арқасында туып отырғанын түсінген Шоқпыт. Сондықтан ол:

«Тұқымды кім бергені, Қалайша күн көргені Өзіне айқын Шоқпыттың Бүкіл қазақ халқына Берген оны партия»1




1 С.Мұқанов. «Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары». Алматы, 1950, 132-133 беттерін қараңыз: М.Хасенов. Дәуір және жазушы. «Қазақстан» баспасы, Алматы, 1968, 14-15 беттерде.

дегенді ашық айта алады. Бұл бұрынғы көсеу Шоқпыт емес, қазіргі көсем Шоқпыт. Бір кезде байлардың табанына тапталған қырық жамау Шоқпыт емес, еңбекші елдің шоқтығындай Шоқпыт.

Біздің қазақ халқы әр бұрышта отырып: ақын – Сәбит, прозаик – Сәбит, драматург – Сәбит, өзі сыншы, өзі ғалым, әрі тарихшы – Сәбит, академик- жазушы – Сәбит деседі; халық айтса қалт айтпайды, өзі де осыған ылайық, ал оның үстіне біздің қосарымыз – октябрь революциясының екпінді лебінен туған-жаңғырған заманға сай жаңашыл Сәбит деп атасақ артық емес тәрізді.

Сәбиттің өсу-есею жолы М.Горький дәуірінде, социалистік реализм негізінде қалыптасты. Вл.Вл.Маяковскийдің жалынды жырларынан, совет заманының тегеурінді ақыны атанған үздік ойшыл, өршіл «Совет Одағының азаматынан» шеберлік үлгілерін үйрену арқылы, қазақ совет әдебиетіне өз ерекшелігімен келген ақын – Сәбит. Екінші жағынан Сейфуллиннің саяси лирикасынан алыстамайды. Бұл екеуі қанаттаса, сыбайласа қимылдап, ылғи үндесіп отырды. Тіршілік талабына сай, кезек күттірмейтін күнделік тақырыптарды дер кезінде қамтуға келгенде Сәбең алдына жан салмады.

Қазақ халқында өлең жазбаған азамат жоқтың қасы. Бұл дәстүр басқа елдерде де бар, мысалы, француздың атақты прозаигі Виктор Гюго да, орыс халқының аты шулы сыншысы Николай Александрович Добролюбов та т.б. бәрі де ең әуелі өлеңмен бастаған-ды.

1854 жылы Бірінші Николайдың /императордың ресми рұқсаты бойынша Николай Иванович Гречтің 50 жасқа толған мерекесі тойланыпты, сол кезде 18 жасқа жаңа келген қыршын А.Добролюбов мынадай кекесін өлең жазған екен:

«Вниманием высшего начальства Заслуги ваши почтены;

Достигли вы до генеральства»1

Вас все Российские сыны
Достойно чтут как патриота И как творца учебных книг...

В своих грамматиках без счета Терзали вы родной язык...2


Вы в географии мешали Восток и Запад меж собой3 Фаддея с Гоголем равняли Уча словесности родной...4 Заслугу таких не мог, конечно,

Ваш добрый барин позабыть, – И вот он дал чистосердечно Свое согласие – вас почтить,


Формально громким юбилеем, Как генерала подлецов

«И мы, дескать, ценить умеем Заслуги преданных рабов»5






1 «Нағыз статский советник» деген чинді Н.И.Греч /1787-1867/ сол жылы алған екен. Добролюбов соны нұсқап отыр /С.Т./.

2 Орыс тілінің бірнеше оқулық грамматикасын құрастырған да осы Греч еді.

3 «Учебная всеобщая география» деген Гречтің кітабын айтып отыр, ол СПб. 1838 жылы шыққан, ал екінші басылуы 1844 жылы екен.

4 «Учебная книга русской словесности» атты Гречтің кітабында өзінің ұялас досы, әдебиетті саудаға салып жүрген сұмырай патша үкіметінің арамза тыңшысы Фаддей Булгаринді /1789-1859/ Гогольмен қатар бағалаған екен /С.Т./.

5 Гречтің 50 жасқа келген мерекесін тойлау жөнінде газет бетіне жарияланған Бірінші Николай патшаның ресми рұқсатын айтып отыр /С.Т./.

деген өлеңдерді жазған болатын.

1917-1918 жылдары біздің Сәбең де 17 жасқа жаңа толған-ды, міне,

«Көңілім», «Жалшының зары», «Жұмаштың өлімі» атты өлеңдерін дәл сол мезгілде жазған екен.

Сәбең дарыны өршелене өсті, ол революция жауларына қаймықпай қарсы тұрды, ол күрескер, ол алыстан болжайтын қырағы азамат.

«Менің өмірім күрестің нағыз іші, Сыналатын заман бұл ердің күші, Қазір маған қызықтың керегі жоқ, Көңілдің күрес қана қуанышы»1

Сәбең табиғаттың, бүкпесіз шындықтың дәл өзі! Қазақ халқының сөздерін иілдіріп, бүгілдіріп, қиыннан қиыстырып әшекелемейді.

«Ол кезде бола алғам жоқ рас эстет, Мысқылдап сөйлегем жоқ сөзді де екшеп, Жабайы жұрт түсінер деген тілмен,

Жар салдым, жауды өлтір де, өзің өс!» – деп деуі әлгі пікіріміздің айғағы.

Интернационалист ақын Сәбең ылғи туысқандықты, бауырмалдықты көксейді коммунистік қоғам құрылысын революциялық өршіл сезіммен баяндайды:

«Еңбекші бауырласып, қосып басын, Айырды кімнің досын, кімнің қасын, Қолында Ленин туы – коммунизм Жолына қойды түгел ықыласын»2





1 С.Мұқанов. Толық жинақ. І том, Алматы, 1935, 74 бетте.

2 Т.Нұртазин. «Жазушы және өмір» ҚМКӘБ, Алматы, 1960, 78 бетте.

деген беттен таймады ол!

Сәбит аға асқақ ақын, кеудесін мақтаныш билеп жүйткітіп отыратын жазушы, бірақ ол өзі мақтанбайды, советтік революциялық заманды арқа тұтып соған масаттанады.

«Мен өзгедей емеспін жалаң әнші Мен әншімін: егінші ұста малшы, Өндіргіш қол, тапқыш ми менде ғана, Сондықтан бар табиғат маған жалшы»

деу совет адамының – еңбекші таптың қолынан келмейтіні жоқ дегені еді. Әсіресе «Өндіргіш қол, тапқыш ми менде ғана» – деу де жәй сөз емес, ақынның өзі де емес, – ол – творчестволық еркіндік, еңбек зейнеті, бақытты тұрмыс – бәрі де бір ауызды, бір бауырлас совет елінің қолында деген мағынаны береді.

Сәбит Мұқанов М.Горький мен В.Маяковскийден көп өнеге алды. Маяковский «Я гражданин Советского Союза» деп көтеріңкі сезім, жалынды леппен сөйлейтін болса, Сәбеннің мардамсуы да одан қалыспайды. М.Горький «Мои университеты» – деп жазса, Сәбең «Менің мектептерімді» жазды.

Әдеби шығармалары былай тұрсын, тіпті жеке-жеке сөздерінде де совет дәуірінде қарыштап өскен орыс тілінің әсері өте мол. «Шагом марш»,

«Күннен күшті большевик», «Сөз – Советтік Армия», «Жүрегімді мандат қып», «Поэзия маршалы», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец батыр» тағысын тағы деген өлеңдерінің аттары да орыс тілінен ауысқаны айқын.

Өлеңдерінің текстерінде де орыс тілінің әсері мол кездеседі.

«Се-Се-Се-Р ді етуге бөлшек-бөлшек Ойласа жау.

Олармен күшті өлшеп

Көреміз бүгін Бізде күзет мықты.

Жауға жерден бермейміз Жалғыз вершок!... »

деген жолдарда «СССР», «вершок» сөздерінің орыс тілінен ауысуымен қатар мұнда орыс тілінде жазылған бүтін сөйлем, келелі ой түгел аударылғандай.

«Ни одной пяди своей земли, своей земли, не отдадим никому!» деп И.В.Сталин айтқан-ды.

Әрі қарай Сәбең:

«Майданға «партия» деп аттанайық, Советтік азаматы атқа лайық.

Қимыл ғып, жер шарына фашизмнен Сені біз құтқардық деп мақтанайық» –

дейді.


Күнделік өмірге үн қосып, жаңғырған замандағы жаңа сөздерден жатырқамаған қайраткер Сәбең.

Қазақ халқының сөйлем құрылысында бұрын қалыптаспаған, орыс тілінен келген сөз тіркестері де Сәбит Мұқанов та жиі ұшырасады. Бұл пікірімізді біз «Ботагөз» романынан мысал келтіріп, кейінірек айтып өтпекпіз.

Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде, қазақ тілінің, әдебиетінің даму бағытында Сәбит ағаның қандай рольдері болды, міне біз соны аңғартқымыз келді. Сәбит Мұқанов жалықпайтын жаңашыл ақын. Нағыз интернационалист жазушы. Арқалаған міндеті мол, жүгі ауыр, еңбекші қаламгер ол! Жетпістен асқанша өз Отанына талмай еңбегін сіңірген Сәбиттің өз сөзімен ойымызды түйелік:

«Кешегі қайғылының Алтай бірі, Күн сықылды еместей көрген күні.

Жұрттың күлген күлкісін көтере алмай Ашумен шығып отыр беттің түгі.
Қанша қайрат орнаған жан болғанмен, Бүгін түскен мойынға аз ба жүгі?... »

«Евгений Онегин» романындағы ақын Ленскийді А.С.Пушкиннің өзіне ұқсатқан М.Ю.Лермонтов екен, ендеше, біз де «Сұлушаш» романындағы Сәбит Мұқановтың «Алтайын» ақынның өзіне ұқсатып отырмыз.

«Советтік сөзге қаламы Көрген емес мұқалып, Мұны жазған жазушы Кәдімгі Сәбит Мұқанов».

г) Ғабит Мүсірепов

Адақтап айтқанда, қазақ әдебиетінде орыс әдебиетінің тигізген әсері ұлан-асыр. Қазақ жазушыларының Гогольден әсер алмағаны жоқтың қасы, бірақ Гогольмен әдістес – әзіл сықақтың туын көтерген жазушымыз Ғабит Мүсірепов дер едік. Осы пікірімізді толығырақ дәлелдеу үшін «Оянған өлкені» біраз жіліктеп көрелікші.

Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы кең тынысты, мол жоспарлы шығарма. Жазушының өзіне тән әдісімен үлкен полотно жасаудың алғашқы адымы. Ғабит шығармаларының осы «Оянған өлке» шырқау шыңы десек те болғандай. Бұл романда он тоғызыншы ғасырдың қырқыншы жылдарынан бері қарайғы Сарыарқада болған ояну кезеңі, талай-талай шырғалаңдар қамтылады. Біз сол үлкен уақиғаға арналған романды жан-жақты алып сынағалы отырғанымыз жоқ. Бізге керегі Ғабит Мүсіреповтің өзіне тән әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет