Дістемелік кешен



бет53/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

«Әділеттілік» теориясы. Онда нақтылы жағдайларда мотивацияның қарқындылығына өте қатты әсер ететін маңызды айнымалы зерттеледі. Ол адамның өз сыйақысының басқалармен салыстырғандағы әділеттілік шамасын және өзінің ұйымның жұмысына енгізген нақтылы үлесіне сәйкестігі тұрғысынан бағалауына қатысты болып келеді.
Қарсылық теориясы алдыңғы теориямен тығыз байланысты. Басқарудың мотивациялық концепцияларының көпшілігі орындаушылар – олардың мотивациясын қамтамасыз етуге бағытталған басқарушы іс-әрекеттердің енжар реципиенттері дегенді болжайды. Қарсылық теориясы керісіншені дәлелдейді: орындаушылар сыйақы жүйесіне белсенді әсер етуге тырысады.
А.Портер мен Э.Лоулердің мотивациялық үлгісі. Бұл «күту» және «әділеттілік» теорияларын біріктірудің сәтті әрекеті. Адам қол жеткізетін нәтижелер келесі себептерге:
1) сыйақының құндылығына;
2) нақтылы қанағаттандырылу дәрежесіне;
3) шығындалатын және «қабылданатын» күш салуларға;
4) адамның дербес ерекшеліктеріне және қабілеттеріне;
5) еңбек ету барысындағы «рольдік қабылдауларға» байланысты болып келеді.
Нәтижелі еңбек қанағаттанушылықтың артуына алып келеді, сондықтан ол өзінен өзі айтарлықтай күшті мотив болып көрініс табады – аталған үлгінің маңызды қорытындысы, міне, осындай. Кері байланыс та ашылған: орындалған жұмысқа қанағаттану сезімі еңбек нәтижелілігінің артуына ықпал етеді.
Портер-Лоулер үлгісі «еңбек инвестициялары» теориясын тұжырымдау үшін негіздердің бірі болып табылады.
Оның негізгі ережесін қарастырып шығайық. Жұмысқа қаншалықты күш салынатын болса, ол адам үшін соғұрлым көбірек ынталандыратын және тартымды фактор болып табылады, іс-әрекеттің тиімділігі және оған қанағаттану соғұрлым жоғарырақ. Еңбектің мотивтендірілгендігі және қарқындылығы жинақталған инвестиция деп аталатындардан (адамның ұйымның жұмысына салған күш салуларының барлық қосындысынан) тікелей функция болып табылады.
Бұл теорияның басқаруды ұйымдастыру мен басшының іс-әрекеті үшін үлкен практикалық маңызы бар. Ол субъективтік инвестициялардың шамасын арттыру және осы арқылы ұйымның іс-әрекетінің нәтижелілігіне әсер ету керектігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет