Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет12/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

емес қой, мейірбандық болар» – дейді. «Мейірбандыққа ырзалық сезімнің барлық қағидадан қуатты екенін автор осы өлеңінде көрсетуге тырысқан» 1 – деп бітіреді Федр. Ендеше қазақ халқының: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол!» деуі де осы оймен сабақтасатын тәрізді. Әрине, қазақ мәтелінде бөгде философияның бар екені де анық.

Әрбір дәуір өзінің мақсатын, өз көзқарасына байланысты өсиетін айтады. Мысалдардың алғашқы шығуы үстіміздегі дәуірден ҮІІІ-ҮІ жүз жыл бұрын грек елінде болыпты. Бұл кезде грек қалаларындағы ақсүйектер

/аристократия/ мен қара бұқара халық /демос/ өзара ашық күреске шықты. Сонда езілген бұқара халық мысал шығарды, ақсүйектерге айтатын ойын ашық айта алмай мысалдап, кінаялап, түйреуге бет алды.







1 Федр, Бабрий. Басни. Издание подготовил М.Л.Гаспаров, Из-во АН СССР М., 1962, стр.34.

б) Мысалдардың шығуы жайында
«Айтарын қаймығып айта алмаған, батылы барып өз сезімін ақтара алмаған езілген құлдық дәуірі еді, сондықтан күлкі-келемежді қарғаша етіп олар /құлдар/ осылай мысалдап сөйлеуді ойлап шығарды» 1 – дейді Федр. Соңынан осы Федр пікірін қолдай отырып, заманымыздың жақсы аударушысы және ғалымы М.Л.Гаспаров: «мысалдардың ауызша айтылу түрі ұзаққа созылмады. Ақсүйектер мен қара халық күрескенде, осы арпалыста қара бұқара жеңіп шықты, сондықтан енді кінаялап түйреу қажетсіз болды, мысалдың жауынгер пафосы әлсіреп қалды. Ү-ҮІ ғасырдағы философиялық бағыт жаңа идеялық ізденулерді тудырды... Әрине, мысал жойылып кетпеді, бірақ оның айтылатын орны ауысты. Халық жиналысында сөйленбей мектепке көшті, үлкендерге айтылмай, балаларға айтылатын болды 2 – дейді.

Бұдан бұрын ауызша айтылған мысалдар енді бері келе жазба әдебиет шығармаларына кіре бастады. Ертеде бұл мысалдарды Гесиод поэмасынан

/ҮІІІ ғасыр/, Архилог ямбаларынан /ҮІІ ғасыр/, Аристофан /Ү ғасыр/ комедияларынан; Геродот тарихынан, сопылар мен сократшылардың философиялық сөздерінен ұшыратамыз.

Бірден-бірге көшудің кекесін көру үшін: «Өгіз бен бақа» мысалын тексерелікші:

Эзоптың жинағында бұл мысал «Құрт пен жылан» /«Червяк и змея»/ болып атанады.

«Жолдың жиегінде бір шоқ жеміс өседі екен. Соның түбінде ұйықтап жатқан жыланды көріп бір кішкене құрт оның есептейсіз ұзындығына қызығыпты. Сондықтан құрттың жылан болғысы келіпті,






1 Федр. Бабрий: Үшінші кітабында Евтихқа арнаған прологта, М., 1962, 25 бет.

2 Сол кітап, 206 бет.

жанына жата қалып өзің-өзі зорлап созыла беріпті, алайда ол қанша созылып ұзарса да жылан бола алмай жарылып өліпті» – 1 дейді Эзоп.

Эзоп мысалдарын 1888 жылы орысшаға грек тілінен В.Алексеев «Бык и жаба» деп аударған екен. Сонда: «Суатқа барған өгіз бақаның баласын тұяғымен жаншып өлтіріп кетті. Енесі жоқ еді, сырттан келіп балаларынан

«Інілерің қайда?» деп сұрады. «Мама-ау, ол дүние салды. Жаңа осында бір енгезердей төрт аяқты аң келіп тұяғымен жаншып өлтіріп кетті», – деп жауап қайырды балалары.

Сонда бақа зорлана ісіп-кеуіп: «Қане қараңдаршы, әлгі аңның зорлығы мына мендей бола ма?» – деп сұрағанда, балаларының: «Қойшы, мама, ашуланып әуреленбеші, оған теңелгенше сен жарылып өлерсің» деген сөздерін естіді енесі. Әлсіздің күшті – мен бой теңестіруі қатерлі»2 – деп түйеді Эзоп.

Осы мысалды Федр бірінші ғасырда «Жарылып кеткен бақа мен бұқа»/

«Лопнувшая лягушка и бык»/ деп берді, сонда: «Күштіге еліктеймін деп әлсіз өзі өледі. Көкорай шалғында жүрген бақа бұқаны көрді де оның зорлығын күндеді. Борпылдақ қарнын шертитіп балаларынан мына менің жуандығым, семіздігім сендер көрген бұқадан артты ма?» – деп сұрайды. Балалары:

«Жоқ» – деп жауап қатады. «Қайсымыз үлкенбіз?» – дейді. «Әрине, бұқа үлкен» – деседі балалары. Сонда ашуланып мүлде ісінеді бақа. Шертиіп үлкеймек болады, алайда бұқаға жете алмай қарны жарылып өзі өліп кетеді»3



  • дейді, ал Бабрий /екінші ғасырда/ «Бұқа мен





1 «Басни Эзопа». Перевод, статья и комментарии М.Л.Гаспарова, Из-во «Наука», М, - 1968, стр.136.

2 Орысша Эзоп мысалын 1888 жылы В.Алексеев «Бык и жаба» деп аударған екен. Сол қолжазбаның 35 бетінде.

3 Федр, Бабрий, Басни, М., 1962, стр.16.

бақа» / «Бык и жаба»/ деп жазады. «Бір күні бұқа су ішкелі суатқа келіп, тұяғымен бақаның баласын таптап кетеді, артынша қыдырып кеткен шешесі келіп... әлгі інілерің қайда? – деп сұрайды. Ойбай-ау, ол өліп жатыр. Төрт аяқты жуан хайуан келіп тарпып, таптап кетті», – дейді. Сонда бақа қарнын шертитіп ісінеді де әлгі хайуанның жуандығы осындай ма?» – деп өзін көрсетеді. Балалары: «Әуреленбей-ақ қойыңыз, сөзімізге сеніңіз, ол хайуанға ұқсаймын деп жүргенде жарылып кетерсіз», – 1дейді Бабрий /екінші ғасыр/.

Екеуінің де мысалы қысқа, бірақ Федр турасын тік айтады, ал Бабрий сюжеттің жарым-жартысын сөйлестіре отырып ашады, мұның сөзі жұғымды да табиғи заңды суреттеледі. Федр: «Осынша зорлығын күндеді» – дегенде күйзеліс дыбысы естіледі, ал Бабрий: «Төрт аяқты бір жуан, зор хайуан»... – деп өзі білмегенсіп, монтаны дыбыспен сөйлейді. Федрде бақаның қимылы басталғанда-ақ өрескел-оспадар көрінеді, ал Бабрийдің ойы мысалдың бірінші бөлімінде дәлелденеді, қайдан келіп, қалай болғаны анық айтылады, оқуышыны ұйытады. Федрдің мысалында бақа өліп тынады, ал Бабрийде сюжеттің мүмкіндігенше көркемдігін түгел пайдаланады да бақаны өлтірмейді, бірақ тұспалдап сол әлемге мегзеп қана тоқырайды. Федрдің мысалы қарапайым – күйкі, ал Бабрий мысалының мағынасы бай. Әрине, Бабрий кіргізген толықтаулардың бәрі өзінікі деу де дұрыс болмас, өйткені осы мысалдың түйінін алғаш шешкен ежелгі Эзоп қой, бұл екі ақынға да сол Эзоп мысалы өзек-үлгі болған, алайда, бұлар өз талантына сәйкес етіп, әлгі Эзоп үлгісінен өздеріне қолайлысын алған ғой.




1 Федр, Бабрий, Басни, М., 1962, стр.101-102 беттерін қараңыз.

Бері келе ХІХ ғасырдың аяғында 1898 жылы біздің Абай Крыловтан оның «Лягушка и вол» атты мысалынан1 аударды. «Бақа мен өгіз» атты мысалында Абай:

«Қарасаң тым-ақ көп, Көре алмас іші тар.

Несі артық бізден деп Салыспақ жұртта бар. Су ішкелі бір өгіз, Барып еді бұлаққа,

Бақалар қорқып тарбақтап Қашып шықты аржаққа.

Бақаға өгіз таумен тең, Ұшып кетті зәресі.

Мақтаншақты сен көрсең Бақада екен төресі.

Өз-өзінен бір бақа Күшенді де бөртінді. Қарны үлкейіп, қампиып,

«Өгіздей болам» деп ісінді. Қасындағы жолдасқа,

«Қарашы!» – деді сен бізге Қиын ба екен үлкею, Жеткем жоқ па өгізге? ».

– Ісіндің, күбіндің Сонда да не пайда? Түрі жат өгіздің,

Сен қайда, ол қайда? »






1 И.А.Крылов. Соч. в 2-х томах, Библиотека «Огонек», Изд-во «Правда», М., 1956, стр.41.

деп түйеді.

Жетем деп кеп кіжініп, Келгенінше шамасы,

«Үлкейдім» деп ісініп, Дейді: «Енді бір қарашы?! » Қарады да «денеме

Болған жоқ қой, қой!» – деді. Қызып алған ант ұрған, Айтқанына көнбеді.

Ыңқыл қағып тыпырлап, Күшенді де бөртінді,

Іш жарылып сытырлап, Мақтанам деп өзі өлді. Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмеске; Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске» 1



Оқушыларымызға кеңінен жайылған Крылов мысалын әдейі келтірмедік. Әріде Эзоп /біздің дәуірден бұрынғы ҮІ ғасыр/, Аристофан /біздің дәуірден бұрынғы Ү ғасыр – 446-385 жылдарда болған/, Федр /бірінші ғасыр/, Бабрий

/екінші ғасыр/, «Кәлилә мен Димна» /үшінші ғасыр/, Сағди /ХІІІ ғасыр/ т.т. беріде Лафонтан /ХҮІІ ғасыр/ 1621-1695 жылдарда болған/, Крылов /ХІХ ғасырдың басы/ т.т. бар, сөйтіп біздің Абайға, мына Көбеев пен Өтетілеуовке жеткенше талай заман өтіп, талай теперішті көріп келген мысалдар, неше алуан саққа жүгіріп, жоны-






1 Абай Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары, ҚМКӘБ, Алматы, 1952, 309-310 беттер.

лып-жөнделіп, екшеліп талай кералаң дәуірлердің дәмін татқан тәрізді. Осы арада біз тарихи хронологияны айтып отырмыз. Алайда, осы зор тұлғалар бәрін түгел бірінен бірі алып пайдаланды деуден аулақпыз.

Эзоп, Федр, Бабрийлерде «Бұқа» /«Бык»/ делінеді де И.А.Крылов пен Абайда «Өгіз» /«Вол»/ болады. Себебі көне грек, Рим елдерінде гладиаторлар сахнада бұқалармен соғысатын болған, бұл дәуірді «гладиаторство» деседі. Мысалы, Спартак – гладиатор, бұлар, көбінесе, құлдардан шыққан, аристократияның көңіл көтеретін ойыншығы есебінде жүрген. Бағы замандағы еркек, «бұқалар» бері келе пішіліп «өгіз» болған-ау сірә! Сондықтан, кейінгі И.А.Крылов пен Абай дәуіріндегі шындық «бұқаның» орнына «өгізді» тудыруы кәдік қой. Отырықшы болып егін салу, жер жырту мезгілінде бұқалардың еркектік есерлігінен гөрі шаруашылыққа пайдалы болуы көзделген заман болса керек-ті. Осы күні эпиграфикалық ғылымды зерттеп жүрген ғалым Ғайниддин Ғалиевич Мұсабаевтың айтуынша жартастардағы көне суреттерде де «өгіз» жоқ, «бұқа» бар екен.

Мысалдардың жөн-жосығын зерттеп отырсақ көп нәрсеге куә болғандаймыз. Айта кетелік мына «Емен мен шілікті» Крыловтан Абай да, Көбеев те аударды. Абай варианты келте, ал Көбеевтікі шұбалаңқы. Осы мысал Эзопта да, Бабрийде де бар. Бұлардың айырмасы мынау, шілікпен күш таластыру Еменнің ойына қайдан келіп түскенін Эзоп баяндамайды, бұл ойдың орашолақ тұрғанын ол абайламады.

«Емен мен шілік» екеуі күштіліктерін салыстырып дауласты. Дауыл тұрған кезде Шілік дір ете түсті, оның екпініне шыдай алмай жерге басын иді де аман қалды. Емен кеудесін

төсеп қасқиып тұрды да түбірімен қопарыла құлады... »1 – дейді Эзоп. Ал Бабрий дауыл қиратқан еменнің сынығы өзен бетінде қалқып келе жатқанын суреттей отырып, осы үш қайнаса сорпасы қосылмайтын екі өсімдіктің қалай кездескенін дәлелдеп өтеді. Ұшырасуын заңды етіп, оқушыны мойындатады. Түп мағынасы бірдей «күштімен күреспе» – деп түйеді.

Бабрийдің «Дуб и тростник» /«Емен мен Шілік»/ атты мысалын келтіре кетелік: «Таудың төбесінде өсіп тұрған еменді қатты дауыл тұрып түбірімен қопарды. Адамзаттың бәрінен де жасы үлкен жойдасыз жуан еменді сарқырап аққан өзен қалқытып ала жөнеледі. Осы долданып ағып жатқан өзеннің екі жақ жиегінде маужырап, жайбарақат өсіп тұрған қалың шілік бар екен. Осындай әлсіз және бойы да кішкентай шілік мына жойдасыз жуан емендерді алып ұрған сұрапыл дауылға қарсы тұрып, қалай шыдап қалды екен? – деп, таңырқады емен. Сол арада: «Мұнда таңырқарлық түк те жоқ, сен дауылға қарсы тұрып, қасқиып майданға шықтың да, күресіп жығылдың ғой, ал біз болсақ жеңіл-желпі жел тұрса да майысып құлай кетеміз, біздің еншімізге тиген нәрсе көне беру», – депті Шілік.

Мысалдың негізгі ойы: «күштіге қарсы шықпай көну керек» – дейді Бабрий /ІІ ғасырда/.

Бұл ақын Бабрий ежелгі Эзоптан жеті жүз жыл кейін туған-ды, сондықтан өмір озған сайын мәдениет жаңғыра бермек, екеу ара айырмашылығы өскелең дәуірдің жемісі болса керек.

«Майысқаннан шіліктің несі кетті

Батыр, мақтан күйлеме, сен де о ғұрлы» –

деп қайырады ғой Абай. Сонда да Абай Эзоптан аударды дегенге ауыз бармайды.




1 «Басни Эзопа». Из-во «Наука», М, -1963, стр.84.

«Ит пен оның көлеңкесі» Эзопта да, Федрде де, Бабрийде де, «Кәлилә мен Димнада» да бар. Эзоп пен Федрде өзеннің бетінде жүзіп бара жатқан ит өз көлеңкесін суда көреді, бұл жағдайдың мүмкін емес екенін байқамайды олар, себебі, өзі судың ішінде малтып келе жатып көлеңкесін көру қиын-ақ қой, ал Бабрий бұған қадғалап зер салады да итті өзеннің жиегінде жүгіртеді, сонда барып ол өзеннің көлеңкесін суда көреді, міне бұл заңды шығады. Кейінгі мысалшылдарда «ит көпірдің үстінен жүгіреді». Мұнысы миға мүлде қонымды болады. «Кәлилә мен Димнада» бір ауыз мәтел болып қана ұшырайды. Қорытындысы: «әлгі ит судағы көлеңкесін бөгде ит деп ұғады да, оның аузындағы етін тартып жемекке суға қойып кетеді, сөйтіп өз аузындағы еттен де айырылып, судан да түк таппай құрамай қабады».

«Қасқыр мен қозы» Эзопта да, Федрде де, Бабрийде де, Крыловта да бар. Мысалды әр қайсысы өзінше дәлелдейді, алайда қорытуы бір, бәрінде де қасқыр сылтау тауып қозыны жеп тынады. «Құмырсқа мен шегіртке» Эзопта да, «Ромулда» да /екеуінде де қара сөзбен беріледі/, Бабрийде де, Крыловта да, Абайда да бар. Бәрінің де түйіні:

«Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де билей бер».

Кейбір ауысқан мысалдар өте өзгеріп кетеді. Кейіпкерлері сол елдің өз шындығына сәйкестеледі. Дәлелдеуі де сол елдің өз логикасына бағынады.

«Ауру арыстан, түлкі мен бұғы» атты мысал да Эзопта да, Бабрийде де бар,

«Кәлилә мен Димнада» «Арыстан, түлкі мен есек» болып айтылады. Мұнда

«бұғының» орнына «есек» кіреді.

Бұлай болуына әр елдің өзіне таныс жағдайлар әсер етеді. Оқушыны күдіктендірмеу үшін текстің өзін келтірелік. Ежелгі Эзоптың «Ауру арыстан және түлкі мен бұғы» атты мысалында: «Аң патшасы арыстан ауырып өзінің үңгірінде ұзақ жатып қалыпты. Күндерде бір күн жанқияр досы түлкіге қарап: «Менің құлан таза жазылып, өз аяғыммен жүріп кетуімді қаласаң, бойыңа біткен амал-айлаңды сен аямашы, алдап-арбап орманда жүрген бұғыны осында ертіп ала келші, бірақ байқа, ірісі, ең семізі болсын, соның ішек-қарны мен миын жеуге аңсарым ауып тұр» – депті.

Түлкі жүріп кетіпті, орман ішінде ойнақтап жүрген бұғыны көріпті. Жақындай түсіп, түлкі «Ассалаумағаликум. Мен саған жақсы хабар әкелдім. Бәріміздің әміршіміз, мына менің досым арыстан ауырып ана дүниеге аттанғалы жатыр. Аңның ішінен өзімнің орныма кімді патша етіп қалдырсам екен – деген ой оның мүлде тынышын кетірді. Қабанды /шошқаны/ ақымақ, аюды еріншек, барысты-рахымсыз безер, жолбарысты мақтаншақ, – деп топшылайды ол. Бойы болса алпамсадай биік, өзі ұзақ өмір сүреді, мүйізінен жылан-шаян әзірейілдей қорқады, ендеше бәрінен де патша болуға тек Бұғы лайық-ау деп шешті. Несіне көп әңгімелеп жатайын, ұйғарым осы, таж- тахытқа енді сен иесің. Ести сала осы хабарды тұңғыш рет саған жеткізіп тұрған мендей досың, қане сүйіншісіне не бересің?» – дейді түлкі. – Мезгіл тығыз-таяң, Арыстанның бар сенері – оң көзі – мен ғой, сарылып күтіп отырған шығар, маған лұқсат етіп батаңды берсең, досым, енді мен жылдам жытайын. Мендей көпті көрген кемпірдің сөзін жерге тастама, барғың келсе тіпті бірге жүр, өлерінің алдында жанында болып, кешу алыс, – дейді.

Түлкінің тәтті сөзі Бұғыны ақылынан адастырды. Қандай қатердің төніп тұрғанын сезбестен Арыстанның үңгіріне ол кіріп барады. Арыстан оны бас салады, бірақ қызу үстінде мүлт кетеді де, тек оның тырнағы Бұғының құлағын жырып түседі. Аласұрып Бұғы орманға бет алып зымырай қашады, еңбегі еш, тұзы сор түлкі опық жеп алақанын уқалайды.

Қамыққан Арыстан өкіре жылап зар қағады, аштық пен өкініш жанын жегідей жейді. «Бұғыны алдап-арбап тағы да менің алдыма алып келуге әрекет жасап көрші, мүмкін, екінші ретте жолың болар түлкім», – деп өтінеді ол. «Кетеуі кеткен бір ауыр міндетті жүктеп тұрсыз маған» – дейді түлкі, – сөйтсе де амал бар ма, сіз үшін қызмет істеп көрейін».

Сонсоң тәжірибелі тіміскер түлкі «қашқынның» ізіне түсіп қуа жөнеледі, келе жатып оны қалай алдаудың әдісін ойлайды. Жолай ұшырасқан бақташылардан «Үсті-басы қанға боялған бұғыны көргендерің бар ма? – деп сұрау салады. Олар түлкіге таяу тұрған орманды нұсқайды. Жаңа ғана келіп, дем алып жатқан Бұғыны көреді де түлкі баса көктеп жетіп барады. Тітіркене жиырылып, ыза кернеген Бұғы: «Мені алдауың жетер енді, арамза зұлым! Маған таянушы болма, жақындасаң-ақ жаныңды жәһәннамға жіберем! Сені танымайтын бөгде біреулерді жер соқтырарсың, бастарын айналдырып соларды-ақ патша сайлай бер, тек менен аулақ жүр!...» – дейді. Сонда түлкі:

«Қорқақтың қорқағы екенсің-ау, өзің! Біздей достарыңа да сенбейсің бе? Рас, Арыстан сенің құлағыңды жырып жіберді, бірақ ол өлерінің алдында осынша ұлан-байтақ патшалықты қалай басқарудың мән-жәйін үйретіп, өсиетін айтуға оқталап еді, ал сен тіпті қолың былай тұрсын, аяғыңның бір ұшын ұсынуды да көпсіндің-ау! Ол саған қатты өкпелеп қалды, енді таққа қасқырды отырғызбақ. Ай, шір

кін-ай, амал бар ма, енді біз нағыз оңбаған патшаға душар болдық-ау! Онанда қойдан қоңыр мінез көрсетіп, қолыңды қусырып, асықпай-үсікпей-ақ, тура кіріп барсайшы, дүниедегі барлық ағаштар мен бұлақтардың атын атап ант ішейін, құдай біледі-ау, сол Арыстан саған қастық істемейді, сен үшін мен де жанымды ортаға салам ғой» – дейді. Қорқақ бұғыны осылайша алдап аяр түлкі Арыстанның алдына екінші рет алып келеді.

Сорлы Бұғы үңгірге кіріп барғанда Арыстан оны жарып тастайды да, ішек-қарнын түгел жәукемдеп сүйегіне дейін қажалап дымын қоймайды. Түлкі телміріп қарап тұрады. Бір қалтарыста, Арыстанның көзі ауа бергенде ақтарылып жатқан миын аузына қағып салады, істеген еңбегінің қаруын қайтарады. Бәрін жалап-жұқтап болып, Арыстан енді миын іздейді. Сонда анадай алысырақ тұрып түлкі: Оны іздеп әуреге түспей-ақ қойыңыз, Бұғы да ми болмайды. Арыстанның үңгіріне екі рет келіп, оның шенгеліне іліккен хайуанда ми болушы ма еді?! – дейді.

«Тойымсыз шен құмарлық адамды ақылынан адастырды, төніп тұрған қауіп-қатерді де елетпейді»1 - деп түйеді Эзоп /қолжазба 35-37 бетте/. Ол осыдан 2500 жыл бұрын айтқан екен.

Екінші ғасырдағы Бабрийдің «Ауру арыстан және түлкі мен бұғы» – деген мысалында былай толғанады: «Арыстан ауырды да басы кеткен жерге, аяғы жетіп, серейіп, таудағы үңгірінде жатып қалды. «Аштан өлсін демесең маған бұғының миын жегіз. Ол осы маңайда орман ішіндегі жыныс қарағайдың арасында жайылып жүр, ал оны ұстайтын менде қуат жоқ. Сен тек бал тіліңді емізіп, алдап әкеліп менің шеңгеліме бір іліктіріп көрсеңші!» – деп өзі-






1 Басни Эзопа. М, -1963, стр.153-154.

нің үзеңгілес досы түлкіге тілегін білдіреді арыстан. Түлкі іздеп барады да тауып алады. Ормандағы көкорай шалғында бұғы асыр салып жүр екен. Түлкі иіліп сәлем береді де: «қуанышты хабар әкелдім! Өзің білесің ғой, біз қатар тұрамыз, менің көршім арыстан қатты ауырып өлім аузында жатыр. Бүгін таңда мен өліп кетсем аң патшасы кім болады?» деген қалың ойда отыр ол. Әрине, қабан болмас, ол ақымақ, аю жалқау, ал барыс қызба әпербақан, өр көкірек орман өмірін менсінбей қиыс жүреді. Сондықтан әкімдікке бұғы ие болсын, өйткені өзі көрнекті зор, ұзақ жасайды, мүйіздері де әсем-иір қобызданып тұрады, өгіздің мүйізін оған салыстыруға да келмейді, айбарынан жорғалаған жылан-шаянның зәре-құты қашады» – деп ұйғарды. Көп мылжыңдамай келте қайырсам, аң патшасы арыстанның мұрагері сен болдың. Жалғыз-ақ өтінішім бар, ертең патша болғанда осы хабарды елден бұрын жеткізген мен бейбақты есіңе аларсың. Тек сол үшін ғана келдім. Ал енді мен жөніме кетейін. Өйткені арыстанның жанында ақылшы болып істейтін қызметім бар. Ағарған шашыма сенер болсаң ең дұрысы қазір өзіммен бірге жүргенін ғой, ауырған патшаның көңілін сұрай барасың. Өлер алдында кім көзге көрінсе, сол ыстық деген, кәделі жол осы» дейді. Мекер түлкінің алдап-арбауынан бұғының басы айналады. Төнер пәлені ескермей, арыстан жатқан тауға қарай тура жүгіреді. Төсегінен атып тұрған арыстан шыдай алмай қарсы шабады, тырнағымен бұғының құлағын сыдырып түсіреді. Қорыққан бұғы жан дәрмен кейін қарай қашып, қалың орман ішіне кіреді де жоқ болады, барлық еңбегі еш болып, салы суға кеткен түлкі өкініп алақанын уқалайды. Өкініш пен аштық екі жақтан жанын жегідей жеген арыстан тістерін қарыш-қарыш шайнап, ыңырана зарлайды.

Тағы бір айла тапшы деп арыстан түлкіні тағы қолқалайды. Түлкі толғанып тұрады да: «Бұл өте ауыр жүк, сөйтсе де, мұршам келсе, тағы бір көмек берейін», – деп маңғаздана сөйлейді. Иісшіл төбетше тіміскілеп бұғының ізін кеседі. Неше алуан мекерлікті ойына тоқып түлкі жүріп келеді, «Үсті басын қан басқан бұғы бұл арадан өткен жоқ па?» деп жолай ұшырасқан бақташыларға сұрау салады. Білгендердің бәрі де тура жолды мегзейді. Түлкі бір алаңға келеді, жүгіре-жүгіре ақ көбікке шомған бұғы ағашты көлеңкелеп, деміге солықтап тұр екен. Қымсынбастан түлкі тұп-тура бұғының алдына жетіп барады. Тұла бойы шіміркеніп жүрегі аузына тығылады да ыза кернеген бұғы: «Қайда барсам қыр соңымнан қалмайсың, ал енді менің алдымда тағы оттауға оқталсаң-ақ өзіңе де жайлы тимес, сақтан түлкім! Сенің бұқпантай қулықтарыңды білмейтіндердің басын қатыр, айлаңды асырып соларды патша сайла да орға жық!» – дей бергенде, сөзін бітіртпей түлкі кие жөнеліп; «Сен осынша сужүрек екенінді таныттың-ау! Достыққа сенбейтін сорлы екенсің-ау! Арыстанның саған игі өсиетін айып, ізгі ақыл бергісі келді, сені әбілет басқан ұйқыдан оятпақ үшін әкелік мейірімін көрсетіп, құлағына сыбырламақ болды, осындай ұлы патшалықты қалай билеп-төстеудің мән-жайын бажайлап айтқанда сен оның сөзін зер сала тыңдауың керек еді, болар-болмас жақындағаныңа төзе алмай оқыс қимылдап тура қаштың да, сорлы-ай, тек өзіңді-өзің жарақаттадың-ау! Енді мезгілді өткізіп алдық, осындай жеңілтек оспадар қылығыңа, қаша жөнелуіңе арыстан қатты қынжылды, өзінің орнына қасқырды патша қоймаққа ұйғарды. Ой, шіркін-ай, ол, патша болып кімді оңдырсын! Алайда амал не?! Осы төнер

тауқыметтің бәріне өзің кінәлісің. Тезірек барсайшы, ең құрығанда осы жолы жүрегіңді тоқтатшы, қорқақ қоянша елегзіп үрікпеші! Ағаштардың сыбдыраған жапырақтары мен сылдырап аққан бұлақтың суын түгел куәға тартам, мен саған жақсылық ойлаймын, арыстан да дұшпаның емес, аңдардың патшалығын шын жүректен ол өз қолына тапсырмақ!» – дейді. Құйқылжыта арбап мекер түлкі аңқау бұғыны тағы ажалға айдайды.

Үңгірге кіріп барған бұғыны арыстан жарып тастап тойлайды, етін жеп, сүйегін мүжіп кеміреді де, бұғының шек-қарнына шеңгелін салады. Өз еңбегінің қаруын қайтарғандай түлкі де болар-болмас қорек алады. Бір қаға берісте ұрланып барып, бұғының басындағы миын сорып ішіп қояды. Бұғының бар денесін түгел аралап шығады да арыстан уыстай ұстап қуыс басты иіскелей бастайды. Миының жоқтығын байыптап түсіне алмайды. Ақиқатты әдемі жасырып түлкі сөйлейді. «Сіз бекер іздеп жүрсіз, бұғыда ми болған емес. Бір рет құтылып кетіп, арыстанның аузына қайта келіп өзі арандаған аңда ми қайдан болмақ?» – дейді /Бабрий 126-129/.

Бабрий Эзоптан тура аударған, бірақ дәлелдеп, өңдеп өлеңмен жазған, өйткені Бабрий Эзоптан жеті жүз жыл кейін шыққан адам ғой.

Бұдан бір жүз жыл кейін Индияда шыққан /ІІІ ғасырда/ «Кәлилә мен Димнада» былай айтылады.

– Баяғыда бір арыстан жыныс ағаштың ішінде тұрып, оның қалдығын қорек етіп, қасында жүретін бір шүйе бөрі 1 болыпты. Бір






1 Шүйе бөрі – шакал мәнінде /қасқыр/.

мезгілде арыстан қатты ауырыпты, арып-ашып қалжырағанда, аң аулауға мұршасы келмепті. Сонда оған шүйе-бөрі: Сен мүлде өзгеріп кеттің, өзіңе- өзің ұқсамайсың. Аңдардың сайыпқыраны едің ғой, саған не болды? – деп сұрапты. Арыстан: Мұның бәрі өзің көріп тұрған аурудың салдарынан емес пе, бұдан жазылу үшін, есектің құлағы мен жүрегін жеуден басқа ешбір ем жоқ, – депті. Шүйе бөрі сонда: –Мен білем, бір шуға жасаушы есегіне киім- кешек артып кір жууға келеді, сол жайылым бізден аса қашық емес. Үстіндегі жүгін түсіріп, көкорай шалғынға жалғыз өзін қоя береді, мен сол есекті дереу осында алып келейін. Сонан кейін оның жүрегі мен құлағын не істесең де өзің білесің ғой, – депті.

–Кейінге қалдырмай осыны тезірек орындай көр, – десе керек. Шүйебөрі жүріп кетіпті де есекке барып:

–Мен көріп тұрмын, сонша жүдеу екенсің, арқаң неге жауыр болған? – деп сұрағанда, есек оған:

–Мұның бәрі ана шуға жасаушы залымның салдарынан, сол мені жұмысқа көп жегеді, тамақ бермей шөміштен қысады, – деп жауап қайырыпты. Шүйе бөрі:

–Сен бұған қалай шыдап жүрсің? –дегенде, есек:

–Ал сонда не амал істемекпін? Адамның шеңгелінен қайда қашып құтылмақпын?! – депті. Шүйе бөрі:

–Адамның аяғы баспаған, шөбі шүйгін оңаша орынды көрсетейін мен саған! Онда асыл тұқымнан шыққан, әдемі мәші есек тұрады. Ондай сұлуды сен еш уақытта көрген емессің. Оған айғыр керек, – депті. Әңгі1 есек тебірене толықсып:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет