يظ ج ل/деп айтатын. Кейде «Вафотнамаи пайғамбар»
/Пайғамбардың өлімі жөніндегі уақиға/ десетін. Мұны тәжік тілінде молда Хусейн Воиз әл Кашифи жазған, тәжік тілінен өзбек тіліне 1211 /1796/1796- 1211 – 585 жылы
1 Никита Яковлевич Бичурин /«Иакинф»/ «Собрание сведений о народах обитавших в Сред.Азии в древние времена». Из-во АНСССР.М.-Л. 1950, том ІІ, стр.148-156.
Сайқали аударған екен. 1 Сол Сайқалдың бір тарауы «Кербаланың шөлі» еді. Бұл «Кербала» Ирандағы Хорасан өлкесі, сол кезеңде бұл Хорасан өлкесін Әбу Мүслім билеген-ді. Уақиғаның басы – Көпе /Куфа/ шәһәрінде екі баласымен Әбә Мүсілімнің өлімінен қозғалады. Олардың өлімін жоқтап Мекеден 75 кісі ертіп Құсайын шығады. /Касен-Құсайын Мұхаметтің туған қызы – Бибі – Фатима мен Әзірет-Алының балалары/.
Бұлар келіп бір көлдің басында Жәзит /орысша Иездигерд/ әскерімен соғысады. Әскер басшысы Омар Сағит көлді қоршап алып, бұларға су бермейді, сондықтан сусынсыз қаңырығы түтеп 75 кісі шәйт болады-мыс
/қырылады/.
Осы хабарды естіп Әзірет-Алының екінші әйелінен туған Мұғаммет- Әнепия Испаған шәһәрінен қалың қол ертіп келеді, өзі Испағанның патшасы екен. Сонда Жәзит әскерінің басшысы Омар Сағит кездескенде Мұхаммет Әнепия оған өзін таныстырып айтқан сөзі мынау:
...Мұхаммет бу Ханифа білсең атым Жәһән – хайуанға мағлұм сыфатым –
депті-мыс. Сайқалдың көп сөздері бүгінгі қазақ жастарына түсініксіз де болар, бірақ онда айтылатын уақиғаның ұзын-ырғасы дұрыс Құсайын мен Мұхаммет Әнәпия Әзірет-Алының балалары, фарсы елін Мұхаммет дініне кіргізген Әзірет-Алы әулеті екені даусыз шыңдық. Сондықтан да фарсы елінін басым көпшілігі Әзірет-Алыға табынады. Соны пайғамбар көреді. Бұларды шиға /шеит/ қауымындағылар деп атайды. Бұл кітап тарихи уақиғаға құрылған хикая. Бұрын арабта дәурен сүрген
1 Джуманияз Шарипов «Из истории перевода в Узбекистане» /дореволюционный период/. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филолог наук. Ташкент – 1968, стр.31.
Үммия әулеті құрып, фарсында Сасани патшалығы құлап, /араб пен фарсы екі жүз жылдай қидаласа келіп, ақырында 8 ғасыр/ Бағдатта екі елдің бас қосуына, фарсының араб дінін қабылдауына мұрындық болған алғашқы соғысты айтады, оны «Сайқалда» «Кербаланың шөлі» деп атайды.
Осы көне жырларда фарсы – араб сөздері көп кездеседі, алайда көпшілігін жіктеп-желіктеп танып алу да оңай емес. Өйткені, мұсылман дінін қабылдаған түркі елдері оның алфавитін де қабылдады. Бірақ қазақ тілінің өз заңына бағындырды мысалы, арабта төрт «–зе» дыбысы болса/ ز -зе, ذ -зал, ض -зат, ظ -ызғы /бізде олар бір-ақ ز - /зе/ болып белгіленеді; арабта ث /си/ س
/сың/ ص /сат/ тәрізді үш дыбыс болса, бізде бір таңба س /сын/ алынды. Арабта – екі «г» – ع /айн/, غ ғ/ғайн/ бар, олар бізде біреу, ал қазақтың төл сөздері бұлардан басталмайды, 1 мысалы, ғаскер–әскер, ғаділ–әділ; ғадат– әдет; ғибрат–ибрат –Ғұсман–Оспан, Коспан; Ғанибет – фарс. – олжа /бізде – қанибет, – ізгілік жақсылық. Ғафыл – /фарсы. жеңілтек/ – бізде қапыл қалма– аңдаусыз қалма; /тамақты қапыл-қапұл асау да осымен сабақтас болуы кәдік/. Осы бір ыңғайсыздық себін тигізе берді де 1928-1929 жылдары латын алфавитіне көштік, оның да түрлі жағдайлары келіспей орыс алфавитіне ауыстық. Сөйтіп өзімізде бұрын жоқ орыс әріптерін қатар қабылдадық – в, ф, х, һ, я, ъ,ь – таңбаларын қазақ алфавитіне кіргіздік. Енді қандай халықаралық термин болса да жазу-сызуымызға үрубәрә /дәл/ келді.
Фарсы-араб тілінен кірген элементтер де мына көне жырларда жиі ұшырасады:
1 Н.К.Дмитриев. «Строй туркских языков», стр. 194.
1/ Сабаз /фарс. – шаһбаз/герой;
2/ Дарбаза /фарс. – даруаза/ – қақпа.
3/ Әб жылан /фарс.аб–су/ – су – жылан; кейбір зерттеушілер осылай айтатын, ал енді бізде «әп жыландай» – деген сөйлем өте қу, залым мәнінде. Фарсыда – мор – жылан. Осы әпжылан – су жылан болса, онда зәрін шашып тұрмаса керек. Сондықтан «әп жылан – улы жылан» деген Орхон-Енисей жазуында ұшырайтын түркі сөзі болуы да кәдік. Біз ойласу үшін келтірдік. Өйткені,
Абжылан–апжылан–әпжылан –
«Бір қыз кетіп барады, Алтынды қамшы қолға алып,
Абжыландай толғанып» /«Қыз Жібек».
«Омбыны алдық деген хабар келген соң, теңкеріс дұшпандары апжыланша ысқырып шықты» /С.Сейфуллин. «Тар–жол, тайғақ кешу»/ дегендер айтылады. Кейбір зерттеушілер абжылан «су жылан» «аб» фарсының «су» дегені деп түсіндіреді /Г.Жәркешева. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі, А., 1960/. Біздіңше бұл «су жылан» емес, «улы жылан» деген түркі сөздерінің тіркесінен жасалған сөз. Якут тілінде аба, ап-у-ащы дәм, суда өсетін улы шөптың тамыры; сиқыр, тылсым, арбау, жадылау, бас айналдыру /Пекарский.Сл.яз/; алтайда –ап – екіжүзділік Радлов. Опыт–сл. І–ІҮ/; көне түркі тілдерінде ап–аң аулау/ Малов. Пам.др. письм.монғ. и кирг /; ал уу, ув – сөздері қырғыз, қарақалпақ, ноғай тілдерінде қазақ тіліндегі у деген ұғымды білдіреді. Бұл толғаулар аб –ав –ап –ов –ув – уу – сөздерінің түбірлестігін, әрі олардың у, сиқыры, қулық айла тәрізді көп мағыналарының барлығын байқатады. Абжылан – екі түбірден құралған – біріккен сөз. Бірінші компоненті –аб –әп –әп /у, сиқыр, тылсым/,
екінші сыңары жағымсыз кейіпті бейнелеуде қолданылатын жылан болу керек. Сонда абжылан сөзінің мағынасы – арбайтын сиқырлы жылан болғаны» 1 – А.Махмұтов.
Мұның бәрі де зерттеуші – ғалымдардың есінде тұруы қажет. 4/ Пушайман /фарс. –пушайман/ – іш пысу.
Мәрт – /фәрс. «мәрд–адам»/ – бізде мырза, жомарт, береген мәнінде.
Нәмәрт /фарс. «адам емес»/ – бізде – нәмәрт, нәмүрт деп Ибраһим пайғамбарды отқа өртеп өлтірген рахымсыз патша Нәмрүтті /орысша Немродты/ айтады, сондықтан оны /Нәмрутты/ құдай қатты жазаға тартып, маса /сонаны/ құлағынан кіргізіп миын шақтырып өлтірген екен деседі 2 .
Бидархақ. /фарс.бей-би, сөзалды қосымша, орысша – отрицание нет, не – дар, есік; /хақ/ – /арабта құдай/ бұл сөз табалдырықты /есікті/ аттай алмау мәнінде. Бидархақ – құдайдың есігінсіз деген ұғымда. Фарсының осы би-бей сөзі қазақтың төл сөзінің алдында да қосылып «бисағат» болып та айтылған екен, бұл «бисағат» – «Батырлар жыры» І том, 622 бет/ – сәтсіз /сағатсыз/ мағынада қолданылған ғой.
Жад, жат /фарс.яд – еске алу/ – жатқа айту. Шарафат – /фарс/– қамқор.
Гамкүн, гамкин /ар.ғамгин/ – қам көңіл.
Сайқал – фарс. әдемі, сұлу/ – бізде алдағыш, қу, оңғақ; жезөкше; фарсы тілінде:
«Самарқан сайқали руй зәмин әст,
Бухара қуати исләм дин әст» – дейтін өлең бар, бұл арада «Самарқан жер бетінің /руй–рой–бет жүз/
1 «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі»/. ҚазақССР-ның «Ғылым» баспасы, Алматы – 1966, 17 бетін қараңыз.
2 Саади. «Гулистан». ГИХЛ, М., 1957, стр.299.
зәмин-жер/ сұлуы /сайқалы/. Бұқара ісләм дінінің қуаты – тірегі» – деп тұр. Қазақ тіліне келгенде сайқалдың /сұлудың/ мәнісі мүлде өзгеріп кеткен ғой. Заты, сұлуды – оңғақ болады – деп қазақ елі кейін бұрып әкетсе керек.
Әдебиет пен тілді бөле қарау, «Ала қойды бөле қырқу» тәрізді екен. Бұл екеуінің бірінсіз бірі күн көре алмаса керек. Сондықтан әдеби әсерді айтқанда тілге тіреліп, ал тіл қорын зерттегенде әдеби әсерге соғып отыруымыз соның салдарынан.
Совет дәуірінің белгілі ақыны, Горький атындағы РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кайсын Күлиевтің «Ученому языковеду» деген өлеңінен үзінді келтірелікші.
«О смерти языка, без участия,
Ты речь свою повел, ученую весьма,
Что для тебя язык? Глагол, деепричастья,
А для меня он – жизнь. Ты понял? Жизнь сама Язык не слабый снег, он не растает вскоре, Язык – могучая гранитная скала.
С народом он делил радости и горе.
И в споре с ним позор познали силы зла. Язык народа жил, как всадник и как воин, Родной земле служил, как пахарь и мудрец. Он так же , как народ, бессмертия достоин, А если он умрет, умрет он как храбрец» 1 –
дейді.
Ендеше адам өмірінің, халық тіршілігінің айнасы, көше де, бүгін де идеология майданының егіз тумасы әдебиет пен тіл.
Ленин десем – партия деп ұғам,
1 Кайсын Кулиев. «Раненый камень». Изд-во «Советская Россия», М., 1968, стр. 169-
170.
Партия десем – Ленин деп ұғам» 1
деп В.В.Маяковский айтпақшы біздің де тіл ғылыми десек, әдебиет тану ғылымы есімізге түседі, ал әдебиеттану десек тілге соқпай өту қиын. Осы еңбегімізде иран елімен қазақ халқының әдеби қарым-қатысы сөз болды. Сонсоң кітап-қиссалардың ұласуы да айтылғандай болды.
Қазақтың ертегі ескі қысаларында Иран елінің әдеби әсері аз емес екенін дәлелдегендей болдық. Алайда он екінші ғасырда өткен Шыңғыс шапқыншылығы көп мұраны өртеп, көзін жойып жіберуі де ғажап емес.
Қазақ әдебиетінің монғол әдебиетімен ауыс түйісі
Монғол әдебиетінен қазақ әдебиетіне ауысқан толғаулар жөнінде айтарымыз мынау. Бір кезде болған әдеби мұралар бізге жетпей жойылып кетуі мүмкін. Оған тарих бойында болып кеткен үргін-сүргін шапқыншылықтар кесірін тигізген болар. Екіншіден – көшпелі елдер
/монғол, қазақ елдері/ көне мұраларын сақтай алмауы ықтимал.
Алайда, жыта зерттеп отырсақ, қазақ ертегілерінде ұшырайтын шаман дінінен келген азын-аулақ теңеулердің, ауыз әдебиетінде кездесетін толғаулардың бары даусыз. Сонсоң қазақ әдет-құрпында – қыз ұзату, келін түсіру тәрізді той-домалақтарда /сыңсу, отқа май құю, жоқтау/ айтылатын өлең-жырлар ортақ екені белгілі.
Оның үстіне «Қазақтарда өлген аруақтарды құрметтеу салты осы күнге дейін күшті сақталған. Мұсылмандар өлген әулиелерін қандай қастерлесе қазақтар да «әруақтарын» сондай қадірлейді. Бір іске беттегенде жолдары болып шықса, оны «әруақтардың» қол-
1 В.В.Маяковский «Владимир Ильич Ленин» Изд-во. худ.литературы. М., 1966, стр.55-56 /Мы говорим Ленин, подразумеваем партия, мы говорим партия, подразумеваем Ленин/.
дауы деп ұғынады» 1 – дейді Шоқан Уәлиханов.
Монғолдарға келіп қайтқан Европа саяхатшылары 2 да бұл әдет- ғұрыптың командар /қыпшақтар С.Т./ мен монғолдарға ортақ екенін дәлелдейді. Бұларды әкеліп қызғыздардың /қазақтардың С.Т./ әдет-ғұрпымен салыстырсақ толып жатқан ұқсастықтарды да табатынымыз даусыз» 3 – дегенді Шоқан Уәлиханов тағы пысықтайды.
1 Ш.Ш.Уәлиханов. «Бес томдық шығармалар жинағы» І-том, Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, Алматы 1961, 473 бетте.
Айта кетелік, мына Шоқан кітабын шығарған редакторлар алқасы, М.О.Әуезов, С.Б.Бәйішев, А.Х.Марғұлан /жауапты редакторы/, С.М.Мұқанов, К.И.Сатпаев сынды академик ғалымдар да, кейініректе «Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в киригизскую степь в 1771» - деген кітабында /С.П. б-1772/ әлгі пікірді қолдағанын да ескертіп өтіпті. Ал, Николай Рычков - орыс офицері, ол 1771 жылы Еділ өзенінің аяқ жағынан қашқан қалмақ-торғауыттарлық мәліметтерді сол кезде қазақ арасында жүріп, тәптештеп жазып алып, 1772 жылы жарияланған екен. /аталған Шоқан кітабының 711 бетінде/.
2 «Европа саяхатшылары» – деп Шоқан Плано Карпини мен Рубрикті айтып отыр. Шоқан кітабында Рубрик-Рубриквис кейде Вильгельм Рейбрук атанады. Ол /Рубрук/ 1254 жылы Монке ханда болып сонда: «қырғыздар /қазақтар - С.Т./ Қарақорымның терістігінде тұрады» - дегенді айтыпты, ал 1246 жылы Плано Карпини Күйік ханда болған ғой, ал Күйік ханның мекені де Қарақорым.
«Қарақорым қайда болса, сонда болсын, - дейді Ш.Уәлиханов, мейлі Селенгі өзенінің шығар басында болсын, мейлі Орхон өзенінің жоғарғы жағында тұрсын бәрі бір, әйтеуір қырғыздар Сібірдің түстік жағын мекендеді, мына Байкал көліне дейін жайлап жүруі мүмкін, өйткені түстік Сібірдегі қорғандарды Бурят елі осы күнге дейін «Қырғыз-гер»
/Қырғыз моласы, қырғыз үйі, қырғыз көрі /гөрі/ деп атайды. «Сибирская история» атты еңбегінде Фридрих Теодор Фишер /1808-1888/ Ихар-Мурун/ Қарақорым болса керек. С.Т./ деген сөзді - «Хуанхэ» өзені деп ұғыпты да қызғыздар /қазақтар/ Сібірдің түстік жағына Шыңғыс хан дәуірінен көп кейін келді деп түйіпті. Фишердің бұл долбарын жоққа шығарған Юлиус Клопрот екен. Ол өзінің «Memoires relatifs a L'Asie» деген кітабында Юань патшалығының тарихынан көшіргенде, сонда «kili-ki-sz» /kizkis/ деген халықтың бар екенін айтыпты. /Шоқан кітабының 384-385 беттерінде/
3 Аталған кітаптың 473 бетінде.
Жапатармағай бәрін тізе бермей-ақ, монғолдар мен қазақ нанымында, ырымында неше алуан ортақ уақиғалардың, аңыз-ертек, әңгімелердің сақталып келгенін анықтау үшін солардың бір-екеуіне тоқтала кетелік.
«Сойған малдың кәрі жілігін – үйіне сақтайды, өйткені сол кәрі жілік малды ұрыдан, қасқырдан қорғайды деп ұғады қазақтар» – дейді Шоқан Уәлиханов, – ал осыны профессор Н.И.Ильминский «малды өлім-жітімнен қорғайды», – деп қате түсініпті, /см. «Известия Восточного отделения Археологического общества» – 1860 г. вып. 5/ 1 – дей келіп, Гамбоевтің 2 айтуынша бұл сүйікті /кәрі жілікті/ монғолдар да үйіне сақтайды екен. Сонда осы сүйек қолына құрық /үркрүк/ ұстаған бақташы бейнесінде көрінеді екен,
» – дейді.
Сондай-ақ «Қазақтардың ұғымы бойынша да кәрі /қары/ жілік 3 ұры мен қасқырдың көзіне мал бағып жүрген адам болып көрінеді. Мысалы, ескі бір ертекте мынадай уақиға шертіледі: «Ұрылар бір байдың малын бірнеше күн торып ала алмай қояды. Бұлардың көзіне малды бағып жүрген, қолдарына сойып, құрық ұстаған бақташылар көрінеді, солардан қорқып малға тие алмай діңкелері құриды. Осы байдың әйелі мен қызынан басқа ешкімі жоқ, ұлдары да, құлдары да болмаған кісі, ендеше бұл кереметтің мәнісін білу үшін ұрылар бір күні әлгі байдың үйіне қонаққа келеді. Бұларды бай қой сойып әбден күтеді. Сонда әлгі келген қонақтар
1 Н.И.Ильминский «Древний обычей распределения кусков мяса, сохранившийся у киргизов».
2 Галсан Гамбаев. /1822-1863/ буряттің Шығысты зерттеген ғалымы. Ол – 1851 жылдан бастап Петербург университетінде қызмет істеген. Оның негізгі еңбектері: «Алтан
/Алтын/ Тобчи» монғол шежіресі. /Спб. 1858/. «О древних монголских обычаях, суовериях, описанных у Плано Карпини» /Спб. – 1859/.
3 Кәрі – ескі – қарт жілік емес, бұл «қары жілік», монғолша «ғар»; қазақта «қар» екеуі бір сөз, мысалы монғолда «бурунгар» – оң жақ, джунгар – сол жақ болады. /С.Т./
өздерінің ұры екенін ашық айтады да; «Сіздің қандай кереметіңіз бар?» – деп сұрайды. – Менің ешбір кереметім жоқ, тек әкем өлерінде бір өсиет айтып еді; «Балам, саған бір өсиет айтам, соны орындасаң ылғи бай боласың, қанша қой сойсаң соның кәрі /қары/ жілігін далаға тастама, оны есіктің маңдайшасына немесе шаңыраққа іліп қой» – деп еді, сол өсиетін бұлжытпай орындап келем, сондықтан, құдайға шүкір, қорадағы қойымнан жалғыз қозымды да не қасқыр жеп, немесе ұры алып кеткен емес! дейді. Осы әңгімені естігеннен кейін ұрылар үйдің ішін айнала қараса, түндегі байдың малын күзетіп жүрген бақташылардың саны, мына үйдегі кәрі жіліктердің санымен бірдей екен». /Уәлихановтың ескертуі, аталған кітаптың 485 бетінде/.
Аспанға /көк тәңірге/, күн мен айға, жұлдызға табыну, табиғаттағы неше алуан құбылыстан қорқып құрбан шалу – бәрі де қазақ пен монғол еліне ортақ болып келеді.
«Монғолдар, – дейді тарихшы Рашиддин, 1 – күннің күркіреуінен
/громнан/ қатты қорқады. Оны көктің /көк тәңірінің/ ашулануы деп есептейді екен. Ал қырғыздар /қазақтар С.Т./ күннің
1 Рашиддин – Рашид-ад Дин Фазл Аллах-тарихшы; оның тарихын «Рашид тарихы» деп 1554 жылы фарсы тілінде жазған Мұхаммет Хайдар Көреген /«Куркан» – өзі дулат руынан шыққан, Кашгарияны билеген кісі/, бұл «тарихты» көне түркі тіліне аударған Мұхаммет Садық Кашгари, осы Мұхаммет Садық 1768 жылы «Тазкираи Ходжаган
/«История династии ходжей в Восточном Туркестане» / атты еңбек жазып бітірген, мұны Ш.Уәлиханов Мұхаммет Хайдардың «Тарихи Рашиди» деген кітабының жалғасы деп санайды.
Мұхаммет Садық Кашгаридің ұлты ойғыр, ол «тарихи Табариді» де ойғыр тіліне аударған адам. /«Исследование о Касимовских царях и царевичах» деген В.В.Вельяминов- Зернов еңбегінің 138 бетінде /«Тарихи-Табаридің» қолжазбасын Шоқан Уәлиханов Кашгариядан алып келіп, азиялық музейдің кітапханасына тапсырған екен. Қазір сол Шығыстану институтында сақтаулы.
/«Восточный или Китайский Туркестан» – атты В.В.Григорьевтің еңбегінде, соның 355 бетінде, ескертуі–8/.
күркіреуін құдайдың ашулы /қаһарлы/ дауысы, мына жай оты /молния/ оның шайтандары қырып-жоятын садағының оғы деп ұғады» 1 – дейді Шоқан Уәлиханов.
Қазақ халқында аспандағы жұлдыздарға қойылған аттар өте қызық, бәрін де жердегі тіршілікпен байланыстырады. Мысалы, «Темір қазық» /«полярная звезда»/ – аспанға қағылған қазықтай көрінеді, оның төңірегіндегі екі жарық жұлдызды әлгі қазыққа арқандалып, соны айналып жүрген екі ат: – «ақ боз ат пен көк боз ат» – деп атайды.
«Жеті қарақшы» /орысша «Большая медведица»/ – өлген жеті ұрының жаны аспанға жұлдыз болып орналасқан. Бұлар /«Жеті қарақшы»/, «Үркердің қызын ұрлапты-мыс, сондықтан «Үркер» үнемі «Жеті қарақшыға» қарай төне беретін көрінеді, заты, ана ұрланған қызын босатып алу ойында болса керек»
«Осы әңгіме /ертегі/ өте көне заманда болса керек, өйткені монғолдар
«Жеті қарақшыны» – «Жеті қарт» деп атайды, оған арнап құрбан шалады
/мал сояды/, қымыз, сүт береді. Мұны «Книга о молитве и жертвоприношении звездам и богам» атты қолжазбасында Доржи Банзаров айтады, «Жеті қарттың» қажеттігі жөнінде қысқа ертек келтіреді. Осы ертектің қазақ ертегісімен ұқсастығы жоқ па екен? 2 – дейді Шоқан.
Ендеше халықтың ескі әдет-ғұрпында да сан-алуан уақиғаның ізі сақталады екен. Тізе берсек тағы да көптеген толғаныстарды келтіруге болар еді.
Қазақ елі келін түскенде отқа май құйып, лаулатып жағады. «Бұл – отты» құдай деп табынып, «сол отқа» сиынудан туған ғұрып, шаманизмнен қалған дәстүр, – дейді Шоқан Уәлиханов. Ал, «отқа табыну» монғолдарға түріктер арқылы Ираннан
1 Ш.Ш.Уәлиханов. Аталған кітаптың 480 бетінде.
2 Ш.Ш.Уәлиханов. Аталған кітаптың 479 бетінде.
келген» 1 деп Доржи Банзаров біздің Шоқаннан бұрын топшылаған екен. Ендеше, Шоқан Уәлиханов мына Д.Банзаровқа сүйеніп қателескен тәрізді. Себебі, отқа табыну діні монғолдарға көз жеткісіз көне дүниеде, адамзат әлі табиғаттан тыс тұрған күш бар деп ұғынбаған дәуірде тууы мүмкін деп академик А.Х.Марғұлан ескерткен екен. 2
Осы күнгі совет ғалымы Г.Н.Румянцев те: «Түріктің, монғол, буряттің отқа табынуы өте ескі дін, сондықтан тек Иран әсері деу де өте қиын, әрине, ықпалы да бар шығар» 3 деп жанасалай ескертіп өтіпті.
Ауыз әдебиетінде, ертегі аңыздарда сақталған монғол мен қазақ еліне бірдей ортақ толғаныстар толып жатыр. Әзірге осымен шектеліп отырмыз.
Қазақ әдебиетінің араб әдебиетімен байланысы.
Халық-аралық әдеби ауыс-түйісті айтпас бұрын ең әуелі сол жағдайдың өсіп өркендеуіне себепкер екі мәселеге тоқтала кетелік, соның бірі: а) тарихи қарым-қатыс.
Әңгімені осындай тиянақты кезеңдерден басталық. Көне тарихтың бетін ашсақ көп нәрсеге куә болғандаймыз. Мысалы, арабтар Иран елін сегізінші ғасырда ауызына қаратты. Сол мезгілде араб елінде Үммия патшалығы
/орысша: Оммейядская династия құлады да, Персияда Сасани патшалығы
/«Сасанидская династия»/ жойылды. Екеуі бірігіп Аббасид династиясы
/патшалығы/
1 Доржи Банзаров Собр. Сочинений Издательство АН СССР, М., 1955, стр. 72. Ответ. редактор доктор филологических наук Г.Д.Санжеев. Бұл кітапты ең алғаш «Черная вера» или шаманство у монголов» – деген атпен Г.Н.Потанин бастырған екен.
2 Аталған Шоқан кітабының 711 бетінде /академик А.Х.Марғұлан жазған ескертпеде
№475/
3 Аталған Банзаров кітабының 265 бетінде.
Иракта Бағдатта құрылды. Аббасид династиясының алғашқы халифасы Харун –аль Рашидтің ата-бабасы Саффах /1750/ болды. Саффах араб, ал оның бас уәзірі Ғаббас Бармеки /фарсы/ еді. Мұны араб-фарсы бас қосқан династия
/«Объединенная арабо-персидская династия»/ деп атады.
Араб елінің үстемдік алып, дәуірлеген кезі Хорун–аль Рашидтен /Х ғасырдан/ басталады да, соңынан оның баласы Момун тұсында шарықтайды. Арабтың «Мың бір түн» атты ертегісі осы кезден кейін тарайды, өйткені Харун–аль Рашид осы ертегіде көп айтылады.
Араб дінінің, әдебиетінің, мәдениетінің фарсыға қаулап кіргені де осы кезде еді.
Хорун–аль Рашид 1 /786-809 жылдарда/ халифа /император/ атанды, оның
баласы Момун /813-838 жылдары/ халифа болды, бұл әкесі бастаған мәдениетті әрі қарай күшейтті. Арабтағы Дар–әл – Хикматтің құрылысын
/ғылым ордасын/ аяқтап бітіреді де, ол орынды Хорезмнен – Қаңлы– Қыпшақтан барған Мұхаммед бин Муса әл–Хорезмиге басқартты. Әлгі Хорезми есептің «оңдық» жүйесін сонда іске асырды. Оған дейін қолданылып келген латын есеп таңбасын қолайсыз деп тауып, араб цифрын ұсынды. Алгебраны /арабша – әл-жебрәні/ дұрыс жолға қойды.
Алғаш рет жер мердиянын өлшеп шыққан адам да сол Хорезми Әбу Райхан әл Бирунидің айтуынша – Зейнетті Шам /Дамшық/ шәһәрінің жанындағы құдықтың түбіне түскен сәуле арқылы анықтап Бағдат пен құдықтың арасына «бұрыш» жасап жер мердиянын өлшеген екен. Осы күнгі анықталған мердиян есебінен, бар болғаны, 11 километрдей айырмасы бар тәрізді.
Хорезмиден кейін оның жерлестері – Отырар қасындағы қыстақтан
1 Кейде «ар-Рашид» болып та айтылады /С.Т./.
шыққан екі Жауһари де сол Дар – әл – Хикматте қызмет еткен.
Дүние жүзілік ғалымдардың «Екінші ұстазы» – Абу Насыр әл Фараби де осы ғылым ордасына көп жыл басшылық көрсеткен. «Ұлы ұстазым –
/Аристотель «Бірінші ұстаз» атанған ғой, соны айтып отыр. С.Т./ – ұлы денені сомдап жасапты да оған жан бітіре алмапты. Мен сол сом денеге қан жүргізіп, жан бітірдім» деген екен.
Момун халифаның мұрагері Муттасим өз жеріндегі арабтардың бас көтеруінен қауыптанып Орта Азия түріктерінен – Хорезмдік – Қаңлы – Қыпшақтардан елу мың әскерді 834 жылы жалдап алыпты. Осылардың бастықтары да өздерінен болыпты. Олардың қолбасшысы Әмир – ул – Әмре атанып, әскери билікті, бертін келе бүкіл билікті де өз қолдарына алыпты. Өздері ана тілінде – түрікше сөйлеген, Бағдадта өмір бойы тұрып қалған екен. Түрік тілін арабқа апарған да осылар 1 – деседі.
«Маамун халифаның інісі аль–Мутасим /833-842/ халифаның әскері кілең түріктер еді, аль Мутасимнің ұлы аль Мутаваккиль /847-861/ әлгі түрік солдаттарынан құтылғысы келді, бірақ оны түрік әскер басылары өлтіріп тынды, бұдан кейін арабтың төрт халифасын таққа отырғызғандар да, соңынан құлатқандар да осы түріктер екен.
Мухтадир Халифа /908-932/ бар билікті әскер басшысына берді, бұдан қырық жыл өткен соң /945 жылы/ Әмір аль Әмір атанған–Ахмед /Бүид әулетінен шыққан кісі С.Т./ сұлтан /«господин/ деген өте жоғарғы атаққа ие болды» 2 – дегенді айтады тарихшы Р.Ю.Виппер.
Достарыңызбен бөлісу: |