Осы салыстырма тізім «Алтай тілі» атты Н.А.Баскаковтың еңбегінде де бар екен. Мына мақаласын жазарда Шора Сарыбаев өзінің пайдаланған еңбектерін де әділ көрсетіпті. Біз де солардың бір талайын ескермей кете алмадық.
Қазақ тілінде баяғыдан бері айтылып келе жатқан қос сөздер бар, солардың ішінде түп мәнісі белгісіз сыңарлары кездеседі. Мысалы, абысын– ажын, ем–дом, тоқты–торым, телегей–теңіз, некен–саяқ, үрім–бұтақ, өрен– жаран, аты–шулы, үйлі–баранда, ұлан–байтақ, шеру тарту, дән ырза, бірдің кесірі мыңға, мыңдікі түменге, бала–шаға міне осылардың бір жақ сыңары байырғы қазақ тілінде түсініксіз-ақ, сондықтан іздене келгенде бодауын монғол тілінен тапқандаймыз. Жоғарыда көрсетілген астын сызған сөздерді
1 Осы арада қазақша «шешек ату» – деген мағынада айтып отыр. Ал шешектің /оспа/ өзі де мына гүл–бәйшешекпен сабақтас деп танимыз.
2 Ш.Сарыбаев көрсеткен тізімдегі жалқы буыннан тұратын сөздерді алмадық.
тексергенде мынадай ойға тірелдік. Қазақтың өзіне түсініксіз «ажын» монғолша інісінің әйелі ағасының әйеліне «ажин» болады екен, ал керісінше алсақ «абысынның» өзі ғой, тек туысқан екі адамның арасындағы жас айырмасына қарай даралап тараған, ендеше қазақ тілінде де көне заманда
«ажынның» – абысын орнына жүруі кәдік.
Қазақ тіліндегі қос сөз «ем–дом» алғашқысы түсінікті, ол «ем» болып жеке де айтылады. Ал «домның» мәнісін монғол тілінсіз ұғу қиын. Қырғыз ғалымы Б.Орузбаеваның айтуынша монғол тілінде «дом» дәрі /лекарство/ 1 екен. Монғолша–орысша сөздікте «ем» «дом» монғолша – емдеу шарасы
/целебное лекарство/.
Қазақша «тоқты–торым» деген сөздің де екінші компоненті «торымды» түсіну ауыр, ал монғолша «тором» тайлақ мәнісінде екен2. Махмуд Кашгариде «тоқты–торым» қозы, ұсақ мал.
«Телегей–теңіз» деген қос сөздегі «телегейді» Н.Поппе – монғолша
«delekei» /делекей/ – айдай әлем, дүние /вселенная, мир/ мағынасында, қазақша – толағай, телегей – екеуі бір сөз, теңіз мәнінде. Япон тілінде де
«телегей-теңіз екен», ал академик В.Владимирцовтың түсіндіруінше
«delekei» /делекей/ – жер, әлем /земля, вселенная/.
Осыларды көрсете келіп Шора Сарыбаев біздің телегей монғолдың
«delekei» /делекейі/ мен туыстас сөз деген қорытындыға келеді3.
Қазақ тіліне жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде Джек-Лондонның
«Всеобщий поход» деген әңгімесі «Теңсіз телегей аттаныс»
1 «Некоторые заметки о парных словах» – атты Б.Орузбаеваның мақаласын қараңыз. Труды института языка и литературы АН КиргССР 1957, вып. ҮІІІ, 100-бет.
2 Мұны «Қазіргі қазақ тілі» деген кітапта А.Искаков. келтіріпті /Алматы, 1954, 203- бет/.
3 Жоғарыда көрсетілген Ш.Сарыбаевтың мақаласын қараңыз.
болып аударылды. Бұл арада, телегей сөзі «теңізсіз»–ақ айтылып тұр. «Өзіне теңі жоқ айдай әлем аттанысы» мәнінде алынған ғой.
«Некен–саяқтың алғашқы «некені» монғол сөзі сияқты, өйткені монғол тілінде «нәг–ән/» – бір, жалғыз екен. Қазақта «саяқ жүрсең, таяқ жейсің» бар, бірақ «некен жүрсең» жоқ, түптеп келгенде екеуі бір мағынаны береді.
«Некен–саяқ» оқшау, жалғыз жүрген, далаға желдеп шығып кеткен жылқы, не қанғып жүрген–қашып жүрген жалғыз мал.
Заты, қос сөздердің екінші түсініксіз мағынадағысы – бірінші сөздің тура өзі болуы кәдік. Мысалы, «бала–шаға» тіркесіндегі «шаға–шақа» – бала, балапан мәнінде екені даусыз ғой. «Ұлан–байтақтың» біріншісі монғолдың
«олоны» /«много»/ болса керек.
«Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі «түменге» – деген тіркестегі «түмен» монғолдың «оң мың» дегені екен. С.Е.Маловтың айтуынша бұл «түмен» ескі ойғыр тілінде де «он мың» мәнісінде айтылыпты, онда «tümän» /түмен/ – он мың деп келтірген1. Көне монғол тілінде грамматикалық жыныстың болғанын Б.Я.Владимирцов, Г.Д.Санжеев тәрізді 2 монголовед ғалымдардың бәрі де дәлелдепті. Монғол жұрнағы «джин» мен «гуй» аналық текті
/женский род/ көрсетеді екен. Мысалы, «құнаннан» ұрғашы «құнажын»,
«дөненнен» – «дөнежін» шыққан, «құдадан» /еркек/ – құдағұй /әйел/ болып алынған. Монғолда «гуннан–гунаджін»; дунен–дүнжен; худа–худагуй».
Қазақ тіліндегі –шы, –ші жұрнағы, монғолша «ч». Мысалы:
1 С.Е.Малов. Памятники древнетюркской письменности. М.,1951, стр.435.
2 Б.Я.Владимирцов. Следы грамматического рода в монгольском языке. Доклады Российской акад.наук. Ленинград, 1925, стр.31-34. Г.Д.Санжеев. Следы грамматического рода в монгольском языке. журнал «Вопросы языкознания», 1956, №5, стр. 73-74.
Қазақша
|
Монғолша
|
Орысша
|
санитаршы –
|
санитарч
|
санитарный
|
механикші –
|
механикч
|
механик
|
аңшы –
|
анч
|
охотник
|
сорушы
|
сорогч
|
ведущие дознания
|
емші –
|
емч
|
лекарь
|
төлеуші–төлегіш
|
төлегч
|
плательщик
|
асыраушы–асырағыш
|
асрагч
|
кормовщик
|
тракторшы–
|
тракторч
|
тракторист
|
Қазақта елші тонаушы Қазақ пен
|
монғол
|
Қалмақта элч
тонач
тіліндегі етістіктердің
|
де
|
Орысша посланник грабитель
ұқсастығын /туыстығын/
|
Г.Рамстедт айтып кеткен екен. Мысалы мыналар:
Қазақша
|
Монғолша
|
Орысша
|
аулау
|
авлах
|
охотиться
|
ажырау
|
ажрах
|
расставаться
|
аршу
|
арчих
|
чистить, очищать,
|
арсию
|
арсайх
|
вычищать
торчать во все стор
|
асырау
|
асрах
|
оны, разветвляться кормить, держать на
|
|
|
попечении
|
болу
|
болох
|
становиться, делаться
|
бүркеу
|
бурхәх
|
кем, чем-либо, покры
|
|
|
ваться, накрывать
|
быржио
|
биржийх
|
быть неровным, шеро
|
байлам
|
баглаа
|
ховатым, шершавым связка, пачка, кипа,
|
/от глаг бай лау связать/. дөңгелеу
|
дөңгелох
|
пучог
|
/катиться/
|
/надевать шейную
|
|
колодку/
еңкею /нагнуться;
|
енгийх-становиться
|
|
поклониться/
|
долговязым, худеть,
|
|
хилеть
|
жалпаю
|
жалбийх
|
сплощиваться
|
жымию
|
жимийх
|
|
/улыбаться/
|
/сжимать, поджимать
|
|
|
губы/
|
|
жарату
|
зарах
|
расходовать
|
жалгау
|
залгаа
|
соединение, связь,
|
|
|
сцепление, место
|
|
|
соединения
|
ысқыру
|
исгэрэх
|
свистеть
|
мақтау
|
магтах
|
хвалить, славить
|
майрылу
|
майрах
|
притупляться
|
өсу
|
өсәх
|
расти, подрастать,
|
|
|
развиваться,
|
|
|
увеличиваться
|
сақтау
|
сахих
|
сохранять, беречь
|
сору
|
сорох
|
втягивать в себя,
|
|
|
сосать, тянуть,
|
|
|
высасывать
|
сұрау
|
сурах
|
спрашивать, наводить
|
справки, осведомляться
|
сергу
|
сэргех
|
воспрянуть, оживляться
|
|
|
пробуждаться
|
сабау
|
савах
|
стучать, бить
|
сауу
|
саах
|
доить
|
қақалу
|
хахах
|
подавиться
|
салғыласу
|
салгалах
|
|
/спорить, торговаться/ дрожать, трястись/
тұну тунах осаждаться, оседать, отстаиваться, стано виться прозрачной
/о воде/
төлеу төлех платить, оплачивать
тонау тонох грабить, ограбить
тарау тарах расходиться, разьезжаться, рассеиваться,
распускаться
тану таних узнавать, распознавать
кекіру хәхрәх отрыгивать
құрау хурак собирать, складывать, составлять
қуыру хуурах жарить, поджаривать
шошу цогих пугаться, вздрагивать от испуга
жүдеу зудэх изнуряться, истощаться, (жадау) (зжадах) худеть таяқтау таягдах бить тростью, посохом,
костылем
қадау хадах прибивать, приколачивать вбивать
қону хонох ночевать, проводить ночь
үрку ургэх /ургэ/ шарахаться, бросаться, в сторону от испуга
/о животных/
қарау харах видеть, смотреть, глазеть Қазақтың лық–лік, дық–дік, тық–тік жұрнақтарына монғолдың лаг–лиг
жұрнақтары дәл келеді. Мысалы: Қазақша Монғолша
батырлық батырлаг
байлық баялаг
жарлық зарлиг Қазақша лы–/лі монғолша лиг төбелі доболиг
Сын есімдегі ұқсастықтар:
Қазақша
|
Монғолша
|
Орысша
|
кір
|
хир
|
грязь
|
тарлан
|
торлон
|
сивая
|
ала
|
алаг
|
пестрый
|
көк, жасыл
|
кәх
|
зеленый, синий
|
тегіс
|
тэгш
|
ровный
|
күрең
|
хурэн
|
темно-рыжая
|
ұяң /тихий застенчивый, уян /слабый о
робкий характере
қатты хатуу твердый, крепкий
тарлан тарлан пестрый, крапчатый
сары ала саарал пепельный
құла хул саврасый
бурыл буурал чалый
ширақ /живой, бодрый/ чийрэг: 1)сильный, живой, бодрый,
крепкий, 2)плотный сильный, крепкий,
плотный
теріс /неправильный, тәрс /противный, неправильный, оши ошибочный враждебный/ бочный, противный,
враждевный
Ішетін ас, киетін киім, ұшқан құс, жүгірген аң, үй ішіндегі аспап–сайман, ата-тек, туған–туысқан, адамның дене мүшелері, даладағы өсімдік, төрт түлік мал – бәрінің де атаулары ұқсас, ендеше осы мол ұқсастық тегін болмау керек. Тіпті күнделік өмірде қолданылып жүрген кереге – «хереге», тоқым –
«тохом», дедеге–«тодехе» тәрізді сөздер де мүлде бірдей ғой. Сондықтан мұндай ұқсастық және ара–тұра айырмашылық түркі тұқымдас елдердің өздерінде де жиі кездеседі.
«Все современные тюркские языки наций и народностей восходят как целая родственная группа языков соответственно к более древним языкам племен и родов и являются результатом исторического процесса развития языков в различных родо-племенных союзах и общностях, которые оставили специальные для них следы и отпечатки и создали характерные для каждого языка различия.
Причем каждый язык племени и народности как «общий язык, имевший только различия в диалектах, был вырожением и доказательством общего происхождения» /племени–А.Б. 1 – деген Ф.Энгельстің орынды айтылған ойын Н.А.Баскаков келтірген екен. Біз де осы ұйғарымды қолдаймыз. Оның үстіне грамматикалық, синтаксистік, дыбыстық /фонетикалық/ жақтарынан түгел ұқсас болуы кездейсоқ емес. Зат есім, сын есім, әсіресе жұрнақ– жалғаулардың, етістік – баршасының ауыспай дәл келуі бізді еріксіз мына
пікірге мойындатып отыр. Қазақ пен монғол елі ежелден бір туысқан ел болу керек. «... Монғол мен түркі түбір субстратының ажырай бастауы қай кез екенін айту қиын. Бірақ бұлардың әрқайсысы өз алдына жеке тілге айнала бастағанына ең кемінде бес мың жылдан астам уақыт өтті деген С.Е.Маловтың пікірін қуаттауға тура келеді» – дейді 2 Ғ.Мұсабаев. Әйтпесе, біздің жыл санауымыздан көп бұрын соғдиандар /ирандықтар/ тілінен келген сөздердің, жұрнақтардың өздері де әлі күнге дейін бадырайып көрініп тұрады, мұндай әр саладан кіріп ым-жымы бірігіп, мәмлелесіп кете алмайды. Егер ежелден бірге туыспай, бері келе 12 ғасырдан бастап қана қарым- қатынас жасаған болса, мұндай ұқсастыққа жеткендей жағдай туа қоймаса керек. Қонысы бір ежелден дос, ой-пікіріміздің араласуына үш-төрт жүз жылға созылған орыс халқының тілі де қазақ тіліне сырттай әсер жасағаны
болмаса, етене кірігіп кете алмауы айдай-әлемге аян ғой. Ендеше, түркі- монғол тілі ертеден туыс тіл екенінде дау болмасқа тиіс. Осы пікірімізді
1 Ф.Энгельс. Происхождение семьи, частной собственности и государства. /К.Маркс пен Ф.Энгельс. Избранные произведения в 2-х томах, том ІІ, М., 1955, стр.237.
Н.А.Баскаков. Введение в изучение тюркских языков. Гос.изд. «Высшая школа», М., 1962, стр.108.
2 Ғ.Мұсабаев. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан, І бөлім, Алматы, 1966, 29-беті.
дәлелдеу үшін лексикалық ұқсастықтан біраз тізім бере кету дұрыс болар. Бұл жөнінде айтылуы да, жазылуы да бірдей, мағынасы да дәл келетін, ешбір күмән тудырмайтын сөздердің тізімін «қосымшада» беруді дұрыс көрдік.
Қорыта айтсақ, осы күнгі Алтай тілдерінің туыстығы жөнінде ғалымдардың пікірі екі жарылады. Бәрі де ілгерілі–кейінді тіл материалдарына сүйене отырып әділ биліктерін айтады. «Алтай ата» тілінің бар екенін, оның атам заманында болғандығын бір ауыздан мойындайды.
«Алтай тілдерінің шыққан тегі бір, түп тамыры, туыс тілдер» – деп ұйғарады. Бұл теорияны жақтайтындар: Б.Я.Владимирцов, Е.Д.Поливанов, Г.И.Рамстедт тағы басқалар болды. Ал екінші бағыттағы – алтай тілдерінің типологиялық ұқсастығын, туыс еместігін жақтайтын ғалымдардың ең ірісі көрнекті поляк ғалымы Владислав Людвикович Котвич /1872-1944/ еді.
Осы Котвичтың айтуынша: «Көне түрік тілдерінде жазылған ескі ескерткіштер ҮІІ-ХІІІ ғасырлардан қалған екен, мына тұңғыс
«журжен/тілдерінің ескерткіштері ХІІ ғасырлардан келе жатыр, ал монғол
/ойғыс/ жазба ескерткіштері ХІІІ ғасырдан қалған – дейді ол. – «Осы күнгі түрік халқының саны отыз миллион, монғолдар үш-ақ миллион», – деп келеді де: – «Алтай ата тілі болды, бірақ туыстығы жағынан емес, типологиялық жағынан», – деп түйді Котвич 1.
«Корей тілінде де монғол, тұңғыс тілдерінің элементтері бар екен, сондықтан Г.И.Рамстедт пен Е.Д.Поливановтар корей тілін де осы Алтай «ата тіліне» қоса салыпты, осыдан барып Алтай ата тілінің шеңберін кеңейту үшін кейінгі кейбіреулер жапон мен
1 W.Kotwicz. «Studia nad jezykami Altaiskimi». Krakow - 1953. Котвичтың осы еңбегі
«Исследование по алтайским языкам» болып орысшаға 1962 жылы аударылды. Изд. Иност.Литература, М., 1962, 351-беті.
юкагир тілдерін де осы «ата-тілге» теліген болатын, бірақ бұл пікірдің бүгінгі ғылым дүниесінде нақтылы орын тебуі мүмкін емес» – деп үзілді-кесілді тұжырымға келеді әлгі В.Л.Котвич 1.
Бүгінгі жапон ғалымдарының біразы өз тілін түркі тілдерімен туыс деп те дәлелдеп жүр. Мына екі салада жүріп жатқан ғылми–талас–тартысты көрсете отырып, солардың ішінен алдыңғы айтылған генетикалық–туыстық негізді жақтаймыз. Әзірге зерттелген материалдар бізді осыған әкеп тіреді. Себебін ілгеріде айтқан едік.
Тағы қайталап көрелік. Мысалы, монғол тілі мен түркі тілдерінің туыстығын жақтауымызда екі үлкен дәлеліміз бар, соның бірі: монғол мен түркі халықтарының тарихи өркендеу жолдары, тілі, рухани тіршілігі, тұрмысы, әдет-ғұрпы, тәңірге табыну, жүйелері, ежелгі көшпелі түркі елдерімен бірдей. Оны алыстатуға үстірт қараған кісінің де әлі келмесе керек-ті. «Шаман дінінің /тәңірге – аспанға табыну – балгер-тәуіп дінінің – С.Т./ әдет-ғұрыптары монғолдарға қарағанда қырғызда /қазақта/ молырақ сақталған, бірақ бұл монғол діні бері келе мұсылман дінімен астасып – екеуі де бір дін болып шыққан. Қазақтар Мұхаметті таныған жоқ, алайда, Мұхаметтің құдайына да, сонымен қатар монғолдың «онгонына» да /әруаққа сыйынуына да – С.Т./ бірдей нанған»2 – дейді Шоқан Уәлиханов.
Достарыңызбен бөлісу: |