Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет13/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29


1 Мәші– ұрғашы есек, әңгі – еркек есек.

–Екеуміз де сонда барсақ қайтер еді? Оны былай қойып, тек сенімен достасқым келген күнде де мен бірге кетер едім, – депті. Сөйтіп екеуі арыстанға қарай беттепті. Шүйе бөрі бұрынырақ келіп хабар беріпті. Арыстан атып тұрып есекке қарсы ұмтылыпты, бірақ ұстай алмай қалыпты, ол қашып құтылыпты. Сонда шүйе бөрі арыстанға: Бүлдірдің-ау, сен! Есекті әдейі жеке тастап кетіп едім, мені сорлатқың келді ме, неге тарпи бас салдың? Оны сен ұстай алмасаң, менің патшамның есекті ұстап алуға мұршасы келмесе, онда біз құрыдық қой, – депті. Арыстан ойланыпты.

–Егер есекті әдейі қоя бердім десем, онда шүйе бөрі мені ақымаққа балар еді, ал егер ұстап алуға әлім келмеді десем, онда қуатсыз нашар деп білер еді,


  • деп толғаныпты да:

–Есекті сен екінші рет осында ертіп әкеле алсаң, мен саған сол есек жөнінде өзің қолқалап жүрген бір әңгімемді айтып берер едім, – депті.

–Болған істі есек көзімен көрді, мен енді оған қайыра барсам, онда амал қолданып, алдауым керек болар, – депті де шүйе бәрі есекке қайта барыпты. Есек мұны көре салып:

–Менде қандай бұйымтайың бар? – деп сұрапты. Сол арада шүйе бөрі:

–Менің саған жақсылық істегім келеді. Қатенің бәрі шексіз құмартудан шықты ғой. Саған тура шапқан, әлгі өзің көрген хайуан мәші есек еді, ол туралы мен саған айтқан болатынмын, ондай көріктіні сен өмірінде көрген жоқсың. Құштарлықтың қуаты билеп шыдатпады, саған тұра ұмтылды, енді бір минут кідіргенде ол сенің мәңгі жарқосағың болатын еді.

Қатенің бәрі күшті елтудің салдарынан туады ғой, – депті.

Мәші есек туралы екінші қабат естігенде әңгі есектің құмартуы құйынша көтеріліп, ол шүйе бөріге еріп жүре беріпті, келген мезетте арыстан бассалып оны жарып тастапты. Есекті жайғап болыпты да ол шүйе бөріге қарап:

–Мен дәріні былай қабылдаймын, ең әуелі жуынамын, сонсоң құлақ пен жүректі жеймін, ал қалғанын құдайыға таратам. Мен жуынып болғанша, сен есектің етін күзете тұр, сонсоң өзім қайтып келем, – депті. Арыстан кетісімен шүйе бөрі есектің құлағы мен жүрегін жеуге кірісіпті, сонда арыстан құлақ пен жүректің жоқтығын көрген соң қалған етін де жемес, құдайыға да таратпас деп сеніпті ол.

Арыстан қайыра келіп: –Есектің жүрегі мен құлағы қайда? – деп жазғырғанда, шүйе бөрі оған: –Есекте құлақ пен жүректің жоқ екенін сен білмеуші ме ең, егер ол екеуі бар болса, аман-есен бір құтылғаннан кейін екінші рет тағы келмес еді ғой, – депті. Арыстан шүйе бөрінің сөзіне шүбәсіз сеніпті 1 – деп толғайды.

Қазақ елінде «Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі» деген мысал бар. Осы төртеуі жолдас болып, өзі сулы, биік таулы жерді мекен қылып жүреді. Арыстан, қасқыр, түлкі уақ аң аулап жеп жүреді. Түйе жердің оты мен суына жардай болып семіреді. Қыс болып, уақ аң таусылып, арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі ашығады. Көздеріне түйеден басқа ештеңе көрінбейді. Олар түйені жемек болады. Түйе жолдастығын айтып жылайды. Әбден ашыққан соң үшеуі түйені жемек болып ақылдасады: түйемен сөйлесуге түлкі–




1 «Кәлилә мен Димна», Алматы, 1962, 185-187 бет.

ні жібереді.

Кешке жақын түйе дем алып, шөгіп жатқанда, түлкі қарсы алдында шоқиып отырып солқылдап жылайды. «Досым, түйем, мына қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Жаздай бірге жүріп, бірімізге-біріміз бауыр басып қалдық қой. Енді қалың қар түскенде сен қорек ететін бұл ант атқан бетпақ шөлде ештеме жоқ. Қарды теуіп шөп шауып жеуге сенің мұршаң келмейді. Қатты аяздан сақтайтын үстінде жабуың да жоқ-ау!...

Түйе бірге жылайды. Енді не істеу керек? – деп дағдарады. Түлкі: Мен ақылын таптым, сен өзіңді өзің он екі қойға сат, ендігі жылы әлгі қойлардың жүнінен мен саған жылы жабу сырып қоям» – депті.

Түлкінің осы ұсынысын аңқау түйе қабыл алыпты. Оны арыстан жарып тастапты, ақтарылып жатқан ішек-қарнына қарап түлкі сөйлепті: – Ауылдағы қазақтың ыспадияр /шебер/ әйелдері болса, мына ішек-қарындарды қандай әдемілеп аршыр еді-ау, енді патшамыздың өзі болмаса мұны ана өзенге сүйреп апарып тазалауға кімнің әлі келмек? – деп қамығады. Сонда арыстан мақтанып: «Өзім-ақ көлге апарып, аршып әкелейін», – деп арқасына салып сүйрей жөнелді.

Ашыққан түлкі түйенің миын аузына қағып салады, қасқыр көзін жейді. Арыстан келіп: –Миды кім жеген? – деп сұрағанда түлкі:

Тақсыр, түйеде ми болмайды, егер миы болса ол өзін-өзі ажалға қимас еді ғой, – депті.

–Дұрыс, ал енді көзі қайда кеткен? – дегенде қасқыр жалтақтап сөз таба алмай түлкіге қарапты.

Сонда түлкі: –Неменеге маған жаутаңдап қарайсың? Кеше өзімізбен бірге жүрген досымыз – түйенің көзі жоқ еді деп арыстекемнің алдында қалай өтірік айта алам? – депті монтаны түлкі.

Қасқыр қаша жөнелгенде арыстан соңынан қуып, таудан тау асып кетіпті. Осы мезгілде түлкі түйенің етін жердің астына түп-түгел көміп тастапты. Өзі түк білмегенсіп, шоқиып отырыпты. Арыстан арсалақтап қайта келіп түйенің жемтігін сұрағанда, түлкі: –Ойбай-ау, қызық болды, бұлар әлден-ақ қырқысып, төбелесіп жатыр, ендеше маған осылар он екі қойды қайдан тауып бермек? – деді де орнынан ұшып түрегеліп тайлақтап жүгіре жөнелді1,



  • депті.

Италия, Греция жерлерінде елдерінде аңқау кейіпкер бұғы болса, Индияда сол бұғының міндетін есек атқарады, ал қазақ елінде аңқаулық – алаңғасарлық түйеге жүктеледі.

Италия мен Грецияда, қазақ халқында қулық-мекерлікті түлкі жасайды, ал Индияда түлкінің орнына сахнаға шүйе бөрі /қасқыр/ шығады. Негізгі ойлары бір сарында болса да кейіпкерлері бөлек-бөлек.

Әр елдің өз жерінде көріп жүрген жануарлары, өздеріне таныс уақиғалар көрсетіледі.

Мысалдар түрлі жағдайға арналады, неше алуан кәсіп иелерінің орашолақтығын әжуалайды. Тілі өткір, ойы келте қайрылады да өмір бойы ұмытылмай есте қалады.

«Надан дәрігер» атты мысалында Эзоп былай толғайды.

«Өзінің мамандығын /кәсібін/ білмейтін бір дәрігер болыпты. Бұрын басқа дәрігерлерде емделіп жүрген бір адамды осы дәрігердің емдеуіне тура келіпті. Бұрынғы дәрігерлері бұған:






1 Осы әңгіме бір кезде балаларға арналған кітапша болып шыққан еді. Қазіргі «қазақ ертегілерінде» 194-200 беттерінде өзгешелік бар. Мұнда бірнеше ертегінің басы қосылған, әйтеуір түпкі ойы біреу-ақ /С.Т./ «Қазақ ертегілері», І том, ҚМКӘБ, Алматы, 1957, 194- 200 беттерін қараңыз.

«Ауыруыңыз аса қатерлі емес, сөйтсе де төсекте ұзағырақ жатып қаларсыз» деседі екен. Әлгі надан дәрігер келіпті де: «Дүниелік шаруаңыздың бәрін реттеп қойыңыз, қалған өміріңіз осы таңға жетпес» – деп кесіп айтыпты да шығып кетіпті. Арада біраз уақыт өтіпті. Арып шаршаған науқас аяғын тәлтіректей басып, таза ауаны жұту үшін тысқа шығыпты. Осы мезетте баяғы надан дәрігер ұшыраса қалыпты. «Амансың ба, ей! Ана дүниеде қалай өмір сүріп жатырсың?» – деп сұраса керек. Сонда науқас адам: «Ақыреттегілер кеусер суын ішеді екен, ол жерде сондай тыныштық, тіпті қой үстіне боз торғай жұмыртқалайды. Тек осы жуырда Ажал мен Дозақ екеуі бас қосып, ауруларды өлімнің уысына бермейтін дәрігерлер екен. Солардың бәрін жапа- тармағай қыру керек деп үлкен тізім жасады. Сені де сол тізімге жазып қойыпты. Мен қатты қорқып, жан ұшырып аяқтарына жығылдым, жалбарына жыладым, оған дәрігер атағы қатеден танылған, ол нағыз дәрігер емес, надан адам еді» – деп, ант-су іштім де ажал аузынан сені әрең айырып алдым, – депті.

Осы мысалды мен өз кәсібін жетік білмейтін, бос сөзге үйір, білімсіз дәрігерге арнадым, оқып шығып солар өнеге алсын дедім» – дейді Эзоп1. Біздің заманымыздан бұрынғы алтыншы ғасырда/.

Бұдан жеті ғасыр кейін Федр «Етікші-дәрігер» атты мысал жазды, сонда:

«Ақымақ етікші кедейліктің тақсыретін тартыпты да, Бөтен елде жүріп жұртты емдеуге кірісіпті:




1 Эзоп мысалдары. Қолжазба. 35 бет. Грек тілінен орысшаға 1888 жылы Петербургте В.Алексеев аударған екен, біз содан алдық. /1958 жылы шыққан Эзоп мысалдарының 161 бетінде де бар. /С.Т./

Ауыруды емдейтін дәрі жасап сатыпты. Аят оқып, үшкіріп даңқын шығарыпты».

Қатты сырқаттанған патша мұны сынамақ ниетіне кірісіпті де өзінің көзінше бір ыдысқа су құйып, оған жорта дәрі мен уды араластырған болыпты.

–Егер тәуіп /дәрігер/ осы қосындыны ішіп салса, соған көп сыйлық берем,



  • депті.

Сонда дәрігер көріне келген ажалдан қорқып, «Мен емдеу арқылы даңққа ие болғам жоқ, жұрттың ақымақтағы арқылы ғана атақты болып едім» – деп мойнына алыпты.

Осы арада халқын жиып, патша сөз сөйлепті. Тірі жан еш уақытта аяқ киімін киіндіруге сенбейтін кісіге, сендер бастарыңды сеніп берерсіңдер. Естеріңнен адасқан жоқсыңдар ма, түге? – депті.

Біреудің ақымақтығы арқылы ұятсыздық қоректенеді, мен бұл әңгімені соларға айтқым келеді», – депті Федр 1 /І ғасырда/.

Үстіміздегі дәуірдің ІІ ғасырында тарих бетіне мысалшыл ақын Бабрий шығады, оның «Шалағай дәрігер» деген мысалында мынадай толғау бар.

«Баяғыда бір шалағай дәрігер дүниеде дәурен сүріпті. Бір күні сол дәрігерді бір науқас шақырса керек. Бұдан бұрынғы емдегендерден ол:

«Науқастың зілді, бірақ емдеп жазуға болар» дегенді талай естіген екен. Ал мына дәрігер кіріп келіпті де үмітсіз пішінін байқатып: «Мен сені алдап, шындықты жасыра алмаймын. Ең ауыр нәрсе ажал ғой, соған дайындала бер, бір тәулік-ақ өмірің қалды» деп шығып кетіпті де қайтып оралмапты.






1 Федр, Бабрий, Басни, СССР Ғылым академиясының баспасы. М., 1962, 13-бет.

Ауру айығыпты, бірақ өзі әбден бозарып жүдеген екен, аяғын азар басып серуенге шығыпты.

Бір күні әлгі дәрігер кезігіп: «Әй, амансың ба? Ақыреттегі өліктер қалай өмір сүріп жатыр?» – деп сұрапты.

Сонда науқас адам: «Кәусәр суын ішкендер қам жеуді білмейді. Бірақ күні кеше Қора мен Плутонның өзі1 – дәрігерлерге қатты қаһарланып, ажалдыны өлтірмей кедергі жасайды дегенді желеу етіп, дәрігерлердің бәрінің де атын атап-атап, қара тізімдеріне кіргізіп жатыр екен. Біріншілердің қатарына сені де енгізбек болды, бірақ мен барып аяқтарына жығылып сәжде еттім де: «Оны жұрт бекер өсектеп жүр, ол мүлде дәрігер емес», – деп ант ішіп жалбарындым, сөйтіп сені ажалдан құтқарып алдым» – депті Бабрий 2 /ІІ ғасырда/.

Мысалдардың бәрін келтіре берсек сөз таусылмайды. Көне Эзоп мысалдары жаңа дәуірде туған Ла-Фонтен, Флориан, Геллерт, Рабнер, Майснер, Абай тағы басқаларда да ұшыраса береді. Мысалы, «Шегіртке инелік/ мен құмырсқа» Ла-Фонтенде, Крыловта, Абайда бар, «Әкесі мен баласы» /«Отец с сыном»/ Флорианда да, Пушкинде де кездеседі; «Тоты»

/«Попугай»/ Флорианда да, А.Измайлувта да ұшырайды; «Қара торғай мен көкек» /«Скворец и кукушка»/ Геллертете де, Хемницерде де бар. Айта берсек ұшы-қиыры жоқ.

Х Х Х




1 Қора мен Плутон – әзәзіл мен ақырет құдайы.

2 Федр, Бабрий. «Басни», СССР Ғылым академиясының баспасы. М., 1962, 119 бет.

в) Мәтел болып кеткен мысалдар

Кейбір мысалдар уақ мәтел болып тарайды. Эзоптың «Күншіл ит пен бұқа» /«Завидливая собака и бык»/ атты мысалында «Шөптің үстінде жатып алып ит өзі де жемейді, бұқаға да бермейді», кейінгі мезгілде Лопе де – Вега жазған «Шөптің үстінде жатқан ит» /«Собака на сене»/ дейтін пьесасы осыдан туған болар.

Ой-сананың ауысуы әр түрлі салада жүреді, көбінесе жазба әдебиет арқылы тарайды, сонсоң ауыздан ауызға да көшеді. Әр ұлттың тілінде жүрген жеке-жеке сөздерден талай-талай ойлардың ауысқанын табамыз.

Мысалы, қазақта «Өзі бір отырған күрез ғой» – дейтін сөйлем бар. Осыны айтушы адам «күрездің» төркінін түсінбейді.

Тек отырған адамның пандығын білдіреді. «Екеуіміздің Крез емес екенімізді, сенің үйің патша сарайы еместігін Кирсанов өте жақсы біледі» – дейді И.С.Тургенев /«Әкелері мен балалары»/ 20 бетінде/. «Бұл кісі туралы талай ертегілер айтылған дала Крезі ғой» – дейді Д.Н.Мамин-Сибиряк

/«Астық»/. «Біз төсекке Крез боп жатамыз да, Ир1 болып түрегелеміз» дейді

В.Г.Белинский, Н.С.Ашукин мен М.Г.Ашукина құрастырған «Қанатты сөздер» атты кітаптың 28 бетінде де Крездің аты-жөні, заты кім екендігі айтылады. Ендеше, ежелгі Лидия патшасы Крезді немесе Геродот тарихын сахарада көшіп жүрген қазақ елі білді деу қате болар еді. Сондықтан бұл

«күрез» біздің елге екі жолмен келуі мүмкін. Біріншіден, он тоғызыншы ғасырдағы орыс әдебиетінен алынады,







1 Ежелгі грек ақыны Гомердің «Одиссея» атты поэмасында Ир деген кедей-қайыршы болып суреттеледі. «Ақын – Ир тәрізді кедей еді» – деп А.И.Герцен де айтқан /«Былое и думы» 44 беттерінде/. Ендеше /Крез байлықтың белгісі, «Ир» кедейліктің үлгісі /С.Т./

немесе араб-фарсы, тәжік-өзбек тілінен келіп ауысуы да ойға сияды. Бірақ біз көбінесе орыс әдебиетінен келгендігін қолдаймыз, өйткені осы «күрез» деген сөзді оңтүстік қазақтары біле бермейді, бұл тек Орталық Қазақстанда ұшырайды.

«Жалған мен шындық» атты мысал Ромулда кездеседі, атақты татар ақыны Ғабдулла Тоқай былай келтіреді:

Шын мен жалған

/татарша «ғын уә аялған»/

«Әуелде дүниеде жер жоқ, су ғана болған, диләр.

Онда жүзгенләр иміш тек «чын» білән «ялган» – диләр. Бу екі душманға тәңірден берілген бір күймә /кеме/

Бәс отырғанлар күймәге бірісі қаршы бірсінә

Кәптә юрми «чын» білән «ялған» шығанғанлар соғыш, Болмаса дослық, жете біт – соғышарға бір йоқ іш.

Күшті қолы біләп «ялған» – «чынжы» соққан диді.

«Чын батып кеткен – ди, шықмасқа жәһәнге – мәңгіге» 1

дейді. Осы күні бұл ауызша анекдот болып та көп елге тарап кеткен.

Халық арасына дәнекер болып бірден бірге ой ауысады, бұл түрлі арнада жүріп жатады. Ұзақ эпос, ертегілер сабақтасады, қысқа мысалдар көшіп- қонып жүреді. Жеке мақал-мәтелдер, тіпті дара сөздер де бір елден екінші елге келіп қонақтайды.

Қазақ халқының ең алғаш нәр алғаны шығыс мәдениеті, батыс жұртына, орыс халқына кейінірек жақындап, қоян-қолтық алысқан сияқты. Орыс халқымен араласудың тіліміздегі, әдебиетіміз–




1 Ғабдулла Тоқай. Татар тілінде Фатхи Бурнаштың 1926 жылы жазған беташарымен араб әрпінде басылған 9 бетін қараңыз. Тоқай бұл өлеңін 1908 жылы жазыпты. /С.Т./

дегі ізі ұшан-теңіз. Орыс мәдениетінің қарым-қатысы өте күшті болған кезеңі он тоғызыншы ғасырдың орта шені, оның артынша революциядан кейінгі дәуір де болды. Аударма әдебиетінің төл әдебиетке мол әсерін тигізгені де, мәдениетіміздің шеңбері де осы кезде күшейгені белгілі.

Аударма өнері идиология майданындағы зор құралдардың бірі. Аударма әдебиеті халықтар достығының дәнекері. Осы пікірді дәлелдей алатын тиянақты айғағымыз да бар, ол орыс халқының тіліне араб әдебиетін аудару жөнінде айтылған болатын. Сонда: «Мың жыл деген тек бір халықтың тіршілігі ғана үшін емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де өте көп уақыт, мың жыл бұрын өтіп кеткен ұлы ата-бабасын, олардың келешек үрім-бұтаққа қалай өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп, болашаққа жөн сілтеп өткенін ұмытпаған халық – бахытты халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдерінде болған улы адамдарды біліп отыру одан да бахыттылық. Көбінесе әлгі әр елден шыққан ұлы ата-бабалар өздерінен мың жыл кейін де халықаралық байланыстың дәнекері болып қала береді» – дейді өз заманымыздың аты- шулы ғалымы академик И.Ю.Крачковский.

«Мың жыл бұрын Алепонның /Хәләб қаласының/ жанында Сирияда

/Шамда/ туып, дәурен сүрген Абу-ль-Алә әл Магарриды қиыр алыста жатқан Россия білген де жоқ еді. Әрине, әл-Магарридың туғанынан елу жыл бұрын Бағдаттан шығып Еділ өзенінің жағасына Ибн-Фалданның келуі рас, тіпті кейбір арабтар тек Еділ бойы емес, Киевтік Русь еліне де бұдан бұрын келіп- кетіп жүруі мүмкін. Алайда, олар арқылы орыс елі Магарриді білген жоқ, өйткені Абу-аль-Аләның атағы олардан көп кейін

жайылды... 1875-1876 жылдары орыстың екі ғалымы араб хрестоматиясын Петербургте шығарды. Әлемге әйгілі соқыр ақын әл-Мағарридың бір талай өлеңдерін соған кіргізді».

«1932 жылы ілгеріде белгісіз болып келген «Періштелерге арналған»

/орысша: «Послание об ангелах» – арабша: «Рисаләт ал-малаика» атты/ шығармасын ғылым Академиясы Ленинградта жариялады. Бұл еңбек шығыста Каир шәһәрінде, батыста Лейден қаласында сақталған қолжазбаларға сүйеніп еді. Осы еңбекті баспаға дайындауда Египет /Мысыр/ ғалымы, Шамдағы1 араб Академиясының мүшесі Ахмет Теймур патша көп күш сіңірді.

«Ленинград баспасын тұңғыш рет хат жазып құттықтаған әл-Фурейке өлкесінің философы – Әмин эр-Рейхани болды, мұнің өзі де әл-Магарриді көп жылдай зерттеп келе жатқан ғалым екен, сол хатында ол былай депті:

«Шығысты зерттеуші ғалым-мырзалар, сіздер өте керемет адамсыздар. Тіпті баяғыда шіріп кеткен сүйекке де жан бітіре алатын тәңірге жақын тұрған жансыздар! Мен мынау еңбектен Абу-ль-Алә-әл-Мағарридің өзің көріп отырмын, шіріп қалған еңбектерін сіздердің мың жыл кейін тірілтетіндеріңізді анық білген жанша ол өз заманында былай деп кеткен ғой:

«тәңірінің алдында ант ішіп айтсам, менің шығармам өз өмірімнен кейін қалады деп ойлағам жоқ» – депті. Міне енді, сол еңбек Әл-Мағарриден мың жыл соң тіріліп отыр... Мың жылдан кейін терістіктің ыстық самалы соғып, оның өлген еңбегіне жан кіргізер, орыс тілінің меруеті араласып, ол араб тілінде қайта сөйлер деген ойымызда да жоқ еді-ау! «құрметті орыс досым, саған тәңрім тіршілік берсін! «Періштелерге арнаған» шығарма сенің алдыңда басын иіп тәжім етеді... Құдайдың




1 Дамаск қаласын – Шам деп атайды, Сирияны да «Шам» деседі. «Мың бір түннің» аудармасында Қалмақан Әбдіқадыров «Дамшық» деп береді /С.Т./

сүйікті ұлдары-ау, сіздер енді оны іздеп таппайсыздар ма?» – деп сөзін әрі қарай соза түседі Әмин-Әр-Рейхани.

«Егер тәңрі тағалам ұйғарған болса, сіздер мені тірілткендей етіп, оны да тірілте аласыздар ғой. Осынша ұзақ уақытқа айрылысқан менің «ыбылыстай» досымды тауып әкеліп, менімен табыстырмайсыздар ма?! Сонда өз атымнан да, жолдасымның атынан да, сөйтіп, «мүмкін еместі мүмкін еткен» автордың


  • үш «арнаудың» иесі – Мағарридің атынан да рахмет айтып, мына өткінші өмірді есен-сау өткізулеріңізді тілер едім-ау!» – депті әр-Рейхани. Міне, мына жолдарды жазған Фурейкадағы Мағарридың досы, Ленинградтағы Мағарридің досын осылай құттықтайды. Орыс пен араб әдебиетін зерттегенде үнемі табыстан табысқа жете беруін, дені сау, бахытты болуын тілейді. Халық арасында туысқандық сезім мен бейбітшіліктің орнауын қалайды» 1 – деп көлемді ойын келте түйеді академик И.Ю.Крачковский.

Орыс ғалымдарының осындай пікіріне сүйене отырып, мына қазақ халқының өткен заманда қай елден, қай дәуірде қандай нәр алғанын айтып өттік.

Ерте кезде қазақ халқына әр елден әр түрлі ұғымдар ауысып, тіліміздің де, әдебиетіміздің де қалыптасуына өз тұсында көмек бергенін көрсетіп өттік. Ол кездегі ауыс-түйістің де шеңбері, бүгінгі заманмен салыстырғанда тар еді. Жағдай қазір мүлде өзгерді, жер бетіндегі көптеген ұсақ ұлттардың соры болып келген шынжыр бұғау отарлау саясаты күйреді. Азия, Африка халықтары күн санап бұрынғы бұғаудан босануда, өз қолы өз аузына жетіп, совет елімен туыстасуға белін бекем буды. Совет елінде В.И.Ленин орнатып

кеткен коммунизм идеясын қабылдады.




1 И.Ю.Крачковский. Избр. соч. том 3. Из-во АН СССР, М-Л. 1956, стр. 261-263.

Сөйтіп, олар совет халықтарын, совет елдері оларды ең әуелі көркем шығармалар арқылы тани бастады. Ендеше, өмір қажетін ашатын, адам арасын қосатын тиянақ тірек аударма өнері екені аян болды.

Сондықтан, 1954 жылы аударма мәселесі Бүкіл Одақтық жазушылар съезінде ерекше сөз болды. 1958 жылы түркі тілдес елдердің уәкілдері бас қосып, аудармашылар мәслихаты Алматыда өтті. 1960 жылы Октябрь айында аудармашылар кеңесі Москвада тағы болды. 1961 жылы декабрьде көркем аударманың шытырман шырғалаңдары Фрунзеде /қырғыз халқының астанасында/ болған Одақтық мәслихатта тағы талқыланды. 1966 жылы февраль-март айларында «Көркем аударма теориясының актуалдық мәселелері» /«Актуальные проблемы теории художественного перевода»/ Бүкіл Одақтық симпозиумда – Москвада қаралды. Бұл симпозиумға Америка, Англия, Германия /ФРГ мен ГДР/, Франция, Югославия, Италия, Финляндия тағы басқа шет елдердің уәкілдері қатысты, ойларын ортаға салысып тарасты. Осы биыл 1971 жылдың жазында Бүкіл Одақтық үшінші мәжіліс тағы Москвада өтті.

Кейінгі кезде аударма мәселесіне өте көңіл бөлініп отырғанын осы мәжілістер айқындай түседі. Олай болса, көркем әдебиет идеология майданындағы зор құралдың бірі, соның ішіндегі елеулесі екені даусыз шыңдық.

Аударма әдебиеті – төл әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар қатар өседі. Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да осыған айғақ бола алады.

Ілгеріде көршілес отырғандықтан орыс халқы мен қазақ елінің арасында там-тұмдаған жеке-жеке сөздер, қысқа-қысқа әдеби әңгімелер ауысып келді де, біздің қазақ әдебиетінде орыс әдеби–

етінен аудару салты 19 ғасырдың екінші жартысында күрделене бастады. Бұл дәуір орыс әдебиетінің прогресшіл бағыттағы ұлы бейнелерді алғаш аудару мезгілі еді. Осы жол-жобаны бастаған Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар болды.

Заманына сай аударманың өсу жолын дәлелдеу үшін жалғыз-ақ мысал келтірелік. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Капитан қызын»

/«Капитанская дочка»/ 1903 жылы Молда Нияз Бекимов аударды, сол шығарманы 1936 жылы Қадыр Тайшықов, ал 1949 жылы Әбділдә Тәжібаев аударғаны мәлім. Кейінгі аударманың, бұрынғы төл әдебиетіміздің мешеу кезіндегі Молда Нияз Бекимов берген үлгіден көш ілгері екені даусыз.

Дәл бүгін қазақ тіліне аударып жүрген азаматтарға туып отырған елеулі үш жеңілдік бар, соның бірі коммунист партиясының сара жолбасшылығы арқасында аударма мәселесінің мемлекеттік іске айналуы, бұрын біріне-бірі жатырқай қарап, жақындаса алмай келген ірілі-уақты екі ұлттың енді бас қосып ілгері ұмтылуы.

Әрине, орыс тілі мен біздің қазақ тілінің арасындағы қарым-қатыс бүгін басталған жоқ, бұл ежелден келе жатқан дәстүр, өйткені «Көне орыс»1 тіліне

«достакан» деген сөз ХІ-ХІІ ғасырларда ауысты, бұл түркі тілдерінде /соның ішінде қазақ тілінде С.Т./ айтылатын «достаган-тостуган-достакан-тустаган»



  • сияқты сөздерден алынған еді. Бері келе әлгі «достакан» қысқарып

«стакан» – орыс тілінен келіп кірді, бірақ оның




1 «Көне-орыс» «Древнерусское» – деген сөздің баламасы ретінде алынып отыр /С.Т./

түбірі біздің қазақ-татар тілдерінде бұрын айтылған «достағаннан» шығуы анық»1 – дейді тіл ғылымының докторы ХХ Махмудов. Сондай-ақ, қазақ- татар тілінде айтылатын «арқалық, аралас, теңге» деген сөздер орыс тіліне

«архалук, еролаш, деньги» болып баяғыда ауысқан-ды, қазір олар орыстың өз тілі, өз қоры болып кетті. Осы тәрізді: «аул, аксакал, арық» тағы басқалары біздің тілден орыс тіліне мына Октябрь революциясынан кейін де ауысып барғаны анық, ал орыстың тілінен біздің тілге мүлде көп сіңіп отыр, мысалы, орысша: «волость, закон, самовар, вожжи» деген сөздер революциядан бұрын да: «болыс, зәкүн, самаурын, божы» болып жүретін еді. Енді, мұндай ортақ сөздер ұғымдар адам айтқысыз көбейді. Мысалы, «колхоз, совхоз, МТС СССР, комсомол, КПСС, самолет» тәрізді біріккен сөздерді «ботабай»

/путевой/, грузабай, легкобай, аптабоз, перме, шопыр» тәрізді толып жатқан жеке-жеке сөздерді де ауылдағы қазіргі қазақтар ертегідегідей «шеттен келген бұралқы қонақ» – деп ұқпайды. Өзінің ежелден еншісіне тиген төл малындай көреді. Тілдің шеңбері кеңіп, бұлай баюы аударманың /әсіресе орыс тілінен аударудың/ жеңілденуіне бірінші айғақ болады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет