Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет7/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

Жұрнақ – кеш /фарс.кәш/ – ғарабокәш – извозчик; қаз. арбакеш. Кірекеш /ар. фарс. – плата за наем/ извозчик, обозчик.

Тақымкеш – көкпәрі тартардың алдында додаға түскен жігіттерді атайды

/«шабандоз» мағынасында қолданылады/.






1 Аталған кітаптың 132-133 беттерін қараңыз.


Уар, уәр жұрнағы.
МІДУӘР /фарс. үмідуар – надеющийся, настойчиво просящий у кого- либо /попрашайка – тужить; стремиться, желать. Жануар – животное. Қазақта мідуар болу – емініп сұрау; үміттену.

Қазақ тіліне кіргенде сөзуар – говорун, умеющий говорить, логично излагающий свою мысль.

Жоғарыда көрсетілген сөз алды қосымшалар /префикстер/ мен жұрнақтар қазақ тіліне иран тілінен өте ерте келіп кіргендей. Бұған бірінші себеп – көршілес отырғандығы. Екінші себеп – иран елінің сауда керуендері арқылы, немесе өзбек түрікмен сияқты иранға жақын тұрған түркі елдері әкеп беруі мүмкін. Оның үстіне ғасырлар бойы Бұхар мен Самарқан тәрізді Орта Азияның ірі қалаларына барып медреселерде оқып, білім алып қайтқан қазақтың ғұлама-молдалары әкеп жаюы да ықтимал. Сұлтандар мен ханзадалар арқылы да келуі ғажап емес.

Ескерте кетелік, әлгі медреселерде оқылатын ілім-білім, көбінесе, фарсы

/тәжік/ тілінде жүрген.

Молдалардың өздері үйреніп келген сөздерді былай тұрсын, олар арқалап әкелген кітаптардың да басым көпшілігі фарсы тілінде болатын. Орта Азиядағы фарсы әдебиетінің әсері Х-ХҮ ғасырларда өте күшейді, бұған бірінші қарсы шыққан Мир-Әли-Шер Науаи болды. Х-ХІҮ ғасырларда қыпшақ-қазақ тілі де фарсы тіліне көп әсерін жасамай қойған жоқ. Сол заманда қазақ халқына фарсы әдебиеті арқылы келген өлеңдер де бар, солардың ішінде бүтін сөздер кездеседі. Сол өлеңді айтушылар ондағы кейбір сөздердің мағынасын тіпті қазірге дейін де анық түсіне қоймады. Мысалы, «Шәмсі, Қамар» атты әннің сөздері былай айтылады:


«Шәмші, Қамар сықылды дәптер бану, Кісі қайда зарлықта сіздей тану /дану/... Аһу көз, шырын сөзді абзал инсан,

Мен саған ғашық болдым жан ой ділдан... Жаныма, әй ғашық жар, бол меһірбан... »

Осы өлеңдегі Шәмші /ар.шәмсі – күн/ қамар-ай/, дәптер /фарс. –духтар – қыз /дочь/ фарс. бану – әдемі – мәртебелі – госпожа; дану /фарс.дано/ – дана- данышпан. Аһу /ар.ақ бөкен, киік/ – шырын сөзлі – тәтті сөзді, абзал инсан – асыл адам. /фарс. жан, ой, ділдан, жан мен жүректен деп тұр; фарс. мейірбан, мейірімді, жаны ашығыш.

Мұндай өлеңдер /әндер/ қазақ өлкесінің бар өңіріне бірдей тарамаған, ендеше бұларды да әлгі айтылған молдалар әкелген тәрізді. Өзінің 1966 жылы шыққан кітабында Н.А.Баскаков айтады. «Еділ мен Жайық» бойындағы түркі халықтары екі ұлыстың әсерін алған, соның бірі бұлғарлар осы күнгі шуваштар/, екіншісі қыпшақтар /осы күнгі татар мен башқұрттар/ дейді. Ғалымның бұл пікірі Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы әсерлер жайында болса, мына Орта Азиядағы түріктер жөнінде мынаны айтады: өзбек, ойғыр, қазақ, қарақалпақ, түрікмен, қырғыз халықтары төрт этногенездік топтан құралады: соның біріншісі қарлұқтар /осы күнгі өзбектер мен ойғырлар/; екіншісі – қыпшақтар/бүгінгі қазақтар мен қарақалпақтар/, үшіншісі оғыздар /осы күнгі түрікмендер/; төртіншісі қыпшақ – қырғыздар

/бүгінгі қырғыздар/. Міне осы халықтарға ежелгі субстраттар /Иран мен Қытай/ әр түрлі шеңберде әсер жасады, ал кейініректе араб-фарсы, орыс

тілінің әсері тиді»1 дейді Баскаков. Н.А.Баскаковтың осы сөзінде иран тілінің ежелгі субстрат екенін ескертіп айтуы орынды. Ертеден қарым-қатыста болды, сөз ауысып отырды деп түсіну жөн. Өйткені көне соғдиандар да фарсы тілінің өкілдері. Алайда, араб тілінің әсерін фарсыдан бұрын атауы көптен қалыптасып қалған қағидадан аса алмауы тәрізді. Біздің ойымызша фарсы тілінің әсері қазақ тіліне арабтан бұрын келуі дау тудырмайтын сияқты. «Көне соғдиан тілі тәжік тіліне орын берді. Тәжік немесе тәзік деген халықты ең әуелде араб деп ұқты, терістік Аравиядағы Тай2 ұлысынан шыққан елге балады, түріктер бұл тәжік деген сөзді мұсылман мағынасында яғни ирандықтар деп түсінді», – дейді В.В.Бартольд. Ал, осы күнгі совет ғалымы В.А.Ромодин: «В.А.Лившицтің айтуынша, фарсы тілі Орта Азияға Хорасан өлкесінен келді, бұл арабтың Орта Азияны жаулап алуынан бұрын еді... » деп тұжырады3.

«Түрік әдебиеті түп-түгел мұсылман әдебиетінен үлгі алды, әсіресе фарсы үлгілерінен нәр алды»4 дейді тағы да академик В.В.Бартольд. Ираннан келген мұсылмандарды түрік пен монғолдар сауда мен мәдениеттің өкілдері есебінде таныған екен. Бір кезде «сәудегер» деген сөздің мәнінде «сарт»,

«сартақ», «сартауыл» деген сөз түрікке Индиядан келді. Соңынан көшпелі түрік пен монғолдар отырықшы ирандықтарды «сарт» деп атады. Осыдан барып «сартақтай» монғол ертегісі туды. Бұл, «Сартақтай» екі сөзден құралады, соның біріншісі «сартақ», – арық, бөгет; екіншісі «тай» – еркек деген мағынада, сол заманда арыққа




1 Сборник «Языки народов СССР», том 2, М., 1961 г. стр.10. см.статью «Тюркские языки». Н.А.Баскакова.

2 «Атымтай жомарт» осы ұлыстың адамы. Хотем деген кісі Тай руынан шыққан екен.

«Хотем Тайскийді» қазақша «Атымтай» деп атаған.



3 Акад. В.В.Бартольд. Соч.том 2, часть І, Изд.Восточ.Литературы, М., 1963, стр. 121.

4 Там же, стр. 127.

бөгет жасайтын еркектерді «тай» деп атаған екен1 деп тағы пысықтайды академик В.В.Бартольд.

Тұжыра айтсақ, Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ тайпаларының тіліне тұңғыш рет әсер еткен соғдиан тілі, ал бұлардың ирандықтар екенінде шүбә жоқ қой.

Қазақ тілінің көне заңдарына, үңдестік заңына жарықшақ енгізіп, ілгеріде қалыптаспаған өзгерістерге ұшыратуы да осыдан туған болар. Жоғарыда айтылған пікірлерімізді дәлелдеу үшін тарихи дәйектемелерді келтіре кетелік. Орта Азиядағы ең көне облыс Соғдиандар облысы, бұл Зарафшан, Аму-Дария /грекше Окс, арабша – Жейхун/ өзендерінің бойында мекендеген. Осы соғдиан мемлекетінің терістігінде Месопотамия /«Қос өзен»/ бар. Оңтүстік батысында соғдиандар тілі – Иран тіліне жатады. Астанасы кейде Мараканд шәһәрі, қазіргі Самарқан қаласының қасында Афросияб атты шағын шәһәр бар, сол бұрынғы Мараканд. Көне заманда Иран мен Туран соғыстары кезінде бүкіл Тұран елінің де астанасы болған.

Біздің заманымыздан бұрынғы алтыншы ғасырдың аяғында, бесінші ғасырдың бас кезінде Дарий патшаның дәуірінен қалған ескерткіш «Бехістұн жабасында» да соғдиандар айтылады, оны көне Бактрия, Хорезм мемлекетімен қатар атайды. Соғдиандарды Орта Азиядағы ең ескі мемлекет деп таниды. Қандай қырағы көз болса да өліп-талып әрең жететін сонау көне де көмескі заманда ҮІ-Ү ғасырда соғдиандар топы /топ-тақия, тюбетейка/ киетін болған, Орта Азиядағы түркі елдерінде әлгі «топы» солардан қалған мұра тәрізді 2.




1 В.В.Бартольд. Соч.т.6, Работы по истории ислама и арабского халифата. Изд.

«Наука». Главная редакция Восточ.литературы. М., 1966, стр. 187.



2 Бұл пікір Б.Г.Гафуровтың «История таджикского народа в кратком изложении» І,2 изд. 1952 /См.Б.С.Э./ том 39, стр. 544-546.

Соғдиандар төртінші ғасырда Іскендір Зұлқарнайынға /Александр Македонскийге/ қараған, сол төртінші ғасырдың аяқ шенінде Селевкид патшалығына бағынған. Үшінші ғасырда Грек-Бактрия мемлекетінің сапына кірген.

Біздің дәуірден бұрынғы 170 жылдар кезінде соғдиандар Канг /қытайша – кангюй, қазақша – қаңлы/ мемлекетіне қосылған. Бірінші ғасырда Кушан патшалығына кіреді. Кушанның астанасы Зарафшан бойында болыпты. Кушания дәуірлеген кезде бұрынғы Мараканд қаласы әлсіреп кері кеткен деседі.

Біздің заманның 6 ғасырында соғдиандар түрік қағанатына кіреді. Соғдиандар Иран, Қытай, Византия мемлекеттерімен қарым-қатыс жасайды. Мұның сауда керуендері Қашғариядағы Лобнорға дейін барады.

Қазақ халқының кейбір ұлыстарының соғдиян елімен бірге болуын дәлелдейтін тағы бір дерек бар:

«Сақ пен У-сунь ұлыстары Жетісу бойында мың жылдай дәурен сүрген екен». /Біздің жыл санауымыздан ҮІІ ғасыр бұрын және үстіміздегі заманның Ү ғасырына дейін/.

«Археологиялық зерттеулерге қарағанда «сак» пен «усунь» /үйсін – С.Т./ бір ұлыс – бір тектен таралған, екі түрлі атанған ұлыс» – деседі.

«Мүмкін, көне нұсқадағы «Сэ» ұлысы, мына Аристей, Геродот тарихындағы «исседон» және /географ/ Птоломейде кездесетін «исседон» – бәрі бір сөз – баяғы «усунь» /үйсін/ деген бір ұлыстың түрлі-түрлі айтылып жүрген аты болу керек» 1 – дейді археолог ғалым К.А.Акишев.






1 К.А.Акишев, Г.А.Кушаев. «Древняя культура саков и усуней долины реки Или». Изд. Академия наук Казахской ССР, Алма-Ата, 1963, стр.3-4. /Кітап орыс тілінде жазылған, біз содан аударып беріп отырмыз – С.Т./.

Ендеше сақтар мен үйсіндер ежелден бірге өсіп, біте қайнаған түркі тұқымдас елдер деп түйеді ол. Ал, мына И.С.Брагинский тәрізді шығыс-тану ғалымы «сақтар мен соғдиандар – тәжіктердің /иран елінің/ арғы атасы, Фирдоусидің «Шахнамесінде» айтылатын Рустем–Дастан батыр жыры солардан қалған» 1 дейді.

Осы арада «сак» деген сөздің этимологиясын немесе «сактің» ата тегін ашуға шұғылданып отырғамыз жоқ, әйтеуір сол заманда үйсін ұлысының болуына сенгіміз келеді. Үйсін ұлысы /Үйсін деген тарих дүниесіне ерте шыққан тайпалар одағы/ түркі тектес ел екенінде дау жоқ қой, ендеше, сонау соғдиян елімен қоян-қолтық алысып келе жатқан үйсін ұлысы, ал қазір Ұлыжүз сапына кіретін үйсіндер – бүгін туған емес, содан бері талай тар кезеңді басынан кешірген қазақ халқының бір үлкен ұлысы тәрізденеді. Сөйтіп, қазақ халқының Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ тәрізді ұлыстары бірге жасасып, бірінен бірі әсер алғандай.

8 ғасырдың бас кезінде Орта Азияны арабтар кеп шапты да Соғдиандар мемлекеті жойылды, бірақ көне соғдиян елінің феодалдық дәстүрін арабтар жоя алмады. Ескі феодалдық соғдияндар өнері Орта Азия мен Шығыс Түркістандағы елдерге әсерін тигізуді толастатпады. Сөйтіп, тәжік пен өзбектердің феодалдық өнеркәсібінің үлгісі осылардан тарады2 – деседі. Иран тілінің әсері соғдияндар арқылы қазақ тіліне ерте етегін жайды деуіміздің үлкен тірегі осы тарихи мәліметтерге сүйенуден туып отыр.







1 Фирдоуси. «Шах-наме», ГИХЛ, М., 1957, стр. 12 /Бұл да орысша жазылған еңбек, біз аударып алдық – С.Т./.

2 Тағы а) Гафуров Б.Г. История таджикского народа в кратком изложении, І, 2 изд.1962.

б) Толстов С.П. Древняя культура Узбекистана». Ташкент, 1943. в) Бартольд В.В. История Туркестана, Ташкент, 1922.

г) Большая Советская Энциклопедия/, Том 39, стр. 544-546.



    1. Қазақ тілінің монғол тілімен б а й л а н ы с ы

Біз бұл тарауда қазақ халқына сіңген монғол әсерін арабтан бұрын зерттемекпіз. Әрине, осы күнге дейін орыс тіліндегі деректерде араб мәдениетінің әсері фарсыдан да бұрын аталып келді.

Үнемі «араб-фарсы әсері», «араб-фарсы әдебиеті» деген ұғымдар орын тепті. Мұның себебі тарихшылардың кейбіреуі, қазақ халқын кейін көтерілген өте жас ел деп ұғынуынан туса керек.

Қазақ халқының бүгінгі сапында жүрген Үйсін, Қаңлы, Қоңырат, Ысты, Қыпшақ, Арғын, Найман, Алшын, Керей-Уақ тағысын тағы ұлыстардың атам заманнан бері тарих көшінен қалмай келе жатқанын ескермегендей. Біздің ойымызша қазақ халқының көне дүниеде бар екені қазір дау тудырмайтын шешілген проблема. Тек қазақ ұлты болып бас қосуы, әрине, беріде. Сондықтан тарихи деректерге сүйене отырып біз монғол мен қазақ елінің ескі ұлыстары арасында болған қарым-қатынасты айтпай кете алмадық. Заты, біз бұл монғол мәселесін ираннан /соғдиан; фарсыдан/ да бұрын бастауымыз қажет еді, бірақ қашқылықты-қуғылықты ғылыми таластардың әсерінен аса алмай отырмыз. Жер астынан жік шыққандай болу қиын екен!

Монғол мен түркі тілдерінің ара-қатынасы көптен сөз болып, біраз зерттелген де тәрізді. Бұл жөнінде ең алғаш еңбек жазып кеткен швед ғалымы Филип Ихан Страленберг 1 екен. Ол кісі ХҮІІІ ғасырда «Das Nord Ostlicke Theil Von Eurupa and Asia»






1 Н.А.Баскаковтың кітабында И.Табберт Страленберг – Полтовада тұтқында /пленде/ болған швед офицері. Сібірде ұзақ уақыт тұрған адам /Н.А.Баскаков. «Введение в изучение тюркских языков» Госиздат. «Высшая школа», М.,1962, стр. 13.

/орысша аты: «Северная и Восточная часть Европы и Азии»/, атты еңбек шығарған, бұл еңбек 1730 жылы Стокгольмде жарияланыпты. Сонда түрік пен монғол тілі – татар1 халқының санатына кіреді, бұлар өзара туыс тілдер дегенді дәлелдепті.

Страленбергтен кейінгі ғалымдардың бір талайы-ақ түрік пен монғол тілінің бір түбірден шыққанын айтады. Алтай төңірегінде өмір сүрген елдер ілгері заманда бір тілде сөйлеп, бері келе енші алысып тарасқан сияқты, мысалы, түрік-монғол болып екі айрылысқан деседі. Бұл пікірді жақтайтындар М.Расянян, В.Шотт, Г.Винклер, В.Банд, Ю.Немет2 тағы басқалар болса керек. Түрік-монғол тілінің байланысы жөнінде шетелдік ғалымдардың пікірін толығырақ қамту үшін Г.Н.Рамстеттің «Введение в Алтайское языкознание» атты кітабындағы Н.А.Баскаков жазған бет ашарды оқып көрген мақұл.




1 «Татар» деген сөздің мәнібі бүгінгі ұғымнан кеңірек, мысалы монғолды да татар деп атай береді. ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында біраз елді аузына қаратқан халық «татар» атанған. Бұл халықтың татар аты Орхон жазуында /Х ғасырда/ ұшырасады. Қытай тарихы,

«татарды» үшке бөледі, соның бірі «ақтатар», екіншісі «қара татар», үшіншісі – ағаш арасын мекендейтін /«жабайы»/дикий/ татар екен, ал Шыңғыс /Тимучин/ қара татардан шыққан дейді акад. В.В.Бартольд /Соч.5,стр. 615/.



2 W.Schott. «Vezsuch nber dic tatarischen sprahen. Berlin, 1836; J.Winklez. Uzalaltaischen Völkez and sprachen. Berlin, 1884; Тағы соның еңбегі: «Das Uralaltaischen and scine gruppen, Berlin, 1886; W.Band Uralaltaischen forschenden, Leipzign 1890; J.Nemet Az urali es n török

ngelvek ösi kapcsolkte «Nyclvtkromonyi sözlemenyck – 47, Bkdapest.

Орал-Алтай тілдерінің туыстығы жөнінде, монғол мен түрік және манжур мен тұңғыс тілдерінің ұқсастығын /лексикалық тағы грамматикалық жағынан да/ зерттей келіп – бұл тілдердің түп негізі бір «ата тіл» /праязык/ деп ұйғарды. Академик Б.Я.Владимирцовтың айтуынша: «Түрік пен Тұңғыс тілдерін монғол тілімен туыс дейтініміздің себебі бар, өйткені бұлар көне заманда бір тілде сөйлеп бері келе әртүрлі жағдайда өсіп-өркендесе керек» 1. Ендеше бәрінің түбі Алтайлық «ата тіл» – деп қорытады.




1 В.Я.Владимирцов. Сравнительная грамматика монгольского письменного языка и хакасского наречия. Л., 1929, стр. 45.

Олардың айтып отырған дәуірі көз түгіл, ой жетпейтін көне дүние. Ол заманнан қалған тарихи ескерткіштер де жоққа тән.

Монғол мен түрік тілдерінің туыстығын Г.Д.Санжеев, Н.А.Баскаков, П.Д.Номинханов тағы басқа ғалымдар да жақтайды. Бұлардан әлдеқайда бұрын Шоқан Уәлиханов та: «Түрік пен монғол тілдерінің туыстығын қазір көптеген ғалымдар мойындап отыр»1 – деп жазды. «Қырғыз, қазақтар шаманды» – багши /бақсы/ деп атайды, ал монғолша «багш» – устаз – мұғалім; ойғырша –багш – хат танитындар, түрікменше ақын-жырауларды атайды» 2 – деген екен. Қазақ-шешен десе, монғолдар – сэсэн–сэцэн3 – депті. Оның үстіне Сүпітай мен Көкжал Жебе тәрізді Шыңғыстың батырлары ең алғаш қыпшақтарға келгенде «сендер бізге қарсы болмаңдар, біз тіліміз бір, дініміз бір елміз» – дегенді айтыпты деседі. Бұл пікір: П.Пельо, В.В.Бартольд, В.Г.Васильевский сияқты ірі ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.

Қазақ тіл ғылымының осы күнгі белгілі ғалымы Ғайнидден Мұсабаев өзінің «Қазіргі қазақ тілі» /«Современый казахский язык» /лексика/ атты еңбегінде қазақ-монғол тіліндегі ұқсас сөздердің тізімін береді. Сонда:






1 Ч.Валиханов. Соч., СПб., 1904, стр. 179-180. 2 Бұл да сол кітаптың 324 бетінде.

3 Сол кітаптың 229-бетінде.

Қазақша 1.Абдрыа 2.Алтын 3.Аян 4.Байсал 5.Баянды 6.Аймақ 7.Баран 8.Үдере 9.Қарыз 10.Сарын 11.Қар 12.Дөнежін 13.Дулыға 14.Жасақ 15.Аңсағай 16.Талқы

Монғолша абдара алтин

аян байцал баян аймаг баран едер гарз сарин гар донжин дуулга жасаг анцгай талкин

Орысша Сундук золото известно известна спокойствие

состоятельный, богатый

край темноватый день, днем долг

на протяжении чего- либо

рука четырехлетка /о корове/

шлем

правитель, пристав неуклюжий кожемялка



Осыдан келіп Ғ.Мұсабаев мынадай сөздері салыстыра тізеді. Мысалы:



Қазақша ем ем–ші

ем–ші–лік ем–де–мек көк


көгермек құр қурай құрамақ

Монғолша: эм

эм–ч эм–чу–ул эм–чу–ул–лэх

хох /түрікменше, азербайжанша

– гөк/.

хохрех хуур хуурай хуурах



Ойын қорыта келе бұл ғалымның айтуынша 1) «Монғол мен қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ұқсас; 2) Негізгі сөз қоры және сөздердің өзгеру түрі ұқсас; 3) Түбірден жаңғырған сөздерді тудыратын жұрнақтар ұқсас, – дейді ол, – осы фактылардың бәрі қазақ пен монғол тілдерінің бірінен біріне ауысуы емес, бұлар ежелден туысқан халықтар»1 – деп түйеді.




1 «Қазіргі қазақ тілі» /лексика, фонетика, грамматика/, жауапты редакторлар, профессор М.Балақаев, доцент А.Искаков, Алматы, 1954, 59 бет.

Қазақ пен монғол тілінің ұқсастығын төрт салада көрсеткен тіл ғылымының докторы Кәкен Ақанов 1 екен.

Қазақ пен монғол тілінің термин жағынан туыстығын Ц.Д.Номинхановтай қалмақ халқының тіл маманы да айтқан-ды2.

Тарихшы ғалым Мұсатай Ақынжанов та: «Түрік-монғол» тектес халықтар ежелден бірімен-бірі қоныстас, шаруашылығы бір тұрпатты, тілдері жақын халықтар екені даусыз» – деп есептейді3.

Тіл ғылымының аты шулы ғалымы Гарма Данцараевич Санжеев те түрік- монғол тілдерінің туыс екенін мойындай отырып, бірақ бұл «туыстық кейіннен келіп шықты» 4 – деген ұйғарымға тіреледі. Осы пікірді ілгеріректе Н.Поппе де айтыпты, ол: Түрік тілдерінің жақындығы, олардың әлеуметтік- экономикалық жағдайынан барып туса керек, бұрынғы кезде бөлек-бөлек ұлттар кейініректе көшпелі феодалдық мемлекет құрған соң араласып ауыс- түйіс жасаған, бірінен-бірі аяқ-табақ алып пайдаланған болу керек. Түрік, монғол, тұңғыс елдерінің туыстығы, атын атап айтқанда, дәл осындай

жақындасудан болған, бұлардың тілдері осы кезбен салыстырғанда ілгеріде ұқсастығы аз болуы кәдік» 5 – депті.

«Монғол мен түрік тілінің туыстығы әлі талас мәселе. Алтайлық «ата тілдің» болуы жорамалдау ғана» 6 – дейді тағы Л.Н.Санжеев.

Л.Лигети мен И.Бенцингтер тәрізді ғалымдар да алтай тілдерінің туыстығы жөнінде пікірлер айтады, бұлар әзірге орынды жора





1 К.Ақанов. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. Алматы, 1956, 65-66 беттер.

2 Ц.Д.Номинханов. Термины родства в тюрке-монгольских языках. «Вопросы истории и диалектологии казахского языка». Сборник статей, вып.І, 1958.

3 М.Ақынжанов. Қазақ тегі туралы, 1957, 11 бет.

4 Г.Д.Санжеев. К тюрко-монгольской лингвистической проблеме. Труды Московского института востоковедения. 1947, сб.4, стр.69.

5 Н.Ноппе. «Академик Владимирцов» /1884-1931/ «Революция и письменность», 1932,

№ 1-2.


6 Г.Д.Санжеев. Әлгі еңбектің 17-бетінде.

малдар /гипотеза/, тек әлі күшті зерттеуді талап етеді десіпті.

Монғол тіл ғылымының маманы ғалым Ц.Д.Номинханов кейбір дауыссыз дыбыстардың орын ауыстыруы жөнінде еңбек жазып кетті. Сонда:

Қазақша

Монғолша

Орысша

М. –мұрындық

Б–бурунтаг

палочка продеваемая







через хрящи под







ноздрями верблюда







для управления

Ж–желін

Д–делен

вымя

Жал

Дел

грива

й–айғыр1

Д–аджирга

жеребец

З–өгіз /әкір/

Р–ухер

вол

З–егіз

Р–ехир

близнецы

Т–тыңда

Ч–чингна

слушай

Т–тіке

Ч–чике

прямо

Осы ауыспалы кестеден кейін Ц.Д.Номинханов: «Түрік пен монғол тіліне ортақ фонетикалық /дыбыстық/ заң бұл тілдердің бірге туысуының айғағы» 2


  • деп қорытынды жасайды.

Қазақ тіл білімінің ғалымы Шора Сарыбаев «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты жинақта басылған. «К вопросу о монгольско-казахских языковых связах» деген мақаласында: «Қазақ-монғол тілдерінің лексикалық, грамматикалық ара қатынасын және кейбір сөздердің этимологиялық мағынасын тағайындау үшін ғана зерттедім»3, – деп өзі айтады.

Жас ғалымның осы еңбегі кейінгі зерттеушілерге көп көмегін тигізетіні анық, өйткені осы салада жазылған көп еңбектерді






1 Қазақ тілінің өзінде де «й» мен «д» дыбысы ауысады ғой, мысалы, аяқ-айақ-адақ

/С.Т./. Н.А.Баскаков. Введение в изучение тюркских языков. Госиздат. Высшая школа, М., 1962, стр.117 /Сонда: «айақ»- «чаша» /конечность, конец, нога в других языках/ и адак - последний «последныш» в алтайском языке, где чередуется «д-й» деп түйеді.



2 Н.Д.Номинханов еңбегінің 147-беті.

3 Ш.Сарыбаев. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2шығуы, ҚазССР ҒА Баспасы, Алматы, 1960.

сарқа оқып, неше алуан қайшылықтарын көрсеткен Ш.Сарыбаевтың негізгі ойы – түрік-монғол тілдерінің туыстығын жақтайды. Бір дыбыстың екінші дыбысқа ауысуы жайлы да бір талай ұтымды ойлар, салыстырмалар келтірген:

Қазақша Монғолша Орысша

Ж–жиеншар з–зээнцер правнук

У–төлеу х–төлех платить

Д–дала т–тала степь, поле

Б–кебек в–хевег отрубь, шелуха

Қ–құймақ х–хуймаг блины

У–тауыс г–тогос павлин

Ш–шешек1 ц–цэцэг бутон

Ш–шүмек ч–чәмег трубчатые кости

К/к құнан г–гунан жеребенок трех лет2


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет