Альтернативалардың бастапқы көптігін қалыптастыру. Бұл кезеңде жағдайдан шығудың алуан түрлі варианттары тұжырымдалады. Алдында олар гипотезалар ретінде көрініс табады, ал одан кейін одан әрі қарастырылуға тиіс альтернативалар қатарына көшеді.
Альтернативалардың бастапқы көптігін элиминациялау критерийлерін тұжырымдау. Таңдауды жүзеге асырудың альтернативалардың бастапқы көптігінің негізінде жүрмейтіндігі маңызды психологиялық ерекшелік болып табылады. Субъекттің көзқарасы тұрғысынан маңыздылығы азырақ альтернативті варианттарды алдын ала «алып тастау» жүреді. Бұл процесс альтернативаларды элиминациялау деп аталады. Аталған кезең көбінесе түсінілмейтін түрде жүзеге асырылады.