Академик И.Ю.Крачковский нұсқасынан қазақшаға 1962 жылы аударылды. Бұдан бұрын да «Калила мен Димнаның» өзінен /араб тілінен тікелей аударылған екі нұсқа бар, бірі Сәкен Ғылмановтікі, екіншісі Ғұбайдулла Ахметовтікі. Бұл екі қолжазба қазақ ғылым академиясының кітапханасында сақтаулы. /Сәкен Ғылманов қолжазбасы №335, Ғұбайдулла Ахметов – №1636/.
«Кәлилә мен Димна» орта ғасыр әдебиетінде жиі кездесетін күрделі тақырып, феодализм дәуірінен тиянақты нәр алған шығарма, сөйте тұрып осы күнге дейін ескірмей, өлмей тарихтың үдере тартқан кешіне ілесіп қалмай отыруында үлкен себеп бар. Заманымыздың белгілі ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуынша: «бұл кітап әкімдерінің шағым арызға орынсыз сенбеуін, айыптыларды жазалауға төтенше асықпауын ескертеді» 1 – дейді.
Көне заманда «Өмір айнасы» атанған, ал орта ғасырда Германияда
«Князь айнасы» болған кітаптардың қатарына осы «Кәлилә...» да кіреді.
«Ақындардың данышпаны ұлы Гете де өзінің даңқты Рейнек түлкіге» дейтін шығармасын «Кәлилә мен Димнаға» еліктеп жазған еді, бірақ сұңқылдап өнеге айтып, тақпақтай сөйлеуді оның негізгі арқауы етпеген екен. «Кәлилә мен Димна» шынында, бүкіл әлемдік әдебиеттің байырғы үлгісі» – дейді Е.Э.Бертельс.
1 «Кәлилә мен Димна», ҚМКӘБ, Алматы, 1962 /қазақ тілінде/, 10 бетін қараңыз.
/Аударған С.Т./.
Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Дүние жүзінің атақты ғалымдары да бұған ерекше көңіл бөлді. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендетудің тиянақты тірегі аударма екенін олар баяғыда-ақ ұққан болатын.
Мысалы, әлемге аян ғалым философ, «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл Фараби /873-950/ шығыстың бірнеше тілін білді, соның ішінде араб тілін өзінің ана тіліндей меңгерді. Грек философтарын зерттеу үшін гректің де тілін әдейілеп үйренді. Осылармен қатар ол /фараби/ фарсы тілінде өте көркем өлеңдер жазды.
Әбу Али ибн Сина да /980-1037/ ғылми еңбектерін араб тілінде жазып жүріп, фарсы тілінде өлеңдер шығарып кетті.
Әбу Райхан Әл Бируни /973-1048/ мына Ибн Синаның замандасы еді, ол да өз еңбектерін, көбінесе, араб тілінде жазды. Басқа тілдерден араб тіліне аударумен ғана тынбады, арабтан фарсыға да, тіпті санскрит тіліне де аударды. Аударманың халық арасын қосуға дәнекер болатынын түсінді:
«Менің барлық ойым да, жүрегім де тек ғылым-білімнің тамырын жаю – осыны өзіме бахыт деп есептеймін... Сондықтан үнді тілінен үнемі аудара бергім келеді...1» депті Бируни.
Осы арада бір айтатын нәрсе мына иран тілінің – дәлдеп айтқанда Соғдиян тілінің ауыс-түйісі сауда-саттықта, кәсіби сөздер де ізін мол қалдырған тәрізді де, ал рухани –
1 Абу Райхан Бируни. «Индия», Ташкент, Из-во АН Уз. ССР, 1963, стр.21.
әдеби мұралар кейініректе, мына араб діні, араб мәдениеті арқылы келгендей. Заты, араб халқы Батыс Европа мен классикалық шығыс арасында тұрған байланыс сияқтанады. Мысалы, көне грек-Рим дүниесінде болған ұлы ғалымдардың, Индия нақылдарының бәрі де Батыс елдеріне араб аудармасы арқылы, араб тілі арқылы тарағанын бізден бұрын да талай ғалымдар дәлелдеп кеткен екен. Орны келгенде ескерту жөн, Сократ, Афлатон
/Платон/, Аристотель тәрізді философтардың, Салюстий сияқты тарихшылардың, Птоломей сынды географ-философтардың ойлары да араб аудармалары арқылы дүние жүзіне әйгілі болған. Үстіміздегі үшінші ғасырда үнді тілінде жазылған «Панчатантра» /«Бес-Бәйт-«Бес кітап»/ да Батыс Европаға және мына Орта Азияға араб аудармасы арқылы тарағандай.
Ең алғашқы ірі аудармалардың бірі Абу Джафар Мухаммед бин Джарур Табаридің /922 жылы өлген кісі/ көп томдық «Табари шежіресі» «Летопись Табари» атты еңбегі еді, 963 жылы оны уәзір Мир Абу Али бин Мухаммед Балами араб тілінен фарсы тіліне қысқартып аударған болатын.
ХІ ғасырда болған белгілі тіл ғалымы Махмуд Қашғари «Девону Луготит түрк» деген еңбек жазды, сонда түркі елінің көптеген сөздерін арабшаға аударып берген-ді, сонымен қатар түркі елінің мақал-мәтелдерін де араб тіліне әдемі аударғанды.
Абулқасым Махмуд бин Умар Замахшари – «Фахри Хорезм»
/«Хорезмнің мақтанышы» – «Гордость Хорезма»/ атанған еді. Ол – Орта Азияда бірінші рет араб-фарсы тілдігін – «Мухадиматул адабты» /«Введение к изящной словесности»/ жазды.
«Кәлилә мен Димна» өзбек /көне өзбек-шағатай/ тіліне ХІІІ ғасырда аударылыпты, бұл аударманың қолжазбасы Лондон кітапханасында «Индия оффисте» сақтаулы жатыр.
Ертеде фарсы тілінен өзбек тіліне – 1720 жылы Мухаммед Тимур «Осори имомия Анвори Сухайли таржимасы» – деп берді.
«Кәлилә мен Димна» өзбек тіліне бұдан кейін де бірнеше рет аударылды. Мысалы, 1891 жылы Нияз Мухаммед Хорезми, 1898 жылы Кари Файзулла Алмаи аударып берді, бұл аударма 1898 жылдан 1905 жылға дейін үш рет басылып шықты1.
Адамзаттың данышпан туған ұлдары: К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин – бәрі де аударма мәселесінің көркеюіне ат салысты. Өзінің «Капитал» тәрізді ұлы еңбегі орыс тіліне аударылғанда К.Маркс: «Переводчик не Механический толмач, калькирующий букву подлинника, а сознательный сотрудник автора, рупор его мыслей для начинающего читателя» – деп еді. К.Маркс еңбегі ағылшын тіліне аударылғанда әлгі пікірді Ф.Энгельс тағы қайталады2.
Аударма туралы пікір айтумен қатар олар өздері де аударған-ды. Мысалы, Ф.Энгельстің өзі де А.С.Пушкин жазған «Евгений Онегин» романының бірінші тарауын қара сөзбен неміс тіліне аударғаны мәлім.
Сондай-ақ В.И.Ленин де аудармаға өзі қатысқан-ды.
1 Джуманияз Шарипов. «Из истории перевода в Узбекистане» – Ташкент, 1968, стр. 31-32.
2 К.Маркс пен Ф.Энгельс. Сочинения т.ХҮ, ч.І, стр. 231. /мұны Дж.Шарипов аталған кітабының 3-4 бетінде айтыпты/.
Ол – В.И.Ленин ағалы-інілі Веббовтердің «теория и практика англиского тредюнианизма» деген кітабын, Клара Цеткиннің «Международный социалистический конгресс в Штутгарте» атты еңбегін, К.Каутскийдің мақалаларын және «Манифест Коммунистической партии» – тәрізді зор еңбекті орыс тіліне аударып берген-ді /өкінішке қарай бұл соңғы еңбек полиция тінтуінде жоғалып кеткен болатын. С.Т./
Ендеше, осының бәрі аударма тарихының алыстан келе жатқанына және қандай маңызы бар екеніне үлкен айғақ бола алады.
Октябрь революциясынан бұрын 1915 жылы ақын Шады төре
«Балғумбағыр» атты қысасында әлгі «Бес бейттен» /«Панчатантра» – «Бес кітап» – бес бәйт деген сөз С.Т./ қазақша үзінді беріп кетіпті.
Сонда: «Ат қойған «Бәһәр даніш» бір кітаптың Айтқанын білдірейін айлап ызхар»1 –
дейді. Аударып отырғанын өзі де жасырмайды. Осы тараудың ішіндегі басты кейіпкер Бәрһәмән. Мұны автор: «брахман дініндегі бір адам» деудің орнына, оны кейіпкердің аты деп қате ұққан екен. Ал, қанша шұбар тілмен /араб, фарсы, түрк сөздері аралас жүр/ жазылса да, қазақ аударып отырғаны айқын сезіледі, өйткені әлгі «Бәрһәмәннің» әйелін суреттегенде:
«Бар еді бір қатыны аның жәнә, Сұлулық суретіне жоқтұр шама
1 Жоғарыда Бертельс келтірген «Иори даніш» /даналықтың алғашқы тетігі/ пен мына
«Бәһәр даніш» /данышпандық тетігі/ екеуі бір-ақ шығарма. Дұрысы кейінгісі, орыс тіліне аударған автор араб әріптерін жаңсақ оқыған сияқты. Мысалы ـش ﺩﺍي بﺭ /Бәһәри даниш/ ســي ﺩوذ ويﺭي /йори дониш/ болып кеткен. С.Т./
Жүзі гүл, шашы сүмбіл, лебзі – бұлбұл, Келмеген ондай әйел бұл жиһәнға» –
деп қазақша әдемі сөйлейді. Осы қысаның 22-бетінен 46-бетіне дейін «Бес қатынның хикаясы» айтылады. Күйеулерін алдаған бес әйелдің мекерлігін
«Бес бәйт» /бес хикая/ деп атайды, «Панчатантраға» /«Бес кітап–бес әңгіме»/ мегзеп отырады. Оның үстіне осы «Бес бәйтте» ұшырайтын әңгімелердің көбі «Кәлилә мен Димнада» /«Панчатантрада»/ кездеседі.
1917 жылы Сәкен Сейфуллин «Қалтасында біреудің» деген өлең жазады, оны «фарсы ақыны Шайх-Сағдиден» – деп, өзі көрсеткен екен. /Ал, Сағди ХІІІ ғасырдың ақыны, «Кәлилә мен Димнадан» мың жыл кейін туған ғой/. Сол өлеңінде Сәкен:
«Қалтасында біреудің Жұпары болса сақтаулы, Жұпарын ол дауыстап Көрмейді лайық мақтауды Мақтамай-ақ әркімге Жұпардың өзі-ақ білдірер. Үндемей-ақ төңрекке
Тәтті иісін жайып сіңірер»1, – дейді.
Осыны Сәкеннің Сағдиден алуы даусыз, ал «Кәлилә мен Димнадан» бұл сөзді егеуқұйрыққа құзғын айтады. «Қанша құпия сақтауға тырысса да данышпан өзінің қырағылығын жасыра алмаса керек. Мысалы, жұпарды қаншама тығындап, жасырып ұстасаң да, оның аңқыған иісі бұрқырап шықпай тұра алмайды ғой»2 – дейді.
1 С.Сейфуллин. І том, 1960, 90-бет.
2 «Кәлилә мен Димна», ҚМКӘБ, қазақ тілінде, Алматы, 1962, 140 бет.
Өзбек жазушысы Абдулла Каххар «Синчалак» атты /қазақша «Қыштақ» – аударған Әбен Сатыбалдиев/ әңгімесінде: «Үлкендігі шынтақтай қыштақ деген торғайды білесіз бе? Аяғы жіптей /қылдай/. Сол торғай «аспан түсіп кетсе, тіреп қалайын» деп ұйықтағанда, аяғын көтеріп жатады екен» – дейді. Осындай күрделі повестке өзек болған мына сюжет «Кәлилә мен Димнада» да бар. Қазақ тілінде аңыз болып тараған ескі әңгімелердің нұсқасы да осы кітапта айтылған екен.
Орыс тіліне Гомердің «Илиадасын» Гиедич аударғанда А.С.Пушкин қатты қуанған, «бұл сен үшін емес, орыс халқының игілігі» – деп баға берген. Өзі ювиналды аударуға кіріскен. Иран ақыны Сағдидың сөзін «Бахчасарай фонтаны» атты поэмасына эпиграф етіп алған болатын. «Многие, так же как и я, посещали сей фонтан; но иных уже нет, другие странствуют далече» 1
/Саади/ – деп келтірген-ді. А.С.Пушкин.
Аудармаға көңіл бөлу бүгін ғана туып отырған жоқ, бұл ежелден келе жатқан тиянақты дәстүр. Ой ауыспай мәдениет кенересі көтерілмесе керек.
«Бір кісінің ішіне бір-ақ аяқ ас сияды» – дейді ғой.
Әлемге әйгілі араб ертегісі «Мың бір түннен», «Панчатантра» /«Бес бәйт»/ сегіз жүз жыл бұрын жазылды. Сондықтан да «Мың бір түнде» айтылатын қыруар әңгімелердің «Бес бәйттегі» толғаулармен үндесуі де заңды. Жазба әдебиеті шықаннан кейін аударманың ізі айқын көрінеді. Сонда еңбегін алғаш жазып қалдырған автор бірінші орында тұрады да кейінгілер сол үлгіні қуалайтын тәрізденеді.
1 А.С.Пушкин. Собр.соч.,том 3, ГИХЛ, М., 1960, стр.143.
Мәдениеті мешеу елдің мәдениеті жоғары елден үлгі алатыны да ежелден мәлім.
Осы жөнінде «Айқап» журналының редакторы, ақын, жазушы журналист Мұхаметжан Сералин: «Панчатантраны» ибн Махфа /ибн әл-Мүкаффаны айтып отыр – С.Т./ ҮІІІ ғасырда арабшаға аударды», – дейді, оның түпнұсқасы «Панчатантра» қазір дүние жүзінде жоқ, бірақ араб тарихшысы Табаридің кітабында одан көшірілген сөздер көп»1 – дейді Мұхаметжан Сералин.
«Абулқасым Туси Фердоуси /935-1020/762 жасында өлген. Ол Хорасан
уәлаятында, Түс шәһәрінде, «Табиран» бөлімінде туған. Осы ұлы шығармасы
«Шахнама» туралы өзі айтқан екен: «Мен өзімнің жырыммен биік сарай салдым, жел, жаңбыр оған жетпестей, өмірі өшіп кетпестей еттім, өлсем де тірі болармын, ақылы барлар оқырлық жыр жазған кітап қалдырдым ғой»3 – депті ақын Фердоуси.
«Шахнаманы» 976-998 жылдары бір мың ауыз өлең етіп Дакики шығарған. Осыған 59 мың ауыз өлең жалғап Фердоуси жазған. «Сонда, бұл
«Шах-наме» 60 мың бәйт – 120 мың жол өлең болады С.Т./ Оны 999 жылы түрік ханы Махмут сұлтан Газнауиға сыйлыққа тартқан, өзінің қызына жасау етпек болған», – дейді Мұқамметжан Сералин. Совет заманындағы шығыс елін түбегейлі зерттеп келе жатқан ірі ғалымымыз И.С.Брагинский:
«Шахнама» поэмасы ең алғаш 994 жылы жазылып бітті, ал 999 жылы аяқталды деу қате, бұл қатені Британия музейіндегі Иран әдебиеті қолжазба каталогын
1 Мұқаметжан Сералин «Айқап» журналы 1914 жылы, 145 бетін қараңыз.
2 1020-935-85 жас болады, бірақ біз «Айқап» журналында жазылған текстен аса алмай отырмыз /С.Т./.
3 Фердоусидің осы ойын орыс тіліне К.Липскеров: «Падет, распадется прекрасный Чертог, И зной его сушит и хлещет поток. Но стих мой палаты воздвиг – и гляди, Для них не страшны ни ветра, ни дожди» – деп аударған екен. /Фердоуси «Шахнаме», ГИХЛ, 1957, стр. 963-964/.
жасаған Рье деген кісі жіберіпті, әрі қарай «Фердоуси жалғыз ұлынан айрылып, мезгілінен ертерек қартайды да отыз бес жыл жазған осы ұлы еңбегінің екінші редакциясын 1010 жылы тамамдады. «Шахнаме» 120 мың жол емес, 100 мың жол өлең. Ақын Фердоуси 1020-1026 жылдарда қайтыс болды, оның сүйегін мұсылман діндарлары «кәпір» /еретик/ деп танып, жалпы мазарға қойдырмай өз бақшасына жерлетіпті», – дейді.
Ақын М.Сералин «Шахнаманы» ең әуелі бір мың ауыз өлең /екі мың жол/ етіп Дакики шығарған» десе, И.С.Брагинский: «Шахнаме» бұдан бұрын бес рет шықты: 1) Соның біріншісін: Әбулмуайяда Балхи1 қара сөзбен жазды, бірақ ауызекі айтылғаны болмаса, оның түпнұсқасы сақталмаған; 2) Екіншісін: Масғұд Марвази өлеңмен жазды/ бұдан қалған бірнеше жолдар бар/; 3) Үшіншісі: «Мансұр шахнамесі» атанып 957 жылы қара сөзбен жазылды, мұны редакциялаған Әбумансұр /немесе Сағда ибн Мансұр /аль Мағмари /немесе Муаммари/ екен, ал жаздырған Саманид патшасының сановнигі және ірі қолбасшысы Әбумансұр Туси болыпты, сондықтан ол поэма «Мансұр шахнамесі» атаныпты /осы поэмаға арналған «Ескі беташар»
/«старое предисловие»/ ғана сақталған, бұл тәжік фарсы прозасының көне ескерткіші. 4) Төртіншісі: Дакикидің мың ауыз /екі мың жол/ өлеңі, мұны Фердоуси өз «Шахнамесіне» енгізген. 5) бесінші – «Шахнамені» Әбуәли Мұхаммад ибн Ахмад Балхи жазыпты /мұны Хорезмнің атышулы ғалымы әл Бируни /Беруни/ келтіріпті, біздің ойымызша осы автордың аты Дакики болса керек/; ал Фердоуси «Шахнамесі» бұлардың біреуіне де ұқсамайды.
Осы «Шахнаменің» көркемдігін өте жоғары бағалаған
1 Р.Ю.Виппер /орыс тарихшысы /«История средних веков». Издание МГУ, М., 1947, стр.133 /Осы тарихшы ғалымның айтуынша Балх ежелгі Бактра қаласы С.Т./.
Н.Г.Чернышевский «Повесть ішінде повесть» /«Повести в повести»/ деп атаған екен.
Фердоусидің «Шахнамесі» үш бөлімде жазылған: 1) Соның бірінші бөлімінде мифологиялық /ертегілік/ жырда біздің дәуірден бұрынғы 3223 жылдан бастап 782 жылға дейінгі көне дүние уақиғалары шертіледі; темірші
/кузнец/ Кава бастаған халық көтерілісі әдемі суреттеледі, темірші Кава аждаха Заххак атты патшаға қарсы шығады «Авестада» /«Забур» кітабында әлгі Заххак–Ажи–Дахак атанады/, Фердоуси оны /Заххакты/ арабтың жүгенсіз ханзадасы /царевич–узурпатор/ деп ұғады.
Шахнаманың осы бөлімінде айтылатын бас кейіпкер Үрістем /Рустам/ болады. 2) Екінші бөлімінде – батырлар жырында үстіміздегі дәуірден бұрынғы 782 жылдан бастап 50 жылға дейінгі мезгіл баяндалады. 3) Үшінші тарихи бөлімде – үстіміздегі дәуірден 50 жыл бұрынғы, сонсоң біздің замандағы 651 жылға дейінгі мезгіл әңгіме болады»1 – дейді И.С.Брагинский. Мұхаметжан Сералин келтірген жәйттердің біразын И.С.Брагинский түзетіп отыр, біз осы кейінгі көрсетілген ғылми зерттеушінің мәліметтеріне
толық қанағаттанамыз.
Махмұт сұлтан Ғазнауиға өкпелеп, Фердоуси айтқан екен: «Алпыс мың ауыз өлеңге бір жұтым су берген, заты құл-
1 Фердоуси, «Шах-наме», ГИХЛ, М., 1957, стр. 5-11.
дан не туар» – деп мысқылдапты. Расында Махмұттың әкесі Себкіткин
/дұрысы Субухтегин болады С.Т./ мына Бухар әмірі Ахмет пен Исмағұл- Саманидың құлы болса керек» 1 .. Махмұт сұлтан алпыс мың күміс теңге жіберсе керек, ал екінші рауятта алпыс мың алтын теңді түйеге арттырып жіберіпті, бірақ бұл керуен өліктің үстінен шыққан екен», – деседі.
Атақты ориенталист ғалым А.Крымскийдің айтуынша нәсілі түрік Махмут Ғазнауи өзі фарсы тілін білмегендіктен және фарсы жұртын асыра мақтаған «Шахнаманы» ұнатпапты» – дейді. А.Крымскийдің осы сөзін де И.С.Брагинский келтіріпті, әлгі «Шах-наме» дастанына жазған беташарында. Бұл тәрізді ғылми талас-тартыстың бетін ашу үшін тағы бір куәлік берелік. Низами Арузи /түбі Самарқаннан шыққан, Ауғанстандағы Бамиан өлкесінде
қиыр шетте жүріп 1156-1157 жылдарда «Собрание редкостей» /«Четыре беседы»/ деген кітабында айтады: «Махмұт сұлтан фанатик /мұсылман дініне соқыр сенетін адам –С.Т./ еді. «Шахнаме» сынды поэманы жазғаны үшін ол Фердоусиге жиырма мың дирхем /күміс ақша салмағы – 3,15 грамм, грекше драхма С.Т./ жіберіпті. Бұған Фердоуси қатты ашуланып, моншаға барып сыра ішіпті, қалғанын моншаны мен сыра сатушыға үлестіріп кетіпті».
«Махмұт сұлтанның қатал екенін жақсы білетін Фердоуси сол күні түнде Ғазна2 қаласынан қашып шығып, Герат3 қаласын-
1 Шығыстың көне тариқында «Алып–тегин» Афросияб қой /Субух-тегин деп атақты қолбасшыларды атаған екен, заты, ол заманда «тегин» ат тегін қойылмаса керек, ендеше Махмут та асыл тектен шығуы кәдік /С.Т./
2 Газна – 1150-1151 ж. қираған қала, бұрын ғылым мен өнердің орталығы болған. Қазіргі Ауғанстандағы Кабул провинциясында тұр. /С.Т./
3 Герат – өте ескі қала, қазір Ауғанстанның терістік-батысында тұрады, бұрын Х- ғасырдан бастап Хорасан өлкесіндегі Азияның сауда-саттық және мәдени орталығы болған /С.Т./
дағы Азрактың1 әкесі Ісмаил Варрактың2 дүкеніне барып паналапты.
Сонда алты ай жатады да Гераттан шығып Тусқа3 келеді, соңынан Табаристан4 патшасы Испахбад Шахрийарға5 «Шахнамені» алып барады. Махмут сұлтанға арнап жазған келеке /сатира/ өлеңін оқиды; «Махмудқа арнаған осы кітапты енді саған арнаймын, өйткені бұл кітап басынан аяғына дейін сенің ата-бабаңның істеген істерін, соларға байланысты ертегілерді баяндайды, – депті Фердоуси.
Шахрийар ақынды құрметтей отырып, мынаны айтыпты: «Уа, шеберім! Сенің кітабіңнің мән-жәйін дұрыстап жеткізбеген екен, сөйтіп өзіңді даттап, Махмутты саған қарсы қойған екен. Мұның бәрінен бұрын өзің шиитсің6 ғой, пайғамбар әулетіне мұқылас берілген жанның бұл өмірде жолы болмайды, олардың өздерінің де жолы болмаған-ды. Махмут менің әміршім. Ана келеке
/сатира/ өлеңнің
1 Азрак-Абу Бакр Азраки-Абу Зайн-ид-Дин-Гератта тұратын Ісмаил Варрактың баласы. Сельджук тұқымынан шыққан екі шахзаданың да Алпарсланның баласы. Туған - шах пен Кавуридтың баласы Амиран-шахтың да сарай ақыны болған /С.Т./
2 Ісмаил-Варрак-Азрактың әкесі /С.Т./
3 Тус-Орта ғасырдағы Хорасан округы, Нишапур қаласынан 10 фарсаң - /бір фарсаң 6- 7 километрдей/ жерде тұрады. Тус округінде Табаран мен Нукан деген екі шәһәр болған, сол округ Тебаран атанған, осы күнгі Мешхед қаласының терістігінде 25 километр жерде Тустың бұзылған орны бар. /С.Т./
4 Табаристан - Каспий /Атырау/ теңізінің түстігінде жатқан таулы және орманды өлке, орта ғасырдағы Мазандаранның аты. /С.Т./
5 Испахбад Шахрийар - Марзбан ибн Рустам ибн Шахрийар ибн Шарвин Рустам атанады, ол феодалдық князь, Х-ғасырдың аяғында, ХІ-ғасырдың басында Табаристанның патшасы болған кісі /С.Т./
6 Шиит - /қазақша «шеит»/ - ісләм діні екі бағытқа бөлінеді, соның бірі - суниттер - бұлар Мұқаммет, Әбубәкір, Омар, Оспан тәрізді халифаларға бағынады: /пір тұтады/, ал екіншісі шеиттер - бұлар суниттерге қарама-қарсы өздерінің он екі имамына табынады, сол имамдардың тұңғышы Әзірет Алы Әли Мухамметтің немере інісі Әбу Тәлиптің баласы және туған қызы Фатиманың күйеуі , негізгі төрт халифаның бірі. 656 жыл мені 601 жыл арасында әкімдігін жүргізді/, ең соңғы имамы Махди/ /Мәди/ болады, ол 868-869 жылдарды туған. Шеиттердің негізгі рухани имамы осы Мәди. Шеит діні Иранда - ХҮІ ғасырда мемлекеттік дін болды /С.Т./
көзін жоғалтайын маған бер, ол үшін мен де саған бірдеме силармын. Оның үстіне Махмұт те өзіңді шақырып алып құрметтер, осындай кітапты жазып бітірген сенің еңбегің тегін
кетпес» – депті.
Екінші күні Шахрийар жүз мың дирхем1 жіберіпті де: «Бір бейітіңді /екі жол өлеңінді – С.Т./ мен бір дирхемге сатып алдым. Ана жүз бәйітіңді де маған бер, сонсоң өз жүрегіңді Махмутпен табыстыр»2 – деген екен.
Шахрийар Махмуттың оң көзі – ұлы ходжасы /ұлы уәзірі/ болыпты. Бір жылы Махмут Үндістаннан /Хиндустан/ Газнаға қарай қайтып келе жатқанда бір қорғанға /крепость/ кезігіпті, бұл мықты қорғанда мекен еткен бүлікші
/мятежник/ бар екен. Махмут әлгі бүлікшіге елші жебіріпті: «Ертең тарту тарағыңды алып менің алдыма кел. Сол үшін қымбатты киім киіп қайтасың»
Екінші күні таңертең елші қайтып келгенде, тахтында отырған Махмут оң жағында тұрған ұлы Ходжажан /Шохрийардан/: «Жауабы қандай болар екен?» – деп сұрағанда Ходжа:
«Коль дерзок будет сей ответ, то говорю я всем заране: 3
«Отыщет палица моя, Афросийаба 4 на майдане» – деген екі
1 Дирхем - /грекше-драхма/ - ежелгі сасани заманындағы күміс ақша.
2 Низами Арузи Самарханди «Собрание редкостей или четыре беседы» - Изд-во Восточной литературы. М., 1963 г., стр.82.
3 «Егер осы жауабы кесірлі-қатал болса, онда мен алдын-ала-ақ айтайыншы. «Менің шоқпарым Афросийыбпен қан майданда кездессін» /Фердоуси өлеңі қара сөзбен аударылды С.Т./ - депті».
4 Афросийаб-Фердоусидің «Шахнамәсінде» айтылатын кейіпкер, бұл Иран елімен үнемі жауласып өткен Тұран /түрік/ халқының ертегі патшасы /С.Т./
жол өлеңді айтып жіберіпті. «Өзі жігерді қоздырып, ерлікке шақырады екен, бұл кімнің өлеңі?» – деп Махмұт сұрағанда, Ходжа: «Әлгі сорлы Әбілқасым Фердоусидің өлеңі ғой, бишара-жиырма бес жыл сарылып отырып осындай кітапты жазып бітірсе де, сол еңбегі үшін ешбір сый-құрмет көрмей барады- ау!» дегенде, Махмұт: «Өзім де өкініп жүруші едім, сен бүгін есіме жақсы салдың-ау! Осындай ізгі адам менен жапа көрді. Бұған бірдеме жіберейін, Газнаға барған соң тағы ескертіп көрші!» – депті.
Ғазнада отырғанда Ходжа тағы есіне салыпты, сонда Махмұт:
«Әбілқасым Фердоусиге арнап алпыс мың динар сыйлық жіберіпті,
өзімнің түйлеріме артып Тус шәһәріне апарсын да одан кешірім сұрасын!» – депті.
Талай жыл ойлаған ойын Ходжа /Шахрийар/ осылай етіп әдемі орындап шыққан екен. Жүк артып барған керуен аман-сау Табаранға жетіпті. Алайда, осы керуен шәһәрге Рубдар қақпасынан /дарбазасынан/ кіргенде, дәл сол мезгілде қайтыс болған Фердоусидің сүйегін Разан қақпасынан шығарып бара жатыр екен» – 1 дейді.
Бұл уақиғаға көбірек тоқтауымыздың себебі ана белгілі ғалым А.Е.Крымскийдің /1871-1941/ келте қайырған пікірін анықтау үшін еді. Ашығырақ айтсақ Махмұттың әкесі Себкиткин /дұрысы Субухтегин/ құл емес тәрізді, егер құл болса – онда «Субухтегин» атанбас еді, екіншіден Махмут фарсы тілін білмегендіктен» деуі дұрыс болмас, асылы «Шах- намені» теріс түсіндірушілер айыпты шығар. Өйткені өзінің /Махмуттың/ оң көзі болған Шахрийар да фарсы адамы, түбі Яздигард Шахрийарға /632-651/ Сасани патшалығының соңғы өкіміне барып тіреледі. /қазақша Жәзит- орысша Яздигард/.
Достарыңызбен бөлісу: |