Дістемелік кешен


Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің формальдық құрылымы



бет49/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің формальдық құрылымы. Нысанның немесе процестің құрылымын белгілеу оның құрамдас бөліктер құрамын және осы құрамдас бөліктердің қалайша өзара байланысқандығын білдіреді. Басқарушы шешімдердің негізгі ерекшелігі спецификалы және тұрақты құрамдас бөліктік құрамы: шешімнің мақсаты, оның ақпараттық негізі, таңдаудың ережелері мен критерийлері, шешімді дайындау және қабылдау стратегиялары, гопотезалар, альтернативалар.
Өзінің мазмұны бойынша бұл құрамдас бөліктер объективті мен субъективтінің бірлігі ретінде көрініс табады. Олар таңдау жағдайының нақтылы ерекшеліктерін көрсету нәтижесі болып табылатындықтан және олардың негізінде қалыптасатындықтан обьективті болады. Олар шешім қабылдайтын адамға дайын түрінде берілмей, шешім қабылдаушының өзінің тұжырымдауы тиіс екендігі мағынасында субъективті.
Әрбір құрамдас бөліктер нормативтік және дескриптивтік мазмұнның бірлігі болып келеді. Олардың барлығы белгілі бір сыртқы факторлардың: шектеулердің, бұйрықтардың, құқықтық, техноолгиялық және әлеуметтік нормативтердің және т.б. әсерімен қалыптасады. Алайда кез келген шешім іс жүзінде олардан ауытқулармен сипатталады.
Құрамдас бөліктердің кез келгені ұғынылатын мен ұғынылмайтынның бірлігі болып келеді. Ақпараттың айтарлықтай бөлігі, мәселен, шешім процесінде ұғынылады, бірақ оның одан да көбірек үлесі, интуициялық болжал немесе шешім феноменінде көрініс таба отырып, ұғынылмайтын деңгейде өңделеді.
Осы құрамдас бөліктердің тағы бір ерекшелігі болып олардың формальды мен мазмұндықтың бірлігі болып келетіндігі табылады. Формальды түрде – құрамы бойынша – таңдауды осы құрамдас бөліктердің толық жинағы ғана қамтамасыз ете алғанымен де, әрбір жекелеген жағдайда «формиальды каркас» нақтылы жағдайға байланысты болып келетін әртүрлі мазмұнмен толтырылған.
Формальдық құрылым түсінігі басқарушы шешімдер қабылдау процестерінің құрылысын түсіну үшін өте маңызды, бірақ сондай ақ оның «толтырылу» заңдылықтарын, яғни шешімдер процестерінің мазмұндық құрылымының ерекшеліктерін де білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет