Диссертациясы Сәйділ Талжанов



бет11/29
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#42128
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

«Ғазнаның сұлтаны Махмут /997-1030/ фарсы әдебиетіне, фарсы ғылымына қорған болды. Өз сарайына фарсының ғалымдары мен ақындарын жинады. Оларды айтыстырып, жеңіп шыққанына «ақындардың патшасы» – деген атақ беруді ұйғарды. Сонда ақындардың арасынан бірінші орынды Абул Қасым Мансур - /лақап аты Фердоуси «Ұжмақ адамы»/ алды. «Шах- наме» /«Патшалардың кітабы» жырын /эпосын/ осы ақын жазды»,2 – дейді, тарихшы-ғалым






1 Низами Арузи-Самарканди. «Собрание редкостей или четыре беседы». Изд-во Восточ.литературы. Москва, 1963, /перевод с персидского С.И.Баевского и З.Н.Ворожейкиной под редакцией А.Н.Болдырева, стр.81-83.

2 Р.Ю.Виппер. «История средних веков» Издание МГУ, М., 1947, стр.133.

Р.Ю.Виппер.

Шынында, Махмуттың сарай ақындары: Унсури пен Фаррух тәрізді иран ақындары болатын, міне соларды Фердоуси мен Махмуттың арасына от жағып шағыстыруы да болса керек. Бұған қосымша, Фердоуси осы «Шах- наме» поэмасында үнемі тұран елін, Афросияб патшалығын тұқыртып отырады, қан майдандағы жеңіс ылғи ирандікі болады, бірақ Афросияб патшалығы – туран елі 400 жыл бойы отырған орнынан қозғалмайды.

«Ұжмақ адамы» атанған ұлы ақын Фердоуси осы қайшылықтан арыла алмаған екен. Сондықтан Махмут сұлтан «мынау жалақор ақын екен, пілге таптатып өлтірем десе, ол «Шах-намені» түсінбеуі – оқылмауы емес тәрізді.

«Шах-наменің» әсері барлық елге тиген, Фердаусиден кейін «Шах-наме» тәрізді етіп Иран да, Турция да, Азербайжан да, Орта Азия да кітаптар шығарған. Мысалы, Мұхтар Газневидің «Шохрияр-Намесі», Ахье Кашанидің

«Подшо-Намэсі», Юсуф Хас Хаджибтің «Кутадгу билик» /кейде «Шахномаи турки» деп атайды/ атты еңбегі, Дарвеш Румидің «Джаһан-намесі», Мұқаммет Салихтың «Шейбани-Намесі» – бәрі де осы Фердоуси үлгісімен жазылған.

Әли Шер Науаи Фердоусиді «ғылымның иесі» – деп атаған1.

«Шахнаманың» тәржімесі барлық мұсылман тілдерінде бар, шығыс халқында грузин тілінде шыққан. Араб тіліне оны Албандри Аласафаһуни тағы аударған. Ағылшын тіліне Аткинсон 1836 жылы аударса, неміс тіліне 1838 жылы Реюкрирт аударған екен, француз тіліне 1838 жылы Ж.Люль аударса, кейініректе итальян







1 Джуманияз Шарипов. «Из истории перевода в Узбекистане». Ташкент - 1968 г. стр.28.

тіліне Пицци аударған. Бұдан жиырма бес жыл бұрын Ақмешіт /Перовский/ шәһәрінде молла Ораз1 деген бір найман қазақшаға аударған екен, баспаға шыққан-шықпағанын біле алмадым» – дейді тағы Мұхамметжан Сералин

/«Айқап» – 1914/.

«Шахнаменің» аудармасы барлық елде бар: түріктің ақыны Шухиддин

«Шах-Наменің» төрт мың бейітін өлеңмен аударды, ал 1611 жылы тағы қара сөзбен түгел жазып шықты. Татардың ақыны Әли Әфәнди 1510 жылы қарасөзбен жазып берді. Әзірбайжанда бірінші болып қарасөзбен 1848 жылы профессор Мырза Казимбек аударды.

1905 жылдан бері қарай Азербайжан ақындары: Рашид Афанди, Аббас Назир тағы басқаларды да «Шах-наменің» үзінділерін аударып бере бастады.

1682 жылы «Шах-намені» өзбек тіліне «Шахномаи Фердоуси» деп Хомуши аударды, бұл аударманың негізі қара сөзбен жазған Байсұнқаридің нұсқасы еді2.

Бұл поэманы Шығыстану ғалымы Ф.Рюкерт – неміс тіліне, Юлис Моль3

француз тіліне, Итадо Пинди Италиян тіліне аударды деп ескерте кетеді4 Дж.Шарипов.

«Шахнамені» 1838 жылы неміс тіліне Реюкирт аударса, 1846-47 жылдары В.А.Жуковский орыс тіліне немісшеден аударған екен.

«Шахнаменің» алғашқы аудармасы орыс тілінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында шықты, мұны Гудна деген кісі француз тілінен аударды, ол нұсқа «Европа жаршысы» /«Вестник Европы»/ атты журналда: а) Фердоуси -

«Махмутқа арналған сатира және






1 Осы молла Оразға төрт дана етіп аудартқан Лапы деген кісі. Бір данасын өзінің ұзатқан қызына бас жасау етіпті деседі. Бұл Ақмешіттің /қазіргі Қызылорданың/ белгілі байы. Қызылордадағы тасболат үй соның үйі. Екі еркек баласы: Сералы, Мұңайтпас Сералының қызы Рабиғаны атышулы ғалым-тарихшы, бұрынғы әскери дәрігер Санжар Жапарұлы Асфандияров алған. Мұңайтпастың үлкен қызы -Латифаны Қоңыр-Қожа- Қожықов алды, кіші қызын - Күләндәмді Сұлтанбек Қожанов алған еді, ол қазір тірі, Алматыда тұрады. /С.Т./

2 Аталған Дж.Шарипов кітабының 29 бетін қараңыз.

3 Мұқаметжан Сералиннің Ж.Люль деп жазғаны, мына Юлис Моль емес пе екен?

/С.Т./


4 Аталған кітаптың 28 бетін қараңыз.

«Шахнамеден» үзінді – /Сатира на Махмуда и отрывок из поэмы «Шахнаме»

/деген атпен жарияланды /1815, №10 стр.89-99/. Сонсоң екінші бөлімі: б)Фердоуси: «Шах-намеден» үзінді /Бижан мен Мәнеж1 уақиғасы/ делініп жарық көрді. /Сол журналдың 1818 жылы, №23 санында, 193-196 беттерінде/. Тағы сол 1818 жылы «Пантеон иностранной словесности» деген журналдың бірінші бөлімінде, 125-127 беттерінде басылды, бұл үзіндіні «Хосровтің– Хисраудың баласына айтқан соңғы сөзі» /«Последние слова Хосрова, сказанный им своему сыну» /деп атады/ Фердоусидің «Шах-Намесінен» деді/.

Осыдан кейін ширек ғасыр өтті, орыс тіліне аударушылар Фердоусиді ұмытты да Сағди мен Хафиз сынды ақындарды аударуға жұмылды2.

Тек қана 1844-1847 жылдарда В.А.Жуковский «Шах-Наменің» бір бөлімін «ақ өлеңмен» /«белым стихом»/ неміс ақыны Ф.Рюкерттен орыс тіліне еркін аударып берді. Бұл аударманың аты «Рүстам мен Зораб» болды, сонда Ф.Рюккерт «Суһраб» десе, Жуковскийде «Зораб» боп шықты. Осыны зерттеген В.Эберманның еңбегін қараңыздар3.

Осы аудармасының бет ашарында В.А.Жуковский: «Бұл поэма фарсынікі емес. Мұнда айтылатын жақсы уақиғаның бәрі де Ф.Рюкерттікі деуіне қарағанда, аудармашы Фердоусидің данышпан шеберлігін дұрыс бағалай алмаса керек, сондықтан Рюккерттің теріс бақтырып, бұзып атаған атауларын сол қалпынша қа






1 Бижан – Иран елінің батыры, Гивтің туған ұлы: ал Мәнеж тұран елінің патшасы Афрасиябтың «асыл текті» әдемі қызы, міне осы екеуінің арасында болған романтикалық махаббат жырланады /С.Т./

2 См.С.Б.Карнеев. Персидская поэзия. Материалы и библиографии русских переводов.

«Библиография Востока». выпуск 10/1936/. М.-Л., 1937, стр.101.



3 В.Эберман. Арабы и персы в русской поэзии. Журнал «Восток» книга 3-я, М-П, 1925, стр.114.

былдаған, сөйтіп Фердоусидегі Сүһраб–Зораб; Гиз /батырдың аты /–Геф; Забул–Сабул болып кете барған, ешбір тілге аударылмайтын Үрістемнің тақымына басқан – сәуегей тұлпарын /Біздің Тайбурыл, Байшұбарлар тәрізді атын/«Рахшты» – «Гром» /«Нажағай»/ деп атаған»1– дейді И.С.Брагинский.

Рюккерт пен Жуковский аудармалары өте еркін кеткендіктен Фердоусидің эпикалық жырының бағыты сақталмаған, сонда да «Шахнаме» поэмасымен осы аудармалар арқылы танысқан атақты демократ сыншымыз Н.Г.Чернышевский өзінің «Повесть ішінде повесть» дейтін романында – Фердоусиді – Шекспир, Дантелер тәрізді бірінші саптағы данышпан ақындармен қатар қояды. /...главная сила и Мильтона, и Шекспира, и Данте, и Фердоуси, и всех других первостепенных поэтов состояла в том, что они были компиляторы народных преданий»2 – деп жазады.

Бері келе 1877 жылы шыққан «Новоперсидская литература» атты М.Зотовтың кітабына да Фердоуси поэмасынан үзінді кірген-ді. 1905 жылы С.И.Соколов «Шах-Намені» толық аударуға кірісті, алайда, он-ақ мың жол өлеңін ғана аударып берді.

1934 жылы Фердоусидің 1000 жылдық мерекесі қарсаңында М.Лозинский мен М.Дьяковтар түпнұсқадан аударып жаңа еңбектер берді.

1943 жылы «Шах-Намені» Ц.Бану аударуға кірісті.

1949 жылы В.Сельвинскийдің аудармалары жарық көрді.

1951 жылы «Тәжік поэзиясының антологиясына» В.Левик, В.Звягинцева, К.Липскеров және М.Петровыхтар аударған үзінділер кірді.






1 Фердоуси. «Шахнаме» ГИХЛ, М., 1957, стр.23.

2 Аталған кітаптың 23 бетінде.

1948 жылы «Шах-намені» ақын С.Липкин де әдемілеп аударған болатын. 1957 жылы шыққан «Шах-наме» өлеңдерінің бір томдығына, әлгі

ақындармен бірге Л.Пеньковскийдің де аудармасы кірген екен.

Осылардың бәрінен бұрын 17-ғасырда орыс халқының ескі әдебиетінің ескерткіші – «Сказание о некоем славном богатыре Уруслане Залазоревиче» атты жыр шықты, орыс оқырмандары «Шах-наме» поэмасының мазмұнымен осы жыр арқылы танысты. Профессор Н.Гудзидің айтуынша бұл әңгіме

«Шах-намені» мүлде бұзып өзінше жырлаған, бірақ біздің дәуірімізге жетпей қалған түркі тілінде жазылған нұсқаны мегзейді. Кейін осы повесть ХҮІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейін сан алуан өзгеріске ұшырай келіп, ақырында «Повесть о Еруслане Лазаревиче» атанып орыс халқының ертегісіне айналып кетті1.

«Шах-наме» поэмасының бас кейіпкері Рустам – мына повесте Уруслан немесе Еруслан; Рустамның әкесі – Зальзар – мұнда Лазарь, Кей-Кавус

/патша/ – Киркоус; Рустамның көріпкел /сәуегей/ тұлпары – Рахш – Араш болып алынған, ендеше ұқсастығы күдік тудырмайды, алайда бұған «Шах- намеде» жоқ толып жатқан соны уақиғалар, жаңа кейіпкерлер кіреді. Әсіресе, Рүстам өзінің туған баласы Сүхрабпен соғысып, оны өлтіргеннен кейін таниды, ал мұнда Уруслан өз баласын өлтірмей тұрып, оның қолындағы асыл тастан соғылған білезігінен таниды.

Қорыта айтсақ, мына фарсы әдебиетінің ұлы нұсқасы орыс тіліне, не басқа тілдерге де араб тілі 2 немесе түркі тілдері






1 Н.Гудзий. Хрестоматия по древней русской литературе ХІ-ХҮІІ веков. М., 1947, стр.439; там же отрывки повести; полный текст. Н.С.Тихонравов «летописи русской литературы и древности, т.П, М., 1859, /«Шах-наме», М., 1957, стр.21/.

2 «Арабтар жазылған сөзге әуес болған. Грек тілінен арабқа аударылған Птоломейдің кітабы «Альмагеста» атанып Батыс Европаға барып сіңген» – дейді Р.Ю.Виппер «История средних веков» атты кітабының 129-бетінде.

арқылы жайылуы белгілі тәрізді. Оның себебі ҮІІІ ғасырда фарсы елін арабтың өз аузына қаратуы рас, ал ілгеріректе – ҮІ ғасырда түркі елінің уәкілдері де үстемдік құрғаны байқалады. Біздің Мұхамметжан Сералин

«Шах-намені» 1914 жылы қазақ тіліне Жуковскийден аударып берген еді. Бұл аударма сол жылы «Айқап» /«Увы»/ журналында жарық көрді1.

«Қазақ халқына көптен бері таныс ауызша әңгімелер, ертегілер болатын, солардың бірінде де «Рүстем батыр» «Рүстем Дастан» басты кейіпкер болып жүретін. Осылардың түп-негізі Шығыс классигі /тәжік-фарсы ақыны/ Фердоусидің «Шах-наме» /«Патшалар кітабы»/ атты поэмасынан алынып жырланатын. Мұның жайын туыстас түркі елдері: өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ халықтары – бәрі де көбінше қарасөзбен ертегі аңыз, әңгіме етіп баяндайтын.

Осы «Рүстем-Дастан» да, «Мың бір түн» ертегісі де Қазақ ауызында ерте күннен бар. Қазақ сұлтандарының ауызында «Шах-наме» ХҮ-ХҮІ ғасырларда да жүрген тәрізді. Солардың бәрі де, біздің осы күнгі түсінігімізге сай аудармалар емес-ті, тек солардың ізімен айтылатын, сөйтіп қазақ елінің төл малындай болып толғанатын. 1961 жылы жарияланған халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтың «Рүстем Дастан» поэмасы да көне дәстүрімізге саятын2. Заты, мұның түп негізі Молла Ораз қолжазбасымен сабақтас болуы ықтимал.

Осыны толық айтып өтуіміздің себебі, араб-фарсы әдебиетінің- мәдениетінің бізге келген бағдарын айқындай түсу болды.






1 Журнал «Айқап» - 1914ж. 22-24, 1915 ж. 2-5,9 сандарында «Рүстем-Зураб» деген атпен басылды. «Әдеби мұра» құрастырған Ү.Субханбердина «Жазушы» баспасы, 1970 ж. 7 бетін қараңыз.

2 «Рүстем-Дастан» Фердоуси «Шахнамасының» ізімен жырлаған халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуов. ҚМКӘБ. Алматы, 1961, 7-бет. /Мұхтар Әуезовтың алғысөзін қара.

Аударманың пратикалық жағында істелген істер, елі келешекте істелетін еңбектер адам айтқысыз мол. Бірақ осы күрделі мәселенің бағытын білдіретін теориялық бастамаларды да шола кетелік.

«Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастырғанда, – дейді Мұхтар Омарханұлы Әуезов, – кейінгі кезде біздің одақ көлеміндегі әдебиеттте екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі – аударма – тіл зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі – біздіңше, дұрыс бейім – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиет таныту теориясын зерттейтін объект деп қарайды...»1 – дейді.

Мұқтар ағаның негізгі ойы – аударманы әдебиеттану ғылымына жатқызады, бірақ аударма қасиеттеріне: «интонация, ырғақ, образдылық

/синонимдардың, идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің түрліше астарларымен бірге/ секілді элементтер жатады...» 2 – дейді тағы М.О.Әуезов. Егер Мұхтар ағаның өзі айтпақшы «синоним, идиома, мақал-мәтел, афоризмдер» – аударма саласына кіретін болса, бұлар, әрине, тіл-тану ғылымының шеңберінен де шыға алмас керек-ті, шынына келсек әдебиет пен тіл ғылымына ортақ сала – аударма, оның үстіне тілдік жағы басым сияқтанады.




1 Әуезов Мұхтар. «Көркем аударманың кейбір мәселелері» ҚМКӘБ - Алматы-1957, 6- 7 беттерін қараңыздар.

2 Аталған кітаптың 7 бетінде.

1958 жылы Алматыда Совет союзындағы республикалардың бас қосқан мәжілісі өтті, сонда М.А.Шолоховтың «Тынық Дон» романы жайында, әрине, аудармасы туралы, Мұқаметжан Қаратаевтың баяндамасы болды. Аудармадағы табыстарымыз бен бірге кемістіктерімізді көрсете келіп, ол

/Мұқаметжан/ аудармалардың теориялық бағыттарын баса айтты1.

Бір халық пен екінші халық аударма арқылы танысады, ол үшін аударушыға үлкен міндет жүктеледі. Біз көне замандағы Индия елінің өмірін

«Рамаяна», «Махабхарата» эпостарының «Кәлилә мен Димна» Әңгімелерінің аудармалары арқылы ұға аламыз. Греция халқының тіршілігін «Илиада» мен

«Одиссея» жырларының аудармасы арқылы білеміз. Сондай-ақ қазақ елінің өмірін де орыс тіліне аударылған ұлылы-кішілі туындыларымыз арқылы бөгде елдер білетін тәрізді. Мысалы, «Мен бұрын қазақ деген халықты естіп көрмеген едім. Жақында ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтың ғажайып кітабын оқып, енді қазақтың кім екенін білдім, тіпті жақсы біліп алдым. Мен қазақ халқының тамаша ақыны, ардагер адамы Абаймен таныстым, оның адал әжесі Зеремен, ақылды анасы Ұлжанмен, сүйікті қыздары Тоғжан және Әйгеріммен, ізгі ер жүрек достарымен туысқандай болдым. Бұл геройларды мен мүлде жақсы көріп кеттім, олармен бір түрлі көп жылдар бойы бірге жасасып, қайғысы мен қуанышына ортақ болған тәріздімін. Мен қазір де солардың ортасында жүрген сияқты, сіздің қазақ сахарасының самал желін қазір де жұтқан сияқты сезінем өзімді. Шынында, қазақ халқы дегеніңіз нендей






1 Мұхаметжан Қаратаев. «Рожденная Октябрем». Статьи и очерки о казахской литературе. Каз.ГИХЛ. Алма-Ата, 1968, стр. 89-119.

керемет халық еді. Ол туралы «Абай» романында қандай керемет жазылған! Мен сіздің бахытты халқыңызға мықтап сүйсініп, сіздің өзіңізді мен шын жүректен өмірі өлмес шығармаңызбен құттықтаймын»1 – депті Африка жеріндегі Камерун елінің жазушысы Бенжамин Мадип /1958 жылы Ташкентте өткен Азия мен Африка елдері жазушыларының конференциясы кезінде/.

Осындай толғануларды тудырып отырған, аударманың қуаты демекпіз. Тағы қайталап айтсақ, Тіл мен әдебиеттің ара-қатынасы алыстамайтынын байқаймыз. Тіл дегенде біз халық тілін бүтін организм есебінде зерттеуді мақұл көреміз.

Біздің ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді, соның біріншісі бір халықтан екінші халыққа ауысқанда, мезгіліне, сол елдің ұғымына сәйкес аударылады. Бір халықта айтылған ой өңделіп, өз елінің ұғымына бейімделіп, оригиналдың ұзын ұрғасы беріледі, ауыс-түйістің алғашқы сатысы осылай басталады, бұл аударманың ауызекі тарау түрі.

Екіншісі – бір елде айтылған пікір сол қалпында дәл жетеді, ой ырғағы жоғалмайды. Алдыңғы әдіс ауызша таралады, ал кейінгі әдіс-кешелдеп туған әдіс – бұл жазба әдебиетте орын тебеді. Ендігі әңгімені ауызша да, жазба түрінде де кең таралған мысалдарға қарай аударалық, өйткені мысалдар дүниеге көп жайылған ғой. Өйткені ол келте қайырылды, өткір тілде беріледі, сондықтан қолдан қолға, ауыздан-ауызға көшіп жылдам тарайды.

Мысалдар сөз болғанда, біздің ойымызға ең әуелі Эзоп пен Лұқман Хакім түсе кетеді. Бұларды грек елінде «Эзоп мысалда-






1 М.Қаратаев. «Шеберлік шыңында». ҚМКӘБ, Алматы, 1963,198-199 беттерінде.

ры» деп атаса, араб шығысында «Лұқман Хакім» мысалдары деп атайды.

Эзоп біздің жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын болыпты, ал Лұқман Хакім атынан айтылып жүрген араб әңгімелерінде ісләм дінінің көзқарастары әсіреленеді. Эзоп пен араб дінінің арасы өте алшақ. Ендеше, бұл қалай деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Рүстем Мырза Әлиев былай жауап береді: «Лұқман дүниеде мың жыл өмір сүрген адам, ол Бауырдың ұлы, ал Бауыр Иовтың баласы екен. Дәуіт пайғамбардың заманына дейін атақты данышпан болып келген. Лұқманның мысалдары да, өзі де Эзопқа ұқсайды. Екеуінің тағдыры да бірдей. Мысалы, Лұқман да, Эзоп та Мысырда /Египетте/ құлдықта жүрген. Бұған қосымша Лұқманның баласы Аннам, Эзоптың баласы – Аннус. Оның үстіне «есіктен кірмей тұрып қалай шығуыңды ойла /көзде/» – дейтін араб мақалы Лұқман Хакім атынан айтылады. Мұны грек елінде Эзоп айтыпты-мыс. Осы ұқсастыққа қарап Шығыстың біраз ғалымы Лұқман Хакім мұсылман діні өз ойына үйлестіріп, жасап шығарған ежелгі Эзоп болса

керек»1 – деседі. Осыған қосымша: Лұқман Хакім құранда бар, онда тек

өмірбаяны айтылмайды. Құраннан әлде қайда бұрын жазылған «Тәурет»

/Библия/ кітабында да ұшырайды. Ісләм діні айтып жүрген әулие- әнбиелердің, пайғамбарлардың бәрі жебірейлер, ішінде жалғыз араб Мұхаммет қой, онда да Мұхамметтің шешесі Әминә Уаһаб деген жебірейдің қызы. Ендеше, бұл екі дін сабақтас, әйтеуір Лұқманның әрі де болуы анық тәрізденеді.

Эзоптың «Түлкі мен теке» мысалында: «Бір түлкі байқаусызда шыңырау құдыққа түсіп кетеді, содан шыға алмай дағдарады. Шөлір




1 Саади. Гүлістан /«Розовый сад»/. Перевод с персидского Рустама Алиева. Перевод стихов Анатолия Старостина. ГИХЛ, М., 1957, стр.308-309.

кеген теке сол құдықтың қасына келіп, үңіліп қараса, ішінде түлкі тұр. Сол мезетте: «Су тәтті ме екен?» – деп, ол түлкіден сұрайды. «Ой, керемет тәтті»



  • деп мадақтайды. «Секіріп түс те өзің келіп ішіп көрсейші?» – дейді қу түлкі. Есуас теке құдыққа қойып кетіп, шөлін қандырады, енді айналып қараса шыға алатын түрі жоқ. Сол арада дағдарған сорлы теке түлкімен ақылдасады, құдықтан шығудың әдісін іздейді, «Мен амалын таптым, екеуіміз де аман-есен құтыламыз. Сен құдықтың қабырғасына сүйен де басыңды төмен иіңкіреп тұр. Сонда мен арқаңа қарғып мініп, секіріп далаға шығам да сонсоң сені де құдықтан суырып алам» – дейді түлкі. Осы ұсынысты теке қуана қабылдайды. Түлкі текенің арқасына аттай мініп алып, оның мүйізіне сүйеніп тұрып, өрмелеп құдықтың жиегінен ұстап, секіріп шығады да қаша жөнеледі. «Сөзіңе осылай опа қылатын неме екенсің-ау» деп түлкіні кекетеді теке. Түлкі қайырылып тұра қалып: «Досым-ау, сенің сақалыңа біткен жүндей, басыңда ақыл болса, қалай шығуыңның амалын алдын ала ойламай тұрып, атып тұрып құдыққа секіріп түспес едің ғой» – дейді.

«Ақылды адам істер ісінің мән-жәйін алдын ала топшыласын, содан кейін барып, орындауға кіріссін»1, – дейді Эзоп.

Дәл осы мысалды алты жүз жылдан кейін бірінші ғасырда Римнің мысалшыл ақыны Федр жазған екен. Ол «Түлкі мен теке» атты мысалында:

«Сұм адам пәлеге ұшырағанда бөтен біреудің пәлеге жолығуы арқылы өзі жөн табуға тырысады. Сондай-ақ, аңдаусызда құдыққа құлап кетіп, соның тік жарынан өрмелеп шыға алмай жатқан түлкіге қаңырағы түтеп, сусаған теке тап болыпты. Жиегіне жақындай





1 Басни Эзопа. Перевод, статья и комментарии М.Л.Гаспарова, Из-во «Наука», М.,1968, стр.66.

келіп теке: «Қалай, суы тәтті ме, ішуге жеткілікті ме екен?» деп сұрапты.

«Келе ғой досым, суы өте тәтті, мен рахаттанып іштім, әлі тояттар түрім жоқ» – деп қу түлкі зұлымдығын ішіне бүгіп, амалын асыра жауап қайырыпты.

Сақалды теке ойланбастан құдыққа қойып кетіпті. Ал түлкі сол заматта оның ұзын мүйізіне қарғып шығыпты да, сорлы текені құдықтың түбіне тастап, өзі атып-ұрып тысқа шығып жүріп беріпті»1 – дейді.

Федрде Эзоп мысалының кінаясы айтылмайды. Тұжырым жасалмайды.

Алайда, ой сарыны бір жерден шығады.

Екінші ғасырда өмір сүрген мысалшыл грек ақыны Бабрийдің: «Құз жардың астындағы теке мен түлкі» атты мысалында: «Жаздың ыстық бір күнінде қаталап су ішкісі келген теке құздан секіріп суы сарқырап ағып жатқан сайға түсіпті. Суын ішіп шөлі қанып, шөбін жұлып біраз оттап жүріпті де, енді қайта шыға алмай әлекке түсіпті. Істеген ісіне опық жеп, жәрдем тілеп жалбарыныпты. Текенің зарлап тұрғанын көріп түлкі: «Ақымақ сорлы-ай! Сақалына біткен қылдың мөлшеріндей басыңда ақыл болса ғой, сен осы шыңырау құзға түспей тұрып, қалай шығудың амалын ойлар едің- ау!» – депті.

«Бір іске беттер алдында оның келешектегі нәтижесін болжау керек»2

деп толғайды Бабрий. Ендеше бір елде күрделі мысал болса, екінші елде келте қайрылатын мәтел түрінде кездеседі.

Сонымен көне Эзоптың осы мысалы Федрге жеткенде мінеліп шығады.

Федр өз ойын алдын ала айтады, қысқартып тастайды.




1 Федр, Бабрий. Басни, М., 1962, стр.42. 2 Бұл да сонда, стр.160-161.

Пәле-жәледен құтылу, не біреуді орға жығу сұмның ісі екенін әшкерелейді. Қорытқанда Эзопша кінаялап түймейді. Эзопқа Федрден Бабрий жақын тұр. Ал, осы мысал арабқа келгенде Лұқман Хакімнің атынан бір ауыз сөз ретінде айтылып, мақал болып тарайды.

Қазақ елінде бұл мысал «Түлкі мен ешкі» болып атанған. Сонда: «Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға1 түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.


  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтан өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, – депті.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып жәніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» – деген осыдан қалыпты»2



  • деп толғайды.

Осы арада айта кететін бір уақиға бар, мына Федрдің ұлты грек, өзі Италия жазушысы, еңбегін көне Италия тілінде жазған адам, ал Бабрийдің ұлты итальян, өзі грек жазушысы. Екеуі де туған ұлтын дәріптемеген. «Ит пен қозы» /«Собака и ягненок»/ атты мысалында Федр: «Ешкілердің ішінде бір қозы қақтығып жүр еді. Оған бір төбет кездесіп, «Мұнда сенің шешең жоқ, оны бекер іздеп жүрсің?» – дейді де анадай жерде жайылып жатқан




1 Апан – ескі құдықтың орыны, кейде қасқырдың паналайтын үңгірін де «апан» деп атай береді.

2 «Қазақ ертегілері», І том, ҚМКӘБ, Алматы, 1957, 208 бет.

қойларды көрсетеді. «Құмарлық – әуеніне еріп, жүкті болып, азапқа түскен, сонсоң мезгілі жеткенде мені тауып, артынша тастап кеткен ананы іздеп жүргем жоқ, тек менің қамым үшін туған баласын ашықтырып, қағажу еткен, емшегін үнемі маған емізіп, сусынымды қандырған ананы ғана іздеймін» – дейді.

«Сонда да туған ана артық қой!» дегенде, «Жоқ, олай емес. Менің ақ болып, не қара болып туарымды ол білген де жоқ қой, ал қолақпандай марқа/кебе/ табам деп дәмеленіп жүргенде, шүнәмдей кәпей қозы тауыпты, қолы жеткен табысы сол ма? Содан бері қарай қасапшының пышағынан қорқып, қалшылдап жүруім де сол ананың маған көрсеткен жақсылығы ма екен? Мені ол өзінің қалауы бойынша тапқан жоқ, ендеше, жас нәрестені аяп, өз еркімен келіп рахым көрсеткен, мейірбандығын білдірген анадан әлгі туған ана артық болар ма? Ата-ана деп елдің емешесі құруы, тек туғандық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет