1 Стенли Лэн Пуль. «Мусульманские династии» С.П.б. – 1899.
2 Р.Ю.Виппер. «История средних веков». Изд. МГУ, М, 1947, стр. 132.
Мұсылман діні Бағдадтан шығысқа қарай – Орта Азияға бет алды. Отырарда туған әлемге аян Екінші ұстаз – Әбу Насыр әл-Фараби, Хорезмнен шыққан Әбу Райхан әл-Бируни, Бұхарада өмір сүрген Әбу Ғали ибн Сина – бәрі де өздерінің ғылыми еңбектерін араб тілінде жазған-ды. Ендеше мұсылман дінінің етек алып жайылуына осылар себеп болғандай, оның үстіне ісләм діні Орта Азияға қару-жарақты әскери шабуыл арқылы тараған жоқ, бұған бейбітшілікті жақтайтын «үгіт-насихат» зор себебін тигізді1 –
дейді академик В.В.Бартольд. Осы пікір орынды тәрізді. Бері келе Орта Азияның басқа ғалымдары да араб тілін қабылдағандай. Махмуд Қашғари да, Юсуф Хас Хаджип те осы жолмен жүрген-ді. Ендеше Хорезм, Бұхара, Отырар, Тараз, Кашгар калалары мұсылман дінін Х-ХІ ғасырларда өте мықты ұстады. Сол дәуірде өмірін жүргізген Караханидтер де, Саманидтер де ісләм дінінде болды.
Х ғасырда Бағдад халифасы Мұхтадир-Итиль /Еділ/, бұлғар, Сувар шәһәрлерін мекен еткен Әлмұса /Әлмуш/ ханға елшілер жіберді, осы Бұлғар елі /Шуваш, Башқұрт, Татар елдері С.Т./ мұсылман дінін сол кезде қабылдады.
1 Академик В.В.Бартольд. «Работа по истории и филологии тюркских и монгольских народов». Изд-во «Наука», главная редакция Восточной литературы, том Ү, М. 1968, стр. 433.
Ендеше, көшпелі қазақтарға – Сары Арқаға ісләм діні екі жақтан келді, біреуі – Хорезм, Бұхара, Отырар, Тараз, Түркістан болса, екіншісі – Қазан, Уфа болды /олар бұрынғы Булгар мәдениетінің сілемі еді С.Т./.
Сары Арқада болған саяси-экономикалық жағдайды да айта кетелік, 18 ғасырда Абылай хандық құрды – ол 1781 жылға дейін еді. /Түркістанда қайтыс болып, хожа Ахмет Яссауидің мұнарасына қойылды/ 1781 жылдан 1821 жылға дейін оның баласы Уәли–хан болды./ бұл Уәли Шоқан Уәлихановтың үлкен әкесі – Шыңғыс содан туған, әжесі Айғаным – Уәлидің тоқалы –С.Т./ Россияның патшасы Павел тұсында Уәлиге қарсы сенімсіздік туып, Қарқаралыдағы Бөкейді көтеру керек десті, бұл 1810-1818 жылдарда еді, бірақ Уәли 1821 жылы өлді де әңгіме бітті.
Уәли өлгеннен кейін 1822 жылы хандық мүлде құрыды, «Устав о Сибирских киргизах» – деген заң шықты да аға сұлтандар пайда болды. Бұрынғы «хан өтірік айтпайды, хан
жарлығы қайтпайды» – деп ханды қолпаштайтын ережелер аяқсуға бет алды. Батыс Европа мәдениеті – Орыс елі арқылы келіп өз әсерін жая бастады.
Сауда-саттық жүрді, жәрмеңкелер ашылды, бірақ орта ғасырлық ескі тіршіліктің қаймағы бірден бұзыла қоймады.
Заты, бұл кезде монғолдық салт, Шаманизм /«Көк тәңріге» табыну С.Т./ діні басым сияқтанады. «Қырғыз /қазақ/ ұлыстары Мұхаммед дінінде жоқ, ескі шаман дінін қолданатын түріктерге таяу, Мұсылман діні бұларға әлі сіңбеген, ісләм дінінің ішкі мәнісін жетік білмейді» – дейді В.В.Радлов /1870 жылы шыққан түрік ұлыстарындағы халық әдебиеті жөнінде жинап бастырған кітабында / осы пікірді Шоқан Уәлиханов бұрынырақ айтып кеткенін жоғарыда келтірдік қой.
Сары Арқадағы көшпелі қазақ елдерінің мән-жәйін үңіле зерттеген В.В.Радлов пен Ш.Уәлихановтар сынды ғалымдардың айтқандары дұрыс, өйткені: ісләм діні арқа қазақтарына дүркін-дүркін келіп кірді. Отырықшы ел емес, көшпелі елге тапжылмай тұрақтап қалуы қиын еді, онанда көшпелі тіршілікке ылайық шаманизм діні тез арыла қоймауы заңды. Тарихи шындыққа жүгінсек мұсылман діні Арқаға ең алғаш Х-ғасырда – дешті қыпшақ оғыз заманында кірді, бұл кезде оңтүстіктегі хараханидтер әулеті мен батыс жақтағы оғыз-қыпшақ сұлтандары ісләм дінінің іргесін берік ұстады. Екінші рет күшейген кезі «Алтын Орда» – Шағатай заманы: /13-14
ғасырларда С.Т./ Берке мен Өзбек 1 ханның тұсы.
Үшінші күшеюі Касым ханның кезі. /1523 жылы қайтыс
1 /Өзбек, /Узбек – 1282-1342/– «Алтын – Орданың ханы». «Алтын – Орданың» астанасы Өзбек хан тұсында /1312-1342/ Сарай-Беркеде болған, Өзбек хан ісләм дінін күшейткен, Кырым мен Поволжьеде бір талай мешіттер мен медіреселер салдырған да сол Өзбек хан екен. /См. Б.Д.Греков «А.Ю.Якубовский «Золотая Орда и ее падение» М. Л. 1950, стр. 64 и 67, 69; 90-93 /Ш.Ш.Уәлиханов бес томдық шығармалар жинағы, І том, Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, Алматы, – 1961 /орысша жазылған/.
болған хан/. Ол – қазақтың Әз-Жәнібек ханының баласы. Жошының
/Хорезмдегі/ «Ақ–Ордасын» билеген; қазақ, ноғайлы, қарақалпақ, қырғыздардың басын қосқан. Сыр-Дарьяның төменгі жақ өлкесін, Кара- тауды, Сайрам ауданын, Талас пен Шуды өзінің балаларына бөліп беріп, өзі Караталда тұрған /Сығанақ шәһәрінің жанында/.
Ісләм дінінің ең соңғы келіп кіргені әдебиет арқылы болатын. Бұл ХІХ- ғасырда. Әлгі ғалымдар Радлов пен Шоқан осы соңғы толқынның кезін айтып отырса керек-ті.
Жоғарыда көрсетілген Россия патшасының «Устабына» қарсы көтерілістер де болды; соның біріншісі 1822-1835 жылдардағы Қасым мен Саржан ереулі, екіншісі 1836-1847 жылдарда болған Кенесары көтерілісі еді. Осы қарбаласта Арқа қазақтары екіге бөлінді; біразы; Омбы, Қызыл-Жар, Көкшетау, Қостанай елдері Кеңсарының соңынан ерді; ал Қарқаралы, Баян- аулы, Ақмола, Атбасар қазақтары теп-тегіс ере қоймады, бұл екіге бөліну мәселесі Сапақ бай басқарып берген Қорыспайдың /ағасының/ асында Орымбай мен Түбек ақынның айтысында анық ашылған болатын.
Қалайда, сахара халқын /Арқа қазақтарын/, патша өкіметінің түбегейлі өзгертіп билеуі мына «жаңа заңнан» былай қарай болды, бұл «жаңа заң» аға сұлтандықты жойып, қазақ халқына көп міндеттер жүктеді.
Сары-Арқада ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан қарай өрмектің жүзі ауғанда ежелгі орта ғасырлық феодализмнің іргесі ыдырай бастады. Россияда 1861 жылы болған «өзгерістердің» лебі Арқаға жетті. Мына Оңтүстіктегі Сыр-Дарья, Жетісу өлкелерінде тұрған қазақ халықтарында бұрыннан орын тепкен Хорезм, Бухара, Қоқан, Самарқан хандықтарының ықпалы әлі зор еді. 1868 жылы Россияда, «Жаңа заң» шығып Сібір қазақтарын билеу саясаты
өзгереді. Бұрынғы аз да болса Таяу Шығыс
дәстүрімен ел билеген хан, қазы, сұлтандардың беделі түсті, олардың орындарына болыс, тілмеш, жандарал, майор тәрізді жаңа ұлықтар көбейді, ендеше Батыс әсері орыс халқының әсері күшейді.
«Патша жұртын қанады, Байлар жәргем санады.
Жандарал /генерал/ болды ұлығың, Майыр /майор/ болды силарың Князьді көрдің піріңдей
Тілмәшті көрдің женгендей». деп Шортанбай ақын біліп айтып отыр.
«Басы байлы» /«крепостное право»/ шаруашылықтан Россия 1861 жылы құтылу шарасын жасады, бұл алғашқы адымы еді, алайда көпке дейін әлгі
«азаттық» алған шаруалардың көсегесі көгере қоймайды. Сондықтан олар шұбырып жер ауды, әлгі «азаттықтан» құтылған орыс шаруаларының алғашқы тобы Сарыарқаға сол кезеңде жетті. Осы тұста Орта Азияда адамды адам сатқан «құл базары» болыпты. Мысалы, қалмақ елінің Толыбай сыншысынан туған Көбеңді Жанкелді би Түркстанның «құл базарынан» екі түйе беріп сатып әкелген екен. Жангелді Арқадағы Нұра мен Сары-су өзендерінің арасында қоныс тепкен адам. Ол кісінің дүние салғанына 150 жылдан асқан жоқ. Осындай адамды адам сатқан сорақы дәстүр ежелгі Күншығыстан – Мысыр, Шам, Афиналар арқылы араб-фарсы елдеріне, онан бері қарай Орта Азияға жеткен тәрізді. Ондай «құл базары» Батыс елінде дәл осы кезеңде жоқ еді. Ал, «басы байлы шаруашылық» /крепостное право/ ежелгі құлдықтың қожырап тозған түрі тәрізді.
Орыс халқының сырттан алған тегеурінді әсері Батыс Европадан мына Скандинавия арқылы келгендей/.
Осыдан былай Сарыарқаға сауда-саттық жайылды, мал-мүлік
базарға түсті. Жәрмеңке ашылды, базар нарқын ақша биледі. Қысқасы, капитализм, элементтері айқын елес берді, Бұрын, натуралды шаруа жағдайында «берген мырза емес, алған мырза» десетін ел, енді сауда-саттық араласқанда «берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз» – деп толғады. Әрбір заманның белгілері тіл қорында әдеби толғауларда үнемі осылай сақталатын сияқты. Бұл жаңғыру әсері орыс елінен келді. Бұрынғы қаймағы бұзылмаған ескі әдет-шығыс әдет-ғұрпы өзгеріске ұшырап қазақ халқы бір табан ілгері басты.
Ақ патша ұлықтарын жіберіп, миссиоонерлерін жұмсап, қазақ еліне отарлау саясатын қауырт жүргізіп жатқанда, Бұхара, Хива хандары да қалыспай мұсылман дінінің уағызшыларын лек-легімен Арқаға аттандырды. Сәлделерін қоқырайта киіп, олар да әр ауылда мұсылман дінін үйретіп оқытып жүрді.
Орта Азияның осы қылығын сезіп қалды да орыс патшашылдары қазақ тіліне «Інжілді» де аудартты. Бірақ православие діні қазақ еліне аса дарыған жоқ. Өйткені «шын орыс халқы әуелден де діндар халық емес», – деп В.Г.Белинский айтқандай, негізінде, біздің қазақ еліне де дінге құмарлық тамырын жаймаған тәрізді.
Осындай аласапыраң дәуірде Қазан, Уфа діндарлары да өз үлесін алудан аянбады, көшпелі арқа қазақтарына ісләм дінін үйрету үшін татар, башқұрт молдалары келіп оқытты, олардың медіреселері төрт жерден ашылды: Қазанда «Мухаммедия» медіресесі, Уфада – «Ғалия», Тройцкийде –
«Расулия», Орынборда – «Хусаиния» медреселері ісләм дінін уағыздады. Бұл медреселерде оқыған азаматтар революциядан кейінгі өткен – 1930 жылдарға дейін қызмет істеп жүрді. Олар – Хайриден Болғанбаев, Құдайберген Жұбанов /Орынбордағы-Хусаинияда/, Мұхамметжан Сералин /Троицкидегі Рәсулияда Бейімбет Майлин. Жағыпар Сұлтанбеков, Уфадағы Ғалияда оқығандар.
Осындай екіудай дәуірде – екі әсердің ортасында тұрған қазақ елі – екі жағынан да нәр алды. Біреулері орысша оқуға кірісті де, екіншілері мұсылманша оқып «терең» молда болуға беттеді. Біразы Москва, Петербург барып орысша оқып жүрсе, енді біразы Бұхар, Хива, Ташкентке барып оқыды, ар жағынан Меккеге тәуіп етіп, әзірет сұлтанға – Түркістандағы Қожа-Ахмет Яссауидің мұнарасына кіріп, пірге қол тапсырып, «қажы»
«бірәдәр» боп кеп жүрді.
Қараңғы халықты билеп-төстеуге осы екі бағыт та толығынан жарап жатты. Осының бәрін біз араб дінінің, араб тілінің қазақ еліне қалай келгенін, ал жолда қандай кедергілердің кездескенін түсіндіре кету үшін айтып өттік.
Енді мақсатты мәселеміз араб діні арқылы оның әдебиетінің қалай жайылуын, нендей із қалдырғанын баяндайықшы.
Екіншісі: б/ Діни әсер.
Араб дінін Иранға, одан өтіп Орта Азияға жайыла бастады. Бір заманда араб елі қожалық құрды да ең әуелі мұсылман дініне кіргізуге амал етті. Мұндай күшті әдісті шығыстан келген Шыңғыс хан да, орыс патшасы да істей алған жоқ, сондықтан араб дінінің әсері ол дәуірде өте терең болды. Өйткені ол дін қазақ еліне ертеден келіп орнықты. Ал Сарыарқада жатқан көшпелі қазақтарға, әрине, кенжелеп жетті, онда да араб дінінің әсері тікелей келген жоқ, оны біздің сахара қазақтарына өзбек, татар, башқұрт елдері әкеп тапсырды. Ләкшеңкелеріне мініп, топтақияларын киіп «ноғай» молдалар келді, сәлделерін салып, есектеріне мініп өзбектер де жетті. Ташкент, Бұхара, Хива, Самарқанға барып, оқуды «тауысып» қайтқан қазақ молдалары да бастарына сәлде салып солармен бірге аңдады. Осылардың бәрі де, ауыл- ауылға бөлініп, қазақ балаларын дінге үйретіп, оқытып жатты. «Ағузы» әр жерде тартылды, айғай-шу көбейді. Үндемей ішінен оқитын бір
пенде табылмады. Еш нәрсенің мәнісін ешкім түсіне де алған жоқ. Алайда, тым-тырыс жатқан ауылға «жаңалық» кірді.
Бұл дін оқуы марғау әдіске құрылды, араб алфавитін /әліпбесін/ төрт түрлі етіп пысықтатты. Әуелі – «әліп, би, ти, си» – деп ежелетті, артынан
«әліпте» жоқ, «биде» бір ноқат, «тиде» екі ноқат, «сиде» үш ноқат, «һада», жоқ, «жұмда» бір ноқат, «далда» жоқ, «залда» бір ноқат, «Іреде жоқ», «ізеде» бір ноқат, тағысын тағылар. Сонсоң: «әліпсінә», «әліпсіни», «әліптүре», «ә-и- ә» дегенді шығарды, ақыр аяғында «әлбекесінән», «әлбекесінен», – әлбекетүрен» – «ән-ән-ән» – деп өлеңдетті. Осының бәрі еже-ежіктеу атанды, осылайша үш-төрт ой тежікелетіп барып, «әптиекке» түсіруші еді.
«Ағузының» көкесі енді басталды, «әлхамнан» түсіп «құлағузы біраббеннасыны» бітіріп, «құлағузы бәрәббілфалақты» өтіп, «құлуаллаху ахатқа» жармастық. Осының бәрі «әптиек», мына «кәләм шәрифтің»
/құранның аты «әулие сөз» мағынасында С.Т./ бастамасы. Бір, екі жыл оқып
«құранға кіріскенде әлі хат таныған ешкім жоқ, «әліпті-таяқ» деп ұғынбадық.
в) Үшіншісі әдеби әсер.
Араб әдебиетінің әсері енді күшеюге бет алды. Бұған әлгі тарихи жағдай мен дін әсері көп көмек берді. Сондықтан араб әдебиетінен қазақ әдебиетіне ауысқан біраз сілемдерді сөз етелік. Арабтың «мың бір түн» ертегісі ерте жайылды. Қазақ ауыз әдебиетінде /фольклорында/ сол ертегіден алынған көп толғаулар бар.
«Кер баланың төлі» «/Хорасан өлкесін айтып тұр, бұл «Сайқал» кітабының бір тарауы/С.Т./ «Зарқұм», «Дариға қыз», «Мұғыраж», «Әбу- Шаһма», «Жүсіп Зылиқа», «Мұхаммедия», «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларының
/қысаларының/, «Тақ Сүлеймен»,
«Хызыр Ілияс» атты ертектердің түп-негізі араб әдебиетінен келген.
Мысалы, «Зарқұм» қысасында Мұхаммет пайғамбардың соғысын
«кәпірлерді» /«Зарқұм» әскерлерін/ жеңуі, Әзірет-Алының батырлығы мадақталады. Мұхаммет /мұсылман/ әскерінің жалы қыңыры жоқ екені айтылды.
«Әбу-Шаһма» қысасында, оның Әзірет Омар халифаның 1 жалғыз баласы
екені айтылады, ол Құддысқа /иерусалимге/ барып, шарап ішіп, жебірей қызымен шатасады, бұл қылығы мұсылман /Мұхаммет/ дініне қайшы келетіндіктен Әділ Омар Халифа күніңде туған баласы Әбу-Шалмаға жүз қамшы дүре салдырып өлтіреді.
«Жатқызды қара жерге туған айды, Ұруға Әфләхун құл бата алмайды. Қамшымен бір азырақ ұрып еді, Шырқырап ғазіз Сұлтан жата алмайды».
деп суреттейді. Әділ Омар Халифа бұйырған жүз қамшының сексен бесінде Әбу Шахма өледі, сонда: қалған 15 қамшыны қайда салу керек?» – деген сұраққа Омар Халифа – «өлік денесіне салу /ұру/ керек?» – депті. Омардың әзілдігін осылай дәріптейді.
«Дариға-қыз» – қысасында Әзірет-Алының мықтылығы әңгімеленеді. Балуан қыз Дариғаның Әзірет-Алымен 15 күндей үздіксіз күрескені, ақырында Мұхаммет Пайғамбардың әруағына сүйініп Әзірет-Алының оны жығып тынғаны, соның арқасында қызға үйленгені баяндалады. Дариғаның шарты да өзін жеңіп шыққан кісіге тию екен. Ең алғашында, Мұхамметтің осы күреске Әзірет-Алыны жібергісі келмеуі айтылады, заты, туған қызы би Фатиманың үстіне
1 Бұл Омар – араб еліндегі үшінші Халифа, соның біріншісі Мұхамметтің өзі, екіншісі
Әбубәкір /екі жыл/ Халифа болды, үшіншісі – Омар 10 жыл Халифа /император/ болған адам. /С.Т./
тағы әйел алуына қарсы болса керек, сонда:
«Алладан Дүлдүл 1 деген ат алғанмен, Өзіңнен он жасымда бата алғанмын, Барма деп меселімді қайтарасың Алланың арыстаны 2 атанғанмын» –
деген салмақты да салқын желеу айтады. Әзірет-Алы. /Бұл Әзірет-Алы- Мұхамметтің қызының күйеуі және өзінің немере інісі – Әбу-Тәліптің баласы/. Сондықтан Мұхаммет амалсыз ұрықсат береді, өйткені пайғамбардың өзінің де осы кезде төрт әйелі бар екен. Кадиша, Ғайша, Капса, Зейнеп. 3
Күресіп жыққаннан кейін шарт бойынша Дариғаны Әзірет-Алы алады да біраз бірге тұрады. Дариға екі қабат қалады, онан туған баланың атын Мәді- Мәһди немесе «Шахмардан» /«адамзаттың патшасы»/ қояды. Жеті жасқа толғанда Мәді әкесін іздеп жүріп оқыс кездеседі. Осы бала Әзірет-Алының барлық баласын қыран жапқандай етіп жығады. Сонда намыстанып Әзірет- Алы өзі күреседі. Күресіп жүріп Мәді өзінің баласы Мұхаммет пен әкесі Әзірет-Алыға сиынады да әкесін көтеріп әкетеді. Екеуі бірін-бірі осы арада таниды. Әкесіне қол тигізгені үшін бала қатты ұңлып тұра қашады. Құтыла алмаған соң жер астына кіріп кетеді. Сондықтан қазақ ертегілерінде ақыр заман болған күні дажал – /фарсыша-даджал-анти мұхаммет/, есекке мініп шығады, күллі халықты қыра бастайды. Сонда аспаннан Ғайса пайғамбар түсіп, жер астынан Мәді келіп екеуі жабылып ұстап алады. Әлемді апаттан сақтайды – дегендер айтылады. Осы қысаның араб тақырыбына, Мұхаммет
1 Дүлдүл – Әзірет-Алының тақымына басқан тұлпары, қазақ елінің болжамында Дүлдүл мен Зұлфықарды /қылышты/ құдай жіберген деседі. Шынында Эфиопия патшасы Мұхамметке силаған ат екен, ол Әзірет-Алыға береді.
2 Арыстан деуі – Иран тілінде «шер» – арыстан деген сөз. Әли шер-Әли арыстан мағынасында /Саади «Гулистан» ГИХЛ. М–1957, стр. 30.
3 Зейнеп – Мұхамметтің төрт әйелінің бірі. Саади «Гулистан». ГИХЛ. М. 1957, стр.
305.
пайғамбарды дәріптеуге құрылғанына күмән келтіру қиын.
«Мұғыраж»1 атты қысада Мұхамметтің жеті қат көктің үстінде отырған құдайға шақырумен барғаны сөз болады. Мұны төрт періште фыраққа2 мінгізіп апарыпты-мыс. Сонда барып қайтун сонша тез. Мұхаммет орнынан түрелгенде шапанның етегі қағып кетіп ожаудағы су ақтарылады, ал қайта оралғанда сол ожаудың ішіндегі су әлі түгел төгіліп бітпепті-мыс. Мұхаммет сол күннен бастап пайғамбар3 атанған екен. Қысаның сөздері миға қонбауы өзіне басқа, бірақ осы тақырыптың араб дінімен байланысты екені айдан анық.
«Кербаланың жолі» /«Сайқалда» да кездеседі/ атты поэма бар, мұнда Құсайынның /Әзірет-Алының баласы, Мұхамметтің жиені С.Т./ 75 кісімен, бірге Жәзит4 әскерінен өлуі /шәһит болуы/ әңгімеленеді, мұның алдында Әбу-Мүслімнің екі баласымен бірге Көпе /Куфа/ шәһәрінде жазықсыз қазаға ұшырауы толғанады. Ақыр соңында Исфаған /Асфаһән/ шәһәрінен Керкуданға /носорогқа/ мініп келіп, Мұхаммет Ханафия /қазақша Әнәпия- Әзірет-Алының бір баласы, Исфаған шәһәрінің сол кездегі патшасы / өлген ағасы Хұсайынның кегін алады, Омар – Сағитты жекпе-жекте өлтіреді. Сонда:
«Мұхаммет бу Ханифа білсең атым, Жәһән, хайуанға мағлұм сифатым»
деп қарсы алдында тұрған Омар – Сағитты көздеп атады, табан астында көзін жояды. Қолбасшы Омар Сығиттың әмірімен Хұсайынды
1 «Мұғыраж» жеті қат көк мәнінде болса керек.
2 Фырақ – Зевстың «Пегасы» тәрізді ат болса керек.
3 Пайғамбар – Иран тілінде екі сөзден құралады, соның бірі – «Пайғам» – хабар, ал екіншісі – «бәр» – әкелуші «бүридән» – әкелу, жеткізу деген етістіктен туған, ендеше
«пайғам–бәр» – хабар әкелуші. /С.Т./
4 Жәзит – орысша Иездигерд–мұны жыраулар бұзық адам етіп көрсетеді, дұрысында мұсылманнан шыққан алғашқы философ-ғалым екен. 680 жылы өлген. Мағауяның баласы, 3 жыл халифа болған /С.Т./.
бауыздаған Шымырға қарап Мұхаммет Әнәпия /Ханапия/ лағнат оқиды, төрт көз итке айналдырып жібереді. Бұл әңгімеде де сол мұсылман дінінің ізі сайрап тұрады.
«Заркум» қысасы да, «Мұхаммедия» атты кітап та бәрі сол ісләм дінін уағыздаудың сарынымен шыққан толғаныстар. Бұл тәрізді қыса, кітаптарды айта берсек таусылмас еді.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде жазылған қазақтың төл шығармаларында да араб дінінің әсері тайға таңба басқандай анық көрініп тұрады. Қазақ ауылындағы инабатты-діндар адамдар да сөйлеген сөздеріне арабтың, құранның түсініксіз бірдемесін қосарлап айтпаса өз сөзі мағынасыз да салмақсыз шығатындай көреді.
«Әуелі аят-хадіс сөздің басы, Қосарлық жаббар алла келді арасы»...
деп данышпан Абай тауып айтқан ғой. Осы өлеңде айтылған «аят-хадіс, жаббар алла» бәрі де сол айтушылардың өздері түсінбейтін сөздер, әйтеуір құранның-пайғамбардың сөзі деп біледі. «Ләйлі-Мәжүн» атты поэма да арабтан келген тақырып. «Ромео мен Джульетадай» қайғылы уақиға дүние жүзінде жоқ» – деп Батыс елдері баяғыда-ақ айтқан болатын. Мұны мәңгіге шегендеп берген Уильям Шекспир еді /ХҮІ ғасыр/.
Әрине, Шығыс елі «Ромео мен Джульеттаны» ХІХ ғасырға дейін білген де жоқ, оның «Ләйлі-Мәжнүн» атты өз әңгімесі ежелден келе жатыр /ҮІІ ғасырдан/. «Ромео мен Джульетта» Батыс еліне кең тарады, бірақ Шығысқа
«Ләйлі-Мәжүннің» тарауынан көп төмен еді, «О, Ләйлә» деген сөзбен басталмайтын өлең, жыр кемде-кем.
ХІ ғасырдың орта шенінде Иран елінен шыққан жолаушы Насири- Хисрау; «Ләйлі мен Мәжнүн» жөніндегі әңгіме өте-мөте
қызық»1 деген екен. Арабиядағы Танфа қаласының жанында бір заманда Ләйлі тұрған, ал кейін келе бұзылып қалған қорғанды маған бәдәуилер көрсетті» – дейді ол.
«Ләйлі мен Мәжнүн» туралы тұңғыш жазылған дастан әзербайжан ақыны Ілияс Низамидікі /ХІІ ғасырда/. Орта Азияда Әлішер Науаидікі /ХҮ ғасырда/, ал араб тілінде ХІІ ғасырға дейін «Ләйлі–Мәжнүн» жөнінде дастан жазылған жоқ»2 – дейді академик И.Ю.Крачковский.
Өзінің «Араб әдебиетіндегі «Ләйлі–Мәжнүн» атты повестің көне тарихы» деген көлемді еңбегінде И.Ю.Крачковский осы әңгіменің ҮІІ ғасырда бәдәуилердің Әмір-руынан шыққанын дәлелдейді. Оны Мәжнүн атты ақын жазды дегенді айтады. 3 /ҮІІ ғасырда атақты Кайыс ақын – Мәжнүн атанған екен» дейді Е.Э.Бертельс Совет дәуіріндегі ираннист /1890-1951/.
Осы «Ләйлі–Мәжнүн» уақиғасы қазақ халқының аузында ертеден бар. Өзіміздің төл шығармаларымызға да әсерін тигізгендегі байқалады. Мысалы,
«Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» қыссасындағы сияқты – Ләйлі мен Мәжнүннің әкелері де келісе алмайды, сөйтіп Баян сұлуды басқа біреуге ұзатпақ болады; Ләйлінің көретін күні де осы тәрізді.
Атақты ақынымыз Мұхамметжан Сералиннің «Гүл–Кашима» атты поэмасында да қосыла алмай арманда кеткен ғашықтың сарыны бар. Тіпті Мұхтар ағаның «Қаракөз» атты пьесасында /алғашқы вариантын айтып отырмыз/«Ләйлі–Мәжнүннің» ізі
1 Насир-и Хисрау. «Сафар-намэ» – книга путешествия. Аудармасы және кіріспе мақала Е.Э.Бертельстікі. М.Л., 1933, стр. 173.
2 И.Ю.Крачковский. Изб. соч., из-во АН СССР, М.-Л., 1966, т.ІІ. стр. 588.
3 Мақаланың аты. «Ранняя история о Маджнуне и Леиле в арабской литературе», жоғарыда аталған И.Ю.Крачковский кітабында /583-632 беттерін қараңыз. С.Т./
жатқандай, өйткені «Ләйлі мен Мәжнүн» де немере туыстар ғой, сондықтан қосыла алмаса керек-ті. Қаракөз бен Сырым да сондай немере туыс болатын, бірақ осылардың бәрі де, сарындас болғанымен, көшірме емес.
«Жүсіп-Зылиха» қысасы да араб діні арқылы тарады. Бұл «Жүсіп- Зылиха» құранда да, тәуретте де /Библияда да/ айтылады, бізге сол құран арқылы келген. Шынында, Жүсіп Тәуретте /Библияда/ – Мұса дінінің кітабында бар, сонан арабқа келіп Мұхаметтен бұрынғы пайғамбардың бірі атанады. Жүсіптің әкесін тәуретте Иаков деп атайды. Осы қысада – Жүсіпті ағалары құлдыққа сатып жібереді де әкесі Жақыпқа Жүсіпті қасқыр жеп кетті деп хабарлайды, ешкінің қанына малынған Жүсіптің көйлегін көрсетеді. Туған баласы Жүсіпті жоқтап жылаумен Жақыптың көзі ағарады – соқыр болады. Артынан әлгі қасқырға тіл бітіп, ағаларын әшкерелейді, өзінің жемегенін айтып өтірігін шығарады. Осы уақиғаның түп қазығы тәурет, одан құранға кірген де, бізге – құран арқылы сіңген, содан алынып, қыса болып қазақша шыққан.
«Тақ Сүлеймен» ертегісі де «Тәуретте» айтылатын патша Соломон.
Мұны да араб елі Мұхаметтің алдындағы пайғамбарлардың бірі деп ұғады.
Қазақта «Қызыр Ілияс» жөнінде ертек бар, осындағы «Қызыр» мен
«Ілияс» екі сөз бірігіп кеткен, екі пайғамбардың, соның бірі Қызыр – жолаушылардың жәрдемшісі, ал Ілияс – теңіздегі кемеде жүргенде апатқа ұшырағандарға көмек беретін пайғамбар, орыс еліндегі Николой Морской тәрізді, қазақта бұл екеуі бір әулиенің аты есебінде қабылданған. Осылардың бәрі де арабтан немесе жебірей елі – Мұса дінінен келген тақырыптар.
Бір кезде құранның астына күрсі қойып түске дейін сарнататын да, түстен кешке дейін шәр /шәһәр–қала/ кітабын оқытатын. Сонда ескі өзбек тілінде
/Шағатай тілінде/, немесе Стамбулда басылған түрік тілінде, немесе татар тілі араласқан Қазанда шыққан «Мұхаммедияны», оған қосарлап «Сайқалды» да жүргізетін.
«Мұхаммедия» / «кітаби Мұхаммедия»/ 1855 жылы Стамбулда шыққан Челеби Мұхаммед деген кісі жазған екен. Бұл кітапта басынан аяғына дейін мұсылман діні, Мұхаммед пайғамбардың әулеті мен зауаты түгел мақталады. Осы кітаптың үшінші бетінде:
«Мәгер күнләр де бір күн әмри тағдыр Отырмыштым Кәлибулиде сырра.
Кәлибулинің ол ғышықларинден,
Дірілдиләр келіп хатыма тұрра» 1
Достарыңызбен бөлісу: |