Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет9/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

Әрі қарай ойын жалғастырып Шоқан: «Монғолдар да солай істеген, отқа

/суға/ табына отырып, өткен әруақтарын «онгондарын» шақыра отырып, мұсылман періштелеріне де сыйынып, Мұхаммат құдайына да жалбыранған, сөйтіп, бұл екі дін біріне бірі кедергі де жасамаған» 3 – деп кесіп айтады.





1 Аталған кітаптың қорытындысын қараңыз.

2 Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч в 5и томах. т.І, Изд. АНКаССР Алма-Ата, 1961, стр. 710,

«Шаман» деген сөз әр елде әр түрлі аталады. Масалы естектер /остяки/ «тадыб» /қазақша тәуіп болса,кер. Сібір елдері «сам» деседі, ал түркі жұрттары «бақши» немесе «бақси» деп атайды.



3 Аталған кітаптың 470 бетінде монғолша «онгон» «әруақ» деп көрсеткен Шоқан.

Тап осы ойы аздай-ақ Ш.Уәлиханов: «Жалғыз құдайға сенетін Мұхаммет діні, – дейді ол, – ізі-түзі белгісіз жын, пері шайтандарды да бар деп ұқты, шамандардың рахымсыз рухтарын жоя алмады, мұсылман пері, кәпір пері болады, – деп білді» 1 – деген пікірді ашық көрсетеді.

Ендеше ежелден тілі де, діні де бір ел ғой, оның үстіне мұсылман дінін қабылдауы да, танымауы да қандай ұқсас десеңші! Монғол мен түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың бір тектен шығуын тиянақтайтын екінші дәлеліміз мынау, мысалы, соғдиян /көне Иран/ мәдениеті, тілі қазақ еліне көптен таныс, Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ ұлыстарымен ежелгі заманда-ақ қоныстас болған. Сөйте тұрып, Иран тілінен ауысқан сөздер, жұрнақ- жалғаулар осы күнгі қазақ тіліне мидай араласып, үңдестік заңына бағынып жымдаспайды. Аққа қара жапсырғандай оқшау тұрады. Ығы-жығы білінбей араласып кетуіне екі мың жылдан астам мезгіл жеткілікті-ақ қой! Ал, монғол тілі мен қазақ тілінің арасындағы айырмашылық мүлде аз, «құнан, құнажын, дөнен, дөнежін, айғыр, шешен...» дегендер тағы басқа сөздер азын-аулақ дыбыстары болмаса бірдей емес пе? Мал өсірушілік, көшіп-қону, соғыс терминдері өзгеріссіз айтылады. Мұндай бірлестік-үңдестік Шыңғыс хан шабуылынан кейін араласқан елдерде бола қоюы неғайбіл! Тарих үшін, тіл мен тілдің арасы бірігіп, тігісі жаттығып кетуі үшін 600-700 жылдай уақыт өте шағын. Монғол мен қазақ /түркі/ халықтарының бірлестігі – туыстығы көз жеткісіз көне заманнан Алтайлық «ата тілінен» келе жатыр деуімізде осы жағдайларға сүйеніп отырмыз.





1 Ш.Уәлиханов. Аталған кітаптың 114-бетін қараңыз.

Мүмкін, кейбір тарихшылар «қазақ» деген ұлт ХҮ ғасырда пайда болды, сонда согдиян дәуірінде қандай «қазақ» болды екен деп те таласар. Оларға айтарымыз мынау: ол кезде осы күнгі ұлт мағынасы болмауы рас та шығар. ХХ ғасырда – дәл бүгін ұлы ұлт атанып отырған елдердің қайсысы сол мезгілде ұлт бола қойды екен? Алайда, бүгінгі қазақ халқының сапына кіріп отырған «Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Найман, Жалайыр» деп аталатын ұлыс-рулардың болуы дәлелдеуді қажет етпесе керек. Қазіргі қазақ тіліне соғдияндардың тілдік элементтерін әлгі ру-ұлыстар әкеп қоспасына кім кепіл? Бүгін бәріміз де бас қосып сол ұлыс-рулармен бір тілде сөйлесіп, ұғынысып жүрміз ғой. Осыларды аттап өту өте қиын сияқты.

Көне Қытай тіліндегі тарихи деректерді орыс тіліне аударған ат-шулы синолог-ғалым Никита Яковлевич Бичурин /лақап аты «Иакинф»/ мынадай анықтама береді: «Қытайша Қоқанд қаласын да, төңірегіндегі елін де

«Давань» деп атаған. Орта Азияға бірнеше рет келіп қайтқан Қытай саяхатшысы Джан Кянь /үстіміздегі жыл санауымыздан 126-127 жыл бұрын – С.Т. ... Чигу қаласы Үйсіннің бұрынғы астанасы – Тәмурту – Нораның терістік-шығысында, Кучаның терістік батысында, Іле өзенінің түстігінде тұрады, Кангюй /Қаңлы/ елі Сыр-дарияның терістік жағындағы өлкені – осы күнгі Ұлы жүз бен Орта жүз халықтары көшіп-қонып жүрген өңірді мекендейді, бүгін Россия «қырғыз-қайсақ» деп атап жүрген қазақ халқы өзінің «қазақ» деген атына жақында ие болған тәрізді, өйткені 1246 жылдары Шара-Ордада /Қарақұрымда/ тұратын Күйік ханға келіп қайтқан Рим папасының өкілдері де бұларды «Қангиттар» – /Қаңлылар болу керек – С.Т./



  • деп

атаған екен»1 – дейді Н.Я.Бичурин. Осы сөздер қазақ халқының бүгінгі сапына кіріп отырған ру-ұлыстардың алыстан келе жатқанын дәлелдейді.


    1. Қазақ тілінің араб тілімен байланысы

Қазақ халқының тілі бүгін туған жоқ. Бұл тілдің тарихы ежелгі заманнан келе жатыр, оны біз алдыңғы тарауларда да дәлелдеп өттік. Көз жеткісіз көне дәуірлерде – сонау Соғдиан тілімен жасасқан қарым-қатысын зерттеп, өзімізше орнықты пікір айтқандай болдық. Содан бері қарай қазақ тілінің ауыс-түйіс жасамаған елі кем де кем тәрізді.

Әрбір әсер-ықпал әр түрлі бағытта жүретіндей. Соның ішінде тарихи қарым-қатыс пен діннің әсері де болмақ, бірақ негізгісі тілдің лексикалық қорында көрінеді, сондықтан басқаларын доғара тұрып, ең әуелі әңгімені тіл қарым-қатынасынан басталық.

Араб тілінің таралу жолдарын тиянақталық: Ең алғаш язычествода

/дінсіздікте – С.Т./ болған, бері келе бір аз уақыт ісләм дінін қабылдаған, артынша кейін серіпкен, енді осы күні христиан дінінде жүрген шуваштарда да «араб-фарсыдан ауысып келген 250 сөз бар, соның үштен екісі арабтікі екен» – дейді М.Р.Федотов2. Араб тілінің элементтері қазақ тілінен гөрі өзбекте көп екенін Л.З.Рүстемов3 те айтқан болатын.

Ендеше, араб дініне ерте кіргендерде /өзбек, татарларда/ ол тілдің элементтері өте көп, кейінірек кіргендерде /қазақ, қырғыздарда/ азырақ, ал біраз уақыт қабылдап кейін шығып кеткендер




1 Н.Я.Бичурин. /Иакинф/. Собр. сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. т.11, Изд. АН СССР, М.-Л., 1950, стр. 152.

2 М.Р.Фецотов. Вопросы чувашского языкознания и литературоведения. /Ученые записки. вып.ХХІІ, Чебоксары – 1963, /лексико–семантический обзор и словарь/.

3 Л.З.Рустемов. Арабско-иранское заимствование. Автореферат, Алматы, 1963,

де /шуваштарда/ одан да аз, ал тіпті араб дініне кірмеген түріктерде /тува, хакас, қызыл ұлыстарында мүлде жоққа тән/ 25-ақ сөз/.

Ескерте кететін бір жағдай бар: Мысалы, ҮІІІ-ХІ ғасырларда Бағдат шәһәрінде көптеген түркі ғалымдары болыпты, соның ішінде: 1) Абу Исқақ ибн Хасан ибн Кухий ал-Хурайми /Самарқаннан шыққан түрік адамы – ҮІІІ ғасырдың аяқ шенінде/. 2) Мұхаммед ибн Мұса ал-Хорезми уә Мәжуси. 3) Абу-Ғаббас ал-Жауһари /Отырар қаласынан/. 4) Абу Насыр ал-Фараби

/Отырарлық/. 5) Исхақ ал-Фараби /Отырарлық/. 6) Абу-Насыр Исмаил ал- Жауһари /Отырарлық/. 7) Ахмед ибн Мұхаммед Ферғанауи /Ферғанадан шыққан астроном/. 8) Ахмед ибн Абдулль Маруази /Мервтік/ тағысын тағылар. Тіпті Харун әл-Рашидтің немересі, Мамонның туған баласы Мутасим Халифа /833-847/ елу мың түркі әскерін жалдап алған-ды, сол Мутасимнің бір уәзірі Үтеміс түрік еді» 1 – дейді, В.А.Эберман.

Шам шәһәрінің //«Дамаск-Дамшық» маңында Желли /желді – С.Т./ Алп Арсын атты түркі қыстақтары бар екен. Халифа әскерінде түркістандық әскерлер көп-ақ еді 2 – деседі.

Халифа Ибрагим ибн Мәһдидің /775-785/ Харун ар-Рашидтің ағасы/ түрікше сөйлей алатынын ежелгі ғалым Якут айтқан екен3 – деседі.






1 В.А.Эберман: Записки Коллегии Востоковедов, томҮ, 1930, стр. 437-438.

2 «Сафар–Наме». Насир ибн Хисрау – 115-беті.

3 «Записки коллегии» том 5, Л., 1930 , стр.273 /см.статью В.А.Гордеевского «К вопросу о влиянии тюркского языка на арабский»/.

Сол ерте кезде-ақ Бағдатта түрікше сөйлесітіндер жиі кездеседі екен.

Сондықтан-ақ тарихи қарым-қатысты, мәдени, әдеби тіл ауысуын әңгіме еткенде осы ауыс-түйістің екі жақты екенін ұмытпауымыз қажет.

Ендеше, араб әсерімен келген сөздердің бәрі өзінікі болмауы да мүмкін. Мысалы, дін – религия, бұл арамей тілінде – дин–религия, әлем–мир, вселенная; арамейде – алам – мир, вселенная; көне грек тілінде: джаһаннам – ад, тамұқ, дозақ; геенна, преисподняя; қазақта: «жаныңды жаһаннамға жіберем» – «твою душу отправлю в ад», Эблис-дьявол, сатана /қазақта – ібіліс/ «дженс» – род, товар; қазақта – «жыныс» – пол/; дафтар – тетрадь; қазақта – «дәптер» – осылардың бәрі басқа тілдерден арабқа кіріп, сонсоң бізге араб діні арқылы келді» – дейді тағы Л.Э.Рустемов1. Қазақта «бәдел

қажы» бар, бұл Мекеге /қаланың аты/ біреудің орнына барып қайтқан кісі, арабта бадал–замена, заменитель; фарсыда екі сөз бар, «бодиль» – с сердцем,

«биділ» – без сердца, қазақта: «бедел» – авторитет, тап осы сөзді біз кімнен алып отырмыз? Арабтан ба, фарсыдан ба? – деген сұраққа біз фарсының

«бодилінен» алған болуымыз керек деп айта аламыз: Арабта шақшақ – болтать, қазақта шақшақ қылу – шағыстыру, ал шақша-насыбай сауыты

/мүйізден істеледі/, фарсыда «Худо харра дид, шахаш нә дад» – Бог осла увидел, на дал рога» – қазақшасы: «құдай есекті көріпті де мүйіз /шақ/ бермепті» деген мәтел бар, осыған қарағанда біздегі «шақша», фарсының

/иранның/ «шах» – мүйіз деген сөзінен шығуы ықтимал, бірақ осы «шақ» сөзі көне түркі тілінде де бар екен, өйткені «Құдай есекке шах бермепті» деген мақал ертеде айтылған ғой, осыған қосымша «шақылы қошқар» – мүйізді қошқар,




1 Л.З.Рустемов. Арабско-иранское заимствование, Авторефераты. Алма-Ата, 1963.

«Шақшам шақша-ақ еді – өзіме жақсы-ақ еді, сиыр мүйізі шақысы еді» деген даукес шешен Нәудің сөзі де бар. Әрине, сөз ауысуы ежелден екі жақты, мына түркі тілдерінен араб-фарсыларға бір талай сөздердің ауысып барғаны да мәлім. Қалайда осы «шақша» сөзінің аяғындағы «ша» кішірейту жұрнағы болса, онда қазақ тілінің өзінікі екені анық.

Немесе «шахаш» сөзі «шақша» болып кітаби тілден ауысуы да мүмкін ғой.

Оныншы ғасырда арабтың аты шулы соқыр ақыны Абулл-ль-Әлә-әл Мағарри үш кітап жазып кеткен, соның біреуі «Мулка-с-сабил» екен.

«Брошенное на дороге» деген мағынаны білдіреді, яғни «өткен-кеткендер пайдалану үшін өз ойымды өмір жолына сеуіп кеттім» 1 – деген ғой. Ендеше, біздің ойымызша қазақта айтылатын «себіл» /«жан себіл»/ мен Әл-Мағарри айтқан «сабил»-дің байланысы болуға тиіс.

Арабта кабаб – жаркое, фарсыда – кабаб-жаркое /«қуырдақ»/ ал қазаққа

«кебеп» қайсысынан келгенін үзілді-кесілді айту ауыр. «Мен кебеп болып отырмын – қурылып, шыжғырылып отырмын» – деген мағында. Қазақ тіліне арабтан келген ай аттары: «Сапар, Ережеп, Рамазан» болса жұлдыз аттары:

«Амал, Сәуір, Жауза /кейде Зауза/ Саратан, Әсет Сүмбіле» болмақ, бірақ осылар фарсы тілінде де бар, ал түп атасы гректің 12 айлық зодиакал есебінен шығуы да ғажап емес. Тіл де, әдебиет те өсе бермек, бірден бірге көше бермек.

Араб елінің әйел аттары бізге бітеудей келді, мысалы, Қадиша, Айша, Қапса, Зейнеп, Бәтима, Рабиғалар бұлардың еш




1 И.Ю.Крачковский. Избр. соч., т.ІІ, Изд-во АН СССР, М.-Л., 1956, стр.184.

қайсысы да қазақ тілінде жыныс белгісін көрсетпейді. Сондай-ақ жекеше айтылатын –һал /положение/, руһ /дух/, һейван /животное/ сөздері келгенде оның көптік жалғауымен айтылатын «аһвал, арваһ, һейванаттары» да кіріп жекеше сөйленіп жүр. Мысалы, ахуалдар, аруақтар, айуанаттар /хайуанаттар/ деп соға береміз. Мұның себебі де біздің қазақ елінің арабтармен бетпе-бет кездеспей, олардың сөздерін «көлденең көк аттылардан» алғанын айқындай түседі. Ендеше бұлар да бітеудей қабылданған екен.

Жоғарыда айтылған пікірлерімізді шыңдай түсу үшін арабтан фарсыдан келген біраз сөздердің тізімін бере кетелік. Ол сөздердің Орта Азиядан тыс жатқан түркі тілдеріне қалай тарағанын, қалай айтылатынын көрсетіп өту де жөн болар. 1) Қазақта – абыз – жрец, провидец; арабта – һафиз – оберегающий, хранящий; лицо, знающее наизусть коран; татарда – абыз, абзи


  • дядя; шувашта – апас – жрец на молениях.

«Абыз-шаман дініндегі қалықтардың молда, сопы, бақсы сияқты адамдардың лауазымы. Ол «абыз» демек әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен /Абай/. «Ей, қобызыңды тарт, балыңды аш, не келсе де балыңа жасырмай айт» /М.Әуезов/. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «абыз» сөзі – хафез, абид сөздеріне қатысты дей келіп, оның мағынасын» оқымысты, білгіш, көреген, сәуегей, балгер» деп түсіндіреді

/ҚТТС, І том/, Түрік тілінде – һафіз /хафиз/ құранды түгел жатқа білетін адам; абіт құдайға құлшылық ететін, құдайға сенетін кісі. Түрік тіліне бұл сөздер араб тілінен ауысқан. Ал, бірақ қазақтағы абыз сөзі, біздіңше араб тілінен кірмеген, түркі елінің төл сөзі. Абыз /абыс-абуз/ сөзі шығыс түркі тілдерінде де бар /Радлов. «Опыт сл.І-ІҮ/. Якут тілінде аба, абла, абыс, ап – мағына жағынан

бір-біріне өте жақын. Бәріне ортақ «ап» түбірінен өрбіген сөздер. Бұлардың мағынасы: қу, сиқырлық, мағия /Пекарский. Сл.якут.яз./ Қазақ тіліндегі

«абызсынып отырғанын көрдің бе?» деген сияқты сөйлемдегі абыз сөзінен әулиелік, сәуегейлік мағына байқалады. Көне жазу ескерткіштерінде аба

/окота/ – аңды алдап торға түсіру, сиқырлы-айлалы тәсіл қолдану /С.Е.Малов. Пам.др.письм.монг.и кирг. /89/; В.В.Радловтың айтуынша алт. тілдерінде ап – екі жүзділік, алдау /Радлов. Опыт сл. І-ІХ/; сонда абыз сөзінің негізгі түбірі сиқыр, тылсым мәнін білдіретін аб–ап, ал–ыз /аффикс/ болуы мүмкін

/салыстыр: жау–ыз 1 дейді А.Махмутов. Аба – облавная охота. Бетпақ

даладағы бір топ киікті алыстан торлап алып, әскерлер шеңберін азайта береді. Шеңбер ішінде көп киік қалады. Сасқан киік тек хан тұрған – аңдуы аз жерден атып шығады, ендеше сасқан киік, «ханның басынан секірді» дейтін сөйлем осыдан қалған тәрізді.

Қазақ халқының алғыр ойлы тұңғыш профессорларының бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов абыз сөзін қобыз сөзімен байланыстырып, татар тіліндегі қобыз, абыз, абзи, абза, абыстайларды – қобыз деп түсіндіре келіп, бұл сөздің «қ» – дыбысы көне заманда, рулық қоғам тұсында түсірілген деген пікірді айтады2. Сайып келгенде, арабтың «хафизы» емес, көне түркі сөзі деп дәлелдейді.

Араб тілінен қазақ тіліне келген сөздердің бұл толық тізімі емес, тек қана өзімізден бұрынғы ғалымдардың айтқандарын алдық. Ал «бәрекелді, астапыралда, бісміллә» тәрізді құранның түсініксіз догмаларын қоспадық. Сонымен қатар қазақ тіліне арабтан кірген: жекешесі «Сапар», көпшесі –

«мүсәпір»,






1 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. ҚазССР–ның «Ғылым» баспасы, Алматы, 1966, 17-18 беттер.

2 Х.Жұбанов Исследование по казахскому языку. Алма-Ата, 314-315 беттер.

жекешесі – «назар, көпшесі – ынтызар» – «ілім-мұғалім» – әрекеттерді» де тастап кеттік. Түп-түгел болмаса да біразын, қосымшада бермекпіз. Сөйтсе де мына бір екі-үш сөздің қолдану тарихына тоқтала кетелікші: қазақта – қағба – мекедегі мешіт, мұсылмандар соған қарап намаз оқиды; арабта –кааба



  • главная мусульманская святыня; фарсыда – кааба – мечеть с свещенным камнем в Мекке, которая является «главной святыней мусульман»1; марий тілінде – кова, кава – небо, первый ангел; удмурдта –құдайдың аты «каба пымар» – «Каба божество» – деген мағынада /пымар –пайғамбар емес пе екен?/. Өйткені, тіл ғалымы Н.И.Ашмариннің айтуынша шуваш тілінде

«Пихампар» деп қасқырларға әмірін жүргізетін құдайды атайды, бұл да фарсының пайғамбары /пророк/2 деп түйеді. Сонсоң әлгі ғалым Н.И.Ашмарин шуваштың «кепе» деген құдайының атында ісләм дінінің

«каабасы» жатыр деуі дұрыс, ал «бұған қарсы айтқан В.Г.Егоров қателескен екен» дейді М.Р.Федотов. Әрі қарай осы М.Р.Федотов: «кепе» – кааба-шығыс жақта тұрады, сондықтан мұсылмандар күн шығысқа қарап намаз оқиды, құрбан шалады» деуі өмір шындығына жақын емес, өйткені түркі елдерінің бәрінде де бірдей, арабтың Мекесі – қағбасы-батыс жағында ғой, сондықтан мұсылман елдері намазды күн батысқа қарап оқиды. Әрине, бір кезде, Мұхаммет Әлі пайғамбар болмай тұрғанда, Әбу-Жәһіл /«Әбу-Жәһіл» надандықтың әкесі – деген сөз /С.Т./ оны Мекеден қуып, сонда Мұхаммет Мединеге қашып барып паналаған, ал Медине Мекенің шығысында тұрады. Сонда Мұхаммет қағбаға қарап оқымай, намазды Мединенің шығысында тұрған Құддысқа /Иерусалимге/ қарап оқыған-ды. Мұнысы жебірейлерге

/Мұса




1 Саади «Гулистан», ГИХЛ, М., 1957, стр.306.

2 Академик В.В.Бартольд. Соч., т.5, стр.520.

дініне/ табыну еді, сөйтіп ол екі жылдай жебірейлерді алдап өзіне ертіп алды да Мекені келіп шапты. Әбу-Жәһілді осылай құртты, пайғамбар атанды, Мұхамметтің қашқан жылын «Хиджра» деп атайды, араб елінің жыл санауы содан басталады, бұл үстіміздегі дәуірдің 622 жылдар шамасы. Ал академик И.О.Крачковскийдің айтуынша 582 жылдар шамасы болса керек1.

Қазақта – керемет – чудо, чудесно, превосходно, восхитительно. Керемет қуаныш – большая /превосходная/ радость; құдайдың кереметі – чудеса бога; арабта – карамат – щедрость /благодать/; фарс. карамат – щедрость, великодушие, чудо; татарда – кирәмәт, марийде, удмурдта – керемет, – чудо; мордвада – керемет-место пребывания злого духа; шувашта – керемет место пребывания злого духа; шувашта – керемет место пребывания злого духа, место где совершали моления духам, языческим богам /душа умершего/. Ертеде, 10 ғасырдың бас кезінде, көрінгенге табынатын /отқа, суға, хайуанға табынатын/ заманда мордва, шуваштардың «Кереметь» деген сарайы болған, олардың ісләм дінін қабылдамаған дәуірі 921-922 жылдарда еді, осыған куә В.Хлебниковтың өлеңі мынау:

«Мордвин, арабов проводник, Сложив оазису моленье, Здесь стан отдохновенья

Здесь расположим мы свой стан Вблизи столицы государства;

В Булгаре любят персиян,

Но «кереметь» – само коварство» 2

депті.





1 Араб жыл санауы – «Хиджра» мен Христиан жыл санауының арасын әр ғалым әртүрлі айтады. Әйтеуір 582 жыл мен 622 жылдың арасын бағдарлайды /С.Т./.

2 Г.А.Федоров–Давыдов. Курганы, идолы, монеты», Изд. «Наука», 1968, стр. 5.

«Керемет» деген бір сөздің әр түрлі ұғымда қолданылуы осы арада айқын көрініп тұр. Мұсылман дініндегі елдер бір бағытта, ал дінсіздер екінші салада пайдаланған.

Қазақта алтын–золото, бұл сөз барлық түркі тілдерінде бар, /арабта–тин- грязь, глина, фарсыда – тин-глина, земля, грязь; орыс тіліндегі «тина» да осыған келеді-ау, сірә, венгерде /мадиярда/ – тім – глина; осы ал–тын екі сөзден құралған сияқты, соның біріншісі ал–алый, яркокрасный, екіншісі тын–тина глина болса керек-ті; шувашта – там или тан – глина, сонсоң – ылтан немесе ылтам золото, ең әуелде – золотоның өзі орыс тілінде металдың түсін көрсеткен сөз деседі. Енді қазақша мынадай өлеңнің бар екенін де келтіре кетелік:

«Ал қызыл көрінеді қашқан түлкі, Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі? Төменнен жоғарыға қол сермейтін, Болсын деп шіркін көңіл көтеріңкі»...

дейді. Осы шумақтағы «ал қызыл» – өте қызыл – яркокрасный екенінде дау болмасқа тиіс. Сондықтан «ал-тын» – да қып-қызыл, – топырақ болуға ықтимал. Орыс тіліндегі «алтынь» сөзінің де осыдан алыс емес екені байқалады. Қазақта «би-қисап» деген шыттан гөрі қалың алабажақ кездеме

/полотно/ бар. Ал, Низамидің «Сокровищница тайн» – атты поэмасында

«касаб» жұқа кездеме, ендеше фарсының «би» /«бей»/ жұрнағы алдынан қосылып, «би-қасаб» жұқа емес қалың кездеме болып шықса керек-ті.

Үшінші тарау а) Аударманың арналы тарихынан
«Кісі айтпаған сөз бар ма? Тегіс ұғар қай құлақ?

Сәккенің оны ұнар ма? Үйренген сөзге мен де ортақ», –

депті ғой Абай. Сол айтпақшы өсу-өркендеу сатысында халықаралық ауыс- күйіс үнемі болып отырады. Мәдениеттің күрделеніп көркеюіне де осы қарым-қатыс зор себін тигізеді. «Үйде өскен бұзау өгіз болмайды», – демекші, аулынан ұзамаған жігіт бөтен жерді де, бөгде елді де жатырқай береді. Ендеше, көрнекті, көсем болу да, айыр көмей шешен болу да оның қолынан келмейді, ысылмаудан қымсыну туады.

Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзіңде жоқты көрші елден алады. Осы ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені

«аударушылар – мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта заттары» 1 –деп, А.С.Пушкин тегін айтпаса керек.

Үстіміздегі дәуірдің ІІІ ғасырында «Панчатантра» /«Бес бәйт»/ атты кітап Индия тілінде жазылады. Аты-жөні белгісіз Кашмир өлкесіндегі бір брахман жазыпты-мыс. Оны үш жүз жыл өткеннен кейін, дәлін айтқанда ҮІ ғасырда иран тіліне дәрігер Барзуя аударады. Енді екі жүз жыл өткен соң






1 А.С.Пушкин. «Соч.с обьяснениями их», том 5. М., 1887, стр.23. /«Переводчики – суть подставные лошади просвещения».

/ҮІІІ ғасырда/« Кәлила мен Димна» деген ат қойып, әлгі «Панчат антраны» араб тіліне Әл-Мукаф ұлы Абдулла аударып береді. Қазіргі күнде тұңғыш жазылған түп нұсқа «Панчатантра» да, Барзуяның аудармасы да ұшты-күйлі жоғалып кетіпті, жалғыз-ақ араб тіліндегі Әл-Мукаф ұлы Абдулла аудармасы: «Кәлилә мен Димна» ғана түпнұсқа болып қалды. Классикалық Шығыс пен Батыс Европаға осы «Кәлилә мен Димна» қанатын кең жайды. Мұны қорек қылмаған мәдениетті ел жоққа тән.

Х-ғасырдың сом туған ғалымы, дүние жүзіне мәлім Хорезмнің ел- Бируниі осы кітап туралы: «Ғылымның неше алуан саласы Үндістанда екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамтуға менің, әрине, мұршам келмес, бірақ «Панчатантраны» /«Бес бәйтті»/ аударуға өте құштармын... »1 деген екен.

Сол атышулы «Панчатантраға» өзінен бұрынғы әйгілі «Махабхарата» дастанының үш тарауы кіреді. Е.Э.Бертельстің айтуынша бұл үш тарау

«Махабхарата» эпосының 12 кітабынан алыныпты. Олай болса, ой-сананың шеңбері, мәдениеттің ұйтқысы «Панчатантрадан» басталмайды да, мұнымен аяқталмайды да. Мәдениет желісі үздіксіз созылады, оның түп қазығы аударылып қағыла берсе керек-ті.

«Кәлилә мен Димнаның» фарсы тіліндегі аудармасын 1144 жылы Низамиддин Әбу-л-Меали Насураллах қайта жазып шығады. Он екінші ғасырдың бас кезінде бұл кітапты араб тілінен жебірей тіліне Рабби Иоэль аударады. 1263-1278 жылдар шамасында жебірей тілінен мұны Иоан Капуанский «Адам өміріне өсиет» деген атпен латын тіліне аударады.

ХІ ғасырдың аяқ шенінде Симеон Сифұлы «Кәлилә мен Дим-




1 Alberunis. Ed... by E.Sachan. London, 1887, p. 76.

ны» араб тілінен грек тіліне аударғанда «Стефанит пен Ихнилат» /«Жетіскен жан мен із кескіш»/ деп атайды. Осы грек тіліндегі нұсқа ежелгі славян тіліне аударуға негіз болады.

1762 жылы Россия Академиясының аударушысы Борис Волков:

«Үндістан философы Пильпайдың саяси және өсиет мысалдары» – деп мұны латын тілінен аударып шығады.

«Панчатантраның» негізгі сарыны феодалдық қоғамнан нәр алады, сондықтан ХҮІІІ ғасырға дейін түрлі халықтар арасында кең өрістеп орын тебеді.

ХҮІ ғасырда Хүсейн Ваиз Кашифи фарсы тіліндегі аударманы қайта өңдеп «Әнуари Сухейли» /«Бахыт жұлдызы»/ деп Үндістан тіліне қайта апарады. Сонсоң Әбуль-Фазыл әлгі Хусейн Ваиздың нұсқасын тағы өңдеп

«Иори Даниш» /«Даналықтың алғашқы тетігі»/ деп жеңілдетіп береді. Фарсы тілінен бірнеше рет түрікшеге аударылады. Академик И.Ю.Крачковскийдің айтуынша солардың ішінен көбірек таралғаны әр ең тәуірі «Хумаюн нама»

/«Патша кітабы»/ болса керек. Түрікшесінен өзбек тіліне аударған ташкенттік Иса ұлы Фазылүлла еді /бұл 1888 жылы Ташкентте литографпен басылады/. Татар тіліне арабша нұсқадан аударған Ғабдулғалам Фаизхан ұлы болады, бұл қазақ баспасында 1889 жылы жарық көреді. Монғол, малай тілдерінде де

«Кәлиләның»... аудармасы бар, – деседі.

«Кәлилә мен Димнаның» араб нұсқасынан Европа тіліне 1816 жылы тұңғыш рет аударған атақты арабист француз ғалымы Сильвестр де – Сасис болды.

1923 жылы И.П.Кузьмин мен атышулы академик И.Ю.Крачковский орыс тіліне әлгі «Кәлиләні» үшінші рет аударып береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет