Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет19/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

Жаман аттан боласыз сіз дағы аулақ» – дегенде,

«Құп» деді, оны арыстан қабыл көрді, Қасқырға: «жақсы бақ!» деп жарлық берді. Ала түгіл ағынан тыныш болыпты, Түлкінің айтқанындай қылып еді, Түлкінің айтқаны рас, жұрт ақылсыз;

Көре салды қасқырдан баяғы арсыз. Ант ұрғандық түлкі мен арыстанда

Ол болмаса не қылмақ қасқыр жалғыз» – деп бітіреді Абай. Крыловтың ойын бұлжытпай береді.

Отарлау саясатының тепкісін көрмеген орыс елінің өзекті перзенті – И.Крылов мына езілген бұратана ұлттардың мұң-мүддесін қандай жеріне жеткізе шерткен десеңізші! Өзінің ойына дөп келген ұстазын алыстан ұғып Абай да сарқыла айтқан ғой. Француз, араб елдері аударғанша өздерінше жамап-жасқаса Абай И.А.Крыловтың сөзін де, ойын да ауыстырмай айнаға түсіреді. Осы мысалды оқығанда көз алдымызға көп адамдар елестейді. Николай патша-арыстан тәрізденіп оңаза кейпін көрсетеді, уәзірлері аю мен түлкі болып Бенкендорф, Аракчеевтер тұрады, ал «ала қойлар» – сорлы отар ұлттардың бейнесінде, мына жіберген «қойшылары»: Горчаков, Дюгамель, Кауфман, Перовский, Тройницкий сияқты жандаралдар бейнесінде елестейді.

«Сатира, юмор, ащы келемеж /сарказм/, кекесін /ирония/ осылардың түпкі қазығы жетім бұршағы мысал. Бұл жанр көне Грицияға, ежелгі Қытай, Индия елдеріне баяғыда-ақ кең жайылған болатын. Француздың Лафонтені

/ХҮІІ ғасырда/ шықты. Орыс әдебиетінде Крыловтан бұрын талай мысалшыл ақындар болды, олар – А.Сумароков, В.Майков, И.Хемницер, И.Дмитриевтер еді. Мысалды өмір шындығына жанастырып, сатиралық маңыз берген, сөйтіп, ХІХ ғасырдың орыс әдебиетінде соны бағыт ашқан И.А.Крылов болды. «Басқаларға ұқсап мысалды тек мысал шеңбе-

рінде қалдырмай, оған өткір сатиралық мән берген нағыз данышпан адам Крылов» 1 – дейді В.Г.Белинский.

«Бритвы» /«Ұстара»/ деген мысалында И.А.Крылов декабристердің тағдырын есіне алуы айдан анық. И.А.Крылов орыс халқының ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдерінен, нақыл сөздерінен көп нәр алды, ал бері келе сол ауыз әдебиетінде өзі де мол үлес қосты. Мысалы, «Услужливый дурак опаснее врага» /«Пустынник и медведь» мысалында/, «Ты виноват уж тем, что хочется мне кушать» /«Волк и ягненок» мысалында/ деген тәрізді толып жатқан Крыловтың өткір сөздері қазір мәтел болып тарап кетті. Оның үстіне Крыловтың мысалдарында кездесетін жәндіктер, хайуанаттар, құстар, бақа-шаян бәрі де өздеріне ылайық қимылдар жасап, қаз қалпында қарым- қатынас істейді, ендеше, ол оқырмандарды еріксіз нандырады. Ақымақ аю, мына мекер түлкіге ұқсамайды, өзіне ғана ылайық сөздерді сөйлейді. Крыловтың үлгілі дана ақындығы да өмірді сонша жетік білуінен көрінеді.

И.А.Крыловтың қазақ халқына көп өсиеті сіңді, әлі де аларымыз сарқылмас. «Крылов атай» /«дедушка Крылов»/ деп ұлы мысалшыл ақынын орыс халқының сиынып та, сыйлап та атауы тегін емес, ондай үздік ойлы жанға жұрттың бәрі ортақ.

Орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин де өзінің

«Капитан қызы» атты повесіндегі «Капитан Миронов» образын осы Иван Андреевич Крыловтың туған әкесі – капитан Андрей Петрович Крыловтың бейнесінен алған сияқты.

Ендеше, өнегеліден үйрену, И.А.Крыловтың мысалдарындай етіп, өз оқырмандарымызды тәрбиелеудің даңғыл жолын салған






1 В.Г.Белинский. Полное собр.соч.том ХІІ, М. -Л., 1926, стр. 496.

Абай ғой. «Кінаялап, мысалдап айтқаннан көрі тура айтылғанды жұрт тезірек түсінеді, ал күлкі-келемежді ұғыну үшін үлкен мәдениеттілік, зор білім керек» деп В.Г.Белинский де тегін айтпаған-ды.

Олай болса қазақ елінде кесек туған ақын Абай И.А.Крыловты алыстан таныған екен!

«Абай орыс класситерінен өзіне үндес, идеялас, демократ ақындарды ғана аударады. Екінші, олардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай ұғынды. Солардың кез келген өлеңдерін де аударған жоқ, өзіне керегін алды. Кейбіреуін дәл өзінше берсе, кейбіреуін еркін берді, онда да ойын бұзбады», – дей келіп профессор-академик Қажым Жұмалиев: «Осынша дәл беріп, Абайдың үлкен үлгі тастауына себеп болған үш нәрсе, оның: 1) үлкен таланты; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жәй мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін де терең ұғынуы»; 3) қазақтың өз тіліне де

мейлінше байлығы»1 – дейді.

Әрине, тіл әдемілігі, тіл байлығы дегенді әдетте өмір шындығына байланысты ұғамыз. Өмірді көрсете білген сөз сұлу да, байлықта сонда. Орынды қолданылған, шындықты елестеткен сөздердің бәрі көрікті. Қазақ тіліндегі «Томағалы-Оралдың ақиығы деп бүркітті айтады, жемсауы салбырап тұғырда отыр», «өмілдірік», құйысқандарына күміс шапқан ертоқым» дейтін көнерген сөздерді әдемі дейтіндер бар. Көшпелі тіршіліктің дөңгелене қонған ауылы, ортасында қойға арналған «қотаны» қазір салтымыздан қожырап барады, сол ауылдағы байдың ақ ордасының боса-






1 Қ.Жұмалиев. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі, А., 1948, 176-180 беттерін қараңыз.

ғасында «тұғырда отыратын томағалы бүркіт – «Оралдың ақиығы» тағы жоқ, олардың орнына отырықшы болып еңбекке жұмылған поселкелі ауыл, ит жүгіртіп құс салған сергелдең әмір-аңшылық та қожырап барады. Көне ауыл көшкенде «күміс өмілдірік» күміс құйысқан» салып бір-бір сәйгүлікті ерттеп мініп шаба жөнелетін жалқау тіршілік өзінен өзі жойылды да олардың орнына ақшылықты алты босатып «Москвич», «Волга», «Зимдер» келді. Бұлар тұрғанда анау мешеу тіршілікті көксейтін тірі жанды көре алмайсың, ендеше артта қалған кер заманға құмарту кейбір «тойып секіретіндердің» әуейілік ісі. Бұлардың бүгінгі күнде тек қалдықтары ғана сақталған. Сондықтан әлгі көнерген сөздер сұлу бола алмайды – бүгінгі өмірді елестетпеген сөздер поэзиядан өз орындарын таппаған соң жексұрын көрінуі мүмкін, жұртта қалған бұралқы диалекттер тәрізденеді.

Осылармен қатар тағы бір сарынды сарапқа салып көрелік, өйткені біз өткеннің бәрінен бірдей қашуды қолдамаймыз, ескісіз жаңа жоқ деседі. Мысалы, өзінің бұрынғы тура мағынасында жүректі айнытатын дөрекі сөз –

«қағанақ» та орнын тауып жаңғырса көріктеніп құлпырып сала береді екен:

«... Сенен артқан досы жоқ, Кебісін қойсаң ағалап, Сенен артқан қасы жоқ, Мінін айтсаң шамалап, Мақтай берсең панаң-ақ Мақтамасаң қағанақ»1

деген өлеңнің ішіндегі «қағанақ» жеке айтылса – тұрпайы-ақ






1 Ә.Тәжібаев, «Аралдар», Алматы, 1958, 43 бетте.

қой, ал осы шумақта сол сөз неге сұлуланып тұр? Оның себебі – бұл жерде мүлде жаңғырып кеткен, енді ол көне «қағанақ» емес, ешбір хайуанатты да есіңе түсірмейді, тек қана шытынап сынғалы тұрған, қит етсе, жарылып кетуге дайын менмен адамның мінезін бейнелейді. Ақын Ә.Тәжібаев дұрыс қолдана білген де, ескіні жаңартып, бүгінгі шындықты тура айтқан. Өлеңнің ішіндегі ой ұйытқысы да осы сөзге барып паналайды. «Өз заманында ойшыл ақын, жердің жәндігі емес, аспан ақыны» деп бір ауыздан ұйып тыңдаған патша сарайы, оның жарамсақ топас жендеттері маймылша мәймөнкелеп мадақтаған Владимир Бенедиковтың өлеңдерін қара сөзге айналдырып,

талдап шыққан В.Г.Белинский: «Изысканность выражения всегда может служить верным признаком отсутствия поэзии»1 деген ғой, сол Белинский Гогольдың «кейбір ұсақ кемшілігі тілінде» дей отырып, «Өлі жандарды» асыра бағалады. Ескі классицизм дәуірінде орын тепкен, кейініректе ескіріп босағаға сырылып қалған бұлдыр да бұралқы «ірі» сөздерді тастап, қарапайым қазіргі қоғамда күнде ауызша айтылатын «уақ» сөздерді кәдеге асырғанын құттықтады. Өмір шындығын тайсалмай дәл айта білгені үшін» –

күзетшіге битін сықтырғанына дейін жоғары көтерді. Әрине, Ф.Булгариндер бұл «бит» туралы тыжырана сөйлеп, Гогольды сөгіп те көрген еді.

Олай болса, әдемілік бүгінгі өмір шындығын қазқалпында беруде жатыр.

Мысалы:


«Бір сүйіп, бота көзді құралайды, Таң атты енді жату ұнамайды, – Деді де Алтай тұрды, Сұлу сонда:

«Жүрегім шыдамайды, шыдамайды»2






1 В.Г.Белинский. Полное собр.соч.в трех томах, том І, М., 1948, стр. 161.

2 С.Мұқанов. Поэмалары – «Сұлушаш», 4 том, Алматы, 1956 ж. 112 бетте.

деген жолдардағы әдемілік «ботакөзде де», «құралайда да» емес, мына екі қайыра пысықталған, күнде айтылып жүрген «жауыр» сөз «шыдамайдыда» тұрғандай; өйткені байдың қызы Сұлушаш өзінің жылқышысы – малайы Алтаймен түнде кездеседі. Өзі есік ашып үйіне кіргізген – сағынған ғашық жарын ынтыға сүйген Сұлушаштың түнде ұшырасқанда кенет ойына түспеген сөз, бүгін таңертең келіп түседі. Мауқын басқан ғашық қыз енді суынғандай, әрі қарай осының арты не болар екен, қандай күйге ұшырар екенбіз деген күдік келіп Сұлушаштың алдында тұр. Міне, сонда ғана

«шыдамайды» деген қарапайым сөз орнын табады да оған жан бітіз құлпыра жөнеледі, оқушының жүрегін тербетеді. Академик-ақын Сәбит Мұқанов осындай түйінді кезеңді көз алдыңа алып келеді...

«... Әрбір сөздің өзіңе лайық жаны болады. Көптеген оқушылар, тіпті жазушылардың талайы-ақ сөздің тек қана /этимологиялық/ мағынасына шүйіледі. Заты, сөздің жанын іздеп таба білу керек, ол басқа сөздермен біріккенде ғана жарық етіп көрінеді де кейбір шығармаларды құлпыртып жібереді»1 – дейді, Ги де Мопассан /«Су ішінде» – «На воде» атты очеркінде/. Қорыта айтқанда Абайдың шеберлігі әр сөздің жанын дәл таба білуінен барып шыққан еді. Қалауы табылса қар жанатындай бар сәулетімен

жарқырап контексте көрінеді.

Осы арада шала орысша-шала татарша, шала қазақша тілмен аударылған А.С.Пушкиннің «Капитан қызын» /аударушы Молданияз Бекимов, 1903 жылы/ былай қойғанда, қазақ тілін сор-






1 В.Пушков «Первые встречи» атты мақаласында Сергеев – Ценскийдің аузынан айтқызады. Журнал «Октябрь», №9, 1960, стр. 188.

латпайтын, өлең ережесін жетік білетін С.Көбеевтің «Үлгілі тәржімесін»

/1910 жылы/ ұлы ақын Абай аудармаларымен салыстырып шолып өтелікші. И.А.Крылов «Дуб и трость» десе С.Көбеев оны «Үлгілі тәржімеде»: «Емен ағаш пен тал шыбық» – деп аударады, ал Абай «Емен мен шілік» дейді. Мысалдың атын қойып, өзіне кіріселік. Крыловтың:

«С тростником дуб однажды в речь вошел, Поистине, роптать ты вправе на природу, – Сказал он, – воробей и тот тебе тяжел, Чуть легкий ветерок подернет рябью воду Ты зашатаешься, начнешь слабеть... »1

деген бес жол өлеңін «Үлгілі тәржімеде» Көбеев:

«Бай болсаң дәулетіңді көңіліне алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшің болса, орнымен қыл, Бәрін де беретұғын жалғыз алла.

Үлкен болсаң кішіні кемсінбей жүр, Неге десең ие ғой ол да жанға.

Емен илә шыбықтан сөз басталды, Жақсылар құлағың сап кеңес тыңда! Кей пенде айтып тұрған сөзін білмес! Жақсының ғибратын көңіліне ілмес.

Бір шыбық, бір еменмен бір жерде екен, Екеуі тұрдыдағы құрды кеңес.

Басында әжептәуір әңгіме еді, Аяғы шайтан түртіп болды егес.

Кітаптан көргеннен соң жаза салдым, Қасында тыңдап тұрған біздер емес.




1 И.А.Крылов. Соч. в двух томах. т І, Библиотека «Огонек», М., 1956, стр.38 /Изд-во

«Правда»/.

Емен айтты, – ей шыбық сөзім тыңда,

Болса да тұрмайтұғын өзің құнға...», –1

деп өз бетінше баяндап кетеді, әйтеуір А.И.Крыловтың ұзын-ұрғасын өзінше түсіндіріп шығуға талпынады. Осы «Үлгілі тәржімеден» тура он жеті жыл бұрын Абай былай аударған:

«... Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті, Аллаға неден сорлы жаздың – депті.

Торғайға да майысып солқылдайсың Жел бүлк етсе, тебесің әткеншекті... »2

деп бес жол өлеңді төрт-ақ жолға сиғызып И.А.Крыловты әдемі де дәл жеткізген Абай. Осы бір тексті екі ақынның екі түрлі келтіруі де аудармашының өз қабілетіне, өз талантына сай екендігін сипаттайды. Ақын Абайдың И.А.Крыловты дәл беруі иықтастығын көрсетеді. «Үлгілі тәржімеден» Абай аудармасы бұрын жазылса да артық. Мұның өзі де баяғы талантқа тіреліп жатса керек-ті.

Екінші бір орыс ақыны В.А.Крыловтың:

«Ақ, мне изменила подружка моя, И солнце померкло давно для меня;

Но смерть и покой я напрасно зову –

И с сердцем разбитым живу да живу»3 деген өлеңін біздің Абай:

«Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік, Өмірдің қызығынан күдер үздік;




1 С.Көбеев. «Үлгілі тәржіме», 1910 ж. 4-5 беттерін қараңыз.

2 А.Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, Алматы, 1952, 296 бетін қараңыз.

3 В.А.Крылов. Стихотворения. СПб, 1898, стр. 165-166. Өлеңінің аты «Разбитое сердце»,

«Я видел березу сломилось она»/ деп басталатын осы романстың музыкасы композитор А.Рубинштейндікі екен /Алайда бұл өлең «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...» болады, 199 бетте/.

Жылы жүрек суынды, жара түсті,

Шықпаған шыбын жанмен күн өткіздік...»1

деп аударады. Қандай дәл, қандай көркем тағы түсінікті шыққан десейші! Бірақ «Абайдың прогрессивтік-демократиялық бағыты мықты болды, сондықтан ол /Абай/ Лермонтовты татар тіліне аударған Ә.Юнусовтан, қазақ тіліне аударған Қ.Аманжоловтан анағұрлым артық»2 – деген Сәбит Нұрышевтің пікіріне қосылғымыз келмейді. Совет дәуірінде туып, тәрбие алған Ә.Юнусовтың, Қ.Аманжоловтың демократтық идеясының осалдығында болуы мүмкін емес. Тіпті идеялық жағынан табанды революционерлердің бәрі бірдей ақын болмаған ғой. Оригиналдың идеялық

жағын түсіну, әрине, үлкен қажет, алайда әркім жеткен жеріне жығылып жатқан шығар демекпіз. Абайдай болмадың деп жазғыру да қиын.

Енді Абайдың орыс халқынан шыққан ұлы бейнені – А.С.Пушкинді қазақ еліне қалай әкеп бергенін де айта кетелік.

А.С.Пушкиннің атақты романы «Евгений Онегинді» Абай аударып қазақ еліне таратты. 1889 жылы мынандай үзінділерден жеріне жеткізіп кетті. Олары: «Онегиннің сыпаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты»,

«Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегиннің сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Татьяна сөзі», «Онегиннің өлердегі сөзі», «Ленскийдің сөзінен» деп Абай романды түгел аудармай, өз еліне керегін ойып-ойып алды. Қалайда, Татьяна Ларинаны қазақ аулындағы сүттің «қаймағы» мен

«қапағын» қорек етіп жүрген Тоғыжан мен Салтанат3

тәрізді суреттеді.Өз халқына жат қыз Татьяна емес, ол:



1 А.Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, А, 1952, 199 бетте «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деп басталады.

2С.Нұрышев. «Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен» атты кітаптың қорытындысында, 98-105 беттер, А. 1956.

3 Тоғыжан мен Салтанат М.О.Әуезов жазған «Абай» романындағы кейіпкер әйелдер /С.Т./.

«Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем. Екі сөз жоқ өмірімде,

Мен де сорлы бахыты кем... »1

деп толғайды. А.С.Пушкин айтпаған сөздерді әдейі енгізіп, өзінің төл туындысы, өз мүлкі еткісі келеді. Заманындағы оқырмандармен есептесіп отырады, қажетті кезеңде осылай еркін кетеді. Сөйте отырып, сол тұстағы қазақ ұғымына сай келетін жерлерін бұлжытпай түсіреді: Мұндай сәтті жолдар Абайдан көп кездеседі. Мысалы:

«Другой... нет, никому на свете Не отдала бы сердце я!

То в вышнем суждено свете,

То воля неба я твоя... »2 деген Татьянаның сөзін Абай:

«Өзгеге... ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек, Әзелде тағдыр иеден Қожам сенсің не керек...?»3

деп аударады. Енді бір кезде Онегиннің:

«Предвижу все – Вас оскорбит Печальной тайны свидание.

Какое горькое презрение

Ваш гордый взгляд изобразит... »4 деп Татьянаға айтқан сөзін:


«Құп білемін сізге жақпас Ескі жара білтелеу.






1А.Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, А, 1952, 261 бет. А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалары, 1949, 90 бет.

2 А.С.Пушкин. Сбор.соч., т. ІҮ, М., 1960, стр. 69.

3 А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1949, 81 бет. 4 А.С.Пушкин. Сбор.соч., т. ІҮ, М., 1960, стр. 168.

деп береді.

Ақ жүрегің енді ұнатпас. Мезгілі жоқ қай медеу» –1


Пушкиннің ойын дәл беретін жерінде Абай оның өзінен аудырмайды. Осы пікірімізді дәлелдеу үшін марқұм Құдайберген Қуанұлы

Жұбановтың сөзін де келтірелікші: Дәл 1934 жылы «Әдебиет майданы» атты журналдың 11-12 санында «Еленбеген ерекшелік» деген профессор Қ.Жұбановтың күрделі мақаласы жарқ ете қалды. Ғалым Құдайбергенге ғылым мен сананы «құдайдың» өзі де құлай берген екен! Ол Абайды елге танытты: Сонымен бірге өзін де ерекше танытып еді, қазақ халқының сол кездегі ілгергі сапта жүрген азаматтарын да өзінің темірдей күшті логикасымен мейлінше адал ғылми зерттеу арқылы еріксіз көндірді ол!

Сонда: «Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай сырушылар, оған да місе тұтпай табалдырықтан шығарып тастаушылар2, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр. Ол

/момент/ өз тұсында Абайдың әдебиеттегі үздіктігі...» дей келіп, ана тілін сақтау жөнінде Пушкин екеуінің үңдестігін баяндады.

«Ренессанстың /өршу, қайта көтерілу дәуірінің/ тарихи ірі мәнін айта отырып, сол замана тудырған титандардың бірі Мартин Лютер екенін әйгіледі. Ф.Энгельс: /«Диалектика природы» ГИЗ, 1931, 110 бетте/«Неміс




1 А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалар /қазақша/, А., 1949, 87 бетте.

2 1934 жылға дейін А.С.Пушкинді де жатырқадық. сол бір кезеңде «Пушкин в Динамо» атты Михаил Кольцовтың фельетоны «Правда» газетіне басылды. Сонда: «Динамо» техникумында Пушкин өлеңіне еліктеп өлең жазған бір студент оқудан қуылып, сол студентке Пушкинді мақтап сабақ берген оқытушы ұстазының қызметтен қуылғаны айтылды...

Ақын Абайдан, ұлы Абайдан біз де ат-тонымызды ала қашқамыз. Әрине, арам пиғыл ешқайсымызда да жоқ шығар, алайда түсінбеушілік мол-ақ еді-ау! Міне, Құдайберген аға сол кезеңді түйреп отыр...



прозасының іргесін қалаған Мартин Лютердің тырнақ алды еңбегі «Жаңа өсиетті» /«Новый заветті»/ аударғаны болатын. Оның /Лютердің/ 1521 жылдан 1594 жылға дейін 13 жыл ұдайымен істеген әдеби қызметі

«Тәуретті» /«Библияны»/ неміс тіліне аудару болған. Сонда да оған Энгельс

«тәуретті» неге аудардың деп ұрыспай, тілге сіңірген еңбегін бағалап отыр. Абайдың аударғаны «Құран» емес, Байрон мен Лермонтов, Пушкин мен Гете, Крылов. Өз жанынан жазғандары да дінге қатысы трактаттар емес,

«өткірдің жүзі», кестенің бізі, өрнегін ондай сала алмайтын «сұлу өлең, шешен сөз», –1 деп Абайдың ұлылығын ашып берді.

Қ.Қ.Жұбановтай алғыр да адал ғалым Абайды жан-жақты зерттеді. Мына аударма жөнінде де Пушкиннің сөздерін қалай бергенін бажайлап баяндады. Сонда Пушкиннің:

«Мои сомнения разреши Быть может, все это пустое, Обман неопытной души!

И суждено совсем иное...»2

дегенін біздегі аударғыштарға тікелемейді:

«Шеш көңілімнің жұмбағын Әлі де бәрі – алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс» –3

деп әрі тура, әрі сұлу суретті қылып, үлгілі әдеби аударма береді» дейді Құдайберген Жұбанов.

Осының бәрін айта келіп: «Абай – ояну дәуірінің толқынынан пайда болған неміс Лютері, француз Молербиі емес... Бұл өз ортасының Дантесі





1 «Әдебиет майданы», 1934, №11-12. /Құдайберген Жұбановтың мақаласын қараңыздар/.

2 А.С.Пушкин. Собр.соч., т. 4, стр. 69-70, ГИХЛ. М., 1960.

3 Абай. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, Алматы, 1952, 251 бет.

сияқты... Абай соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің жетім бұршағы. Оның төңірегі Эгей теңізі емес, Сарыарқаның шөлі де, өйткені классикалық Рим емес, үдере көшкен қайшылық өмір ғой»1 – деп түйді.

Таласарлық, күдіктенерлік орын қалдырмады ол, оқырман жұртты ықтиярсыз мойындатты.

«Сіздерге еркін тиер байқап қара,

Сонда жауап бере алман мен бишара...»2 деген Абай сөзін келтіруі де тегін емес қой.

Сөйтіп, Абай аударған Татьянаның Онегинге жазған хаты қазақ халқының ұлттық өз өлеңіне – өз әніне айналды, ол күні бүгінге дейін халық аузынан түспей келеді.

Абай И.А.Крыловтың, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, М.Е.Салтыков-Щедриннің, Л.Н.Толстойдың және басқалардың өскелең демократиялық идеяларын үздіксіз қорғаған тұрақты да тұлғалы бейне. Терең пікірлі ақын Абай өзіне дейін болған, кешеуілдеп-мешеулеп артта қалған қазақ әдебиетінің поэзиясына тың тақырып пен соны мазмұн қосып, ілгері дамытқан-ды.

Абай аударған «Татьяна өлеңі» мен «Тау шыңы» /«Горные вершины»,

«Қараңғы түнде тау қалғып» / біздің еліміздің сүйікті де ұлттық өлеңдеріне айналды.

Абайдың өз заманында ешкімде болмаған бір ерекшелігі – ол тек өлеңдерді аударып қоймайды, орыс халқының басынан кешкен тарихты да, өлеңде көрсетілген маңызы зор жағдайды да терең түсінеді. Мысалы, 1837 жылы М.Ю.Лермонтов өзінің «Бородино» атты даңқты өлеңін жазды, осы Бородинодан қиыр шетте – Шыңғыстауда жатқан Абай өз басынан кешпеген





1 «Әдебиет майданы», №11-12.

2 Абай. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, Алматы, 1952, 196 бет.

уақиғаны қалай ұғынды екен десеңші! Ол өлеңінде М.Ю.Лермонтов шетел басқыншыларынан 1812 жылы өз елін қорғаған орыстан шыққан қайтпас болаттай батырларын, қажымас патриоттарын жырлады, сонда бар жігерін жұмсап француздай жауларын қуған тарихи кезеңнің 25 жылдығы толған күні – мерекелі тойға арнап тебіренді. Біздің Абай да Лермонтовтан қала қойған жоқ. Абай 1882 жылы туысқан ел – Россия тарихындағы осы зор уақиғаның 70 жылдығына арнап Лермонтовтың «Бородиносын» аударып өз халқына ұсынды, бұл датаның әйгілі де маңызды екенін ақын Абай ғана елден бұрын ұғынды; М.Ю.Лермонтов:

«Ведь были схватки боевые, Да, говорят, еще какие: Недаром помнит вся Россия Про день Бородино...!»1


десе, Абай:
«... Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс.

Ұмытпайды еш орыс, Бородинде көргенді»2


деп көңілдегідей етіп береді.

Абай орыс классиктері арқылы жалпы адамзаттың игілігіне айналған дүние жүзі әдебиетін терең түсінген ақын.

Көркем аударма, сол елдің төл әдебиетінің асыл қазынасы. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығарманың аудармасы да көркем болу керек.






1 М.Ю.Лермонтов. Стихотворения. Собр. соч. в 4-х томах, том І, издат. АН СССР, М. -Л., 1958, стр. 408.

2 А.Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, Алматы, 1952, 264 бет.

М.Ю.Лермонтов аударған И.В.Гетенің «Ночная песня странника»

/«Жолаушының түнгі сарыны» атты қысқа өлеңі «Горные вершины» /«Тау шыңы»/ болып орыс әдебиетінің алтын қорына кірді де мәңгі орын теуіп қалды. Михайлов аударған Гейненің «Гренадеры», Курочкиннің Беранжеден аударғандары орыс халқының өз мүлкі болып кетуі тегін емес. Ойымызды тиянақтау үшін әлгі айтылған Гетенің өлеңін аударған ақындарды салыстырып өтелік:

«Uber allen gipteln

Jst Ruh Jn allen Wipteln

Spurest du. Kakm einen Haush,

Die Voglein Sehweigen

in Walde. Warte hur, balde,

Ruhest auch»1

деген Гетенің өлеңін ақын Валерий Брюсов:

«На всех вершинах Покой.

В листве, в долинах Ни одной

Не дрогнет черты.

Птицы в молчании бора.
Подожди только: Скоро –

Уснешь и ты» –2





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет