Дістемелік кешен


Максималдандырылған альтернативаны таңдау



бет48/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Максималдандырылған альтернативаны таңдау. Бұл кезең барлық процесс үшін басты болып табылады. Мұнда көптеген альтернативалардан бір альтернативаны таңдап алудың өзі жүзеге асырылады.
Шешімді жүзеге асыру – орындаушылардың таңдап алынған альтернативаны жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
Шешімді жүзеге асыру нәтижелерін бағалау – егер баға оң болса, шешім циклы аяқталады; егер баға теріс болса, шешімнің екінші әрекеті жасалады.
Шешімді коррекциялау. Нәтижеге ішінара қол жеткізілгендігін көрсететін бағалау варианты ең типті болып табылады. Бұл жағдайда коррекция – шешімді толығымен қайта қарастыру емес, оны дәлдеу және ақырына дейін жеткізу ақылға сыйымды, мақсатқа лайқты болып келеді.
Осы кезеңдердің барлығы бірлесе отырып, шешім қабылдаудың толық циклын құрайды. Кей кездері осында жекелеген фазалар алынып тасталған редуцияланған (қысқартылған) түрлер кездеседі.
Бұл кезеңдер ішінара түр өзгерткенімен, коллегиальды шешімдер қарастырылған кезеңдердің көпшілігін сақтап қалады. Бұл шешімдер келесідей жаңа кезеңдермен және психологиялық ерекшеліктермен байытылып отырады.
1. Бастапқы мәліметтер жүйесін анықтау қажеттігі. Шешім қабылдау процесін өрістету үшін сындарлы стимул болып топтың белгісіздікті ұғынуы болып табылады. Белгісіздік аймағын максималды мүмкін болатындай тарылту, топ мүшелерінің оның шекараларын, оны жою жөніндегі міндеттің сипаты мен мәнісін белгілеуі – аталған процестің тиімділігінің маңызды шарттары.
2. Шешім қабылдауға қосылатын топ құрамын анықтау. Бұл – қорытынды шешімнің тиімділігіне әсер ететін, басшының өте маңызды функциясы.
3. шешімнің ақпараттық негізін («ақпараттың жалпы қорын») қалыптастыру. Оның негізгі принципі – көп сатылық, ақпарат қорының «спираль» тәріздес баюы (шешім шығарудың итерактивтілік принципі).
4. Топтың шешімді одан әрі ұйымдастру стратегиясы жөніндегі меташешімді жасап шығаруы.
5. Топ мүшелерінің топтың басқа мүшелерінің жеке мақсаттары, айрықша ықыластары және мүмкіндіктері туралы түсінікті анықтауы.
6. Топтық дифференциация процестерінің қарқынды өрбуі. Топ мүшелерінің рольдері және жағдайлық көшбасшы анықталады, топтың иерархиялық құрылымы коррекцияланады. Көбінесе осындай көшбасшы болып формальды басшы мес, осы топтың басқа мүшесі шығады. Үш топ қалыптасады: «көшбасшыны қолдайтын», «оппозициялық», «бейтарап». Көшбасшы болмаған кезде топтың дифференциациясы паритеттік типтегі коалициялық сипатқа ие болады.
7. Топтың тағы бір меташешімді – жеке ерекше ықыластарды келістірудің негізі үшін критерий таңдауды жасап шығаруы. Бұл топтық шешімнің бүкіл процесінің ең қарама-қайшылықты және ауыртпалық әкелетін фазасы. Аталған кезеі жалпы алғандағы барлық процесс үшін айқындаушы болып табылады. Ол бірнеше негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- мадоратрлық стратегия түрінде («қарапайым көпшілік» ережесінің негізінде);
- компромисті шешім жасап шығару негізінде;
- басшы ұсынып (немесе таңып) отырған вариантты қабылдау негізінде;
- егер келісілген шешім қабылдау мүмкін болмаса, топ бастапқы міндетті қайтара тұжырымдап, шешім қабылдау қажеттігінен кетіп қала алады (жоғарыда тұрған басшылықтан шешім сұрау немесе мәселенің «өздігінен шешілуін» енжарлықпен тосу).
Жасап шығарылған және қабылданған шешімді ұйымдастырумен байланысты кезең өте маңызды. Басқарушы іс-әрекетке ең тән ерекшелік - басшылық функциясы мен орындау функциясын бөлу болғандықтан, ол дербес ретінде бөлініп алынуы мүмкін. Шешімді жүзеге асыру орындаушыларға қарай ауады, бұл бақылау шаралары бар арнайы және күрделі процедураларды қажет етеді. Сондықтан бақылау көбіне көп шешімнің жалпы процесінің жеке кезеңі ретінде қарастырылады. Оған басқа әрекеттер: санкция беретін, тәртіптік, ынталандырушы және т.б. әрекеттер ілесіп отырады.
Коллегиальды шешімдер процесінің ақырғы сатысы – коррекцияны жүзеге асыру және сәтсіз немесе қате шешімдердің орнын толтыру.
Коллегиальды басқарушы шешімдер процесін жүзеге асырудың маңызды шарты – шешім қабылдау процесінің әртүрлі кезеңдерінде көшбасшыны динамикалы ауыстырудың мақсатқа лайықтылығы туралы ереже.
Коллегиальды басқарушы шешімдердің негізгі кезеңдерінің толық циклы шешім жасап шығарудың нормативтік оптимумымен ұқсас. Бірақ нақтылы-психологиялық ұйымның спецификасы нақтылы шешімдердің өзіне кезеңдердің толық жинағын енгізе бермейтіндігінен тұрады. Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің қарастырылған оптимумнан ауытқулары – маңызды психологиялық заңдылық, бұл – шешім қабылдау процестерінің нормативтік және дескриптивтік процестерінің алшақтау феномені. Мұндай алшақтық себептердің екі тобына ие:
1) ол субъективтік қателердің салдары болуы мүмкін (таңдау критерийлерін анық тұжырымдауға қабілетсіздік немесе альтернативалардың нәтижелерін сын көзімен бағаламау);
2) ол шешім қабылдау процесін оптималдандыру амалы болуы мүмкін; іс-әрекет үшін әдеттегі стереотипті жағдайларда, жайылған процессуалдық динамикасыз жүзеге асырылатын және репродукция типі бойынша жүргізілетін (өткен тәжірибе жүйесі қосылады) симультантты (бір сәттік) шешімдер болуы мүмкін.
Репродуктивті шешімдер үнемді, тиімді, тәжірибемен тексерілген, тәуекелі азырақ. Шешімдердің мұндай типі «асыра кетпей таңдау» түсінігімен белгіленеді.
Жағдай шиеленісіп кеткенде және жаңа орындар пайда болған кезде шешімдердің сукцессивизациясы (оларда дербес кезеңдердің бөлінуі) орын алады. Процестің кезеңдерге бөліну шамасы және осы кезеңдердің саны максималды емес, мақсатқа қол жеткізу үшін жеткілікті болуы керек. Мақсат шешім процесінің бағытталғандығын және оның барлық мазмұнын – тіптен, оған қандай кезеңдерін қосылатындығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Процестің өрістетілу шарасы әрбір жағдайда минималды жеткілікті болуы керек.
Басқарушы шешімдер теориясында шешімдер процесін ұйымдастырудың екі принципі бар.
1. Мақсаттық детерминация принципі: мақсат осы процесті ұйымдастырудың негізгі факторы және реттегіші болып табылады.
2. Процестің кезеңдерге минималды жеткілікті (таңдауды жүзеге асыру үшін минималды жеткілікті) дифференциациялану принципі.
Басқарушы шешімдерді процессуалдық ұйымдастырудың нормативтік психологиялық мазмұнының өте маңызды айырмашылығы болып онда шешімнің алдындағы кезеңдерге үнемі қайта оралулардың, оларды жаңа ақпаратты ескере отырып ой елегінен өткізудің және өзгертудің бар болуы табылады. Осылайша алдындағы кезеңдер келесілерімен коррекцияланады, барлық процестің үйлесімділік және тұтастық шамасы арта түседі. Алдыңғы кезеңдерді көп мәрте «ойнап шығу» мен жетілдіруден тұратын заңдылық процессуалдық ұйымдастырудың итерактивтілік принципі ретінде белгіленеді.
Басқарушы шешімдердің процессуалдық сипаттамасы екі деңгейге ие «беткейлік» және «тереңдік». Біріншісі негізгі кезеңдерінің мазмұнының заңдылықтарына және олардың реттілігіне негізделген. Жайылмалы түрінде бұл кезеңдер шешім қабылдау процестерінің нормативтік оптимумымен ұқсас болып келеді. Екінші деңгей мақсаттық детерминация, итерактивтілік, минималды жеткілікті дифференциация принциптерімен түсіндіріледі. Олар басқарушы шешімдер процесінің нақтылы мазмұнын анықтайды және маңызды адаптивтік функцияны – осылайша, оның мазмұнын оптималдандыра отырып, шешім процесінің мазмұнын таңдау жағдайының мазмұнымен және типімен келісуді орындайды.
3 сұрақ. Басқарушы шешімдер қабылдау процестерін құрылымдық ұйымдастыру
Кез келген нысанның құрылымдық сипаттамасы оны ашқан кезде негізгі болып табылады. Басқарушы шешімдер қабылдау процестеріне қатысты дәл осы, негізгі жоспар, осы процестердің жоғары күрделілігіне орай ең қиын болып келеді, сондықтан ол басқаларына қарағанда нашарырақ жасап шығарылған (мысалға, процессуалдық аспекттерден).
Басқарушы шешімдердің сипаттамасын бір мезгілде құрылымдардың бірнеше негізгі типтеріне тірек арту арқылы береді, бұл осы шешімдердің күрделілігіне себепші бодады. Құрылымдардың типтері тек кешенде ғана басқарушы шешімдердің құрылысын сипаттай алады. Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің формальды, деңгейлік және операциялық құрылымын бөліп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет