Дәріс 13. Эмоциялық күйлерді басқару
Мақсаты: студенттерді басқарушы іс-әрекеттегі күйлерді эмоциялық-ерікпен ретке келтірудің сипаттамасымен, стресс жағдайымен және оған қарсы тұру немесе одан шығу тәсілдерімен таныстыру.
Кілт сөздер: эмоциялар, күйлерді эмоциялық-ерікпен ретке келтіру, жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұру, сыртқы кедергілерге қарсыласу, стресс, стресс факторлары, деструкция, фрустрация.
Дәріс жоспары:
1. Эмоциялық күйлер түсінігі
2.Стресс және оны басшының іс-әрекетінде басқару
3.Басқарушы іс-әрекеттегі күйлерді ретке келтірудің ерекшеліктері
Басқарушы іс-әрекетті психикалық ұйымдастыру тек когнитивтік, регулятивтік және коммуникативтік процестермен аяқталмайды, ол өзіне сонымен қатар эмоциялық, ерік-жігерлік және мотивациялық процестерді де қосады.
Эмоциялық және ерік-жігерлік процестердің өзара байланысы, олардың адамның іс-әрекет барысындағы өз күйлерін бақылауына әсері күйлерді эмоциялық-ерікпен ретке келтіру түсінігінен көрініс тапқан.
Эмоциялар (лат. emovere — қоздыру, толғандыру) — құбылыстар мен оқиғаларды олардың объективтік қасиеттері мен субъекттің қажеттіліктерінің ара қатынасы себепкер болатын тікелей уайымдаудан, бастан кешіруден тұратын, психикалық көрсету түрі. Сезімдермен салыстырғанда, эмоциялар болмысқа бағалай, субъективті қараудың қарапайымдау түрі болып табылады. Олар ұғынылатын түрде де, ұғынылмайтын түрде де өрістейді. Сезімдер жоғары тұрақтылығымен, күрделілігімен және ұғынылғандығымен ерекшеленеді; олар жағдайға азырақ «байланып қалған» және тұлға мен оның мотивтерін көбірек дәрежеде сипаттайды. Сезімдер мен эмоциялар арасындағы ұқсастық олардың адамның өз өзіне және қоршаған болмысқа тұлғалық қарауының екі түрі болып көрініс табатындығында.
Сезімдер мен эмоциялар екі негізгі функцияны – сигналдық және ретке келтірушілік функцияны орындайды. Олардың екі негізгі тобын: оң және теріс түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншілерін стеникалық (адамның психикалық мүмкіндіктертерін күшейте түсетін), екіншілерін – астеникалық (күй мен іс-әрекетке теріс әсер ететін) ретінде белгілейді. Сонымен қатар дәл бір затқа теріс және оң қараудың үйлесімімен сипатталатын, амбивалентті (екіжақты) сезімдер мен эмоциялардың ауқымындағы сферасы да бар.
Эмоциялық процестер белгілі бір фазалардан тұрады, олардың біріншісі – эмоциялық күш түсудің арта түсуі, одан кейін күш түсудің шешілу, алынып тасталу фазасы келеді. Олар қатынастардың тұрақты формалары болып табылатындықтан, сезімдер үшін фазалылық параметрі тән емес. Интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық және праксикалық (грек. praxis — іс, шұғылдану) сезімдерді бөліп көрсетеді.
Эмоциялар олардың қарқындылық дәрежесі бойынша жіктеледі. Минималды көрініс тапқан кездерінде олар қандай да бір психикалық процестің реңі, бояуы ретінде – эмоциялық фон түрінде көрініс табады. Дербес процеске бөліне отырып, олар эмоциялық уайымдау түріне, ал шекті көрініс тапқан түрінде – аффект түріне ие болады. Стресс күйлер мен көңіл күйлер де эмоциялық қатынастардың негізгі түрлері деп есептеледі.
Психикалық процесс ретінде ерік-жігер адамның өз жүріс-тұрысын және іс-әрекетін саналы ретке келтіріп отыру ретінде анықталады. Ол мақсатқа қол жеткізген кезде кедергілерді жеңіп шығуды қамтамасыз етеді. Оны сипаттаған кезде негізгі маңызға ерік-жігер акті, ерік-жігер күш салу және тұлғаның ерік-жігер қасиеттері секілді түсініктер ие болып келеді.
Ерік-жігер актісінің құрылымы өзіне үш негізгі кезеңді қосады: 1) адамның мақсатты ұғынуы және оған қол жеткізуге ниет етуі; 2) мақсатты таңдап алумен байланысты «мотивтер» күресі; 3) қабылданған шешімді жүзеге асыру және осы ретте туындайтын қиындықтарды жеңіп шығу.
Аталған актінің барлық кезеңдері импульсивті ниетте мен қажеттіліктерді жеңіп шығумен байланысты ерік-жігер күш салуын талап етеді. Ерік-жігер күш салу түрткі болу, тыйым салу, жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұру, бақылау, сыртқы кедергілерге қарсыласу түрлерін ала алады.
Ең маңызы бар ерік-жігер процестері – дербестік, мақсатқа ұмтылғыштық, шешімділік, табандылық, ұстамдылық, өзін өзі ұстай білу. Олардан туынды қасиеттер – тәртіптілік, батылдық, тұрақтылық. Эмоциялық және ерік-жігер процестерінің тығыз байланысы нақтылы жүріс-тұрыста олардың ажырамастай болуына және адамның психикалық күйлер түрінде бастан кешіретіндігіне алып келеді. Психикалық күйлерді психологияның арнайы саласы функционалдық күйлер психологиясы зерттейді.
Олардың заңдылықтарымен бірге, күйлердің барлық негізгі типтері басшының іс-әрекетінде сақталып қалады, бірақ кейде ең айқын түрінде көрініс те табады. Олар қарқындылық дәрежесі бойынша; мазмұны бойынша (шаршап-шалдығу, көңіл көтерілу, фрустрация, үрей және т.б.); іс-әрекет түрлері бойынша (ойындық, сабақтық, еңбек); тоны бойынша (оңды, теріс, амбивалентті); іс-әрекетке әсер ету сипаты бойынша (оңды және теріс) жіктеледі.
Кез келген күйдің құрылымы екі құрамдас бөліктерден: мазмұндық және динамикалықтан тұрады. Іс-әрекеттің орындалу тиімділігіне күйлердің мазмұны да, олардың қарқындылығы да көп әсерін тигізеді. Іс-әрекеттің орындалуына ілесе жүретін энергетикалық фонды активация деңгейі түсінігімен белгілейді. Ол мұны белгілеу үшін психологияда «активация континуумы» немесе «сергектік деңгейлерінің шкаласы» түсінілігі қолданылатын, мәдердің кең диапазонында өзгеріп отырады. Осындай деңгейлер ретінде келесі күйлер қарастырылады: кома, терең ұйқы, жылдам ұйқы, үстіртін ұйқы, байыппен сергу, белсенді сергу, шиеленісті сергу, стресс.
Басшының іс-әрекетінің тиімділігі активация деңгейіне байланысты болып келеді: ол тым жоғары және тым төмен деңгейлерде төмендеп отырады. Осы тәуелділікті алғаш рет американ ғалымдары Р.Йеркс пен Д.Додсон тапқан. Ол «Йеркс Додсон заңы» немесе «активация оптимумы» заңы деп аталады. Сонымен қатар психикалық күйлердің деструктивті (теріс) әсер ету дәрежесі мен осы әсер көрсетілетін процестердің қиындығы арасында да байланыс бар. Мысалы, щаршап-шалдығудың немесе стресстің әсер етуімен алдымен интеллектуалдық функциялар, ал одан кейін және айтарлықтай азырақ шамада қарапайымдау – моторлық, атқарушылық функциялар да төмендейді.
Басқарушы іс-әрекетте эмоциогендік факторлардың қуатты тобы тұлғааралық қатынастармен байланысты болып келеді. Осы іс-әрекеттің қиындығы. Оны жүзеге асырудың қиын жағдайлары, оның нәтижелері үшін жауапкершілікпен үйлесе отырып, басқарушы іс-әрекет сипаттамаларының тұрақты симптомокешенін құрады. Дәл осындай іс-әрекет ерік жігер процестерінің үнемі қосылып отыруын қажет етеді. Басқарушы іс-әрекет психологиясында оны ұйымдастыру үшін маңызы көбірек, күйлерді эмоциялық-ерікпен ретке келтірудің ең тән аспекттерінің шеңберін бөліп көрсетеді. Бұл – стресс, фрустрация мәселелері, «шұғыл іс-әрекетке дайындық» феномені, басшының эмоциялық резистенциясы түсінігі, дисфункционалдық күйлерді когнитивтік ретке келтірудің ерекшеліктері, басқарушы іс-әрекеттегі экспрессивтік процестердің заңдылықтары.
№ 2 сұрақ. Стресс және оны басшының іс-әрекетінде басқару
«Стресс» (ағылш. stress — қысым, күш түсу) түсінігі алуан түрлі экстремалды әсер етулерге – стрессорларға жауап ретінде пайда болатын аса доғары күш түсу жағдайларының кең шеңберін білдіреді. Басқарушы іс-әрекеттегі стрессорлардың саны өте көп, олар өз мазмұны бойынша спецификалы болып келеді.
Ақпараттық күш түсу факторы. Басқарушы іс-әрекетте ақпараттың көлемі және оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психикалық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді. Сондықтан, ақпараттың осындай көлемі себепші болған когнитивтік күш салу стресске алып келетін теріс фактор ретінде көрініс табады.
Ақпараттық белгісіздік факторы. Ақпараттың мол болғандығына қарамастан, басшы жетпей отырған ақпаратты іздестіруге немесе белгісіздік, тәуекелге бару жағдайларында әрекет жасауға мәжбүр. Ал бұл – қатты стрессогендік фактор.
Жауапкершілік факторы – осында ол максималды көрініс тапқан, басшының іс-әрекеті үшін негізгі және шешуші фактор.
Уақыт тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік (рольдік) кикілжіңдер факторы, басқарушы іс-әрекеттің полифокустылық факторы, сыртқы орта факторларының жүйесі (бәсекелестік, криминалды орта, микроәлеуметтік және макроэкономикалық динамиканың тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқарушы іс-әрекеттің стрессорлары болып табылады.
Стресс күйлер жалпы алғанда іс-әрекетке және оның жекелеген процестеріне әржақты әсерін тигізеді. Сресс дамуының үш негізгі фазасы бар.
1. Жұмылдырылу фазасы. Сресс дамуының бірінші кезеңдерінде жалпы эмоциялық күш түсу әлі де болса максимумына жете қоймай, сондықтан ол психикалық процестерге және іс-әрекетті жалпы ұйымдастыруға стеникалық әсер етуді көрсетеді. Бұл фазаны «өнімді стресс» немесе «эвстресс» («эвристикалық стресс») түсінігімен белгілейді. Оны психика мен организмнің сыртқы жағдайдың күрделене түсуіне адекватты – жұмылдыратын реакциясы ретінде қарастырады.
2. Бұзылу фазасы. Стресстік әсер етудің қарқындылығына қарсыласудың қандай да бір шегі бар (адамның психикалық және физиологиялық ұйымдасуына объективті тән болып келетін шектеулерге орай). Қолда бар мүмкіндіктерді шоғырландыру, жұмылдыру осы шекке қол жетпеген сәтке дейін жүріп отырады. Одан кейін психика «беріле» бастайды, эмоциялар оңды фактордан теріс факторға трансформацияланады. Когнитивтік салада бірінші кезекте өзгерістер жүріп отырады. Қабылдау мен оперативтік жадының көлемі мен сапасы төмендейді, өткен тәжірибені қоршап тастау жүреді. Ойлау үшін де айтарлықтай өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі арта түседі, өнімділігі, ақпаратты адекватты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
Жалпы алғандағы іс-әрекет үшін оны өткен тәжірибеден нормативтік тәсілді іздеп табу типі бойынша ұйымдастыру әрекеттері тән бола бастайды. Басқарушы шешімдер қабылдау процестерінде жаҺандық реакциялар (іс-әрекеттің дәл емес және тым ортақ варианттарын таңдауға деген тенденция) феномені пайда болады. Осы фазада пайда болатын құбылыстар өнімді емес стрессті дистрессті (дисфункционалдық стресс) сипаттайды.
3. Деструкция фазасы үшін максималды дисстрестілік – іс-әрекетті ұйымдастырудың толықтай ыдырауы және оны қамтамасыз ететін психикалық процестердің бұзылуы тән. Қабылдаудың, жадының, ойлаудың қоршалып тасталу феномені туындауы мүмкін. Бұл фазада іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрыс екі негізгі формалардың біріне: гиперқозу (импульсивті реакциялар, бей-берекет жүріс-тұрыс) типі бойынша деструкцияға немесе гипертежелу (іс-әрекет пен жүріс-тұрыс белсенділігінің маталып тасталуы, мелшиіп қатып қалу) типі бойынша деструкцияға ие болады. Аталған фаза – бұл іс-әрекеттің толығымен болмай қалуы.
Барлық үш фазаның ортақ сипаты бар. Осымен қатар стресстік әсер етулерге жауап қайтарудың жеке айырмашылықтары айтарлықтай көрініс тапқан. Олар аталған фазалардың динамикасынан және салыстырмалы ұзақтығынан көрінісін табады. «Тұлғаның стресске төзімділігі» түсінігі адамның стресстік әсер етулерге «қарсыласу шамасын» белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл қабілетттілік индивидте жұмылдырылу фазасының қаншалықты күшті көрсетілгендігіне байланысты болып келеді.
Адамның созылмалы стресс жағдайларынының уақыттық қысымына резистенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзақ сақтап қала алатындығымен ерекшеленетін, оның стресске төзімділігінің дербес шегін сипаттайтын, тұлғаның үш негізгі түрін ажыратады. Бір басшылар стресске бейімделеді, екінші біреулері тіптен қысқа стресстер кезінде-ақ іркіліс береді, ал үшіншілері тек стресс жағдайларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіздің стрессі», «қоянның стрессі», «арыстанның стрессі» деп белгілейді.
Басшының іс-әрекеті үшін ең тән болып келетін ұзақ мерзімді стресске резистенттіліктің дербес ерекшеліктері тұлғаның интерналдылық - экстерналдылық параметріне байланысты болып келеді.
Стресске төзімділіктің басқа бір қажетті шарты – тұлғаның жалпы мотивациялық бағытталғандығы, оның басым бағыты (тұлғалық-карьералық – стресске төзімділікті төмендетеді, ал әлеуметтік-кәсіптік – арттырады). Стресс жағдайларындағы жүріс-тұрыстың екі түрі бар: үрейді бақылау және қауіпті бақылау. Бірінші жағдайда өзінің жеке басын аман сақтау тәсілдері іздестіріледі, сондықтан жағдайды бақылау қолдан жіберіліп алады және іс-әрекетті ұйымдастыруға деген жасампаз әрекеттер тоқтатылады. Екінші жағдайда жағдайды бақылауға алу ұзағырақ сақталып қалады, жүріс-тұрыстың бұл түрі анағұрлым тиімдірек, ал басшы үшін жалғыз ғана жарамды болып табылады.
Стресс жағдайлардан шығу тәсілдерін белсенді және енжар деп бөледі. Бірінші тәсіл, жұмылдырылу фазасының адекватты өрбуін, немесе «сыртқы қауырт реакция» типі бойынша өрбуін көрсете отырып, іс-әрекетті ұйымдастыру жөніндегі жасампаз іс-әрекеттерді қарқынды ету ретінде құрылады. Енжар тәсіл адамның жағдайға көніп, күш түсуді баса және стрессті ішке енгізе отырып әрекет жасауынан тұрады. Ойластырылмаған импульсивті іс-әрекеттерден аулақ болуға көмектесетіндіктен, ол кей кездері пайдалы да болады, бірақ қайталана берген кезде күш түсудің аккумуляциялануына ықпал етеді.
№ 3 сұрақ. Басқарушы іс-әрекеттегі күйлерді ретке келтірудің спецификасы
Стресстердің себептері көбінесе тұлға үшін маңызы бар мақсаттарға қол жеткізудің мүмкін болмауына орай туындайтын фрустрациялық күйлер болады. Олардың дамуы келесі схема бойынша өрбиді:
қарқынды қажеттіліктің, маңызы бар мақсаттың болуы;
оларды қанағаттандырудың қоршалып тасталуы (өз мүмкіндіктерінің шектеулілігі немесе сыртқы кедергілер);
теріс эмоциялар және олардың тұрақты теріс күйде – фрустрацияда бекіп қалуы.
Фрустрациялар дәл осы, өзінде маңызды мақсаттардың, қажеттіліктердің, жоспарлардың көптеген санын және әртүрлі «кедергілердің» (фрустраторлардың) одан да көп санын – оларды жүзеге апарар жолдағы алуан түрлі кедергілер мен шектеулерді үйлестіріп отырған басқарушы іс-әрекет үшін ең спецификалы болып келеді. Тұлғаның фрустрацияға жауап қайтаруының екі негізгі түрі бар – интрапунитивті және экстрапунитивті жауап беру түсініктері бар.
Фрустрацияларға тұрақтылық, төзімділік – басшының кәсіби маңызды қасиеті. Осындай төзімділіктің артуына амал-тәсілдердің екі тобы ықпал етеді.
1. Осылардың арасында негізгі орын фрустрациялық тәжірибені жинақтауға тиесілі болып отырған, фрустрацияны жеңіп шығудың іс-әрекеттік тәсілдерін қалыптастыру.
2. Фрустрация жағдайларындағы тұлғаның психологиялық қорғаныс амал-тәсілдері. Егер жағдайды өзгертуге болмайтын болса – оған деген көзқарасты өзгерту керек. Басшының фрустрациялық тұрақтылығы және стресске тұрақтылығы оның іс-әрекетінде олардың интегративтік көрініс табуымен көрсетілген. Олар басшының «соққыға төтеп бере алу» секілді қасиетінің қалыптасуына көмектеседі.
Басшының іс-әрекетіндегі аса маңызды құрамдас бөлік – шұғыл іс-әрекетке дайындық. Шұғыл іс-әрекетке дайындығы жоғары адамдар жаңа және аяқ астынан болған жағдайлардың пайда болуын стресс факторы ретінде емес, оқиғаның қалыпты дамуы ретінде түсіндіреді. Жаңашылдық факторы өзінің стрессогенділігінен айырылады және пайда болатын эмоциялық активация жағдайдан шығудың жасампаз амал-тәсілдерін іздестіруге бағытталады.
Эмоциялық резистенттілік – күрделі психикалық түзілім. Ол жағдайларды потенциалды қауіпті, демек, эмоциогенді ретінде қабылдауға бейімділікті, субъективті тенденцияны сипаттайды.
Дәл бірдей объективті жағдайлар әртүрлі резонанс (субъективті жауап) табады, осы резонанстың шамасымен тұлғаның қандай да бір жағдайдағы жүріс-тұрысының жалпы көрінісі анықталады. Бір адамдар жағдайдың эмоциогенділігін асыра бағалайды (огметингтер — ағылшынның augmenting сөзінен), басқалары — оны төмен бағалайды (редъюстингтер — ағылшынның redusting сөзінен). Сондықтан жағдайды гиперэмоционалды, әлде гипоэмоционалды бағалау және оларға қарау пайда болады. Басқарушы іс-әрекет үшін жоғары эмоционалдық резистенттілік қолайлырақ болып келеді. Басқарушылық стажы және кәсіби құзыреттілігі артқан кезде, басшының резистенттілігі арта түседі.
Эмоциялық күш түсу, созылмалы стресстер, қиын-қыстау жағдайлар - шаршап-шалдығу түсінігімен біріктірілетін, теріс психикалық жағдайлардың осындай категориясының дамуы үшін қуатты көз. Осы жағдайдың даму динамикасы және оның басқарушы іс-әрекетке әсер етуі спецификалы болып келеді, бұған келесі себептер түрткі болады:
1) іс-әрекеттің күрделілігінің жоғары болуы, онымен байланысты міндеттердің субъективті қиындығы, сондықтан да олардың жүзеге асырылуы үшін төленуге тиісті жоғары психофизиологиялық құн.
2) іс-әрекетте шаршап шалдығудың дамуының себептері болып табылатын эмоциогенді факторлардың бар болуы.
3) басшының барлық іс-әрекетін қозғап өтетін жауапкершілік.
4) шаршап-шалдығудың дамуының күшті факторы болып табылатын, іс-әрекеттің полифокустілігі.
5) нормаланбаған жұмыс күні.
Эмоциялар, ерік-жігерлік күш салулар, күйлер басшының іс-әрекетін жөнге салып отыруды қамтамасыз етеді, алайда олар сыртқа да – жүріс-тұрыстан, сөйлеуден, мимикадан және т.с. көрінісін табады. Осы көріністерді бақылап отыру керек. Басшы оларды тұлғааралық өзара әрекеттесудің қосымша арнасы ретінде, өзінің ойлары, ұстанымдары және ниеттері туралы ақпарат құралы ретінде пайдалануы мүмкін. Әлеуметтік психологияда және психологиялық менеджментнда осының бәрі тұлғааралық өзара әрекеттесулердің экспрессивті контуры түсінігімен белгіленеді.
Басшы үшін экспрессивті тәсілдерді меңгеру, өзінің экспрессивтік жүріс-тұрысын ретке келтіре білу өте маңызды.
Экспрессивтік құрамдас бөлік өзіне үш негізгі аспектті қосады.
1. Жалпы алғанда өз жүріс-тұрысын, өзінің ерік-жігер және эмоциялық күйлерінің экспрессивтік көрініс табуларын субьективті бақылау.
2. Қол астындағыларға экспрессивті әсер ету амал-тәсілдерін игеру (ерік-жігерлі, әсерлі басшы имиджі).
3. Экспрессивтік амал-тәсілдерді қол астындағылар туралы ақпарат арнасы ретінде пайдалану. Бұл тұлғааралық перцепциялардың, экспрессивті сензитивтіліктің және психологиялық көрегендіктің дәлдігінен құралатын, диагностикалай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |